М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет16/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Искакова Ж. М., Симбаева С. О-конвертирован

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Тарихи тақырыпта жазылған Ш.Құсайыновтың “Томирис” пьесасындағы кейіпкер жүйесін таныту.

  2. «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» пьесаларын оқыту.



Әдебиеттер:


  1. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік жинақтау. А., 1987

  2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

  3. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 1987

  4. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 1997

  5. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 1985

  6. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 1986

  7. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А.,



Драмалық дастандар.




Мақсаты: Драмалық дастандардағы уақыт шындығы және тартыс мәселесі. Тарихи аңыздардың драмалық дастан сюжетіне айналу үдерісіне талдау жасау.
Негізгі ұғымдар: драмалдық дастан, тартыс, тарихи тұлға, уақыт шындығы, тарихи тақырып, драматургия.


Жоспары:


1. Иран-Ғайыптың (Иранбек Оразбаев) «Қорқыттың көрі» драмалық дастаны .

Өзіндік үнімен, өлеңдегі дара бітім, бөлек мінезбен танымал ақын Иран-Ғайыптың “Қорқыттың көрі” атты драмалық дастаны қаламгер шеберлігін тағы бір қырынан ашып салғандай.


“Қорқыттың көрі” драмалық дастанының басты оқиғасы – Қорқыт туралы аңыздар негізінде түзілген тартысқа толы ситуация. Идеясы – рухтың, өнердің жасампаздығы.
Иран-ғайып – қазақ драматургиясына драмалық дастандары арқылы қомақты олжа салған қаламгер. Оның «Хайуандық комедия» (Шыңғыс хан заманы, Жошы, Ақсақ құлан туралы аңыздар желісімен өрбітілген), «Батқан кеменің бейбақтары» (белгісіз заманда, белгісіз аралдағы, Адам ата мен Хауа ана,
Бейкүмән мен Нәкүмән айналасындағы оқиғалар), «Мен ішпеген у бар ма?» (данышпан ақын Абай қасіреті), «Күшігінен таланған» (әйгілі Ақсақ темір тағдыры), «Аттын адам», сондай-ақ соңғы кездері театр сахнасына шыққан «Естайдың Қорланы» драмалық дастандары қаламгердің драматург ретіндегі шеберлігін паш еткен дүниелер.
“Қорқыттың көрі” драмалық дастаны да барынша буырқанған ақындық шабытты айғақ еткен бірегей туынды. Бұл драмалық поэманың кейіпкерлері – күллі түркі дүниесінің қасиетті абызы, пірі Қорқыт ата мен Жаналғыш-қызыл Қанат Әзірейіл, Қорқыттың әкесі – Қарақожа-Оғыз ата, анасы-Қамқа- Қыпшақ ана, билеуші-бек – Қаһан, Қорқыттың жары – Сарын ару, досы Рәпіл, көңілдесі – Нике. Бұлардан басқа дастан оқиғасына әр түрлі Дауыстар және Қырық қыз қатыстырылған. Оқиғаның өтетін уақыты – «Расул (Мұхаммед) Пайғамбар заманына жақын тұс (VII-VIII ғасыр), өтетін жері – «Баят (Сырдария өзені) бойы» (Дастанның кіріспесінде көрсетілген мәлімет осындай).
Драмалық дастан мазмұнына көз жүгірткенде ең алдымен аңғарарымыз – оқиға мазмұнына өзімізге таныс, халық жадында сақталып келген аңыздар желісінің алынғандығы. Иран-Ғайып аңыз оқиғасын шығарма өзегіне ала отырып, өзінің суреткерлік қиялына сай, поэтикалық бояуы қалың көркемдік шешім жасаған. Қорқыт ата туралы аңыз-әпсаналардың ішінде ең әйгілісі – абыз-бабаның ажалдан қашуы, сондай-ақ қобыз аспабын жасап, одан мұңлы да ғажап әуенді күй төгілткені.
Аңыз дастанның бірінші бөлімінің бірінші көрінісінде заманына налыған Қорқыт көктегі ие – Тәңіріне мұң шағады. Бұл көрініс «Аспан асты… Жер үсті… Ұлы дала… Табиғат» аясында өтеді. Тәңірмен тілдеспекке көкке қарай ұмсынған Қорқыт күңіренісінде күллі адамзаттың ұлы мұңы жатқандай.
… Кем түйсініп, Аз ұғам: Мүмкін сенің базынаң…
Бейне нахақ наласындай Ғаламның Жатырында
Үш жыл жаттым Анамның!
Әуел баста-ақ Маған қимадың Тоғыз ай
Тоғыз күншiлiк
Шарана-Ғұмырын Адамның,-
деп тебiренген Қорқыт толғанысының өзегi-оның ана құрсағында үш жыл жатқандығы туралы аңыздан бастау алады. Ел аузындағы:
Қорқыт туар кезiнде
Қара аспанды бу алған, Қара жердi су алған, Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған, –
деген жыр жолдары Иран-Ғайып дастанында былайша өңденедi: Мен келерде –
Ай менен күн шағылысып, Аруана-тiршiлiк
Күйiсiнен жаңылысып, Ауа қозданып –
Қара аспанды бу алды Топырақ базданып – Қара жерді су алды.
Екi аяқты жұмыр бастының – Зәре-құтын ұшырып,
Салып тудым лаңды...
Бiрiншi көрiнiстегi Қорқыт монологы – ортасына сыймай аласұрған, тек табиғатты медеу тұтып, соған бас ұрған, Жаратушы Иемен тiлдесiп, жаратылыстың құпиясын бiлмекке ұмтылған ерекше болмысты адамның жан толғанысы мен жүрек шерi.
Жаратушы Иеге:
Қорқыттың кiм екенiн
Жаратушы өзiң болмасаң, О,Тәңір,
Түсiнбейдi бұл тобыр, – деп наз айтып, налыған Қорқыт:
Көк төрiнде –
Сен жалғыз, Жер бетiнде – Мен жалғыз, –
деген күңiренiсiн күрсiнiспен айтады. Қорқыт болып күңiренiп, Қорқыт болып налыған ақын Жаратушы Иеге деген шексiз сенiмiн осы жолдармен бiлдiрiп тұрғандай.
Жердегi тiрлiкке көңiлi толмаған Қорқыт: Мен де ұмытам Сенi!
Бұдан былай-
Өзiме-өзiм-Құдай, –
деген сәтте Күн тұтылып, Жер-қозғалғандай болады да, кәрi жартас құлап түседi. Жартас-Дауыс Қорқытқа «Құдай болмағың құр қаңқу» дейдi. Оны да тыңдамаған соң, Жартас басындағы Шырғай ағашқа жай түсiп құлайды. Ендi Шырғай дауыс:
Құдай бола алмайсың, Қорқыт!
Мен тәрiздi! Омақаса жығылып, Сен де бiр күн-
Тынасың,-
дейдi. Қорқыт шырғай-ағашқа балта сiлтеген кезде, одан таңғажайып үн шығады. Сол сәтте Дауыстар сөйлеп, Тәңiрге тiл тигiзбей, райынан қайтуын өтiнедi:
–Сен де-өлесiң , Қорқыт!
Көресiңдi көресiң – Қорқыт.
– Өлесiң, – десiп жамырайды.
Шырғай-Ағашқа балта сiлтеген сайын Таңғажайып үн әуелеп, күллi дүниенi ұйытады.
Қорқыт туралы аңыздың бiрi-оның қобызды дүниеге әкелуi болса, осы желi Иран-Ғайыптың дастанында мәнi тереңдеп, тартыспен берiледi. Қорқыттың өлiмнен қашуы – өлiммен арпалыс, оған қарсы күрес болып көрсетiледi.
Екiншi көрiнiсте – оң қолына аса, сол қолына шырғай ағаштан жасалған қобыз ұстаған Қорқытты жанды-жансыз
табиғатпен тiлдесiп келе жатқан сәтiнде кездестiремiз. Аққу- дауыстар:
Қобыз үнiне Зармыз...
Қорқыт, –
деп назданады. Тырна дауыстар Қорқытты күткен сұлу да сұңғыла жар бар екенiн жеткiзедi. Сол сәтте Қорқыт қобызын шалады. Күй соңы елеске ұласады. Елес iшiнде - Қорқыт күйiнiң талып естiлген үнiне елтiп, қырық қызды қасына ертiп, Қорқытқа жетпек болып жолға шыққан Сарын-ару. Таңғажайып үнге елiтiп, күн-түн сапарда келе жатқан қырық қыз шөлге ұрынады. Ақыры қырық қыз да мерт болып, Сарын-Ару табаны ойылғандықтан ақсаңдай басып жетiп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссiз құлайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың тағы бiрi-қырық қыз бен ақсақ қыз туралы. Ањыз айтады: қырыққыз бiрдей Қорқытқа жетемiз деп сапарға шыққанымен, жолда ажал тауып, iштерiнде жалғыз бiр ақсақ қыз ғана жеткен екен дейдi. Ендi бiр аңыз айтады-Қорқыт күйiне өлердей ынтық болған ақсақ қыз абыз-атамыздың жары екен дейдi. Ал, Иран- Ғайып қыздың ақсау себебi-жол азабы, есiмi Сарын-ару дейдi. Ақын аңыз әлемiн кезе жүрiп, жаңа бояу, тың желi мен соны оқиға тудырады.
Екiншi бөлiмдегi оқиға оғыз-қыпшақ елiнiң билеушi-бек қаhаны қайтыс болып, оны жұрттың азалауы сәтiнен басталады. Дауыстар бектiң тiрлiктегi бектiгiн, жақсылығын айтып, жоқтайды. Осы сәтте «күн-тұтылып, жер қозғалғандай» болады. Алыстан әуелi сарын жетiп, сонан соң Қорқыт келедi. Өлген бектiң жанын қайта кiргiзбекшi болып, қоңыраулы асасын қолға алып, бақсылығына басып, жындарын шақырады. Алайда әл- дәрменi жетпейдi:
Қуат-қайратым –
Тұла бойымды тастап, Қашқан сыңайлы.
Ақыл-санамның да Айбатын – Құдiреттi бiр күш жасқап, Басқан сыңайлы...

Дауыстар:
Билеушi бектерiңнiң Жанын алған кiм едi?!



  • Тәңiрiнiң түнегi...

  • Сұмырай Ажал

–Қызыл қанат әзiрейiл...

Поэманың алдыңғы бөлiмiнде Сарын-Арумен кездесiп тұрған сәтiнде күңiренген Ажал-дауыс:
...Бұ дүниеде-үлесiң:
Сен-жер бетiнде
Қырық жыл ғана өмiр сүресiң, Қорқыт, –
деген болатын. Сол Ажал-дауыс ендi көр түбiнен бұрынғыны қайталай айтып:
Пәлi?!
Бүгiн – тура қырықтасың Яки, мендiк ырықтасың Қорқыт, –
деп мазақтай күледi. Жер астынан шыққан Әзiрейiл-Ажал аузынан айтылатын поэтикалық толғау-дастанның мазмұнын тереңдетiп, оқиғаны ширықтыра түсетiн жолдар. Көркемдiк нақышы мен ырғақ мақамы арқылы да Ажалдың адам атаулыны үрейлендiретiн сұсты қалпы аңғарылып тұрғандай.
Ажалмен тайталасқан сәттегi Қорқыт тұлғасы тiптен күрделене түседi. Өз құдiретiн дәлелдемек болған Ажал-Әзiрейiл Билеушi-Бекке қайтадан жан кiргiзедi. Қайтадан тағына мiнген бек қобыз кiмдiкi екенiн, көр кiмдiкi екенiн сұрайды. Дауыстар қобыздың да, көрдiң де Қорқыттiкi екенiн айтады.
Бар пәле – кiмде, Қорқыт?!
Айтшы,
Қобызда ма, Сенде ме?! –
деп сұраған билеушi бекке Қорқыт:
–Тек!
Пәле өзiң тақылеттес Ақыл-есi кемде,

Билеушi-Бек –
дейдi. Ызаланған бек қалың топқа:
Қорқытты Тiрi күйiнде
қобызымен қоса көмiңдер-
қайтып шықпастай қып Көрiне! –
деп бұйырады. «Қайда барсаң – Қорқыттың көрi» деген ел аузындағы мәтел өзiне қазылған көрден қашып, шартарапты кезiп кеткен Қорқыт атамызға байланысты туса, ақын бұл желiнi мүлде басқа арнаға бұрып, тың оқиға тудырған. Яғни Қорқыт өзiне емес, Билеушi-Бекке арнап қазылған көрге түсуi керек. Ендiгi оқиға ежелгi жазба мұра – «Қорқыт ата кiтабындағы» «Доқа қожаұлы ер Домрул» атты жырмен үндеседi. Ақын ондағы оқиғаны желi етiп алғанымен, өзгеше өрнекпен құрған. Әзiрейiл- Ажалдан жан берiп, жан алушы- Тәңiрдiң өзi екенiн естiген соң, Қорқыт оның құдiретiне құлшылық етедi. Пендесiнiң өзiн шәк келтiрмей танығанына риза болған Тәңiр-дауыс: «Өз жанының орнына басқа бiреудiң жанын тауып берсiн»,- дейдi. Қорқыт ет жақындары - әкесi Қарақожаны, анасы Қамқаны, досы Рәпiлдi, көңiлдесi- Никенi атайды. Бұлардың бәрi ажал алдында дәрменсiз. Тiптi әкесi Қарақожа:
Қайдан бiлем мен байғұс, Кiм екенiн әкесi-
Көр иесi Қорқыттың?! Шешесiнен сұрап көр – Сол бiледi анығын... –
дегенге дейiн барады. Анасы болса:
Менiң берер
Артық-ауыс жаным жоқ – деп, бiр-ақ қайырады. Әкесi Қарақожа:
Қаратауымды алсын- Жайлауы болады.
Ақ отауымды алсын- Ойнағы болады.
Үйiр-үйiр жылқымды алсын – Мiнерi болады.
Ақтылы қойларымды алсын –
Шiдерi болады.
Алтын, күмiсiмдi алсын Жинаған
Жанымды өзiме қи, Балам,-
деп Қорқыттың аяғын құшып жалбарынады. Досы Рәпiл: Егер сен-
Ғайыптан күсiп,
Ақ мұнарлы қамалға түсiп- Гәуiрлерге тұтқын болсаң Ғұмыр бойына терiп,
Тiрнектеп жиған барымды берiп, Ыстығыңа күйiп,
Суығыңа-тоңар ем...
Құтқарар Мықтың болар ем!
...Жан баруге –Осалмын –
деп ағынан жарылып, шынын айтады. Көңiлдесi – Нике де жанын беруден бас тартады. Осындай қиын сәтте Қорқытты құтқарған – жары Сарын-Ару. Ол Әзiрейiлге Қорқыт үшiн өз Жанын алуды өтiнiш етедi. Ендi Сарын-Арудың алдында Ажал дәрменсiз халге түседi. Аяғы ауыр арудың жанын алуға батылы бармайды. Әрi оған шексiз риза болады. Келесi сәтте Қорқыт өз жанын алуға ризашылық бiлдiредi. Соңғы сәтте қобызбен күй тартып, өмiрмен бақұлдасуға мұрсат сұрайды. Күй тартылғанда көр iшiндегi әзiрейiл-Ажал iзiм-қайым жоқ болып кетедi. Қобыз шалса қалың топ сiлтiдей тынып, күй тоқтаса «Қорқыттың көрi», – деп шуласып қоя бередi. Қорқыт болса Сарын-Аруды ертiп, топтан сытылып шығып кетедi.
Төртiншi көрiнiсте Қорқыт-Абыз Желмаясының терiсiнен
жасалған киелi кiлемiн төсеп, Сырдарияның үстiнде күй тартып отырады. Ақын бұл жерде Қорқыттың сәбиiне арналған «Әуп- пай» күйiн шалуын тiлге тиек етедi. Бiр сәт қалғып кетiп, ажал жылан болып келiп, шағып алады. Қорқыттың соңғы аманаты– өзiн Қазалыға жерлеу және қобызды ұлына тапсыру.
Ақынның оқиғаның ерекше ширыққан тұстарын «күн – тұтылып, жер қозғалғандай болады» деген жолдармен ажарлауы дастанның көркемдiк шырайын аша түседi.
Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрi» аңыз дастаны – аңызды өзiнiң көркемдiк-идеялық мақсаттарына сай өңдендiре, өзгерте драмалық тартысқа құрған, Қорқыт-Абыздың күрделi де тылсым болмысын танытқан тамаша поэтикалық туынды. Осы шығармасы үшін 2002 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет