М. Т. Мукашева (жобаға жалпы жетекшілік, кіріспе А, б қосымшасы)



бет3/4
Дата20.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#141509
1   2   3   4
Байланысты:
kz 51564 212471 1545912630 (1)

ҚОРЫТЫНДЫ


Ғылыми жоба аясында осы проблеманы шешу мақсатында жаңа медиа бойынша knowledge base білім базасының сайты құру көзделген еді.


Қазақ тілді журналистерге арналған жаңа медиа knowledge base сайты құрылды [8]. Сайт домені - http://mediakb.kz/, сайт wordpress платформасында жасалған. Сайттың негізгі мақсаты жаңа медиаға бейімделген журналистерге осы салада түсінік беретін, білімдерін қалыптастыратын білім базасын жинақтау. Сайт мультимедиалық контент жасау бойынша төрт санатқа бөлінген.



Сурет 2 - mediakb.kz сайтының бас бетінің скрині
Олар мәтіндік контент жасау бойынша ұсыныс-кеңестер, шеберлік сыныптары, аудио, визуал контентке арналған бөлімдер. Бұл бөлімдерде интернет сайттарға лайықтап мәтін жазу техникасы, аудио өнімдер дайындау, оларды өңдеу және орналастыру бойынша лайфхактар мен нұсқаулықтар беріледі. Визуал бөлімінде көрнекілік үшін қажетті контент, видео контент жасау жолдары айтылады. Осы тақырыптар бойынша пайдалы ресурстарға сілтеме жасалады. Мысалы, қазақ тілді сайттарда визуальды контент жұтаңдығы байқалады. Журналистер фотоконтентті жариялағанда авторлық құқықтарын сақтамайды. Жиі бір оқиғаға қатысты материалдарда, әсіресе жаңалықтар лентасында мәтіндік ақпарат бірнеше сайттарда бір суретпен жарияланады. Ол суреттің дереккөзі, авторы әдетте көрсетілмейді. Журналистер фото іздеу кезінде жұмысын жеңілдету үшін сайтта тегін фотосуреттер базалары туралы мақала салынды.

Сурет 3 - mediakb.kz сайтындағы мақала скрині


Жобаның орындалу барысында сайт қосымша білім базасымен толықтырылып отырады. Сонымен қоса сайтта медиапрактика, видеосабақтар, пайдалы сілтемелер, хабарландыру бөлімдері бар. Media практика: Мəтіндік, Аудио, Визуал бөлімінде практик мамандардың нақты тәжірибелері, олардың үлгілі жұмыстарының мысалдары, лайфхактар беріледі. Видеосабақтар бөлімінде жаға медиада қолданылатын түрлі бағдарламалар, оларды қолдану нұсқамалары, конвергентті редакциялардың тәжірибелері, мамандар кеңесінің видео сабақтары беріледі. Пайдалы сілтемелер мен хабарландыруларда осы саладағы гранттар мен білім бағдарламалары, жарияланған байқаулар, бос орындар сияқты жаңа медиа журналисі қызметіне қатысты мағлұматтар беріледі. Жобаның жүзеге асырылу барысында медиаға қатысты деректер базасы әлі де толығады, ғылыми жобаның соңғы кезеңдерінде электронды мәліметтерді жинақтап, жоғары оқу орындарында журналистика, коммуникация саласында білім алатын студенттер үшін оқу қуралы ретінде пайдалануға ұсынылады.
Осы зерттеуді жүргізу барысында интернет-БАҚ қалыптасуы, веб-журналистика ерекшелігіне, конвергентті типті редакциядағы журналистік қызмет спецификасына қатысты жазылған ғалым-практиктер А. Амзина, Е. Вартанова, А. Качкаева, Н. Лосева, М. Лукина, А. Мирошниченко еңбектеріне сүйендік. Бүгінде көптеген басылымдардың бәсекелесі онлайн, медиаорта болып отыр. Күн сайын интернет қолданушылары ақпараттық порталдар, түрлі агрегаторлар, блогтар, интернет қауымдастықтар, әлеуметтік желілердегі парақшаларды ашуда. Жүргізілген зерттеу бізге дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары қаласа да қаламаса да елеулі өзгерістерге ұшырап жатқанын аңғартты. Баспасөз басылымдары, радио, телевизия мен интернет мультимедиалық ортада қызмет етуде, мұнда олардың бірігуі, шектесуі орын алады. Редакциялар алдында медиа нарықтың түбегейлі өзгеруіне, контенттің таратылу жолдары мен арналарының өзгеруіне байланысты проблемаларды шешу міндеті тұр.
Бүгінде Қазақстанда келесі типті интернет ресурстар қалыптасқан: 1. Дәстүрлі БАҚ онлайн-нұсқалары (газет, журнал, телеарна және радиостанциялар); 2. Дербес онлайн басылымдар (Интернетте қызмет етуі үшін арнайы құрылған); 3. Цифрлік БАҚ (PDF форматында таратылған); 4. Ақпараттық порталдар (жаңалықтар лентасы бар ірі сайттар); 5. Интернет-радио, интернет-ТВ; 6. Ақпараттық агенттік; 7. Әлеуметтік БАҚ (азаматтық журналистика сайттары); 8. Жаңалықтар агрегаторы; 9. Әлеуметтік медиа (блог, микроблогтар және т.б.); 10. Белгілі тақырыптар бойынша жаңалықтар бағанын жүргізетін кәсіби тақырыптар сайттар.
Алайда бөлініс болғанымен өз аудиториясын анықтау, қажеттіліктерін зерттеу, ұтымды форматтарын айқындау мәселесі шешілмеген.
Мысалы similarweb.com сервисі бәсекелес сайттар туралы барлық болмаса да, негізгі деректерді береді. Бұл сервис арқылы бәсекелес бұқарат ақпарат құралы, яғни сайт трафикті қайдан жинап отыр, рефералдары, меншндері, ең көп оқылатын тақырыптары, парақшалары, аудиториясының жасы, қандай құрылғылар арқылы кіретіні, қандай сағаттарда сайттың оқырмандары артатынын көрсетеді. Мысалы, inform.kz ақпараттық агенттігінің аудиторияны қайдан жинап отырғанын 4-суреттен білуге болады. білуге болады.

Сурет 4 - similarweb.com деректері бойынша inform.kz сайтының траффик көздері

Ал дәл осындай ақпараттық сайттар қатарына кіретін baq.kz ресурсының деректеріне көз салайық.



Сурет 5 - similarweb.com деректері бойынша baq.kz сайтының траффик көздері

Baq.kz ресурсының конвергенсиялануын, аудитория тартудағы оперативтілігін WhatsApp, Instagram сияқты желілерді қосуынан аңғарамыз.WhatsApp желісінде бөлісуге болатын форматты шағын мәтіндер жазылады. Бұл дәстүрлі медиа мәтіндерінен өзгеше принципті қажет етеді.


Сонымен қоса, қазақстандық сайттарға трафикті мейлінше көп әкелетін әлеуметтік желілер өзге елдер тәжірибесінен ерекшеленеді.

Сурет 6 - similarweb.com деректері бойынша inform.kz сайтының әлеуметтік желіде трафик әкелетін көздері


Қазақстанық интернет сайттарға әлеуметтік желіден көбірек трафик әкелетіндер: facebook -60%, twitter 15%, Vkontakte-10%, odnoklassniki.ru-5%, youtube - 3%. Vkontakte әлеуметтік желісінде 14-19 жас аралығындағы аудитория отыратынын ескерсек, massaget сияқты ресурстарға керісінше негізгі трафикті әкелетін желі болып отыр. Ал youtubeке сайттар аудитория әкелетінін ескерсек, қазақстандық медиа, оның ішінде сайттардың өз пәрменін толыққанды қолдана алмай отыр деген пікір қорытуға болады. Батыс елдерінде сайттар дамып, әлеуметтік желімен жарысуда. Осыдан туындайтын болжам қазақстандық айттар SEO баптау, таргеттеуді қолға алмағанын айтуға болады.
Сапалы контентке бейімделуге тырысатын журналистер аудиторияны эксклюзив материалдармен тартуға тырысады. Уникал контент беретін сайттар саны көп емес. Алайда көп жағдайда қалыс қалатыны берілу форматы. Визуалды ақпарат мәтіндік ақпараттан әлдеқайда жақсы қаралатыны белгілі. Оның үстіне интернет қолжетімділігі он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда жақсарды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер де видео, графикалық ақпаратқа басымдық беретінін білдірді. Facebook алгоритмі енді сіз оқитын, реакция беретін адамдарды ғана емес, сіз көретін, ойнатқан видеоларға ұқсасын тауып, лентаңызға ұсынады. Бұл адамдарды видео контентке бейімділігін одан сайын арттырады. Әлеуметтік желілерді, соның ішінде Facebook желісін елемеуге болмас, себебі қазір ол тарату арнасының ең ірісі болып отыр. Мысалы Facebook желісіндегі The New York Times парақшасына жазылушылар саны 16 226 451 адам. Бұл баспасөз тиражынан да үлкен аудитория. Осылайша, қазіргі таңда масс-медиа қызметінің технологиялық негіздері терең өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістерді сипаттайтын негізгі сөздер «интенрнет», «әлеуметтік желілер» және «конвергенция» болмақ. Дәстүрлі БАҚ өкілдері бұл өзгерісте өз нарығын сақтап қалуы үшін барынша жаңа технологияларды меңгеріп, саясатын өзгертуі қажет. Бұл үшін баспасөз басылымынан мультимедиялық платформаларда таратылатын медиабрендтерді құру стратегиясын құрған жөн. Сонымен қатар қазақ тілді контенттер сапасының нашарауы кадр тапшылығынан деуге болады. Жоба аясында бірқатар аймақтарға медиатренингтермен барғанымызда байқағанымыз өңірлік электронды рестурстарда редакция саясаты мен СММ бөлімі мүлдем екі траекторияда қызмет етеді. СММ көбінесе жарнама деп түсініледі. Сондықтан брендтың әлеуметтік желідегі дамытылуы, аудиториямен кері байланыс, бұқаралық ақпарат танымалдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар кемшін қалады. Ал бұл контент өткізудегі канал өтімділігінің басты алғышарты. Бұл тенденциялар барлық БАҚ жүйесінің трансформациясы туралы айтуға және цифрлық мультиформатты журналистиканың жаңа стандарттарына өту қажеттілігін талап етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет