Жағдайлық есептер: Аудандық ауруханада таңертеңгі бірнеше дәрігерлер, бір қатар пациенттерде катетиризациядан соң зәр шығарғанда ауырсынғандарына шағым айтты. Пациенттерді бактериологиялық зерттеу барысында алтынша стафилококты тапты. Мұндай эпидемияға не себеп болды? Сіз қандай шара қолданар едіңіз?
22 жастағы Н. атты ауру урологқа жыныс мүшелерінен іріңді бөліндінің шығуына, зәр бөліну кезінде ауырсынуға шағымданып келді. Соңғы аптада пенициллин қабылдаған, 10 жылдан бері ауру. Қандай ауруға кудік тенуге болады? Қандай зерттеу әдісін ұсынасыз? Қандай жағдайда микроспопия нақты жауап береді? Зерттеуге қандай материалды алады? Неге материалды жылдам жеткізу қажет? Неге соңғы жылдарда жиі бактериологиялық зерттеуді қолданамыз? Контактта болғандарға қандай алдын алу шараларын жүргіземіз?
Эндо ортасындағы қызыл колониялардан алынған микробтық дақыл О55+О26+О3 қан сарысуының комплекстерімен агглютинация реакциясын тудырады. Қандай ауру туралы айтылған және аурудың қоздырғышын қалай анықтаймыз?
№ 4.
1. Тақырыбы: Ауруханаішілік инфекцияның таралуына себепкер факторлар. Микрорганизмдердің госпитальды антибиотикке төзімді штамдарының пайда болуы.
2. Мақсаты: Студенттерді ауруханаішілік инфекцияның таралуына алып келетін негізгі факторларымен, сонымен қатар госпитальды штамдардың мультирезистентті формаларының құрылуымен және ауруханаішілік инфекциялардың лабораториялық диагностика ерекшеліктерімен таныстыру. ий.
3. Оқыту мақсаты: Студенттерге антибиотиктерге сезімталдықты анықтауды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: АІИ келіп шығуына қандай фактор ықпал етеді?
АІИ этиологиясы .
Микроорганизмдердің антибиотикке тұрақты штамдарының шығу себептері.