ANNOTATION
Relevance. The development of the National Scientific language of our people, the formation of a terminological fund, the study of theoretical concepts in literary studies is closely connected with the works of Akhmet Baitursynov. In this regard, on the eve of the 150th anniversary of the scientist, it is important to comprehensively study the works and contributions of the scientist.
The purpose of this scientific article is to identify the novelty, to reflect the role of his works in Kazakh literature and cognition, social activities and the life of A. Baitursynov.
The scientific article consists of one section. During the writing of the article, various works in Kazakh and Russian were considered. The section analyzed the main discoveries and main works made by A. Baitursynov in the Kazakh language. For the purpose of argumentation of the thought expressed, fragments of the work were given. The content of the article included thoughts, analysis and historical facts expressed by scientists. The rules of A.Baitursynov were compared with the research of scientists of today.
As a result, the main innovations that the scientist brought to the Kazakh language, differences from other poets who translated Krylov's fable were revealed.
«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген Ақымет Байтұрсынұлы сөздері – бүгінгі күннің нақты ұраны, анық жолдың темірқазығы.
Ақымет Байтұрсынұлы қазақ халқының жадында ұлт ұстазы, ғалым, реформатор, лингвист және халықтың зиялы қауым өкілі іспеттес ұлы есімдермен қалды. «Жақсының аты өлмейді...» деген дана қазақ атамыз. Ахметтің аты еш өшпейді, мұрасы жоқ болмайды. Керісінше уақыт санап, өзінің өзекітілігін арттыра бермек. Оқу-ағарту идеясы – А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі. А.Байтұрсынұлы – ұлттық рухымыздың ұлы тіні. Ұлттық рух дегеніміз – ұлттық намыс, қазақ екенін сезіну. Соны бастап берген, сары маса болып ызыңдап, бүкіл халықты «қазақпын» деп көтерілуге шақырған – Ақымет Байтұрсынұлы.
Биыл – ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының 150 жылдығы. 20 ғасырдың басынан күні бүгінге дейін еңбектері халықтың керегіне жарап келе жатыр. Сол кезде «сары маса» болып халықты оянуға, білім мен ғылым жолына түсуге, жалпы біртұтас қазақ халқының ұлттық идеологиясын көтеру жолында қызмет етсе, қазір ұлттың дара ұстазы, көрнекті ғалымы ретінде мұрасымен бірге қызмет етуде. Ғалым – ұлтына мәңгі қызмет етіп келе жатқан асыл тұлға.
Ақымет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса, қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады.
Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді.
Сонымен қоса, Ақымет Байтұрсынұлы – қазақтың терминтанушысы. Бүгінгі сөз таптарын түзіп, кеңінен талдағандардың бірі де ғалым. Ғалымның өзге ғалымдардан айырмашылығы термин түзуде, оларға анықтама беруде қиын атауларды пайдаланбайды, керісінше көпшілікке түсінікті етеді. Мысалы, А.Байтұрсынұлы зат есім мен сын есімнің айырмашылығы ретінде зат есім нәрсені атаса, сын есім нәрсенің сынын білдіретінін айтады. Ғалым зат есім мен сын есімді жіктеуді жалпы грамматика, түсінік, ұғым сияқты логикалық категориялар қағидаттарын негізге алған.
Бұл ғалымның сан есім, есімдік, етістіктерге берілген анықтамаларында да айқын көрініс тапқан. Еңбектерді шәкірт болашағына арнағандықтан, ғалым тіл білімінің негізгі ұғымдарын түсінікті тілмен жеткізуге тырысқан. «Тіл - құрал» (қазақ тілінің сарфы) деген жалпы атауы болғанмен, оларды тарауларға жіктеуде фонетика «дыбыс жүйесі мен түрлері», морфология «сөз жүйесімен түрлері», синтаксис «сөйлем жүйесі мен түрлері» деп берілген. Яғни, тұтастай алғанда, тіл - жүйе ретінде сипатталып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі айқындалған.
Шылау сөздер, оның ішінде үстеу, демеу, жалғаулықтарға берген анықтамасында А.Байтұрсынұлы морфологиялық концептінің метатілін пайдаланған: «Демеу дегеніміз - екі сөздің арасын, яки, екі сөйлемнің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер немесе кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз» [1, 54-б.].
Ғалым сөз таптарын логикалық тұрғыдан ғана сипаттамай, грамматикалық талдауларға иек артқанын көреміз. Яғни, ғалым оқулық түзуде әдістер ретінде жекеден жалпыға қарай ойыса отырып, оқушылардың материалды оңай меңгеруін ескерген.
1922 жылы Қазақстанда жат сөздерді, пән атауларын қазақшаландыратын комиссия құрылады. Оны А.Байтұрсынұлы басқарады. Комиссия жат (өзге тілдік) сөздерді қабылдауда мына принциптерді басшылыққа алған:
a) жат атаулардың мағынасын түсіндіретін қазақ сөзін алу;
ә) оған қолайлы қазақ сөзі болмаса, түркі сөзін алу;
б) түркі сөзі де тура келмесе, қазақ тілінің заңына үйлестіріп, еуропа сөзін алу [2].
XХ ғасырдың басында қазақ орфографиясына негіз болатын жүйе (принцип) таңдау мәселесі қызу талас тудырды. Осыған байланысты басылым беттерінде көптеген мақалалар жарық көрді. Олардың қатарына А.Байтұрсынұлы «Емле туралы», Т.Шонанов «Шет сөздерінің емлесі жайында», А.Мамытұлы «Емле, пән атаулары туралы», Б.Шобанзаде «Қазақ
тілі емлесінің ірге кезеңдері», Е.Омаров «Емле мәселесі», Ж.Аймауытұлы «Емле, әріп жайында» т.с.с. мақалаларды жатқызуға болады. 1929 жылы Қызылорда қаласында өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда да осы мәселе сөз болады. Емле, жүйе (принцип) таңдау мәселесіне қатысты мақалаларында да А.Байтұрсынүлы тыңдарманға түсінікті болу жағына ерекше мән беріп, атаулар (терминдер) үшін негізінен қазақ тілінің төл сөздерін алған:
«Емле негізі 4 түрлі:
1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ);
2) тарих жүйелі (негізі дағды);
3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);
4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай)… [3].
«Термин жасау - Ақымет Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі» деген мақаласында Р.Сыздық А.Байтұрсынұлының термин жасауда қазақ тілінің сөздік қорына иек артқанын айта келіп, оның бірнеше объективті себептерін көрсетеді.
Атап айтқанда:
а) А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер - техника саласының терминдері емес, білім-ғылым саласына қатысты атаулар болғандықтан, ұғымға ерекше мән берілгендігін, ал ұғым атаулары әр тілдің өз сөздерінен жасалатынын немесе калька жолымен басқа тілдерден аударылатынын;
ә) термин үшін қазақ тілінің өз сөздік қорын пайдалану қазаққа әлдеқайда түсініктірек болатынын ескергенін;
б) еңбектер ғылым салалары дүниеге келмеген, олардан бейхабар қазақ
жұртшылығына, оның ішінде шәкірт балаларға арналғандықтан, оларға жеңіл де түсінікті болу жағын көздегенін нақты мысалдармен дәлелдейді [4, 250-262 -б.].
A.Байтұрсынұлы еңбектері мен кейінгі оқулықтарды өзара салыстыра отырып, ғалымның көптеген категориялардың еңбектерінде басқаша сипатталғанын, бірқатар өзгешеліктер барын байқаймыз. Қазақ тіліндегі жақ категориясының анайы/сыпайы түрге жіктелуі ментальділіктің (ұлттық діл) көрсеткіші бола алады. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы былай дейді:
«Сыпайылап сөйлегенде, сөйлеуші өзін мен деудің орнына біз дейді, тыңдаушыға сен деудің орнына сіз дейді, бөгде кісіні ол деудің орнына ол кісі дейді. Сондықтан біз - І жақ, сіз -II жақ, ол кісі - III жақ болады» [1, 226-б.].
А.Байтұрсынұлы еңбектерін зерделей отырып, ғалымның тәуелдеу мен жіктеуді, ең алдымен, анайы және сыпайы түрге бөліп алганын көреміз. Анайы түрін іштей I жақ (мендік), II жақ (сендік), III жақ (бөгделік), сыпайы түрін І жақ (біздік), III жақ (сіздік), III жақ (оларлық) түрінде бөліп алған.
III жақ адамға қатысына қарай I, II жаққа қарсы қойылады. Ол көбінесе нөлдік тұлғада келеді: Мен студентпін, сен студентсің, ол - студент, А.Байтұрсынұлы адамға қатысты қолданылатын III жақты ол кісі түрінде даралаған.
A.Байтұрсынұлы еңбектерінде сан мен шама онтологиялық категориялары өзара жіктелгенін байқаймыз. Оған ғалымның мына тұжырымдары дәлел бола алады: «Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда неше? деп сұраймыз. Мәселен: «Неше кісі келеді?» - «Үш кісі келеді». Нәрсенің дәл санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? деп сұраймыз. Мәселен: «Қанша күн жүресің?»- «Үш-төрт күн жүремін» [1, 32-б.]. Ғалымның ойлары кейін М.Балақаевтың еңбектерінде сабақтастық тапқан.
Функционалды грамматика мәселелері орыс тіл білімінде XX гасырдың екінші жартысында ғана қолға алынып, арнайы зерттсу нысаны болды. Алайда А.Байтұрсынұлы еңбектерінде, яғни ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ ғалымның функционалды грамматиканың көптеген мәселелерін терең зерделеп, түсінгені байқалады. Ғалым функционалды грамматикаға қатысты қазіргі кезде қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, функционалды грамматиканың негізгі ұстанымдарын, функционалды-семантикалық категория, өріс, семантикалық инвариант, ұғымдық категориялардың өзіндік ерекшеліктерін терең түсінген. А.Байтұрсынұлы түжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі, бір жағынан, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты құлаштап алға басқанын көрсетсе, скінші жағынан, репрессия зардабының кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек.
Ақымет Байтұрсынов көсемсөзін зерттегенде «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласына тоқталмай кету мүмкін емес. Бұл ғалымның әдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеу еңбегі еді. Осы мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында басылған. Мақалада автор Абайдың қазақ халқының өмірінде алатын орнына тоқталып, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен ақындық шеберлігі, орыс әдебиетімен байланысы туралы ойлар айтып, тәлім-тәрбиелік маңызы ашқан. «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларга керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына ойдың шеберлігі керек: мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі болған», - деп жоғары бағалайды [5; 219].
Ақымет Байтұрсыновтың өзі Абай өлендерін түсініп, сүйіп оқыған. Сондықтан да Абай мұрасының өзгеге ұқсамайтын ерекше қасиеттерін дәл көрсеткен.
Қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді сөз еткен мақалаларында Ақымет Байтұрсынов өз заманының өзекті деген тақырыптарына қалам тартып, халқына қамқор болу, елге қызмет жасау идеясын насихаттады. Мұның бәрі азаттық туын қазақ көсемсөзінде желбіретіп, «Ұятың, арың оянсын» деген Абай дәстүрін тарихи сабақтастықпен дамытқан.
A.Байтұрсынұлының әдеби шығармаларының ішіндегі өзгелерден озық тұратыны «Маса» мен «Қырық мысал». «Маса» деген атты қоюының өзі ызындап елін оятудың мақсаты екенін бізге белгілі. М. Әуезов «Қазақ» газеті туралы сөз сөйлегенде: «Ол екпін, ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызындап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ақаңның скпіні болатын» дейді [6. 157].
Ал «Қырық мысал» Абайдан, Ыбырайдан бастау алған аудармашылардың жолын жалғады. Қазақ ақындарының ішінде Крыловты аударғандар көп болды. Алайда А.Байтұрсынұлының аудармалары ерекшеленіп тұрады. Көптеген әдебиетшілер оның Крылов аудармаларын қазақиланған және түйінделген деп жазады. Біз бұған аударманың тағы бір қырын көрсетелік. Мәселен, «Маймыл мен көзілдірік» аудармасында көзілдірікті көзге тағу керектігін ұғынбаған маймыл оны құйрығына байлап, тіпті иіскеп, жалап та көреді. Сосын «мұның қай жері жақсы көруге көмектеседі» деп түсінбей дал болады. Аяғында көзілдірікті сындырып тынады. Крылов мұны осы күйінде қалдырады. Ал А.Байтұрсынұлы оның мәнін ашып, оқырманға түсініктеме бере кетеді:
«Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс стетін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?» |7. 62]
Қорытындылай келе, Ақымет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеті мен тіліне қосқан үлесі өлшеусіз. Сонымен қоса, ғалымның бұл жылы 150 жылдық мерейтойы тойлануда. “Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Негізгі мақсат – ұлы тұлғаның тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері ұлы баба ойларының маңыздылығын айқындап көрсетеді. Бұл маңызы терең еңбектерді оқи отыра бүгінгі ұрақ сана мен ойлаудың озық жүйесін игереді, дүниетанымның асқақ формасына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |