М. Утемисова. Международная научно-практическая конференция открылась приветствиями акима зко н. А. Ногаева и Генерального



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата22.12.2016
өлшемі7,12 Mb.
#173
1   2   3   4   5   6   7   8

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында,

Екі тарлан бөрі едім, - деп, тарих толқынына тамырын 

терең жайып, өшпестей ерен ерліктің символына айналған 

рухшыл  ақын,  баһадұр  батыр  Махамбет  бабамызға 

арнап филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

мамандығының 02101-топ студенттері Қазақстан тарихы 

пәнінен 14 қараша күні ашық сабақ өткізді.

Отаншылдық тәрбие берудегі 

Исатай мен Махамбет тұлғасы

«Нағыз  қазақ  –  қазақ  емес,  нағыз  қазақ  –  домбыра» 

демекші, сабақты Нұржауған Серікова Махамбеттің «Мен, мен 

едім, мен едім» атты термесімен ашты. Сабақтың тақырыбы 

Кіші  жүздегі  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  ұлт-азаттық 

көтерілісі болғандықтан, студенттер Исатай мен Махамбеттің 

орыс  отаршылдарына  қарсы  жүргізген  күресін  баяндады. 

Сабақ  барысында  студенттер  М.Өтемісұлының  өмірі  мен 

ерлігі жөнінде айтып, оның қазасына байланысты өздерінің 

тың деректерімен бөлісті. Сонымен қатар, Садық Аяна Әнес 

Сарайдың «Исатай мен Махамбет» атты кітабынан Исатайдың 

кескіні, Исатайдың балалық шағы, Махамбеттің хан ордасына 

алғаш  баруы  туралы  деректер  келтірді.  Ал,  Нұрсұлтанова 

Айжан Қажым Жұмалиевтың «Егеуіл Найза» кітабынан алынған 

Махамбеттің шыққан тегі жөніндегі мәліметтерімен бөлісті. 

Содан  соң,  Махамбеттің  өз  өлеңдері  және  студенттердің 

ақын әрі батыр бабамызға арнаған арнау өлеңдері оқылды. 

Кейіннен, Исатай мен Махамбеттің достығы жөнінде аңыздар 

айтты. Топ студенттері арасынан Алимов Әбілманат, Төлеуов 

Мадияр, Паттал Нұрайым, Серікова Нұржауған, Садық Аяна 

өздерінің  сабаққа  дайындықтарымен  ерекше  көзге  түсті. 

Сабақты  қорытындылай  келе,  Паттал  Нұрайым  «Жалағаш 

жаршысы» газетінде жарияланған өзінің арнау өлеңін оқыды. 

Біз,  Махамбет  Өтемісұлы  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университеті студенттері, осынау ақын әрі батыр 

бабамыздың есімімен аталатын университетте оқитынымызды 

мақтаныш етеміз. Махамбет бабамыздың бойындағы ұлылық 

қасиеттері    ұлтжанды  қазақ  жастарының  бойына  үнемі 

жігер, қуат беріп, биікке, өршілдікке жетелейтініне сенеміз! 

Гульмира ШЕКЕРБЕКОВА, Әбілманат АЛИМОВ, 

02101-топ студенттері

болашағы  сендерге  байланысты  екенін  естен  шығармаңдар! 

Ата-бабамыз  соңғы  екі  жарым  ғасырда  ірілі-кішілі  300-ге  жуық 

көтерілісті  бастан  кешкен.  Соның  дені  ұлт-азаттық  шайқас  еді. 

Найзасы  айға  шағылысқан  сол  бостаншыл  бабалардың  рухы 

алдында біз мың мәрте тағзым етуге тиіспіз. Аталардан қалған ар-

манды, тәуелсіздікке деген аңсарды жүзеге асыруды тағдыр біздің 

маңдайымызға жазды. Тәуелсіздік атты киелі ұғымның төрт аяғын 

тең  басып  келмегенін  сендер  жақсы  білесіңдер.  Тәуелсіздіктің 

қыран қанат көк туын әлемнің әр түкпірінде жүрсеңдер де шырқау 

биікте  ұстап  өтулерің  –  парыз.  Қанмен  жазылған,  арманмен 

әдіптелген,  күреспен  көмкерілген,  болашақпен  баянын  табар 

тәуелсіздік шежіресін сендердің қуатты қолдарыңа табыстамақпыз. 

Бұл – ұлы сенім! Бұл – аталардың аманаты! Бұл – туған жердің 

мәртебесі, мерейі» Елбасымыз осылай деп жастарға үлкен аманат 

жүктеген болатын.Ендеше,сенімді ақтайық.

Біз бақытты елдің ұрпағымыз, барға қанағат етіп, шүкіршілік 

айтып, күпірліктен сақтанайық. «Ақын болу – өз еркің, ал азамат 

атану  –  міндетің»  демекші,  егеменді  еліміздің  өскелең  ұрпағы 

ата-бабамыздың  асыл  қасиеттерін  жанымызға  медет  тұтып, 

Отанымыздың, еліміздің, жеріміздің өркендеп өсуі жолында көп тер 

төгуіміз қажет. Тәуелсіздігімізді мақтан етейік, елімізді көркейтуге 

бар күш-жігерімізді салайық.

Өз  ойымды  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен 

қортындылағым  келеді.  Тәуелсіздіктің  біздің  бәрімізге  артар 

міндеті  мол.  Енді  еңселі  ел  болудың  жолына  шындап  түсуіміз 

қажет. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. 

Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына 

да,тағдыр  қосып  бірге  өмір  сүріп  жатқан  басқа  ұлт  өкілдеріне 

де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік,арзан ұранға 

ермейік,ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, 

салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айны-

маса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, 

халықтың  атына  сөз  келтіретін  ұстамсыздық  атаулыдан  аулақ 

жүрсе деп тілейік. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Айдана ДУЗБАСОВА,

 тарих, экономика және құқық факултетінің І курс студенті

Интербелсенді дәріс арқылы студенттердің тарихи танымын дамыту

Адал еңбек ету адам үшін өміршең іс

«Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қәдірлі»

Осынау алмағай заманда адам түсініп өтуі керек өте маңызды 

қарапайым нәрселер болады. Ондай  тақырыпты, ондай нәрселерді  

оңай сезінеміз, бірақ та ең маңызды тақырып осы тақырып болмақ. 

Міне, мен осы тақырыпта өз ойымды баяндамақшымын. Ендеше 

біздің ойтолғауымыздың басты кейіпкері адам мен еңбек болмақ.  

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев  айтпақшы, өмір деген бір үлкен 

базар. Керек затымызды қалауымызша аламыз. Базардың таусылар 

шегі бар екенін біле тұра білмегендей өмір кешеміз. Адам сол базар-

да еңбек арқылы ғана өзінің адам атын сақтап қалады деп ойлаймын. 

Ия,  адам  атты  тіршілік  иесін  басқа  тіршілік  иелерінен 

айрықшалап, адамды адам қылатын еңбек. Аспандағы құдайымыз 

жер  бетін  ойлап  тапқан  кезде  де  бар  тіршілікті  бір-бірімен 

байланыстырып, оларға өмір сүру үшін барлық жағдайды жасады 

емес  пе?!  тек  арасынан  ерекшеленіп  адам  болып  екі  аяқпен, 

екі қолмен, бір баспен, бір жүрекпен еңбек етуі арқылы ғана өз 

дәрежесінде өмір сүруде. Осынау қамшының қысқа сабындай болған 

ғұмырда «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, 

мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой 

демектің бәрі де ақмақшылық...» деп ұлы Абай бабамыз дөп басып 



айтқан. Неге? Еңбектің қандай қатысы бар деп сұрарсыз? Адамға 

ақылда оңайдан оңай келе қалмайды, оның өзі ізденіп, еңбек қылып, 

білім алғандығы, оның ақылды болуының себебі.  Бұл сөзге ешкімнің 

дауы  жоқ  болары  еш  күмәнім  жоқ.    Біздің  бес  саусағымыздың 

әртүрлілігі секілді, бір адамдар қоғаммен бірге тетелес өмір сүрсе, 

енді бір адамдар қоғамнан қалыс қалып жатады.  Осы жерде тағы 

да айналып еңбекке келеміз. 

Кемеңгер  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  «Қазақстанның 

әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 

қадам» атты мақаласында: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші 

болғанына бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған 

елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық 

дағдарыстың басты себептірінің бірі болып табылады , - деп атап 

көрсете  отырып,  -  Ақыр  аяғында,  әлемдік  өркениеттің  барлық 

құндылықтары,  барлық  экономикалық  және  мәдени  байлықтар 

виртуалды  қаржы  институттарымен  емес,  адамның  еңбегімен 

жасалады», - деп тұжырым жасайды. Ия, осынау алпауыт дамыған 

елдермен тереземізді теңестіріп, саясат сахнасынан орын алып, 

дамуымыздың өзі еңбектің арқасы екені сөзсіз. 

Фараби шәкірті Ибн-Синаның «кімде-кім өзінің тіршілігі үшін 

өзіне пайда келтіретін еңбекпен айналысқанда ғана ел адамы бола 

алады»-  деуі бекер емес. Пенде пендешілігін жасап, өзінің жаны 

қалаған жұмыспен айналысып, еңбек етсе түбі бір биіктен көрінетіні 

рас емес пе?! Кей адамдар неге қайыршылық жолға түсіп, өмірі 

бойы өзге қол жайып, көмек қолын сұрайды? Тіпті жан-жануар да 

еңбектенеді емес пе?! Неге? Бұл сұрақтан айналып шыға алмаймыз. 

Ұлылардың  ұлысына  айналған  Хакім  Абай  33-қара  сөзінде 

«Жалқаулық  аздырады,  еңбек  оздырады»  десе,  композитор 

Ы.Жақанов «Еңбек үйренемін десең ерінбе, Өнер үйренемін десең 

жерінбе», «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың көзін табады», Шерхан 



Мұртаза «Еңбек ету үшін уақыт тап, бұл - табыс кілті» деп алтын 

көмей ақындарымыз бен сөзге шешен жырауларымыз, бір сөзбен 

айтқанда қазақ атты анасын ардақтап, атасын құрметтеп, Алласына 

сыйынған халқымыздың даналары босқа айтпаған. Бұл жерден 

шығар түйін Жүсіп Баласаұни айтпақшы «Даналардың көңіл аудар 

сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе». 

Мен  өзім  Атырау  облысының  тумасымын,  бүгінде  Орал 

қаласында білім алудамын. Атам мен әжемнің сөздерін тыңдап, 

ақылдарына құлақ салып тыңдасам, тарих парақтарының қиын 

сәттерін,  еліміздің  тәуелсіздік  жолындағы  «тар  жол,  тайғақ 

кешулерін»  бастан  өткергенін,  бүгінгі  ұрпақтың  бақытты  кездің 

бақытты ұландары екенін анық сезесің. Ата-әжем- сохвоз, колхозда 

қызмет істеген қарапайым адамдар. Ол кісілер адал еңбек етіп, 

ешкімнің адал жібін аттамауды үйреніп отырады. Демалыс кезінде 

үйге барғанымды 8 жасар сіңілім:

Гүл өсірсең терлеп, мұның аты- еңбек,

Кесте тіксең зерлеп, мұның аты- еңбек,

Сабағыңа жөндеп, әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың  бәрін  еңбек  ғана  жеңбек-  деп  Н.Жанабаевтың 

өлеңін әндетіп жүргеніне қарап, күле қарап едім. Ойланып қарасам, 

біз мән бермейтін шындық. 

Сіңіліме мектепте еңбекке баулу сабағында үйретіпті. Еңбекке 

баулу сабағы-еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар беру, 

оқушылардың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға 

деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке 

адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың 

негізгі көзі болып табылады. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, 

дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде тәртіп және 

мінез-құлық әдеттері, дағдылары қалыптасады. Еңбекте достық, 

жолдастық,  өзара  көмек  пен  жауапкершілік  нығаяды.  Еңбекке 

тәрбиелеудің нәтижелі жүруі оқушының еңбекке неғұрлым ертерек 

қатыстырылуымен байланысты. Еңбек тапсырмасын орындағаннан 

соң оқушының өзіне деген сенімділігі арта түседі деген ойдамын.  

Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы 

күшті болады. Бір сөзбен, бұл пәннің оқушы үшін маңызы өте зор.

Тағы бір ескерер жәйт, еңбектің өзін өнер деп бағалауға болады. 

Еңбек тәрбиесі өнерден туындайды, еңбек шеберлігіне үйренеді. 

Шындығында, адам бойында 100 пайыз деп есептесек, 99 пайызы 

еңбекпен, 1 пайызы талантпен келеді. 

Тоғыз  ай,  тоғыз  күн  дегенде  «ақтүйенің  қарны  жарылып», 

отбасына қуаныш әкелген нәрестенің жұпар иісін иіскелеп, құшақтай 

бергенімізде анамыз «еңбегі қатқан жоқ, сақ бол» дейді емес пе?! 

Ал, өмірге жаңа келіп, жан-жағына таңырқай қарап, өмірге құмартқан 

нәресте еңбектей бастағанда-ақ, адамның бірінші еңбегі көріне 

бастайтындай...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келе, адамды адам ететін 

еңбек дегім келеді. Адал еңбек ету адам үшін өміршең іс болмақ. 

Гүлфани ЕРСАЙЫНОВА 

Білім игеру үдерісінің басты тұлғасы үйренуші деген ұстаным 

бүгінгі күнгі білім ұғымының жаңа мағынасы мен түсінігі, жаңашыл 

таным философиясы мен оның идеяларын ұстанатын біліми жо-

балар мен технологиялардың басты идеясы. 

Әлемдік  білім  стандартына  сәйкес,  ғаламдасу  кезеңінде 

болжау  мен  тұрақсыздық,  динамикамен  өзгерістер,  білім 

бәсекесінің артуы, білім алып қана қоймай, құзырлылықты талап 

етіп  отыр.  Құзырлылық  дегеніміз  –  болашақ  маманның  белгілі 

бір  кәсіби  сала  аумағында  білімі,  білігі,  дағдылар  жиынтығын 

қалыптастыра  білу.  Әлеуметтанушы  ғалым  Г.Спенсер  «Қоғам 

интеграцияланған сайын қоғамда сұрыпталу жүреді» дегендей, 

алған білімнің бүгінгі күні нәтижеге бағытталуы басты мәселеге 

айналуда. Кредиттік технология жүйесінде дәріс интербелсенді 

оқыту тәсілдері, семинар, СӨЖ сабақтарында пайдаланып, білім 

алушының тақырыпты қамтуда проблемалық мәселелерді шешуге 

бағытталады.  Мысалы,  Қазақстан  тарихы  пәнінің  оқытушысы 

т.ғ.к  Ш.Айдарова  атақты  ғалым  Альберт  Эйнштейннің  «Мен  өз 

шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін,  мен тек олардың үйренуіне 

тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деген сөздерін жиі еске 

салады. Яғни айтқанда, бізге білім беруде жағымды психологиялық 

ахуал тудырып, ол дәріс барысында танымдық ойлау жүйеміздің, 

сыни ойлау қабілеттеріміздің дамуына ықпал етіп отырады.

Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістер тақырыбын 

оқығанда, «Мәңгілік ел» патриоттық актісімен байланыстыра 

қарастырады. Ресей бодандығында болған елдің тәуелсіздігін 

қорғауда  күрескен  тарихи  тұлғаларға  ерекше  мән  беріліп, 

тұлғалық қасиеттерін дәріптеуде ой толғаныстық компонеттерін 

құрастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, шығармашылық ой 

толғаулар, ұжымдық талқылауға ұштасып, білім алушылардың 

шабыттарын қозғайды. 

Қазақтың ұлы ханы Абылай, Кенесары, Кіші жүз батырлары 

Махамбет,  Исатай  т.б.  туралы  шығармашылық  өлеңдерді 

жарыса  оқ умен  аяқталады.Білім  алушылардың  тарихи 

тұлғаларға  арналған,  өздері  шығарған  өлеңдерін  бүгінгі 

мақаламда  жариялауды  жөн  көріп,  ол  қазақ  жастарын 

Отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады 

демекпін. 



                                             

   Нұрсұлтан САДУЛЛАЕВ, 

02102-топ студенті

№ 9 (904) қараша 2014 жыл

11

Біз енді студентпіз!



Мектеп бітіп, болашаққа қадам бастық,

Университет есігін жаңа аштық

Жан-жақтан жиналған студенттер,

Арасынан көптеген достар таптық.

Атыраудан, Алматы,Маңғыстаудан,

Жиналыпты біздерге жан жағынан

Сөйлеуден де, бәрінен, өзгешелік,

Байқалады істеген қылығынан.

Ең алғаш танысқанда ұстаздармен,

Ерекшелік бар екен мектебімнен,

Балалық та, барлығы,артта қалды,

Ер жеткенімді сезіндім сол күнімнен.

Универде адасып алғашқыда,

Таба алмай кабинетті жалтақтадық

Корпустан корпусқа ауысқанда,

Сүрініп, жол бойында құлап жаттық

Казір, міне, жөнге біз келгендейміз,

Универдің заңдарын көргендейміз,

Студенттік билетті қолға алып,

Оқу орын мүшесі боп жүргендейміз.

Сыйластықты сақтап біз ұстаздармен,

Табыстарға жетуге ант етеміз! 

Төрт жылдық оқудың арасында,

Белсенділік танытуға сөз береміз!                                                         



Ұлдана ЖЕТПІСОВА,

педагогика факультетінің 1курс студенті        

БҚМУ менің жарқын болашағым!                                                                             

Ме н  с о н ау  ж ыр  елі,  с ыр  елі 

Қызылорда  облысы,  Арал  қаласынан 

келдім. Қазір педагогика факультетінің 

«М е к т е п к е  д е й і н г і  о қ ы т у  ж ә н е 

тәрбиелеу»  мамандығының  1  курс 

студентімін.  Осы  Махамбет  Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік 

Университетіне  т үсу  менің  а л ға 

қойған  мақсатым  болатын.  Және  осы 

мақсатыма  жетуіме  «СЕРПІН  –  2050» 

бағдарламасы  көмектесті.  «СЕРПІН  – 

2050» бағдарламасы бойынша мен ең 

бірінші осы Ақжайықтың мекені Орал қаласын жаздым. Алла 

қалап,  бұйырып  армандаған  Орал  қаласына  оқуға  түстім. 

Орал  қаласы  қасиетті,  киелі  жер,  табиғаты  сондай  тамаша, 

әсіресе, Жайықтың  бойына барып, мөлдір, тұнық суына қарап 

отырғанның  өзі  керемет  нәрсе..!  Ал  ондағы  өзім  армандап 

келген М.Өтемісов атындағы БҚМУ 80 жылдан астам тарихы 

бар, ең мықты университет. Мен осы университетте алға қойған 

мақсатыммен үздік маман иесі болатыныма сенімдімін! Өйткені, 

БҚМУ-дың мұғалімдері сауатты, білімді, ибалы, бізге білгендерін 

үйретуден  жалықпайтын  ұстаздар.  Осындай  ұстаздардан 

сауат ашқан менде жақсы маман болып шығып, артымыздағы 

ұрпақтарға  жақсы  тәлім-тәрбие  беремін  деген  сенімдемін. 

Әрине,  бұның  бәрі  маған  осындай  мақсат  қойғыза  білген 

,және сол мақсатыма жетуіме көмектесетін «СЕРПІН – 2050» 

бағдарламасы  болмақ.  Серпін  бағдарламасы  маған  көптеген 

жеңілдік  берді,  көп  көмектесті.  Қазақстан  Республикасын, 

яғни  оңтүстік  пен  батысты  бір-бірімен  араластырып,  жақын 

қарым  қатынас  орнатып  жатыр.  Маған  жайлы  жатақханаға 

жатуға  мүмкіндік  берді.  Осындай  мүмкіндікке  ие  болған  мен 

бақыттымын!  «СЕРПІН  –  2050»  бағдарламасын  ұсынған 

елбасымызға алғысым шексіз. БҚМУ менің жарқын болашағым!       

Жарқын ТӨРЕАХМЕТОВА, 

«Педагогика» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және 

тәрбиелеу» мамандығы, 06101 топ

* * *

Мен Қызылорда облысы, Қазалы 

ауд а н ы,  Ә й т е к е  Б и  к е н т і н д е г і 

А лтынсарин  атындағы  мек тепті 

биылғы жылы бітіріп шықтым. Менде 

мектеп  оқушыларымен  бірге  ҰБТ 

сынағына қатысып, алған нәтижем бой-

ынша  М.Өтемісұлы  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университеті 

«Физика» мамандығына “Серпін-2050” 

бағдарламасы негізінде оқуға түстім. 

Осы  жоба  туралы  конкурсқа  құжат 

тапсырар  алдында  БАҚ-нан  естіп 

білдім,  кейін  Қызылордаға  барғанымда  да  жоба  туралы  көп 

айтып түсіндірді, содан соң оқу орындарын таңдағанда Оралды 

да жазамын деп шешім қабылдадым. 

Менің  Оралға  оқуға  түсуіме  себепші  болғанда  осы  жоба. 

Бір  жағынан  БҚМУ-да  оқуға  бар  жағдай  жасалғандығы 

туралы,  әрі  әлемнің  көптеген  университеттерімен  байланыс 

жасайтындығы  туралы,  білікті  мамандар  дайындап  шығара 

алатындығы  туралы  жан-жақтан  естіп  білдім,  сондықтан  осы 

университетті таңдадым. Әрі Оралға Қызылордадан тікелей тез 

келуге болады, әрі “Серпін” жобасының көптеген жеңілдіктері 

болатынын ескердім.

“Серпін” жобасы ол жастарға жасалған үлкен мүмкіндік. Жоба 

жастар арасындағы білімсіздікті, жұмыссыздықты жоюға, жастар 

арасында мәдениет пен спортты дамытуға зор  мүмкіндік береді. 

Жоба аясында келген жастарға көптеген жеңілдіктер жасалған. 

Атап айтқанда: өте аз ұпаймен мықты университеттерге түсуге 

болады, жатақханамен толық қамтамасыз етеді әрі үйге баруға 

және кері келуге де мүмкіндік жасалған. 

Әсия АЛМАТ,

физика-математика факультеті, 04105 топ

Менің кішкентай отаным

Мен  сіздерге  өзімнің  кішкентай,  бірақ  мен  үшін  бәрінен  қымбат,  кіндік  қаным  тамған,  балалық 

шағымның куәсі болған ауылымды, ауылымның теңдесіз табиғаты жөнінде айтқым келеді. 

Мен Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Тасмола ауылында дүниеге келдім. Ауылдың 

табиғаты өте керемет. Ауылдың сыртынан Жіңішке өзені ағып өтеді, ол Артизан бұлағынан бастау 

алады. Өзеннің арғы жағында көптеген ағаштар қатарласа орналасқан, ол ағаштарды «Ғашық тал» 

деп атаймыз. Шығарманың негізгі тақырыбы да осы еді. Ауылымыздың сыртында бірнеше километр 

қатар егілген ағаштар орналасқан. Ол тоғайды Ғашық Сағадатұлы Совхоз директоры болған кезде 

Тасмола ауылының шығыс беткейіне оңтүстіктен солтүстікке қарай бірнеше қатар етіп ұзындығы 3 

км, ені 400-500 метр етіп ағаштар еккен. Оның ішінде: аққайың, шырша және жиде ағаштары бар. 

Ағаштарды отырғызған себебі ауылдың шығысы құмды күмбездерден тұрады. Құм көшіп ауылды, 

соның ішінде құмды күмбездің бері жағында Жіңішке өзені ағып жатыр. «Сол өзенді басып қалу қаупі 

бар» , - деп осы мақсатта отырғызған. 

Ғашық атай тек бұл тоғайды ғана емес, сонымен қатар ауылдың батыс бөлігінің солтүстік жағына жеміс бағын өсірген. Ғашық  

атай осы ағаштардың көшеттерін Ресейдің Орынбор деген өлкесінен әкелген және өсіретін мамандарды бірге әкелген. Еккен 

ағаштары өсіп кеткенімен мамандар үнемі қадағалап отырған. Бұл тоғайдың ішінде де бірнеше бұлақтар бар. Мектебіміздің арнайы 

сенбілік ұйымдастырып тоғайдың ішін тазалауға, бұлақтардың көзін ашуға барамыз. Оның құрметіне бұл тоғайды «Ғашық тал» 

деп атап кеткен. Бұл ағаштардың егілгеніне 50 жыл, жарты ғасыр уақыт өткен екен. 

