М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет13/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.





  1. Тәуелсіздік кезіндегі жырларда қоғамдық ой-сананың жаңғыруы байқалды.

  2. Идеялық-көркемдігі мен танымы жоғары жырлар, поэзиядағы ізденіс арналарын кеңейтіп түсіндіру.



Әдебиеттер:


  1. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік жинақтау. А., 1987

  2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

  3. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 1987

  4. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 1997

  5. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 1985

  6. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 1986

  7. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А., 1984

  8. Қабдолов З. Жебе. А., 1977

  9. Қабдолов З. Көзқарас. А., 1996

  10. Қабдолов З. Арна. А., 1988

Поэма жанрының дамуы.




Мақсаты: Желтоқсан оқиғасының, халық тарихының поэмаларға арқау болу себебін түсіндіру. Поэмалардың тақырыптық, көркемдік сипаттарын ашу. Негізгі идеясын тныту.
Негізгі ұғымдар: поэма, тарихи тұлға, қаһармандық күрес, эпикалық поэзия, тәуелсіздік жылдары, көркем бейне.

Жоспары:


  1. Желтоқсан оқиғасының, халық тарихының поэмаларға арқау болуы.

  2. Тарихи тұлғалардың қазақ поэмаларындағы көркем бейнелері.

  3. Дәстүрдің дамуы. Жаңашылдық.

  4. Поэмалардың тақырыптық, көркемдік сипаттары.

Тәуелсіздік жылдары қазақ ақындары өлең өлкесінің өрелі жанры – поэмаға құлаш сермеді. Поэма жанрының әр дәуірдегідей, ең басты көркемдік ерекшелігі бұл жылдарда да айқын көзге шалынды.1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресіне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның ішінде поэмада пайда болды. Бұл ретте ақындар Асқар Егеубаевтың «Желтоқсан», Несіпбек Айтұлының “Мұқағали- Желтоқсан” поэмаларын атауға болады. Бұлар публицистикалық сипаттағы туындылар. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды бейнелеп береді. Қарулы әскердің қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы суреттейді. Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрінеді. Мәселен, “Мұқағали-Желтоқсан” поэмасында ақын желтоқсанда қазақ жастары қанға бөгіп жатқанда Алаштың ұлы тұлғаларын Алматы аспанында тоғыстырады. Олар ұран салған Мұқағали рухымен бірге шырқырап, әділетке араша түседі.
Қазақтың эпикалық поэзиясында халқына, еліне еңбек сіңірген тарихи тұлғалар жайлы поэма жазу дәстүрге айналып келеді. Бұл дәстүр, әсіресе, XX ғасырдың 70-80 жылдары кең өрістеген еді. Осы кезеңде әлем поэзиясы алыптарының бірі Әбілқасым Фирдоуси туралы С.Жиенбаев «Ақын», ұлы ғалым Әбу Насыр Әл Фараби туралы Қ.Мұқышев «Фарабидің сағынышы», татар халқының классик ақыны Ғабдолла Тоқай туралы І.Мәмбетов «Тұңғыш Тоқай», қазақ елінің XYIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен даңқты батыры Қабанбай туралы Н.Айтов «Қабанбай батыр» секілді поэмалар жазды.
90-жылдары қазақ халқының классик ақыны, қаһарман батыры Махамбет Өтемісұлы туралы Ж.Бөдешұлы «Жақия», Т.Медетбек «Махамбет рухының монологы», С.Тұрғынбекұлы
«Махамбет және Жәңгір хан» поэмаларын, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев туралы К.Салықов «Дананың сәтті сапары», қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы К.Салықов «Қаныш-Жұлдыз» қарсы алды» деген поэмалары
өмірге келді. Солардың ішінде Т.Медетбектің «Махамбет рухының монологі» поэмасында кешегі кер заманда Махамбет арманының, ерлігінің көздеген мұратына жете алмай, «құзға құлап, мерт болуы», кейінгі ғасырға созылған отаршылдықтың темір құрсауының қамауында өмір сүрген қазақ халқының берекесі кетіп, азып-тозуы ақынның жалынды жырларының сарынымен әсерлі бейнеленеді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алғаннан бері егемен қазақ елінің әлемнің өркениетті елдерімен терезесі тең тұрғыласқан жарқын жылдарын ақын шабыттана толғайды. Осы кезеңдегі бірсыпыра поэмалар қазақ эпикалық жанрына тың мазмұн, жаңа көркемдік өрнектер қосты. Мәселен, Қ.Мырзалиев «Заман-ай» поэмасында (1997) Қазақстанның Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихына бүгінгі биіктен жаңаша көзқараспен қарайды. Ақын өткен 70 жыл ішінде қазақ халқының басынан кешкен небір қиындықтарды нақты көркемдік ойлармен жинақтап береді. Поэманың «Бұқара мен партократия» деген тарауында ұзақ жылдар бойы коммунистік партияның саясатынан халықтың зардап шеккенін тебірене жыр етеді:
Уландырды сәбидей саналарды, Тыңдамадық көреген даналарды. Енді, міне,
Ұятын Партияның
Адал жандар арқалап қала барды!
Сол сияқты Қ.Мырзалиевтің «Бес жыл өткен соң» поэмасынан (1997) нарықтық экономикаға көшкен дертті қоғам тұсындағы қазақ халқының аянышты кейпін көреміз. Ақын шығармасында қазіргі дүниені жалпағынан басып жүрген алаяқтарды әшкерелей отырып, бұқара халықтың күйзелген күйкі тірлігін ет жүрегі елжірей толғайды. Поэмада сапырылысқан шетелдік көліктен аяқ алып жүргісіз Алматы қаласының бүгінгі алабажақ бейнесін де, «өгіз арба» мен «жорға шанаға» қарап қалған қазіргі қазақ ауылының сұрғылт тірлігін де береді. «Заман- ай» және «Бес жыл өткен соң» поэмалары – қазақ халқының XX ғасырдағы басынан кешкен тарихын оқырман санасына толық жеткізетін көркем эпикалық туындылар.
Көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» (1999) поэмасының жазылуы қазақ поэмасы тарихындағы елеулі оқиға болды. Ақын бұл поэмасымен осы жанрдың көркемдік көкжиегін кеңейтіп, қазақтың эпикалық поэзиясының әлем алдындағы беделін жоғарылатты. Олай деуге себеп, ең алдымен, поэма мазмұнының аса тереңдігінде, шығармаға өзек болған басты идеяның адамзаттың мақсат-мүддесімен қабысатындығында. Ақын ұлттық шеңберден шығып, бүкіл әлемдік проблеманы қозғайды. Поэманың қамтыған мерзімі ұзақ. Ақын шығармасында бірде өткен ғасырлар құпиясына барлау жасаса, бірде бүгінгі күнде бүкіл адамзатты алаңдатып отырған өзекті мәселені тебірене толғайды. Бүкіл әлем тарихына шексіз қайғы, төтенше қасірет әкелген Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Гитлер, Сталин тағы басқаларының алапат жауыздықтарын жеріне жеткізе әшкерелесе, Адамзатқа тән асыл қасиеттерді, ізгілікті сақтау үшін қажымай күресіп, жер бетіне ізгілік, адамгершілік пен кемеңгерліктің ой қазынасын сыйлаған Аристотель, Конфуций, Әл-Фараби, Шекспир, Фирдоуси, Гете, Достоевский, Бетховен, Моцарт, Андрей Сахаров, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов тағы басқаларының мәртебелі бейнелері шалқар шабытпен жырланады.
Қазіргі бүкіл әлемді бағындырып, жаулап алған бұқаралық мәдениеттің адамдарды аздырып, әлсіретіп бара жатқан ұнамсыз сипаттары поэмада айқын көрініс берсе, бүкіл жер бетіндегі барлық адал ниетті халықтарды, барша мемлекет билеушілерін ұлы гуманизм үшін талмай күресуге үндеген бұл шығарманың қазіргі кездегі, болашақтағы мән-мағынасының биіктей беретіні анық. М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» поэмасы ғасырлар шындығын тереңдей бейнелеген шынайы туынды, қазіргі дәуірдің көркем шежіресі.
Бұл жылдары қазақ поэмаларының қорына Иран-Ғайыптың
«Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары»,
«Күшігінен таланған», «Қорқыттың көрі» драмалық дастандары, Е.Раушановтың «Ғайша-бибі», Н.Айтұлының «Бәйтерек», «Көк ала үйрек», т.б. поэмалар қосылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет