Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері:науқасты жалпы зерттеу
Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс- әрекет алгоритмі:
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз.
Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).
Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
Қақпақпен контейнерді жабыңыз.
Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.
Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;
зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.