Қазір Ғашық атай жоқ болса да, оның еккен ағаштары әлі күнге дейін жайқалып, ауылдың сәнін келтіріп тұр. Ғашық атай жоқ 

болса да, оның есімі әрқашан халық ауызында. Сонымен қатар, Ғашық атай Совхоз директоры болған кезде, көшеде халат, трико 

секілді киімдермен жүруге тыйым салған, 1972 жылы ауылдың оркестры болған, көшелердің барлығында жарық орнатылған болған 

екен . Ғашық атай: «ауылды Еуропалық үлгідегі қала етемін », - деп мақсат қойған екен, алайда ғұмыры қысқа болды . Ғұмыры 

қысқа болса да, ауылдың болашағы үшін көптеген игі істер жасап үлгерді. Біз Ғашық атайды әрқашан мақтан тұтамыз. 



Інжу СЕМБИЕВА, 

1-курс студенті

Серпін сыйлаған сый

Қазақстанның  келешігі  –  бүгінгі 

ж ас тар  қ ау ымын а  м е м л е кет те н 

түрлі  деңгейдегі    көмектер  жасалып, 

қолдаулар  көрсетілуде.  Сонау  1993 

жылы  елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

бастамасымен  жасалған  «Болашақ» 

халықаралық  степендиясы  мыңдаған 

шәкірттердің ұлы өмір жолының жарқын 

болуына, қазақ елінің іргетасы мықты 

болып  қалыптасуына  өзіндік  үлкен 

көмегін тигізген болатын. Міне, осы сара 

жолдың жалғасы ретінде биылғы жылқы 

жылында «Серпін-2050» бағдарламасы 

жасақталған  еді.  Жобаның  мақсаты  талапкерлерге  ақысыз 

оқу орындарын ұсынып, елімізге жетіспейтін кадрлар даярлап 

шығу.  «Мәңгілік  ел  жастары  -  индустрияға»  деп  аталатын 

ұранмен  түрлі  олқылықтың  орнын  толтыру  көзделген.  Өткен  

оқу жылы (2013-2014жж.) 2500 грант бөлінген екен. Сондай-ақ, 

бағдарлама  жатақхана,  шәкіртақы,  өз  өңіріне  барып  келумен 

қатар жұмыс тауып беру үшін кепілдік беріліп, барлық жағдай 

қамтамасыз етілді. Менде осы «Серпін-2050» бағдарламасының 

аясында  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  

университетінің  грантын  иемдендім.  Серпін  бағдарламасын 

естіген  соң,  Мемлекеттік  конкурста  4  қаланың  бірі  ретінде 

Оралды  және  «тарих»  мамандығын  жазған  болатынмын. 

Конкурстың қорытындысы шығып, грантқа түскен 10 адамның 

қатарынан  өзімді  көргенде  қатты  қуандым.  Бұл  хабар  маған 

өзімнің туылған күнімде жеткен болатын. Бірнеше күннен соң 

жинақталып, арман қуып, тарихына көз тұнған Орал қаласына 

үлкен  арман  арқалап  келдім.  Қыркүйектің  бірі  күні  өмірімдегі 

ерекше күн, студенттік жылым басталды. Мен Маңғыстауымның 

М.Әбдіхалықов мектебін бітіріп, атағын ел таныған М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  студенті  атанғаныма  мақтанамын. 

Ауылдағы ата-анам мен ұстаздарымның артқан  үмітін ақтап, 

осы университетті жақсы аяқтап, тарих мамандығынан жоғары 

дәрежелі мұғалім болып шығу мен үшін ұлы міндет және мақсат. 

Елімнің болашағы үшін адал қызмет етіп, өз еңбегімнің жемісін, 

жеңісін көремін деп сенемін.



Сымбат АМАЛОВА,

тарих, экономика және құқық факультетінің І курс студенті

СТУДЕНТТІК  КЕЗЕҢ  - 

ҮЛКЕН БІР ӨЗЕН

Күз  айының  алғашқы  күні!  Университеттің  қоңырау 

сыңғырының  алғашқы  үнің  естідік.  Астасып  жатқан 

студенттердің бейнесінде қуаныш пен нұр сезімінің толқуы 

байқалады.  Себебі  біздей  алғашқы  курс  студенттері  үшін 

ересек  кезге  қадам  басып,  білім  белсене  көш  бастайтын 

күн. Өмір белесінің биік деңгейіне жету – ол мамандықтың 

туын ұстау. Әрбір тұлға үшін үлкен бақыт – артына өшпес 

із қалдыру. Мен де педагог маманы ретінде, жас қаламгер 

ретінде артымда із, өшпес мұра қалғаның қалаймын. Педагог 

мамандығын    таңдаған  себебім  егеменді  еліміздің  адал 

маманы, сапалы ұстаз, терең  ізденіс жүйесін қалыптастырып, 

патриотты  тұлға  болып  қалану.  Бұл  мамандық  –  үлкен 

қажырлықты, таусылмас төзімді, үлкен сабырлықты қажет 

ететін мамандық. Міне, осы аталғандарды жеңе білу педагог 

маманның негізгі парызы және міндеті деп білемін. 

Биылғы  жылдың  маусым  айынан  бастап  Ғылым  және 

Білім  министрлігінің  ұсынуымен  ең  алғаш  рет  «Мектепке 

дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу»  факультеті  ашылды. 

Мен  бұл  факультеттің  алғашқы  түлегі  болатыныма  өте 

қуаыныштымын. Себебі біз болашақта балабақша тәрбиешісі 

болып, білімнің негізін үш тілден бастау алғызып, жас ұрпақты 

мектепке даярлаймыз. Бұл жұмыс үлкен қажырлықты, асқан 

жауапкершілікті  және  баланың  психологиясымен  жұмыс 

істеуді қажет етеді. Дегенмен де кішкене  бөбектерді білім 

мен тәрбиеге қатар жетелеу қоғам қатарына қосып, үлкен  

азамат етсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Студенттік өмірдің алғашқы күндері өз ерекшеліктерімен 

мәңгі есте қалады.Ең алғаш оқу күнінде өз оқу ғимаратыңды 

таба алмай жаңасуымның өзі, құрбыларымның есімін жаттап 

алу  көпке  созылды.  Әрбір  сабақтың  өзіндік  ерекшелігі 

бар.  Сонымен  қатар,  ұстаздардың  өз  сабақ  жүргізу  үрдісі 

әртүрлі. Көп уақытымды кітапханада өткізуімнің өзі әртүрлі 

мағлұматтармен  таңыс  болу  -  білімімді  әрмен  қарай 

шындағанымның  белгісі.  Қазіргі  таңда  мен,  М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  студенті  болғаныма  ризамын  және 

мақтан  тұтамын.  Өмір  белесінің  жаңа  парағын  ашып, 

жастық шақтың өміріне қадам бастым.Алау атқан әрбір таң 

өз  ерекшелігімен  атып,  өз  қызығымен  батады.  Дегенмен 

де  білім  арнасында  да  ағындар  кездесіп  тұрады.  Үздіксіз 

оқуды, ізденістерді қажет етеді. Мектептен  алған шынайы 

білімнің  жемісін  көріп  жүрмін.  Себебі  мектеп  жасынан 

ғылыми жобалар қорғап, аудандық, облыстық жарыстардың 

бел ортасында жүріп, поэзия әлемін де қатар алып жүрудің 

нәтижесінде  47  мақтау  қағазы  мен  бір  алтын  белгі  иегері 

атандым.  Университеттің  ұлы  ұлағатты  ұстаздарына  бас 

иемін. Себебі адал біліммен сусындатып, қанаттандыруға 

атсалысып жатыр. Қазақстан Республикасының ең таңдаулы, 

дәрежесі  жоғары,  әлемдік  алпауыт  университтермен 

бәсекелес оқу орындарының бірі болғанына мақтан тұтамын. 

Өз елімнің егемендігімнің еңсесі биік, толыққанды білім нәрін 

жинаған,  саналы,  сапалы  ,  адал  тұлғасы  болуды  парыз 

санаймын. Еліміздің болашағы біздей жалынды жастардың 

қолында екеніне кәміл сенемін. Сөзімді жыр жолдарыммен 

жалғап өтсем:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет