Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

1. 1846 жылдың маусым айында Сұраншы өз адамдары­
мен Қаратал өзенінің бойында жатқан орыс әскеріне келіп 
қосылады. Онымен бірге Қожантай, Балтық деген батырлар 
да орыс әскеріне қосылып, Қаратал өзенінен өтіп, әскери 
қимылдарға қатысады.
2. 1847 жылы. Сұраншының батылдығын, ел арасында өте 
беделді екенін көріп, орыс әскерлерінің басшысы оған прапор­
щик атағын (шенін) береді.
3. 1848 жылы. Тойшыбек бекінісінің маңында қоқанның 
3 мың әскерімен соғысып, Сұраншы мен сарбаздар ерлік 
көрсетеді, сөйтіп, орыс әскеріне үлкен көмек береді.
4. 1850 жылы. Сұраншы штабс­капитан Гутковский 
басқарған орыс отрядында болады.
5. 1851 жылы. Полковник Карбышев бастаған әскермен 
бірге Қоқанға қарсы ұрыстарға қатысады.
6. 1859 жылғы 3 шілде. Пішпекті жаулап алу ісін басқар­
ған Венюков деген әскербасы Колпаковскийге хат жолдап, 
былай деп жазады: «Құрметті қазақтардың арасынан мен 
мына кісілерді басшылық назарына ерекше атап, ұсынар 
едім: прапорщик Сұраншы батыр, Хожағұл Байсеркин, Шаян 

145
Төлебаев. Олар біздің іске өте адал, әрі тыңғылықты болды. 
Қырғыздармен қатынас жасауда Сұраншы өте пайдалы іс 
атқарды».
7. 1859 жылғы 30 қазан. Колпаковский Омбы генерал­
губернаторына мынадай хабарлама (донесение) жібереді: 
«Сұраншыға қатысты мынаны ескеру керек: жалпы, ол 
сарыбағыштармен жақсы қатынаста, біздің Орман бастаған 
сарыбағыштықтарға қарсы әрекеттерімізді қолдай қояды деп 
ойламаймын. Бірақ онымен жеке кездескенде Үмбетәлілермен 
оның достығы жайында өзінен білермін. Және олардың ара­
сына от салып, достығын бұзуға күш салармын, оларды араз­
дастырып, дұшпандықтарын қолдап пайдалана білу керек. 
Айтпақшы, өзіне ыңғайлы болса Сұраншы бізді жақтап, 
кез келген уақта 2 мың жігітті атқа қондыра алады». Осы 
екі хаттан, яғни Венюков пен Колпаковскийдің бір жылғы 
жазған сөздерінен мынандай жайтты аңғару қиын емес. Ең 
әуелі айтатын нәрсе – Сұраншы орысты тектен­текке, ой­
ланбай қолдап жүрмеген. Ол қоқандардың да, орыстардың 
да түпкі мақсаты – қазақты отарлау екенін және бұл жолда 
олар бір­бірінен ешқандай айырмасы жоқ жау екенін жақсы 
білген. Сол себепті ол екі дұшпанды да толық, шын пейілімен 
қолдамайды, реті келсе, оларға қыр көрсетіп, бірде орысты, 
бірде қоқанды жақтап, өзінің ой түкпірінде жатқан саясатын 
аңдатып отырады. Колпаковскийдің қауіптеніп отырғаны – 
осы. Соның бір көрінісі, мәселен, мынау еді: 1859­60 жылы 
қыста Сұраншы қоқандықтардың ішінде болып, орыстарға 
бармай қалады. Осыдан орыстар секем алып қалады.
8. 1860 жылғы 11 шілдеде орыстың жымысқы саясатын 
түсінген Сұраншы өзінің қоқандықтар арасында қалған се­
бебін айтып, Колпаковскийге хат жазады: «Сізге белгілі: ол 
кезде мен отбасыма барғамды, сол уақытта сарттың қалың 
қолы келіп, мен сонда қалдым. Құдайдан қорыққаннан және 
антты бұзудан қорыққаннан мен оларға серт бердім, әрі 
патшаның жері көп қой деп ойладым». Шындығына келгенде, 
Сұраншы бұл жайында ішкі сырын жасырып, ол діннен және 
қоқандықтардың көптігінен қорықтым деген сылтау айтып 
отыр. «Патшаның жері көп қой» деген сөзінде астар жатыр, 
түсіне білген кісіге «Патшада жер көп, тағы да басқа жерлерге 
10­0192

146
қол салудың қажеті не, осы да жетпей ме?» деген ой жатқан 
жоқ па? Алайда орыстар жаулық ниетінен қайтпайтынын 
білетін Сұраншы ашық қарсылыққа шықпайды, сол себепті 
1860 жылы қоқандықтар қашып, шегінген шақта Сұраншы 
оларға ілеспей, Шу өзенінің арғы бетіне көшпей, бөлініп 
қалады.
9. 1860-1861 жылы қыста Сұраншы орыстарға қайта бару 
қажеттігін ойлап, қоқандықтармен бірге болған адамдарға 
орыстар қандай жаза қолданатынын білу үшін жігіттерін 
Верныйға жұмсайды. Жолда ол жігіттерді Нарбота би ұстап 
алып, Колпаковскийге жібереді, оларды тыңшылар дейді.
10. 1861 жылғы 20 қаңтарда Колпаковский әлгі жігіттердің 
ішіндегі Құртымбай деген кісі арқылы Сұраншыға хат жол­
дап, оған іш тарта сөйлеп, егер Сұраншы қайта оралса, пат­
ша үкіметі оны кешіреді деп жазады. Және осы хатында 
Нарбота жөнінде өзінің ойын білдіреді: «Мен қазақтардың 
жаласына (наветам) сенбеймін. Ал егер Нарбота «Қайтып 
келгендерді орыстар өлтіреді» деп, қорқытып жүрсе, мұны 
мен Нарботаның Шапыраштыға бас би болу үшін істегені 
деп ұғам», – дейді Колпаковский. Сұраншы өз кезегінде 
Кол паковскийге хат жазып, Қоқан ханының әскері, оның 
саны, қару­жарағы, т.б. туралы ақпар береді. Осы мезгілде 
қырғыздың Құдайберлі деген бегі қоқандықтардың айдап са­
луымен Керім деген қазақ байының ауылын шауып, оның ма­
лын, мүліктерін тартып алып, озбырлық жасайды. Осы жолда 
Құдайберлінің адамдары Михаил Жданов атты орыс каза гын 
ұстап алады. Сұраншы Керімнің малын қайтартып, Жданов­
ты тұтқыннан босатады. Біздің ойымызша, бұл оқиғалардан 
мынандай жайтты аңғаруға болатын секілді. Біріншіден, 
Сұраншы өте сақтықпен, алдын ала ойланып барып, іс­әре­
кетке көшеді. Екіншіден, Колпаковский Сұраншының зор 
қабілетін, қадір­қасиетін жоғары бағалайды және батырдың 
қалай да өз жағында болуына барынша мүдделілік таныта­
ды. Үшіншіден, Колпаковский қазақ арасындағы келең­
сіздіктерді жақсы біліп, соны пайдалануға тырысады, Нар­
ботаны Сұраншыға қарсы қоймақ, оны батырдың бақталасы 
етіп көрсетпек. Мұндай жымысқы пиғылын ол үнемі жүзеге 
асыруға тырысқан. Оны «Сұраншы мен қырғыз Үмбетәлінің 

147
арасына от салып, оларды араздастырып, бір­біріне дұшпан 
ету керек» деген сөзінен де байқауға болады.
11. 1862 жылы 26 сәуірде Колпаковскийдің отряды Қор­
дай асуына бекінеді. Осы мезгілде Сұраншы онымен кезде сіп, 
көктемде, мамыр айында өзінің ауылдарымен бірге Қастекке 
көшетінін айтады.
12. 1862 жылғы 21 мамыр. Колпаковский бұл туралы 
корпустың командиріне хат жазып, Сұраншының қайтып 
келуіне рұқсат етуді өтінеді. Ол былай деп жазады: «Шудың 
арғы жағында болған кезде Сұраншы бізге қарсы ешқандай 
жамандық істеген жоқ, ол Қанатша тобырында амалсыз 
қалды. Сонда, Шудың арғы жағында жүргенде де ол менімен 
байланыс жасап тұрды және қайтып келуге ниет білдіріп 
жүрді».
13. 1862 жылғы 16 маусымда Колпаковскийдің өтінуінің 
нәтижесінде Том губернаторы Сұраншыға, Диқанбайға, Ан­
дасқа, Сыпатайға кешірім жасайды. Олар осыдан соң өз ауыл­
дарымен орыс жағына көшіп келеді.
14. 1864 жылдың 25 қаңтары түнінде қоқандықтарды 
жақтап жүрген қырғыздың Соты руының манаптары Сұ­
раншының ауылдарына шабуыл жасап, Сұраншының 5 мың 
жылқысын барымталап әкетеді. Сұраншы 300 барымташыны 
қуып жетіп, ұрыс салады, алайда жігіттерімен бірге ол қолға 
түсіп, қырғыздар тұтқынға алады.
15. 1864 жылғы 24 ақпанда Сұраншыларды орыс әскері 
тұтқыннан босатып алады.
16. 1864 жылы көктемде орыс әскері Қоқан қаласына 
екі жақтан, Перовскі мен Верныйдан жорыққа шығады. 
Бұл жорыққа Сұраншы да қатысады. Осы жорықта болған 
Шоқан Уәлиханов Гутковскийге жазған хатында былай дейді: 
«Шудың арғы бетіндегі қазақтар мен біздің қазақтар арасын­
да келіспеушілік басталды, енді олардың араласуы үзілді, 
бұдан былай Шудың арғы бетіне өткендер еркінен айырыла­
ды, Сұраншы мен Сыпатай оларды орыстардың қолына тап­
сырады».
Шоқанның мына сөзіне қарағанда Сұраншы мен Сы­
патай бастаған қазақтар Шу өзенінің бергі жағындағы орыс 
әскерінің қарауында, ал Шу өзенінің арғы жағындағы 

148
қазақтар қоқандықтардың қарамағында болып, екі жақтың 
ортасында қалған тәрізді. Ағайын­туыстар екіге бөлініп, бір­
біріне қатынай алмай, екіұдай күй кешкен қазақтар бір жар­
тысы орыс отрядымен, екінші жартысы қоқан сарбаздарымен 
болып, бір­біріне қарсы соғысқан. Бұл жағдай кейін Ұзынағаш 
шайқасында да, одан кейінгі ұрыстарда да қайталанады.
17. 1864 жылғы шілде. Оңтүстік өлкесін қоқандықтардан 
азат ету үшін болған соғыстарға қатысып жүрген Сұраншы ба­
тыр Сайрам бекінісіне жасаған шабуыл кезінде ерлікпен қаза 
табады. Міне, Сұраншы Әкімбекұлы жайындағы хатқа түскен 
ресми қағаздар мен құжаттардан алынған мәліметтер – осы­
лар («Творчество Джамбула» кітабы бойынша).
Әлбетте, бұл деректер, біріншіден, толық емес, екіншіден, 
мұнда тек Ресей өкілдері жазған деректер, ал олар біржақ­
ты екені де күмәнсіз, сол себепті, үшіншіден, Сұраншы, 
Сау рық бастаған қазақ жасақтарының нақты шайқасы, іс­
әрекеті, әскери қимылдары мен айла­тәсілдері көрсетілмеген. 
Оны көрсету орыс ұлықтарына ұтымсыз еді. Сондықтан 
бұл мәліметтерді сын көзбен қарап, дұрыс зерделей білу ке­
рек. Қазақ жігіттерінің ұрыс кезіндегі әрекеттерін, олар­
дың кейбір істерінің себебін толығырақ және анығырақ білу 
үшін ел жадында сақталған естеліктер мен әңгімелерді, 
өлеңдер мен аңыздарды ескеру қажет және сол шайқастарға 
қатысқан Сүйінбай ақынның, оның шәкірті Жамбылдың 
шығармаларын қарастыру керек. Сондай құнды дүниелердің 
бірі – кезінде Жамбылдың өзінен және Жәкеңмен тұстас 
шежіре мен тарихты білетін ел ақсақалдарының айтуынан 
жазып алған белгілі жазушы Сапарғали Бегалиннің матери­
алдары. Ол кісі жинаған мол материал шамалы ықшамдалып, 
1996 жылы Жәкеңнің туғанына 150 жыл толған тойы­
на арналып, «Жамбыл. Өмірбаяндық хикаят» деген атау­
мен жарияланған болатын. Енді сол кітаптағы Сұраншыға, 
Саурыққа, т.б. оқиғаларға қатысты мәліметтерді де қарап, 
ресми құжаттарда айтылған кейбір фактілермен салысты­
рып көрейік. Міне, осы кітапта айтылатын жайттар Сұраншы 
мен Саурықтардың іс­қимылдарын нақтырақ, анығырақ 
көрсетеді, құрғақ фактілерге қан жүгіртіп, жан бітіреді. 
Әрине, оларда қоспалар да болуы мүмкін, бірақ фактілердің 

149
ізі, оқиғалардың, іс­әрекеттердің түп негізі сақталуы ғажап 
емес. Рас, бұл естеліктер мен әңгімелер қай оқиға қай жылы 
болды деп анық айта бермейді. Бұл жерде ауызекі ел арасында 
айтылатын тарихи оқиғалардың көп жағдайда нақты өзі емес, 
оның ізі, сұлбасы сақталатынын да ұмытпаған жөн, бірақ 
соған қарамастан ондай әңгіме, аңыздарда белгілі бір дәуірдің, 
қоғамның жалпы ауаны, жай­күйі көрініп тұрады. Соның бір 
айғағы – С. Бегалин жазбаларындағы қоқандықтардың қазақ 
жұртына жасаған зорлық­зомбылықтарының және соның 
қазақ елінің ашу­ызасын келтіріп, Жетісу халқының қол жи­
нап, қарулы қарсылыққа шыққанының дәл баяндалуы.
«Жетісу елін, – деп жазылған кітапта, – Қоқан әкімдері 
алыстан билеп, зекет, құшыр деп бір алып, баж деп үстемелі 
алым­салықтарын мезгіл­мезгіл жинап отыратын болған. 
Меркеде тұратын Құсбегі деген бектер бегі бұл тұстағы елге 
ойына келгенін істеп, талай зорлық жасайды. Зекет пен 
құшырдан, баждан айрықша керек деген дүниені қолмен алу, 
кейбір көңілі түскен қыз­келіншекті жинап алып, қыз ойнақ 
істеу сияқты ерсі бұзақылық та болады…» (15­б.).
Кітапта айтылып отырған жағдай ХІХ ғасырдың 30­40 
жылдардың шамасында болған секілді.
«Бұл кез, – деп жазады С. Бегалин, – Жетісуға қараған 
Шапырашты, Дулат руларының бір жағынан қырғызбен де, 
Қоқан қолымен де, қытай қолымен де арпалысып шабысып 
жүретін кезі болса керек…» (Сонда). Әрі қарай оқиық: «Ел­
дің көңілі ала болып, бектер бегінің озбыр мінезінен жиір ке­
ніп тұрған кезінде орта жүзді бағындырған орыс патшалы­
ғы 
ның елшілері де Жетісу еліне біртіндеп бас көрсетіп, 
сөз салады…» (Сонда, 16­б.). Бұл жағдай ХІХ ғасырдың 40 
жыл  дары қалыптасқан еді. Жетісу жеріне орыстар да, қо­
қандықтар да, қырғыз манаптары да көз тігіп, оның үстіне 
Кенесары Жетісуға бет бұрып, жағдай өте шиеленісті еді. 
Елдің есті азаматтары бұл тығырықтан шығудың амалын 
іздеп, шарқ ұрады. Олар Қоқанның үстемдігінен, қыр­
ғыздардың шапқыншылығынан құтылу үшін орыс әскер­
лерінің күші мен қаруын пайдалану қажет деп ұғады. Енді 
ел орыс қолының алдынан шығуға қамданады. Бұл кезде 
Есқожадан шыққан Сұраншы батыр да орыс қолының ал­

150
дынан шығуға келе жатыр деген хабар келеді. Осыны естіп 
Сарыбай Сұраншыға келіп қосылады. Сұраншымен қосылып 
Қаратал бойында орнап жатқан орыс қолына барады…» – деп 
жазылған С. Бегалиннің кітабында (18­б.).
Расында да, ресми құжатта бұл дерек бар. Бұл оқиға 1846 
жылдың маусым айында болған. Онда Сұраншыға ілесіп, 
орыс қолына Қожантай, Балтық деген батырлар да барады, 
олар орыстармен Қаратал өзенінен өтіп, әскери қимылдарға 
қатысады. Бұл жағдай С. Бегалин жазбаларында жоқ, есе­
сіне кітапта Сұраншы бастаған қазақтардың орыстарды Іле 
өзенінен қалай өткізгені кең айтылады.
«Сұраншы батырды орыстар көңілді қабылдайды. Өйт­
кені орыстарға бұрын танысып жақындасқан Жалайыр адам­
дары Сұраншының мақтауын жеткізіп, оның беделді ба тыр 
екенін айтып ұғындырған болатын… Орыстың қолын Іледен 
бастап өткел тауып өткізуге Сұраншы, Қожантай, Балпық 
батырдың баласы Тіленші ие болады.
Орыстың бір топ қолын Балпық баласы Тіленші, Есқожа, 
Сұраншы бастап Қапшағайдың аяқ жағындағы Үшаралдан 
төмендеу атпен өтетұғын жерден алып өтеді. Бұл Іленің бұ­
рынғы белгілі өткелі екен. Осы өткелде жас жігіт Сарыбай 
өте қайраттылық көрсетіп, көп қиямет істейді. Орыстың 
әскербасы Сарыбайға аса разы болып, бұларға көп сый, 
әскер береді… Алды­артын жиып алғаннан кейін орыстың 
әскербасылары қазақтың өздеріне сенімді адамдарын алып, 
алдағы шабуылдың жөнін кеңеседі. Осы кеңестің ішінде Те­
зек Төре, Қожантай, Әбілестер болады. Сарыбай орыстар­
ға жол тауып беретін қолды бастап отыратын жершіл ретін­
де алынады…» (18­19­бб.). Осы оқиға, әсіресе, Сарыбайдың 
рөлі, оның Сұраншымен бірге болуы, орыстарға жасаған 
көмегі жайында ресми құжаттарда айтылмайды. Мұның се­
бебі түсінікті. Орыстар қазақтардың ерекше батылдығын, 
тапқырлығын көрсеткісі келмеген. Әскері өте алмай тұрған 
өзеннен қазақтардың өткізуі, алда болатын шабуылдың жо­
спары туралы қазақтармен ақылдасып шешуі орыстардың 
беделіне нұқсан келтіреді, әрі олардың қиыннан жол табуға 
қауқарсыз екенін жасыру керек деп ойлаған. С.Бегалиннің 
жазбасында шабуыл жоспары бекігеннен кейін орыстар мен 

151
қоқандықтардың алғашқы қақтығысы болған, бірақ бұл 
үлкен соғыс болмаған. Сол себепті де ресми құжаттарда бұл 
ұрыс көрсетілмеген болу керек.
Ресми құжаттар бойынша орыстар мен қоқандықтардың 
алғашқы үлкен шайқасы Тойшыбек бекінісінің маңында 
1848 жылы болады. Сұраншы сарбаздары бұл шайқасқа 
қатысқан. Қоқандар 3 мың әскері болса да жеңіліс тауып, 
қашуға мәжбүр болған. Айтпақшы, осы Тойшыбек бекінісінің 
оқиғасына қатысты Шоқанның да ескертпесі бар: «Орыстар 
Іле өзенінен алғаш рет 1851 жылы өтті, – деп жазады ол. 
Капитан Гутковский бастаған отрядқа Тойшыбек тығылып 
жатқан бекіністі талқандау міндеттелген еді. Тойшыбек 
Ташкенттен келетін керуендерді тонайтын және қазақтарды 
орыстарға қарсы қоятын. Алайда бұл отрядтың саны аз бол­
ды және қазақтар орыстарға салқын қабақ танытты, сөйтіп, 
отряд Іледен қайтадан өтіп, кері қайтты. Келесі [1853] жылы 
Іленің арғы жағына жаңа отряд жіберілді, бірақ ол бекіністе 
қыпшақтар жоқ боп шықты. Ақсу өзенінің бойындағы сол 
бекініс сонда қиратылды». Осы орайда ескерте кететін нәрсе – 
екінші отрядтың шығуы 1851 немесе 1852 жылы болуға 
тиіс, ал Шоқан еңбегін жариялаушылар [1853] деп шаршы 
жақшаға алып көрсетіпті, себебі Шоқанның қолжазбасында 
бұл жыл көрсетілмеген. Міне, Тойшыбек бекінісі мен оның 
қирауы туралы ресми құжат пен Шоқан жазуының арасында 
айырмашылық бар. Мұндай өзгешелікті С. Бегалин жазбала­
рында да кездестіреміз. Мұнда Тойшыбек қоқандықтар мен 
бірігіп, Тілеуқабыл жұртын шабады. Осыны естіген Сұран шы 
атқа қонып, жігіттермен шабуылға ұшыраған елді құтқаруға 
аттанады. Сұраншымен осы ұрысқа қатысқан Райымбек де­
ген кісінің мынандай естелігін келтіреді С. Бегалин: «Сұран­
шыға хабар келгенде, мен де қасында едім. Қарғалының 
беткейінде, ауылдың сыртында тоғыз құмалақ ойнап отыр 
еді Сұраншы. Екі торы аты терден бурыл кеткен Тілеуқабыл 
елінің шапқыншысы келді. Қос атпен кісі келе жатқанда­
ақ, Сұраншы құмалақты жайып күтіп отырды. – Тойшыбек 
бастаған Қоқанның қолы Беркедердегі Тілеуқабылды шапты, 
елдің ақсақалы сізге жіберді, – деді шапқыншыл. Сұраншы 
көп сөйлемейтін кісі еді. 

152
Аз ойланып отырды да: Тігіңдер туды! – деді. Кәшке 
туын көтерген соң­ақ сол жердегі Есқожа, Екейдің барлық 
ер азаматы атқа мінді. Небәрі 800­дей ғана кісі болды. Қол 
жөңкіле төмен түсті. Сұраншы аулының барлық жарамды 
ат­айғырын мінгізіп, қара көбейтіңдер деп малшылары­
на дейін қалдырмады… біздің қол жөңкіліп Қопаға шауып, 
біресе Құтырғанға қарай шауып, ат та барлықты. Бір мезгілде 
Сұраншы: «Қоқанның қолы Қопаға қоныпты. Енді ол бүгін 
көшпейді, түнде тиеміз, атты біраз тынықтырып алалық», – 
деп қолға аралап жүріп айтты да, өзі Жанжігіт, Төбет деген 
жерге әкеліп қолды түсірді. Елдің бәріне отын шаптырды. 
Бір кісіге үш жерден атын үйдіріп, күн бата барлық үйген 
отынға от қойғызды. Ел жата 300 кісіні үшке бөліп, үш 
жақтан тұтатқан бұтаны аттың құйрығына байлатып, ел жата 
жатқан қолға келіп тиіп жіберді. Сұраншы қолдың алдымен 
Қоқан қолының ортасына өзі кіріп, алдымен туды шаншып 
түсірген. Қаптаған от, көтерілген шаң өзінен­өзі дүрліккен, 
жай жатқан алаңсыз қол есі шығып, басқарылып соғыса ал­
май қашқан. Қашқан жауды жетіп түсіре бердік…» (50­б.).
Мұнша ұзақ мысалды кітаптан келтіруіміздің бірнеше 
себебі бар. Біріншіден, оқиғаның ішінде болып, бәрін көзімен 
көрген Райымбек ақсақалдың естелігі кәдімгі тарихи құжат 
секілді, онда оқиға әдемі, кең баяндалған. Екіншіден, бұл 
естелікте Сұраншының нақты ісі, ерлігі, тапқырлығы, ұрыс 
жүргізу айла­тәсілі өте жақсы көрсетілген. Ресми құжаттарда 
мұндай нәрселер бұлайша айтылмаған. Үшіншіден, естелікте 
жақсы сюжет бар. Бұл сюжеттен Сұраншының батырлық 
келбетін айқын көруге болады, сондықтан да осы сюжет ел 
арасына аңыз боп тараған, сондықтан да Сүйінбай мен Жам­
был өз дастандарында осы сюжетті негізгі арқау етіп алған. 
Төртіншіден, Райымбек ақсақал айтып берген бұл оқиға рес­
ми құжатта 1848 жылы болған делініп, орыс әскері мен Қоқан 
сарбаздарының арасында болған шайқас деп айтылады. Ал 
Райымбек ақсақалдың айтуында бұл шайқаста орыс жағы атал­
майды да және бұл ұрыстың пайда болу себебі – Тойшыбек пен 
Кәрім деген екі құданың ерегісі болған тәрізді. Тойшыбектің 
ашумен қоқандықтарды бастап келуі, содан соң қоқандардың 
қазақтарға істеген айуандығын көріп, ұрысты тоқтатуға ша­

153
масы келмегені де айтылады. Сапарғали Бегалиннің жаз­
басында мынадай оқиға бар: «1861 жылы Колпаковский 
июнь айының ішінде Алматыдан шығып, Қаракәстекке ба­
рып, ондағы бекіністен асып Қоқан қолының алдынан жер 
шала жүрмек болғанда, Қоқан қолы келіп қалғанынан хабар 
алып, тоқталған. 8 июль күні Жиренайғырда соғыс болып, 
Қоқанның қолын бастап келген Рүстембек жеңіліп, қайта 
қашқан.
 Августың 28 күні қасында 150 жігіті бар Тезек Колпаков­
скийге қосылған. Сонан Пішпекті алғанда да бірге барған. 
Сол жылы октябрь айының басында Сұраншы Пішпекке 
тыңшылыққа жіберіліп, сол барғаннан келмей, Қоқанның 
қолына қосылады. Октябрьдің 15 күні Колпаковский Те­
зекке және Сөктің баласы Жанғазыға, Әділев төреге хат жа­
зып, Қанағатшаның қолының келіп қалғанын айтып, көмек 
сұрайды. Міне, Тезек орыс қолына өте көрнекті басшы болған. 
Ұзынағаш соғысының алдында Тезекке капитан атағы бе ріл­
ген.Ұзынағаш соғысында Колпаковскийге көп жәрдем көр сет­
кен Қожақұл Байсерке баласына орден берілген. Әбіл Әді лев­
ке алтын медаль берілген…» (Сонда, 52­53­бб.).Осы айтыл
 
ған 
жайттар ресми құжатта көрсетілмейді. Құжатты жазған­
дар орыс әскерінің басшысы Колпаковскийдің қазақтардан 
көмек сұрағанын және ондай көмектің болғанын хаттауға 
намыстанған болу керек. Ал Сұраншының тыңшылыққа ба­
рып, одан қайтпай, Қоқан ішінде қалуы құжатта бар факті. 
Атақты Ұзынағаш шайқасынан кейін болған бұл оқиғаларда 
ерекше көзге түскен жігіттер марапатқа ие болады. Бұлайша 
қазақ адамдарына шен­шекпен беру орыстардың әдеткі ісі бо­
латын. Мұндай тәсілді қоқандықтар да қолданған.
Жалпы, Жетісу жерін азат етуде Ұзынағаш шайқасы 
үлкен рөл атқарды. Оған орыс әскерлерімен қатар, жергілікті 
қазақ азаматтары белсене қатысты. Рас, олардың бір тобы 
орыс жағында болса, бір тобы қоқандарды қолдады. Мұның 
өзі қазақтардың орыстарға да, Қоқанға да сенбейтінін, екі 
жақ та қазаққа дұшпан деп түсінгенін айғақтаса керек. Осы 
тұста Сұраншы, Андас, Диқанбай сияқты атақты адамдар 
қоқандықтардың ішінде қалады. Бұл ресми құжатта бар, 
бірақ ұрыстың қалай болғаны айтылмайды. Бұл жағдайлар 

154
туралы 2010 жылы жарыққа шыққан «Қазақстан тарихы­
нан» мынандай деректерді оқуға болады:
«1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы 
белсенді соғыс қимылдары басталды. 26 тамызда – Тоқмақ, 
4 қыркүйекте – Пішпек құлады, 24 қазанда – Ұзынағашқа 
жақын жерде шайқас болып, онда Алатау округінің бастығы 
подполковник Колпаковскийдің 3 ротадан, 4 жүздіктен, 
6 зеңбіректен және 2 ракеталық станоктан тұратын отря­
ды қоқандықтардың едәуір күштерін (30 мыңдай адам) ірі 
жеңіліске ұшыратты» (3­б., 370­б.). Енді Ұзынағаш шайқасы 
туралы ел адамдары С. Бегалинге айтқан сөздерін оқиық. 
«Ұзынағаш соғысына Қоқан қолын бастап келген Қанағат 
та жеңіліп қайтады. Ал ол соғыста Сұраншыны Колпаков­
ский қырғыз ішіне және Пішпекке тыңшылыққа жіберген. 
Сұраншы барған жерден барып қырғыздар мен Қоқан қолына 
қосылып келмей қалады… Өмірзақтың (ауыл ақсақалы – 
С.Қ.) айтуында, Қоқанның қолымен қосылған қырғыздың 
қолы Аңырақай, Үштөбедегі Қыбырай елін шапты. Со­
нан хабар келіп, Сұраншы соны айыруға барып, соғысып, 
қоқандықтарды қашырды дейді» (48­б.). Осы соңғы оқиға 
ел есінде Аңырақай соғысы деп қалған болу керек. Олай 
дейтініміз – Сұраншы батыр туралы жазған авторлардың 
біраз осы ұрысты 1853 жылы болған дейді (Қараңыз: Қазақ 
совет энциклопедиясы. 10­том, 1977; Қазақстан. Ұлттық 
энциклопедия. 8­том. А., 2006). Алайда бұл оқиға туралы 
ресми құжаттарда нақты мәлімет жоқ, бірақ Жамбылдың 
«Сұраншы батыр» жырында Сұраншының Аңырақайдағы 
шапқыншылыққа ұшыраған қазақ жұртын азат етуге 
аттанғаны, қоқандарды қуғаны кең, эпикалық планда баян­
далады.
Жалпы, Сұраншы қатысқан соғыстар ресми қағаздарда 
түгел болмаса да, бірсыпыра қамтылған. Соның бірі – Сұ­
раншының қырғыздармен шайқасып, тұтқынға түскені. 
Мәселен, Сұраншы жөнінде «Түркістан уәлаяты» (дұрысы – 
«Туркестанский сборник» – С.Қ.) деген Азияны патша үкіметі 
жаулап алуы жөнінде үлкен жинақтар бар. Сол жинақтың 
1864 жылға арналған 17­томының 76­бетінде Сұраншы тура­
лы мыңдай мәліметтер бар. 1864 жылы 23 январьда прапор­

155
щик Сұраншы Хакимбектің аулына қырғыздың манаптары 
(Солты руынан Жанқарат пен Бәйтектің жақындары Қоқым, 
Шайбектер) келіп 5 мыңдай жылқыларын алған. Сұраншы 
қырық кісімен қуып, өзін де қырғыздар қолға түсіріп әкеткен.
Қырғыздар Сұраншыны байлап әкеткен соң, Есқожаның 
кісілері шауып келіп генерал Дюгамелге білдірген.
Сол қырғыздар февральдің бірі кезінде Қасқарау руының 
Қыбырай деген атасының 50 ауылын шауып, көп малын алған. 
Осы хабармен генерал Дюгамел қырғыздарға кісі жіберіп, 
Сұраншы мен Андасты босаттырып, Қыбырайдан алған мал, 
шапқан елді Ешкім («Ешкілі» болар – С.Қ.), Ырғайлы таула­
рында барып айырып алған» (С. Бегалин кітабы. 48­б.). Осы 
оқиғалар да кейін Сұраншы туралы жыр­әңгімелерге көркем 
жинақтау тәсілімен енген болу керек.
Осы 1864 жылғы қыс пен көктемде болған оқиғалардан 
кейін Сұраншы өз жасақтарымен Оңтүстікте болған шай­
қастарға қатысады. Өкінішке орай, Шымкент маңындағы 
Сайрам бекінісіне шабуыл кезінде опат болады. Бұл тура­
лы Ресейдің беделді әскери басылымы «Военный сборник» 
журналының 1865 жылғы № 5 санында (312­бетте) Сұраншы 
1864 жылы мерт болды деп жазылған. Бұл мәлімет С.Бегалин 
кітабында былайша беріледі: Орыстар 1865 жылы Ташкентті 
алады, бірақ «Сұраншы Ташкентке жетпей, Сайрамдағы 
қорғанға орыс қолы кіріп, сонда бір үйдегі үпке кірген жерде, 
тығылып отырған қоқандықтар атып өлтірген» (48­49­бб.). 
Сөйтіп Сұраншы батыр өз аулын ғана емес, Жетісуды ғана 
емес, бүкіл Оңтүстікті шапқыншылардан азат етті, осы жолда 
ол өзін пида етті. Демек, ол күллі қазақ халқын отарлықтан 
құтқаруды ойлады, сол үшін жанын аямай күрестідеп айта 
аламыз.
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, біз Сұраншы ту­
ралы ресми хатталған мәліметтер мен ел жадында сақталған 
оқиға­әңгімелерді шамамыз келгенше қамтып, барын­бар, 
жоғын­жоқ күйінде, ештеңені асырмай, ешнәрсені жасырмай 
тізбелеп, саралап шықтық. Біздің ойымызша, келтірілген 
фактілер бойынша Сұраншының өмірбаянын шамалап түзуге, 
оның атқарған істерін нақтырақ түрде анықтап көрсетуге бо­
латын секілді. Бұл – келешектің ісі.

156
Смағұл ЕЛУБАЙ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет