М. Утемисова. Международная научно-практическая конференция открылась приветствиями акима зко н. А. Ногаева и Генерального


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің мәдениет және



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата22.12.2016
өлшемі7,12 Mb.
#173
1   2   3   4   5   6   7   8

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің мәдениет және 

өнер факультетінде 2014 жылдың 24 қарашасында Халықаралық студенттер күніне орай 

«Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау ұйымдастырылды.

Бұл алтын күз байқауының мақсаты - қатысушы сайыскерлерімізді достыққа, ұйымшылдыққа 

шақыру және бос уақыттарын тиімді өткізу болатын. Сахна мәдениетін сақтап, өз өнерлерін 

көрсетуге баулу. Сонымен қатар мерекелік кешімізді тамашалауға келген көрермендерімізге 

көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болатын. Бұл байқау сайыс түрінде өткізілді. Байқауға қатысушы 

сайыскерлер  белсене  қатысты.  Әділ  қазылар  алқасында  мәдениет  және  өнер  факультет 

деканының орынбасары, МТЖ мамандығының Абуова Роза Суиеуғалиқызы, өнертану және 

мәдени тынығу кафедрасының аға оқытушы, магистірі Жұмағалиева Гүлжазира Ермекқызы, 

МТЖ  мамандығының  магистранты  Серікқали  Ақмарал  Серікқалиқызы  әділ  бағалаған 

болатын.  Бұл  мерекелік  кеш  көрермендердің  көңілінен  шықты.  Осы  өткізілген  байқауда 

қатысушы сайыскерлердің арасынан суырылып алға шығып, өздерінің қырағылықтарымен, 

өзгешеліктерімен, ерекше өнерлерімен көрермендерді таңқалдыра білген МТЖ мамандығының 

1 курс студенттері Рахимов Оралхан мен Камелова Раушан «Күз ханзадасы мен ханшайы-

мы» атағын жеңіп алды. МТЖ мамандығының 2 курс студенттері Қуанышева Айнамкөз бен 

Кеңесов Мейрамбек өздерінің жарасымдылықтарымен «Жарасымды жұп» номинациясына ие 

болса, талғампаздылығымен көзге түскен  МТЖ мамандығының 3 курс студенттері Базарбаев 

Бауыржан мен Ермекова Аякөз «Талғампаз жұп» атты номинациясымен марапатталды. Аталған 

сайыста белсенділік танытып ерекше көзге түскен дизайн мамандығының 1 курс студенттері 

«Белсенді жұп» номинациясына иеленді. Осы мерекелік кешімізге қатысушы сайыскерлерімізді 

аталған жеңістерімен құттықтаймыз!



Райгүл АМАНХОЖАЕВА, Гүлназ ТЛЕКБАЕВА,

МТЖ мамандығының 3 курс студенттері

Жастар әуені - 2014



2014 жылдың 21 қарашасында «Педагогика» факультетінде «Жастар әуені-2014» - атты 

студенттер арасында әндер байқауы өткізілді.

Қазақстан  Республикасының  елордасы  –  Астана  қаласында  қараша  айының  3-8 

аралығында он жетінші мәрте Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі бо-

лып өтті. Ең алғаш рет аталмыш шара 1998 жылы Елбасымыз Қазақстан Республикасының 

тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған 

еді. Биылғы байқау  «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері» (живопись және графика), 

«Ұлттық музыка», «Камералық хор», «Ең үздік әдеби шығарма» және «Хореография» но-

минациялары  бойынша  өтті.  Байқау  жеңімпаздарын  қазақстандық  және  шетелдік  өнер 

адамдарынан құрылған әділқазылар алқасы іріктеді. 

«Шабыт» XVII Халықаралық 

өнерлі жастардың фестивалі

Облыс  атынан  «Бейнелеу  өнері»  номина-

циясы бойынша Махамбет Өтемісов атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

«Бейнелеу  өнері  және  сызу»  мамандығының 

түлектері, 6М042100 - «Дизайн» мамандығының 

2-курс  магистранты  А.Б.Абдешев  қатысты. 

Аталған номинация бойынша байқау Тәуелсіздік 

сарайында өтті. Бұл жерде фестиваль аясында 

өткен ұлттық болмысымыз бен тұрмысымыздан 

сыр  шертер,  живопись  пен  графика  өнерін 

дәріптеуге тырысқан көрме байқаудың көркіне 

айналды.  «Бейнелеу  өнері»  аталымы  бой-

ынша  әділқазылар  алқасының  құрамында 

шығармашыл тұлғалар: Тәуелсіздік сарайының 

директоры, әділқазылар алқасының төрайымы 

Асель Умиршина; Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері,  Татарстан  Республикасының 

халық  суретшісі  Камиль  Муллашев;  мүсінші, 

Астана  қаласының  суретшілер  Одағының 

төрағасы Тоқтар Ермеков; өнертанушы Лариса 

Золотарева жас суретшілер туындылары жай-

лы өз пікірлерін айтты. Фестивальдің алғашқы 

күнінде  жұмыстарды  сұрыптау  туры  өтті. 

Қорытындысы  бойынша  Республикамыздың 

әр түрлі өңірлерінен (Астана, Алматы, Ақтөбе, 

Орал,  Көкшетау,  Қарағанды,  Қостанай, 

Қызылорда,  Маңғыстау,  Тараз,  Теміртау, 

Шымкент, Павлодар, Петропавл 

т.б.),  Ресей  мен  Ауғанстаннан 

келген  181  үміткердің  50  ғана 

іріктеуден өтті.

Әділқазылар  алқасының 

шешімімен  «Бейнелеу  өнері» 

номинациясы  бойынша  Бас 

жүлдені  көкшетаулық  Хугаева 

Лол итаның  шы ғ ар м ас ы  – 

«Замандас  портреті»  жеңіп 

алса, 1,2,3-орындарды тиісінше 

Алматы мен Астана қаласының 

талант  иелері  иеленді.  Батыс 

Қ азақс таннан  М.Өтеміс ов 

атындағы БҚМУ-дың магистран-

ты  Аскат  Абдешев  («Дәстүр» 

туындысымен) дипломмен ма-

рапатталып,  «Халықаралық 

фестивальдің  Дипломанты» 

атанды. 


Өнер мәңгілік. Өнер адамға қанат бітіреді. 

Өнер тазалыққа, пәктікке үйретеді, жаныңды жа-

дыратады, көңіліңді көтереді. Бұл шындығында 

ұлтаралық қатынас тілі.



 Кәсіби деңгейін арттыру 

мақсатында  және  өзге  аймақтардың  өнер  ту-

ындыларын  тамашалап,  шығармашылық  ша-

быттарын шарықтату үшін әсем қала Астанада 

болған жас суретшілер үлкен әсер алды. Себебі 

«Шабыттың»  арқасында  көптеген  жастардың 

жігері жанып, жарқын таланттары танылып жа-

тыр емес пе?! Осындай байқауларға қатысуға 

әр кез қолдау көрсетіп отырған ұжымымыздың 

басшысы Иманғалиев Асхат Сәлімұлына деген 

алғысымыз шексіз. Бұл байқауға қатысудың өзі 

ерекше жетістік деп есептеймін.

«Шабыт»  фестивалі  еліміздің  түпкір-

түпкіріндегі  және  шет  елдің  жас  таланттар 

мен өнер иелерінің басын біріктіріп, олардың 

үкілі  үмітіне  дем  беретін  байқау.  Алдағы 

уақытта  да  осы  Халықаралық  «Шабыт» 

шығармашыл  жастар  фестиваліне  қатысып, 

университет студенттері мен магистранттары 

облысымыздың  намысын  қорғайды  деген 

үміттеміз!

Нұрдаулет ХАБАДАШЕВ,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты

Байқаудың  мақсаты-  факультеттің  дарынды  жастар  өкілдерін  айқындау  және  қолдау, 

шығармашылық әлеуеттерін дамыту, студенттерді көркемдік өнерге баулу, студенттер ортасында 

қазіргі  эстрадалық  жанрды  насихаттау,  студент  жастарды  университетіміздің  қоғамдық  және 

мәдени өміріне баулу.

Байқау  шарттары  бойынша  студенттер  үш  тілде  қазақстандық,  ресейлік,  шетелдік 

әндері  шырқаулары  керек  және  де  Ақұштап  Бақтышерееваның  өлеңдері    мәнерлеп  оқылды. 

Сайыскерлерге  сахнада  өзін-өзі  ұстауы,  дауыс  ырғағы,  әртістік  шеберлігі,  орындалатын  әнге 

байланысты  киім  үлгісі  қаралды.  Байқау  жеңімпаздары  әділ  қазылар  алқасы  және  тәуелсіз 

сарапшылар арасындағы келісім бойынша анықталды. Балдық жүйемен бағаланды, ең кіші ұпай 

саны 10, ең үлкен балдық жүйе 50 ұпай. 

Байқауға  қатысушылар:  Бисалиева  Гүлсара-  06104  топ,  Сейтқалиева  Айгерім-  06301 

топ,Рыскалиева Эльвира- 06108 топ, Алимбаева Жанат- 06102 топ, Сейтімбетова Алтын- 06105 

топ,Боранбаева Гүлдерайым- 06103 топ, Хасанова Аида - 06101 топ, Жетписова Ұлдана - 06104 

топ,Қуаныш Айдана - 06102 топ.

Әділқазы алқасының шешіміне сай ән номинациясы бойынша I орын Орынғалиева Дана, II 

орын Сейтқалиева Айгерім, III орын Рысқалиева Эльвираға бұйырды. Ақұштап Бақтыгерееваның 

өлеңдерін  оқу бойынша I орынды Қуаныш Айдана, II орынды Сейтімбетова Алтын, III орынды 

Жетписова Ұлдана місе тұтты. «Жастар әуені – 2014»

 атты ән байқауында «Үйлесімді дауыс» 

Жанұзақ Ақтоты, «Күміс көмей әнші» Бисалиева Гүлсара, «Көрермендер көзайымы Боранбаева 

Гүлдерайым,  «Жас  ақын»  Хасанова  Аида,  Сапарғалиева  Айдана  «Ең  әдемі  киім  үлгісі»  атты 

номинацияларға ие болды. 



Айгерім АМАНГЕЛЬДІ, 

Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, 

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенті

Халықаралық студенттер күніне орай



18-қарашасы  күні  «Мәдени-тынығу  жұмысы»  мамандығы  арасында  «МТЖ 

көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өткізілген болатын. Аталмыш сайысқа 1, 2, 3, 4 

курс студенттері танымдық қабілетін арттыру мақсатында қатысқан болатын.

Зияткерлік  сайыс  барысы  «Бәйге», 

«Жорға», «Дода» атты 3 айналым  бойынша 

оздырылды. Бұл сайысқа  бес топ қатысып, 

бірінші және екінші айналымда жоғарғы ұпай 

жинаған  үш топ 3-ші айналымға сәтті өтті. 

Сайыста әділ бағасын берген Мәдениет және 

өнер  факультет  деканының  орынбасары 

Абуова  Роза  Суиеуғалиқызы,  Өнертану 

және  мәдени -тынығ у  кафедрасының 

аға  оқытушысы,магистр  Жұмағалиева 

Гүлжазира  Ермекқызы,  Абуова  Альмира 

Суиеуғалиқызы.  Өз  мамандықтарын  жетік 

меңгеріп, алған білімдерін дәлелдей білген  

«Мәдени-тынығу  жұмысы»  мамандығының 

3-курс  студенттері  Ғабдраш  Мәншүк  пен 

Раушанова Гүлжанар «МТЖ көшбасшысы» 

атағын  иеленді.  «Білімділер  өз  биігін 

бағындыра  отырып,  ұмтылған  ұтады, 

талпынған табысқа жетеді» дегендей өздерін биік дәрежеде көрсете білген, тапқырлығымен, 

алғырлығымен  көзге  түскен  топтар  арнайы  алғыс  хаттармен  марапатталды.  «Ойында 

жеңілгеніңізбен өмірде жеңілмеңіздер» дей келе, жеңісті күндеріңіз  жалғаса берсін деп тілейміз. 



Әйгерім ЛЕСБАЕВА

«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының, 3 курс студенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет