М. Утемисова. Международная научно-практическая конференция открылась приветствиями акима зко н. А. Ногаева и Генерального


Шуағы асқан, мерейі тасқан жастық шақ!



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата22.12.2016
өлшемі7,12 Mb.
#173
1   2   3   4   5   6   7   8

Шуағы асқан, мерейі тасқан жастық шақ! 

Балалығым артта қалды сағым боп,

Қимастықпен қала берді бұлдыр боп.

Есейіп біз қалыппыз-ау шынымен,

Жастық шаққа қадам бастым жыр қылып.

Қызық дәурен студенттік кезең бұл, 

Асыр салып, ән шырқайтын дәурен бұл.

Жастық шақтың алауында алаулап,

Бір мезетті жыр қылатын уақыт бұл.

Ұстаздармен таңыс болдық алғаш боп,

Құрбылармен араластық тым ыстық.

Бір топ болып қыздар болып қаланып,

Мамандықтың көшбасшысының бірі боп.

Универдің сыңғырын біз естідік,

Білімдердің түп қазығын жинадық.

Талай достар тапқан едік әр жерден,

Әр мекеннің тұрғыны боп жиналдық.

Мол білімнің біз көгіне өрледік,

Адалдықтың туын ұстап көгердік.

Тәуелсіздікті тәу етер тұлғасы боп,

Универдің кірпіші боп қаландық.

Аида ХАСАНОВА, 

педагогика факультетінің 1-курс студенті


№ 9 (904) қараша 2014 жыл

12

«XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. 



Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»

                                                                                                      Н.Ә.Назарбаев

ТАУСЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА



Еліміздің  тізгінін  ұстар  ертеңгі  ұрпақты,  рухани  бай,  ұлттық  рух  пен  ұлттық 

құндылықтарға бай тұлға етіп қалыптастыру үшін түрлі мәдени, рухани іс-шаралардың 

маңызы зор. Осындай шаралардың бірі 2014 жылы 19 қараша күні киелі қара шаңырақ 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, ғылыми кітапхана мен 

қазақ филологиясы кафедрасы және Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми 

кітапханасы  бірлесе  отырып    белгілі  ақын,  жазушы,  драматург,  аудармашы  Аманшин 

Берқайыр Сәлімұлының 90 жылдық мерейтойына орай «Жұмыр жерден жұртымды іздеп 

келемін» атты әдеби кеш ұйымдастырған болатын. 

Университет кітапханасы 

ұлы жазушы 

Б.С.Аманшинді ұлықтады

      

Кеш  қонақтары  Қазақстан  Жазушылар 



Одағының мүшесі Айтқали Нәріков пен Серік 

Ықсанғали және оқытушылар, кітапханашылар 

мен студенттер қатысты. Кештің алғы сөзін қазақ 

филологиясы  кафедрасының  меңгерушісі, 

ф.ғ.к., доцент Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы 

сөйлеп  кеш  қонақтарына  қош  келдің  айтып 

кешімізді  ашып  берді.  Одан  әрі  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің  магистранты  Абдрахманова 

Индира  Аманшин  Берқайыр  Сәлімұлының 

өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  баяндап 

берді.  Берқайыр  Сәлімұлының  көзін  көрген 

кешіміздің  қонағы  Айтқали  Нәріков  сөз  алып 

өз естеліктерімен бөлісті, оны көрермен қауым 

ұйып тыңдады. Осындай кейбір талантты ақын-

жазушыларымыздың  еленбей  тасада  қалып 

қоятындығы  көңіл  көншітерлік  жайт  еместігін 

атап өтті. Мұндай таланаттарды бағалау кейінгі 

ұрпаққа дәріптеу ұлы іс екендігін атап өтті. Одан 

әрі Серік Ықсанғали сөз алып осындай зиялы 

тұлғаларды кейінгі ұрпаққа дәріптеу бұл біздің 

олардың алдарындағы борышымыз екендігін 

атап өтті. 

Одан  әрі  Берқайыр  Сәлімұлының  төл 

өлеңдеріне кезек беріліп «Жайықта»  Н. Ахмет 

-  02203  топ  студенті,  «Махамбет»  Ж.Ибраги 

-  02203  топ  студенті,    «Ананың  сәлемі» 

А.Қалабай - 02203 топ студенті,  «Жайық вальсі» 

А.Аманғалиева -02203 топ студенті,   «Студент 

халқы» А.Жылқышева -02203 топ студенттері  

ақынның өлеңдерін оқып берді,

 сонымен қатар 

02203 топ студенттері «Махамбеттің тағдыры» 

романының  әр  тарауына  жеке-жеке  тоқтала 

отырып  терең  талдау  жасады  өз  пікірлерін 

ортаға  салды.  Және  университетіміздің 

студенті  Хойшин  Алтынбектің  күмбірлеген 

күйлері кешімізге жан беріп жандандыра түсті. 

Одан әрі университетіміздің 02104 топ студенті 

А.Зайнуллин  «Махамбет  бабам,  тәнтімін 

сенің  ісіңе»,  02105  топ  студенті  А.Шығыров 

«Ұлылық  иесі  өлмеген...»,  02105  топ  студенті 

А.Ниязбаева  «Тарпаң  мінез  текті  ұл»,  02105 

топ студенті Н.Каирова «Тәуелсіздік тұлғасы», 

02104  топ  студенті  А.Зинелова  «Махамбетке 

арнау»,  02103  топ  студенті  А.Қоңырбаева 

«Бабаға  арнау»  атты    ерлік  пен  өрліктің 

символына  айналған  Махамбет  бабамызға 

арнаған өздерінің арнауларын оқып тыңдарман 

қауымды бір сілкіндіріп тастады. 

Кешімізді  қорытындылау  үшін  доцент, 

ф.ғ.к.    Мұхамбетқалиева  Роза  Қазиқызы 

сөз  алып  кеш  қонақтарына,  студенттерге, 

тыңдарман  қауымға    өзінің  алғысын  жеткізді 

және  Ж.Молдағалиев  атындағы  облыстық 

әмбебап-ғылыми  кітапхана  директорының 

орынбасары  Кенжебаева  Сара  Кушалиевна 

Берқайыр  Сәлімұлы  сияқты  дара  да,  дана 

тұлғаларымызды оқырмандарға насихаттауда 

осындай  мәдени  ж ұмыстардың  ж үзеге 

асырылуы  қуантарлық  жайт  екендігін  атап 

өтті,  сонымен  қатар,  М.Өтемісов  атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

ғылыми  кітапхана  директоры  Алимбекерова 

Тоты  Еркінқызы  Елбасымыз  «Нұрлы  жолға» 

балаған ертеңгі сара жолымыз бұлыңғыр емес 

айқын  әрі  анық  болуы  үшін  біз  мәдениетіміз 

дамыған,  рухани  құндылыққа  бай  Мәңгі  Ел 

болуымыз керек, ол үшін біздің бүгінгі ұрпақты 

соған бағыттау керектігін баса атап өтті.

 

Ғылымы кітапхана

Тәуелсіздік тұлғасы

Ақын жанның жыры жанға жебе болып 

 

 



 

   қадалған,

Халық зары ер ақынның намысынан 

 

 



 

    қан алған.

Жау жүрегі, өр кеудесі асылдың,

Зар қазақтың төске тағар тұмарындай 

 

 

 



     жаралған.

Ұлт қаңғырып, салмақ түсіп аһ ұрды,

Намыс қысып жыр жебелі батырды.

Садағына Исатайдың байланып,

Дұшпанына найза болып атылды.

Шалқадан түсіп алақандай Нарынды,

Шалқалап жүріп шала ханға қарғыды.

Аруақты ер халық жайың көргенде,

Тағындағы көк бөріні жапырды.

Алға бастап тек бостандық деп тұрды,

Жойды, қырды ауыз салған қасқырды.

Бауырымдеп төске басқан қазақтың,

Арасынан қорқау қасқыр тап болды.

Нарынды қиып найзадай жаны атылды,

Елі ұмытпас қаһарлы, қайсар батырды.

Азандай даусы жүрегінде қазақтың

Насым, жігер мөрі болып басылды.

Қуан батыр көкке қарап тұр елінің ту басы,

Өзің құрған тәуелсіздік арманының 

 

 



 

сұлбасы.


Төске қысқан қазағымның нар ақыны, 

 

 



 

асылы,


Ер МАХАМБЕТ-көк байрақты тәуелсіздік 

 

 



 

тұлғасы


Нұржауған КАИРОВА,

02105 топ

Махамбетке арнау

Махамбетім-батыр бабам, нар тұлғам,

Ақтай білген сенімдерді артылған,

Сенің жалын жарларыңа құмар боп

Ізіңменен жүріп келем артыңнан.

Ей, ғасырлар, зырла мейлі, көш мейлі,

Алдыңда ешкім торымайды, кеспейді,

Қанша ғасыр өтсе дағы, қанша жыл

Мәңгілікке есіміңіз өшпейді.

Жырла жүрек, шырқа шабыт, шырқа мұң,

Өрнектелсін өлеңімнен жыр-тағылым,

Өрлігіңді ұлықтайды қазағың

Ерлігіңді ұмытпайды ұрпағың.

Кешегі мен өткенге айтып салауат,

Тарих өзі тағдырларды саралад(ы),

Сол тарихтан жеткен жауһар өлеңің

Өлмес мұра, келешекке аманат!

Сенім атты елім артқан жүкті ілдім,

Сол сенімді ақтау үшін кеп тұрмын

Қаламынан жыр туғызған жалынды

Жалғасымын Махамбеттей текті ұлдың.

Алмас қылыш, ақ найзасы қолында,

Аянбаған әділдіктің жолында,

Махамбеттей ерді әкелген қазағым

Жаса мәңгі, жаса елім, жалынды!



Айкөркем ЗИНЕЛОВА, 

02104 топ

Кітапхана

Қалай білем өзіңді көп қарамай

Қызыл тіл құлаштаса шоқпарындай

Көптеген жайларыңа қанық болам

Беттесем кітапхана жаққа қарай

Табылады керегіңді жарақтасаң

Қызығына үңіліп қарап қалсаң

Сол сәтіңде ұғынып түсінерсің

Мүлт жібермей әр бетін парақтасаң

Мәліметін іштегі танытуда

Құлағыңды түріп-ап таңы тыңда

Көңіліңнің құсына қанат байлап

Осқырынған ақынның шабытында

Жаныма жадыраған күйде тұнды

Білесіз жақсылыққа үйретуді

Ерекше құндылық деп бағалаймын

Сенімен өткен әр сәтім минутымды

Білімнің қазанындай тасып тұрса

Мені де сол білімге машық қылса

Кітапхана қайта айналып келген кезде

Ақыныңа есігің ашық тұрса



Абзал КАРИМУЛЛИН, 

02305 топ

Ер есімі ел есінде



Қараша айының 27-ші жұлдызында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы, 

ЖОО-дан  кейінгі  дайындық  бөлімімен  бірлесе  ортырып  көрнекті  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері,  дарынды  ғалым-тарихшы,  профессор,  педагог,  Қазақ  ұлттық  медицина  

университетінің  алғашқы  ректоры  Санжар  Асфендияровтың  125  жылдық  мерейтойына 

орай «Ер есімі ел есінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  Дөңгелек  үстелді  ЖОО-дан  кейінгі 

дайындық  бөлімінің  жетекшісі  Тастаева 

Жанна  Кеңесқызы  ашып,  одан  әрі  «Ұлт 

мақтанышы (Санжар тағылымы)» атты фильм 

көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  магистранты

  Ж. 

Нурмуханов «Санжар Асфендияров – көрнекті 

қоғам  қайраткері»,  ал  М.Өтемісов  атындағы 

БҚМУ  магистранты  Б.  Мырзабаева  «Санжар 

Асфендияров  –Қазақстан  тарихы  мектебінің 

негізін салушы» атты өз баяндамаларын оқып 

берді.  Одан  әрі  көрермендер  арасында  қызу 

пікірталас  туып  дөңгелек  үстел  үлкен  сұрақ-

жауапқа ұласты. 

Сонымен қатар «Ер есімі ел есінде»



 атты 

кітап  көрмесі  ұйымдастырылып,  ол  кітап 

көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Нұрсұлтан Назарбаев 

- тарих толғатып туған 

ғасырдың тұлғасы, 

- елінің жанын ұғатын, 

- халқын замана көпірінен аман 

өткізіп келе жатқан қамқоршы; 

- еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, 

- көреген басшысы, 

- нарықтық экономиканың терең 

білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; 

- кекшіл емес, текшіл; 

жікшіл емес, көпшіл; 

- жұртты сендіре де, иландыра да ала-

тын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 

БИІК ТҰЛҒАСЫ

М .Ө т е м і с о в   а т ы н д а ғ ы   Б а т ы с 

Қазақстан мемлекеттік университетінің 

ғылыми  кітапханасы  1  желтоқсан 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президенті күніне орай қараша айының 

24 мен 29 жұлдызы аралығында ашық 

кітап көрмесін ұйымдастырды. 

Бұл кітап көрмесін ұйымдастырудағы 

мақсатымыз  –  Елбасының  өмірі  мен 

шығармашылығы, рухани өсу жолдарын, ел 

басқарудағы көрегендік қабілетін кеңінен 

таныстыру арқылы өнегелі өмірін жастарға 

үлгі қылу, өскелең жас ұрпақтың бойына 

еңбекқорлық,  адамгершілік,  имандылық 

сияқты  қасиеттерді  қалыптастыру  және  

Елбасының  жүргізіп  отырған  саясатын, 

іскерлік қабілетін, тәуелсіз Қазақстанның 

іргетасын  қалап,  шекарасын  шегелеп, 

болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет 

басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған 

еңбегін  халыққа  жеткізу,  жас  ұрпаққа 

насихаттау.  Сонымен  қатар,  осы  көрме 

арқылы  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлының 

қазақ елі мен жері үшін жасап жатқан ұлы 

істерін  насихаттау  және  жастарға  қазіргі 

бейбіт, тыныш өміріміздің қадірін түсіндіру 

болатын. 

О қ ы т у ш ы л а р   м е н   с т у д е н т т е р 

қауымы  көрмеге  қызығушылық  танытып 

Президент  күніне  орай  университетішілік 

ұйымдастырылған  шараларға    кітап 

көрмесіне  деген  сұраныс  көптеп  түсті. 

Мысалы:  27  қараша  к үні  М.Өтемісов 

атындағы  батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

у н и в е р с и т е т і  ғ ы л ы м и  к і т а п х а н а с ы 

1  желтоқсан  Президент  к үніне  орай 

«Н.Ә.Назарбаев:  «Мен  –  Қазақстанның 

болашағына  басымды  тіккен  адаммын!» 

атты дөңгелек үстел ұйымдастырылған бо-

латын. Дөңгелек үстел кітап көрмесімен жан-

дана түсті, шара соңында кітап көрмесіне 

библиографиялық шолу жасалып оқырман 

ашық  кітап  көрмесін  ұзақ  тамашалады. 

Сонымен қатар осы күні БҚМУ спорт сарай-

ында университет оқытушылары арасында 

президент күніне орай ұйымдастырылған 

шараға да кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмелерге  Мемлекет  басшысының  әр 

жылдарда  жарық  көрген  шығармашылық 

ж ұ мыс тар ы  қ о йы л ып,  ә рқ ай с ыс ын а 

қ ы с қ а ш а   т ү с і н і к т е м е л е р   б е р і л д і . 

Айталық,  «Қазақстан  Республикасы» 

сериясының  «Елмен  сырласу»  атты  ба-

сылымына  Президенттің  ішкі  тұрақтылық 

пен  ұлтаралық  келісімді,  сыртқы  сая-

сатта  жалпыға  бірдей  қауіпсіздік  пен 

ы н т ы м а қ т а с т ы қ т ы,  м е м л е к е т т і л і к т і 

нығайтуға  бағытталған,  өзара  тиімді 

ықпалдастықты  дамытуды  мұрат  еткен 

сөздері  мен  сұхбаттары  енгізілсе,  2007 

жылы  жарық  көрген  «Қазақстан  жолы» 

кітабында Қазақстанның қазіргі тарихының 

аса күрделі де жарқын сәттері баяндалады. 

Тоғыз  тараудың  әрқайсысы  тәуелсіз  жас 

мемлекетіміздің  қалыптасу  жолындағы 

айшықты  қадамдарын  ашып  көрсетеді. 

Кітап Президенттің ел жастарына арналған 

үндеуі түрінде берілген.

Мәңгілік  Еліміздің  дамуы  үшін  сара 

жол,  айқын  жол  «Нұрлы  жолды»    салып 

берген,  бар  күш-жігерін  жұмсап,  аянбай 

еңбек  етіп,  халқының  үмітін  ақтап  келе 

жатқан  Елбасымыздың  аман  болуы  біз 

үшін  бақыт.  Себебі  халқына  еркіндікті, 

Тәуелсіздікті сыйлай білу – әрбір жан үшін 

аса қадірлі пір.



№ 9 (904) қараша 2014 жыл

13

Сырым  Датұлы атындағы шешендік өнерге баулу бірлестігінің жаршысы



                     № 5(9), қараша, 2014 жыл

 Зерттеу

 Студент туындысы

 Шешендік мәдениет

 Мнение

Начальные этапы взрослой жизни

Привет.  Я  студентка  3 

курса.  Сомневаюсь,  что  ты 

знаешь меня, но я больше чем 

уверена, что мы виделись где-

то. Вот ты, читатель, может, ты 

учишься на 1 курсе. Может, ты 

на золотой середине 2 курса? 

Или ты, как и я на 3 курсе? А, 

ну  я  поняла...  ты  на  4  курсе? 

Ладно, как бы то ни было, мы 

все под одной крышей нашего 

3 по счету дома – под крышей 

нашего университета.

Когда    я  закончила  школу,  было  грустно  и  радостно. 

Грустно,  потому  что  я  покинула  свою  школу.  Оставила 

учителей, которые многому научили меня. Распрощалась со 

своим классом. Попрощалась со своим 2-ым домом.

Ну  а  радостно  мне  было,  потому  что  я  открыла  для 

себя новые двери, новые возможности. Поступив в новое 

учебное заведение с большой буквы. И мне было интересно 

все. Западно-Казахстанский государственный университет 

имени Махамбета Утемисова. Филологический факультет. 

Согласись, звучит гордо? И я многое поняла. Поняла всю 

важность обучаемых предметов, начиная с первого курса, 

я  приобрела  тут  необходимый  мне  багаж  знаний,  да  и  в 

общем, я тут многому научилась. Познакомилась с огромным 

количеством учителей, которые желают нам только добра, 

светлого будущего, и достижений в жизни. Познакомилась 

с неимоверным количеством студентов. Начиная с 1 курса, 

заканчивая 4 курсом. Каждый индивидуален по-своему. У 

каждого есть чему поучиться.

За 3 года я полюбила свой университет. Мне безумно 

приятно  в  нем  все.  Нравится  заходить  в  библиотеку  и 

чувствовать запах книг. Нравится наш деканат. Особенно то, 

как студенты становится близки друг к другу, нас объединяет 

наше стремление узнать что-то новое, порой объединяют 

проблемы  и  то,  как  мы  помогаем  друг  другу  их  решить. 

Инспектор, что готов уделить нам свое время, отложив свои 

дела. И конечно же главный двигатель нашего факультета 

– наш декан. Человек с большой буквы. Абат Сатыбаевич 

Қыдыршаев всегда рад помочь советом, наставить на верный 

путь. Он может порой и отчитать, но потом понимаешь, что 

это все надо было для нашего же блага. И который всегда 

стремится  быть  ближе  к  студентам.  И  знаете...вроде  бы 

я  только  недавно  поступила,  а  уже    и  3  курс.  Мне  даже 

немножечко грустно от того, что мои студенческие годы скоро 

закончатся. Придется заново привыкать к новой обстановке, 

к новой жизни. Но мой один совет: наслаждайтесь каждым 

днем. Порой кажется, что все давит, что чуточку тяжело в 

университете, порой предподавателей не понимают, уроки 

даются тяжела и нет рядом родителей... Но это все временно. 

Я с улыбкой вспоминаю свои 1 и 2 курс. Это было самым 

чудесным мигом в моей жизни. Но одно радует, у меня еще 

1,5 года.



Гауhар КУБАЕВА,

«Иностранный язык: два иностранных языка», гр.03303

Махамбет поэзиясындағы 

көнерген сөздер

Т і л і м і з д е   к ө н е н і ң 

көзіндей сақталып, ұрпақтан-

ұрпаққа    мирас  болып  келе 

жатқан  ақындарымыздың 

туындыларында  түсініксіз 

с ө з де р  ж и і  ұ шырас а д ы. 

Соның    ішінде  даламыздың 

д а у ы л п а з   а қ ы н ы ,   ж ы р 

жампозы  атанған  Махамбет 

поэзиясында  түсініксіз  сөздер  немесе  түсінікті,  бірақ  қазіргі 

заманда қолданыста жоқ сөздер жиі ұшырасады. Оның өлеңі-

елін  терең  сүюдің  айқын  үлгісі.  Осы  өлеңдеріндегі  ақынның 

қолданысындағы көнерген сөздердің мәні мен мағынасын ашуға 

қызығушылық танытып, біраз өлеңдеріне шолу жасай отырып, 

зерттеу жасадым. Ақынның: «Мұңайма» өлеңінде: ...Қанды көбе 

киініп, Бір Аллаға сиынып, Ұрандап жауға тигенде, Кім жеңері 

талай-ды,

Жолдастарым, мұңайма!-деген жолдардағы эпитет түрінде 

келген «қанды көбе» сөзі  көмескі тартып, қолданыстан шыққан 

сөз  деп  айта  аламыз.  Көбе-батырлар  киетін  сауыттың  бір 

түрі  екенін  түсіндірмелі  сөздіктен  анықтадым.  Немесе:  «Әй, 

Махамбет,  жолдасым»  өлеңінде:  ...Сырлы  зерең  аяқпен, 

Бал  ұрттаған  ер  едім,  Бір  уақыттар  болғанда  .  Көктей  өтіп 

Жайықты, Бір қасық ішкен қара су, Жұмасына ас қылдым,-деген 

өлеңіндегі  тағы  да  эпитет  түрінде  келген  архаизм  ақынның 

тілінің  шеберлігін,  сөз  қолданысының  шеберлігін  аңғартады. 

Бірақ «зерең» сөзі бізге түсініксіз, көнерген сөз. Зерең-тостаған, 

қымыз,сорпа  ішуге  арналған  сырлы  ағаш  ыдыс  деп  тағы  да 

түсіндірме сөздікке жүгінемін.

Қайшылыққа  толы  қазіргі  кезеңде  көптеген  көлеңкелі 

тұстарымызға жарық түсіп, өшкеніміз жанданып, ұмытылғанымыз 

жаңғырып, рухани бұлақтарымыздың бастауы ашылып, өткенге 

құрмет  көрсетіле  бастағаны  аян.  Осымен  байланысты  өткен 

өмірдің  көріністерін,  рухани,  материалдық  мәдениетін,  ұмыт 

бола  бастаған  көнерген  кейбір  ұғым-түсініктерді  зерделеу 

барысында  ұлт  пен  тілді  бір  тұтастыққа  сабақтастыру-

мұраларды зерттеудің  жаңа да өзекті үрдістердің бірі.

Мысалы: «Еңселігім екі елі» өлеңінде:  Құйрық жалын шарт 

түйгенҚұм сағыздай созылған...

Құм сағыз- тамырына сағыз құрайтын шөп.

«Жалған  дүние»    өлеңінде:  Құландар  ішпес  бұршақ  қақ 

Кімдерге шәрбат болмаған?! -деген архаизм кездеседі. Бұршақ 

қақ- тағам атауы деп топшыладым.

«Арғымақтың  баласы»  өлеңінде:  Балағы  түкті  қоңыр  қаз 

Баттауыққа  тоя  оттамас,  Сұңқарлар  үлгі  алар  деп  -келетін 

өлеңіндегі баттауық тағамы көнерген сөздер қатарына жатады. 

Баттауық-астық  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  өсімдік 

туысы.

«Орай да борай қар жауса, Қалыңға боран борар ма?



Қаптай соққан боранда  Қаптама киген тоңар ма? Туырлығы 

жоқ тұл үйгеТу байласаң тұрар ма?Ту түбінен тұлпар жығылса, 

Шаппаған нәмарт оңар ма?»- деген өлең жолдарында қаптама, 

туырлық көнерген сөздері өлеңнің мәнін ашып тұрғандай.

Қаптама-тон,күпі,ішіктің сыртынан киілетін сырт киім.

Туырлық-киіз үйдің керегесін жауып тұратын киізі. Киіз үй 

бүгінгі таңда қолданысымыздан шығып қалғандықтан туырлық 

сөзі жас буынға түсініксіз болуы мүмкін.

Махамбет жырлары жорық, соғыс тақырыбы және сонымен 

қатар  ханға,  төреге  қарсы  күрескен,  «дұшпанына  келген 

тартынбай  сөйлер  асылмын»  дейтін  өлеңдерінде  тарихи 

сөздердің жиі ұшырасуы кездейсоқтық емес.

                                                           

             

Мөлдір СЕРІКҚАЛИЕВА,

«ФҚТ» мамандығы, 02205-топ

Автобустағы оқиға



«Шешендік мектебі» («Школа ораторства», «School of oratory») 

жаршысының жауапты редакторы 

А.С.Қыдыршаев

тілшілері - 

Ағиса Рақымғалиева «ФҚТ» мамандығы, 

02305-топ, 

Мөлдір Серікқалиева «ФҚТ» мамандығы, 02205-топ

Автобус  аялдамасы.  Таң 

мен  үйден  күнделікті  сабаққа 

асыға  шығып,  салқын  күннің 

қармауында  біраз  тұрып,  асыға 

күтетін  автобусымның  тұрағы. 

Күн күрт суытып кетті. Қазан айы 

қаһарымды  көріңдер  дегендей 

ызғарын  ылаңдатады.  Ауылдан 

әлі күртешелерімді ала қоймаған 

менің денем мұздап барады.Жанымдағы жандар сондай жылы 

көрінеді. «Еее, бұл адамдар өздерінің дәл қазіргі сәтте бақытты 

екендерін біле ме екен?!» деп қоямын ішімнен. Қалың телпек, 

қалың күртеше киіп әбден қамданып алыпты. Ал мен ше,сол 

баяғы намысым мен жігерімді жиып ап «қырықына шыдағанда,  

қырық біріне шыдамасаң атын құрысын!»,-деп тұрмын қасқайып. 

О,  Жаратқанға  мың  алғыс!Асыға  күткен  автобусым  таяулап 

келеді. Қуанышым қойныма сыймай, сағынған ғашығын күткен 

бір  бейуақтай,  тоңғанымды  ұмытып,толқып      барамын.  Бірақ 

сыртымнан сабырлы, салмақты адамдарша жұртқа ілесе міндім. 

Ішім алай-дүлей ақтарыла шат көңілде екенін кім білсін?! Лық 

толы адам. Сенің көңіліңе қарап та жатырғаны шамалы. Жүріп 

келеміз, жүріп келеміз.Сан аялдамаға тоқтаған сайын жылжи 

түсемін. Бір мезет алдыма қарасам өзімнен 2-3 жас шамасында 

үлкендігі бар, неке жүзігін киген жас жігіт алдымдағы орындықта 

отыр екен. Қасына ата да жайғасқан. Қазақ баласының мейірімін, 

сыйластығын  көріп    өскен  мен  сол  жігіттен  ілтипат  күттім. 

Оның:«Қарындас,  жаурадыңыз  ғой,  мына  менің  орыныма 

отырыңыз» дегенін естимін бе деп ойлағам. Бірақ ол тіпті көз 

қиығын салмады да, басын төмен тастап отыра берді. Науқас 

па  десем,  ондайға  ұқсамайды.  «Жәә,  осы  автобуста  келе 

жатырғанымның өзі бақыт қой! Қаншама адам сыймай  жолынан 

қалды»,-   деп жұбатамын өзімді. Бір кезде алдымдағы әлгі жігітті 

жас  ана  қолы  түртпектеді.  Оның  қолында  кішкене  ғана  сәбиі 

бар  екен:  «Сіз  орын  бересіз  бе,баламен  ыңғайсыздау  болып 

тұр еді» деп жай ғана үн қатты. Әлгі мырза қатқыл дауыспен 

сұраққа жұмсақ тілмен айтқанда «кетіңіз!» деді де отыра берді. 

Қасында  отырған  атай  болса  орнынан  түрегеліп  жатыр  еді, 

«рахмет,  ниетіңізге,отыра  беріңіз!»,  деп  жас  ана  автобустан 

түсті де кетті. Менің жүрегім дір етті. Тек қана менің болмас, сол  

аймақтағы естірменнің құлағына салқын су құйылғандай болды-

ау  сірә. Осыншама тасжүрек, осыншама қатал адамды бірінші 

рет көруім еді. Сәбиге жаны ашымаған өркөкірек өктемдігінің 

сырын біле алмадым, білгім де келмеді. Өз аялдамама келген 

кезде  қаттырақ  аяғын  жаныштап  кеттім!  Ана  үшін,  сәби  үшін 

кегім  болсын  дедім.Білем,  менікі  де  қателік.Бірақ  суық  күнде 

сәбимен  қанғырып  қалған  ана  үшін  адамгершіліктен  жұрдай 

ер азаматтың сыбағасын аз да болса бергеніме марқайып та 

қалдым. Шын сөзім!

Райхан НҰРЖАНОВА,

«ФҚТ» мамандығы, 02105-топ

Ақылды  ақырын сөйлер де, жауабын күтер.  



                                                                С.Сарайи

Ұстамды әрі орынды  сөйлеу ділмарлықтан көп артық. 



                                                                                      Ф.Бэкон

Адамдармен олардың ақыл-парасатына қарай сөйлес.   



                                                                                            Сағди

Ақылды болғың келсе, орнымен сұрауға, көңіл қоя тыңдауға, 

байсалды түрде жауап беруге  және басқа айтар ештеңең жоқ 

кезде сөйлеуді доғаруға үйрен.       



И.Лафатер

Мен  өзімді  тежеуге  үйрендім,  өйткені  парасатты  кісі  өзін 

бетімен жібермеуге тиіс.            

А.П.Чехов

Ірі сөзге – ізетті жауап. 



                           Ж.Баласағұни

Айтар сөзді айт, 

Айтпас сөзден қайт. 

                           Ә.Науаи

Сөз – есепсіз, тіліңді тый, тарт, ұста,

Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста. 

Есепті сөз – ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді « жау» деп ұғын тартыста.

                                                       А.Иүгінеки

Тілді көп ойнатпа.  

 

 

 



Құтып

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда. 



                                             Сүйінбай

Ерден ердің несі артық,

Ептестірген сөзі артық.  

Қазыбек би

Өз басыңды өзің ажалға душар етпес үшін, сөзіңе сақ бол. 

Өз тісіңді өзің сындармас үшін, тіліңе сақ бол. 

Ж. Баласағұни

Сенің әрбір қылығың басқа адамдарға әсер етеді. Қасыңда 

адам  барын ұмытпа.                             

В.А.Сухомлинский

Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. 



                                                                              У.Гезлит

Мінез дегеніміз – моральдық әдеттердің жиынтығы.



                                                                            А.Стендаль

Адамдар алдында ұялу – жақсы сезім, бірақ ең жақсысы – 

өзіңнен өзің ұялу. 

Л.Н.Толстой

Жақсының сөзі – майдай, жаманның сөзі – найзағай.



                                                                     Қашаған жырау

Сөз – ой-пікір шалқары, 

Сөз де адамға тартады.

Қандай болса өздері,

Сондай болар сөздері.

                            М.Әлімбаев 

А.С. Қыдыршаевтың «Шешендіктану» кітабынан


№ 9 (904) қараша 2014 жыл

14

МАХАМБЕТ 



дауысы 

Аз сөйлер де көп тыңдар,

Қас асылдың баласы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет