М080 – «Биология» Құстар туралы жалпы сипаттама Құстар лат. Aves


Құстардың көру органы да жақсы дамыған



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі3,13 Mb.
#129689
1   2   3
Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе түн құстарының және қыран құстардың көз алмалары үлкен. Көзі кірпік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту арқылы және көз алмасымен оны қоршап тұрған белокты қабығының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің ерекетінен көретін болады. Құстарда төменгі және жоғарғы қабақтардың болуымен бірге бүкіл көзін жауып тұратын үшінші қабағы да болады. Құстардың кейбір түрлерінде иіс органы жақсы дамыған (Жаңа Зиландияның Киви дейтін құсында).

Құстардың нерв жүйесі

Құстардың нерв жүйесі


Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары басқа ми бөлімдеріне айрықша үлкен. 
Алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Бас миының көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. 
Аралық миы мен эпифизі нашар дамыған. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан.
Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жағынан сопақша миды бүркөп жауып жатады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады. Жұлыны иық және бел маңайында жалпақ болады.
Ас қорыту органдары
Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады.
We Create
Quality Professional
PPT Presentation
Құстардың
Ішкі құрылысы
Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқырып теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді.

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту жүйесі


Құстардың ауыз қуысынан түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, ері қатты болса, қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі — өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Сілекей бөздері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бөздері жоқтың қасында. Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бөздерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды.
Кейбір құстардың еңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатын “сүт” деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет