Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


АБЫЛАЙ ХАН – КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

АБЫЛАЙ ХАН – КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ 
ҚАЙРАТКЕРІ ЖӘНЕ ДАРА ТҰЛҒА
Құрметті жиналған қауым!
Қадірлі қонақтар!
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан үшін Отан тарихы мен айбар­
лы азаттығымыздың шежіресі айрықша маңызды, мейлінше 
ділгір, өте жауапты тақырыпқа айналып отыр. 
Биыл аса көрнекті қайраткер, дара тұлға Абылай ханның 
туғанына 300 жыл толды. Бұл мерейлі меже – ел мәртебесін 
танытатын өре мен өлшем өнегесі, ұлтымызға ұйытқы бола­
тын таным мен тағылым тұғыры, қоғамымыздың қат­қабат 
ағымындағы орасан серпінді оқиға. Абылай сайын сахарамыз 
үшін алды­арты алмағайып, шешімсіз түйіндері шиеленіскен 
дәуірде өмір сүрді. Сол қиын тұстың қалың тұманында адас­
пай жол тапқан, жайнаған туы жығылмаған қарымды қол­
басшы, зәрезап заманның данагөй дипломаты бола білді. 
Хан Абылай – Қазақстан тарихындағы тағдырлы бір ке­
зеңнің күллі тауқыметін бойына жүктеген тұтас бітімді 
тұлға. Қазақ елінің айбынын асыру мен ордасын орнықтыру 
маңызды міндет еді. Бұл ретте Абылайдың мемлекетшіл пара­
саты, жаужүрек батырлығы, кемел қолбасшылығы, көреген 
қайраткерлігі, сұңғыла бітімгерлігі айқын көрінді. Осындай 
ерекше қасиеттерінің арқасында сайыпқыран сұлтан хан­
дық дәрежеге көтеріліп, өз төңірегіндегі жақсылар мен жай­
саңдардың, сондай­ақ түрлі әлеуметтік топтардың қолдауына 
ие болды. Абылай ел билеген кезеңінде жойқын өзгерістер жа­
сап, Қазақ Ордасының іргесін одан әрі нығайтуды көздеді.
ХVІІІ ғасырдың қазақ тарихында алатын орны өзгеше. 
Бұл жүзжылдық Ұлы Дала көшпелілері өркениетіндегі бет­
бұрысты кезеңдердің бастауы болатын. Моңғол импе 
рия­

23
сының мұрагерлері – қазақтар мен қалмақтар өзара өш­
пенділіктің отын өшірмеді. «Ежелгі дұшпан ел болмас» деген 
тәмсіл сөздер, бәлкім сол заматта айтылса керек. Тарихи 
текетірес. Сын сағаты. Әйгілі пәлсафалық түйінге жүгінсек: 
барсың не жоқсың... Нәтижесінде қалмақ қырылды, елдігінің 
еңсесі езілді. Ал «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» 
есеңгіреген қазақ дер кезінде есін жиып, жұрттығын сақтап 
қалды. Қаратаудың басынан құлаған қайғылы көш тарих тың 
жаңа асуларына қарай жанкештілікпен сапар шекті.
Қазақтың тарихи жырларында Абылай ханның даңқты 
бейнесі осы кезеңнің оқиғаларымен байланыстырылады. 
«Сабалақ» есімді жас жігіт алғаш рет 1729 жылғы Аңы­
рақай шайқасында ерен ерлігімен таңдай қақтырды. Жауға 
қарсы аруақ шақыра атойлаған жұмбақ жанның семсер сіл­
тесі, найза салысы, садақ тартысы қарсыласының мысын 
баса берді. Әрбір қарулы қимылы тегін емес тектіліктің төр­
кінін меңзеп тұрды. Оның кеудесінде соққан арыстан жү­
регі, аспанға шырқаған асқақ тілегі халқының мұңымен, 
мұратымен, мүддесімен үйлесіп жатты. Жас сұлтанның жа­
сындай жалт еткен осы бір серпілісті сәті оның жұлдызы 
жо 
 
ғары жазмышының кіріспесіндей көрінді. Кейінірек
Абы  лайдың қолына биліктің тізгіні шым­шытырық саяси 
жағ дайда тиді. Қазақ даласын шығыстағы көршілерден ғана 
емес, солтүстік­батыстағы азуын айға білеген жұрттардан оқ­
шау ұстаудың айла­амалы өте қажет еді. Мұндай саясатты 
жүзеге асыру үшін уақыт шарттарын уыстан шығармайтын 
және ойы озық, қайраты қарымды тұлғаға деген табиғи әрі та­
рихи зәрулік туды.
Ел бастаған Абылайдың алдынан қиямет­қиын міндеттер 
кесе көлденеңдеп шықты. Бұлардың ең әуелгісі – көшпелі 
қазақтың рулық­тайпалық құрылымын сақтай отырып, бір 
орталыққа бағындыру. Одан соңғысы – Ресей және Цин им­
перияларының арасынан «аюдың апанын, айдаһардың ара­
нын» мазаламас ынтымақты жол табу. Бұған қоса, «жан­
ға – жан, қанға – қан» деген жаулығынан жаңылмайтын 
Жоңғариядан біржолата құтылмақ ләзім. Ең ақырында, қа­
зақ сұлтандарының, билерінің, батырларының арасындағы 
алтыбақан алауыздықтың түп­тамырына балта шапқан жөн. 

24
ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін Кіндік Азиядағы ха­
лықаралық қатынастарда Жоңғарияның ықпалды күш бол­
ғандығы белгілі. Қоғамдық­саяси тұрғыда 1717­1718 және 
1723­1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы қазақ мем­
лекеттігіне зардабы шексіз залал әкелді. Көптеген қазақ 
тай 
палары жоңғар қыспағына шыдай алмай, бейберекет 
бос қыншылыққа ұшырады. Соның салдарынан, ХІХ ғасыр 
та рихшысы Алексей Левшин жазғандай, «жұт пен жаппай 
өлім келді... арып­ашу мен қасірет жалпыхалықтық сипат 
алды, біреулер аштан өлсе, басқалары бала­шағасын тастап 
кетіп жатты». 
Жоңғарлар Қазақ хандығының түстіктегі шаһарлы да 
шоғырлы қоныстарына баса­көктеп кірді. Бұл ілкі шаруа шы­
лықтың іргесін шайқалтты; мемлекеттік құрылымдар 
дың 
тұрақтылығына қатер төндірді; қазақ қоғамының саяси эли­
тасы сапындағы қайшылықтар мен қақтығыстардың өр шуіне 
әкеп соқтырды. Сол себепті XVIII ғасырдың орта шеніне де­
йін Абылай бүкіл қажыр­қуатын Жоңғар басқыншылығына 
тойтарыс беруге жұмсады. Ресей тарапынан әскери көмек 
алу үміті ақталмады. Өз билігін нығайту және көрші елдер­
мен тату қарым­қатынас орнату мақсатында Абылай бірқатар 
қадамдарға барды. Бір жағынан, іргелес халықтардың ық­
палды династияларымен құда­құдандалықты қолға алды. 
Со  нымен қатар қазақ сұлтандарының арасында әулетаралық 
некені қолдауға ден қойды. Қонтайшы Қалдан Сереннің өлі­
мінен кейін Жоңғарияда мұрагерлердің таққа таласы бастал­
ды. Жат жұрт ішіндегі бұл кикілжіңге қазақ сұлтандары да 
бір бүйірден килігіп, отқа май құя түсті. Сол арқылы қарсы­
лас ты әлсірету ойластырылды. Сөйтіп Севан Рабдан мен Қал­
дан Се реннің кезінде қазақтың жаулап алынған оңтүстік және 
оң түстік­шығыс өлкелерін азат ету майданына жол ашылды.
Абылай таққа таласушы тараптарды кезегімен қолдай 
оты рып, жоңғарлардан айтарлықтай жерді қайтарып алды.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қатыгез уақыт Абы­
лайдың мінезін шар болаттай шыңдады. Оны қайсар да қай­
ратты саясаткер етіп шығарды. Жоңғар мемлекеті жер мен­
жексен жойылар алдында қазақ пен қытай арасындағы жер 
дауы біршама ушықты. 1755 жылдың жазында Қытай тарапы 

25
Абылайға шекара мәселесіне қатысты елші жіберді. Алай­
да Абылай Қытайдың Жоңғарияға байланысты құйтырқы 
пиғылын құптамады. Жоңғарлардың Цин империясына 
қарсы көтерілісіне ұйытқы болған Әмірсанаға белсенді түрде 
көмек көрсете бастады. Қазақтар жаугершілік уақытында 
Жоңғария қолында қалып қойған жерлерін қайтарып алуға 
мүдделі болды.
1756 жылдың көктемінде қазақ жасақтары Жоңғария­
ның ішкі аймағына жорық жасап, қытай әскерімен бетпе­бет 
кел ді. Бұған ызаланған Цин императоры қазақтарға қарсы 
жауапты жортуыл жасау жөнінде бұйрық берді. Орта жүз­
дің қоныстарына екі жақтан – оңтүстіктен және шығыстан 
кіру көзделді. Сонымен қатар қытай әскерлері Абылайдың 
ма  ңайында жасырынып жүрген Әмірсананы қолға түсіруді 
қалады. Бірақ қазақ жасақтары тұтқиылдан шабуылдай оты­
рып, Қытайдың екі армиясының қосылуына мүмкіндік бер­
меді. Қытай әскерлері кері қайтуға мәжбүр болды.  
Осы оқиғалардың барысында абыройы асқан Абылайдың 
билеушілік болмысына Алексей Левшин былай деп сипатта­
ма береді: «Көпті көргендігімен, айлакерлігімен, әккілігімен, 
парасатымен, қол астындағы халық санының басымдығымен, 
Ресей патшайымымен, Қытай боғдыханымен тікелей орнат­
қан қарым­қатынасымен үзеңгілес қазақ билеушілері арасын­
да даңқы үстем болған Абылай Орта жүз билеушісі мәртебе­
сіне лайықты қасиеттерді бойына жинақтай білді. Қабілетіне 
се німді болған ол жақтастарын салмақты қалпымен, мұқият 
іс­қимылымен тарта білді; қабілет­күшімен жауының мы сын 
басты және қажет кезде бірде орыстың, енді бірде қытай дың 
құзырында екенін мойындағанымен, шын мәнінде тәуел сіз 
билеуші бола алды». 
Абылай көшбасшылық кемеңгерлігімен ғана емес, қол­
басшылық қабілетімен де үзеңгілестерінен оқ бойы озық еді. 
Бөгенбай мен Қабанбай бастаған атақты батырлар керек ке­
зінде оның ақылына жүгініп, беделіне арқа сүйеді. Абылай 
Ресей мен Қытайдың бейтараптығын оңтайлы пайдаланып, 
Ташкент пен Ходжент жорығына аттанды. Сөйтіп Жизаққа 
дейінгі қазақтың жеті қаласын азат етті. Хандықтың шекара­
сын шығыста Алтайға жеткенше, солтүстікте Тобылдан әрі, 

26
ал оңтүстікте Ташкентке дейін кеңейтті. Жеңісті де жемісті 
әскери жорықтары оның даңқын жайып, атын аңызға ай­
налдырды.  
Абылайдың салиқалы да сауатты саясатының нәтиже­
сінде ішкі саяси ахуал тұрақтанып, Шыңғыс әулеті мен ақ­
сүйектердің өзара тартысы тыйылды, қазақтың барша этни­
калық территориясы азат етілді.
Абылай ел ісімен енді шұғылдана бастаған шақта Қазақ 
хандығы сиырдың бүйрегіндей бөлшектенген бытыраңқы 
хал ге жуық тұрған болатын. Тек XVIII ғасырдың 60­жылда­
рына қарай билеушінің төңірегіне саяси элита біршама ты ғыз 
топтасты. Аумағы азат, көлемі кең мәртебелі мемлекет шын 
қуатына мінді. Қалмақтан тазартылған Тарбағатай, Жетісу 
өлкелерін өркендетуге басым көңіл бөлінді. Ұлттың тұрмыс­
тіршілігінде қордаланған мәселелер де Абылайдың басты 
назарында болды. Ол бірде күшпен, келесі бірде келісіммен 
қазақ қоныстарында тәртіп пен тыныштық орната білді. 
Уақыт өте келе, ақсақалдар билігін әлсіретіп, басқарудың 
дәстүрлі институттарын қайта жандандыруға күш салды. Сот 
жүйесін нығайтты. Өзінің құзыретін хан болып сайланған 
кезде белгіленген шектерден асыра кеңейтті. Ол хан билігін 
түрлі кеңеспен шектеген сепаратистік көңіл­күйдегі қуатты 
рубасылар (билер) мен сұлтандардың бассыздығын тыйды. 
Шариғат жолымен төрелік айтатын билер сотының құқын 
шектеп, өлім жазасын тек ханның өзі шығаратын қылды. 
Абылай хандардың бұрын алынып тасталған айрықша құ­
қықтарын қайта қалпына келтірді. Орта жүз бен Ұлы жүз ге 
тиесілі жерлер Абылайдың балаларына бөліп берілді. Шо­
қан Уәлихановтың көрсетуінше, «Абылайдан басқа бірде­
бір қазақ ханы мұндай шексіз билікке қол жеткізген емес». 
Осының арқасында Абылай хан шаруашылық пен сауда ісінің 
дамуына септігін тигізген белсенді экономикалық саясатты 
жүзеге асыра бастады. Ол халыққа салынатын салықтардың 
жаңа түрлері мен өлшемдерін енгізді. Алғашқылардың бірі 
болып көшпелілердің отырықшы өмір салтына бейімделуінің, 
тұрақты баспана құрылысының, шабындық мен егіншіліктің 
қажеттілігін терең түсінді. Абылай Қазақ хандығының 
солтүстік аудандарында егіншілікті дамытудың бастамашы­

27
сы болып, көрші Ресейден осы кәсіптің білгірлерін арнайы 
алдыртқан. 
Шоқан Уәлихановтың: «Қазақтардың аңыз­әңгімелерінде 
Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі 
болып саналады. Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен 
серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының 
көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр­дастандардың арқауына 
айналған», – деп жазғаны белгілі. Ханның ішкі және сыртқы 
билігінің бар мазмұны халықтың тұтастығына бағытталған 
еді. Сөйтіп ол жасампаз әрі стратег, дана билеуші және сая­
си көшбасшы ретінде танылды. Оның шебер саяси амалда­
ры күштеп отарлауға, мемлекеттің бүтіндігін бұзуға қарсы 
тұрды. Ел ханына сенді, хан елдің үмітін ақтай алды. Қазақ 
халқының жадында ол осындай сипаттарымен сақталып 
қалды. 
«ХVІІІ ғасырдан бастап, – деп жазады Елбасы «Тарих 
толқынында» атты еңбегінде, – Орталық Азияның түркі 
тектес халықтары ұдайы жалғасып, тереңдей түскен эко но­
микалық, қоғамдық­саяси және мәдени дағдарыстар кезе­
ңіне душар болған әрі өз аумақтарын отаршылдық саясат 
есе бінен кеңейте түсуді көздеген мемлекеттердің оңай олжа­
сына айналған». Осы кезеңде Қазақ хандығы солтүстікте 
Ресей патшалығының, шығыста Қытай империясының, 
оң түстікте Қоқан, Бұқара, Хиуа билеушілерінің, ал батыс­
та қалмақтардың қыспағын көрді. Ел басына күн ту ған сын 
сағатта тарих сахнасына шыққан Абылай елдік жа 
уап­
кершілікті өзі де алды, би­батырларға да лайықты жүктей 
біл ді. Сол замандағы халық ерік­жігерінің тастүйін бірлігі 
Абылай ханның жеке тұлғасынан, ұстаным­қасиетінен кө­
рінді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың ерен үл­
гісін көрсетіп, халықтың ұйытқысы болған Абылай ханның 
ерліктері тар заманда ел рухын қайта түлетудің алтын ар­
қауын құрады. Бұдан басқа елдік қыруар жұмысты хан әмі­
ріне сай жүйелей білген ұлттың рухани көсемдері – Төле, 
Қа зыбек, Әйтеке билер сыртқы және ішкі алауыздықтарға 
төтеп беріп, Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты ұйыстырып, бір 
мұратқа топтастыру жолында қызмет етті. 

28
ХVІІІ ғасырдың 40­жылдарының орта шенінен бері қа­
рай Орталық және Орта Азиядағы саяси жағдай Қазақ хан­
дығының пайдасына шешіле бастады. Қазақтың этникалық 
құрамында оң өзгерістер байқалды. Халық саны қалмақ, 
қыр ғыз, қарақалпақ, ноғай және басқа да Орталық Азия ха­
лықтарының табиғи қосылуы мен ұйысуы есебінен де молая 
түсті. Елдің берекесі кіріп, ұлт саны 3 миллионға жетті. 
Абылай хан секілді елдікті ойлаған тұлғалардың арқа­
сында қазақ мемлекетінің негізі нығайып, елдік тұтастық пен 
бірлік ұрпаққа мұра етілді. 
Сарабдал ханы бар Қазақ елі қалыптасу мен нығаюдың 
қиын сыны мен жолынан өтіп, далалық мемлекеттің ерекше 
моделін өмірге әкелді. Далалық мемлекетті құрудың өзге­
шелігі шартты сипаттағы «жер», «халық», «билік» секілді 
ұғымдардың бірлігіне байланысты еді. Бұл халық сөзіне 
айналғанда, «туған жер», «қазақ жұрты», «хан билігі» ұғы­
мын қамтыды. Ал жыраулардың алдаспан толғауына ай­
налғанда «Кір жуып, кіндік кескен жер үшін; Қара қазан, 
сары бала қамы үшін» күрестің негізі болып шықты. Дала 
мемлекетінің айрықша ерекшелігі ретінде территориялық 
фактордың басым ықпалын атап өтуге болады. Расында, дәл 
осы территориялық фактор, табиғи­климаттық жағдайлар 
өмір салтын шаруашылық тұрғыда ұйымдастырудың тұрақты 
анықтауышы болып, саяси және рухани құндылықтар жү­
йесіне ықпал етті. Уақыт тезінен өткен және қазіргі кезде 
мемлекеттігін қайта жандандырып жатқан қазақ халқының 
көршілес елдер мен халықтар арасындағы қарым­қатынас пен 
өзара әрекеттестік тәжірибесі бай әрі күрделі. Кең сахараны 
мекен еткен, солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, 
оңтүстігінде Орта Азия мемлекеттерімен шектесіп жатқан 
Қазақстан тағдырдың жазуымен осындай ерекше геосаяси 
өңірде орналасқандықтан, көп полюсті, көп векторлы саяси 
бағыт ұстанады. Бұл – Қазақ елінің ғана таңдауы мен мүддесі 
ғана емес, әлемдік үйлесімділік пен мемлекеттік дербестікті 
тең ұстаған тарих пен демократияның таңдауы мен мүддесі. 
Осы тұрғыдан алғанда, Абылай заманының бай әрі күрделі 
тарихын зерттеудің және талдап қорытудың танымдық, сын­
дарлы мәні арта түседі. Ресеймен достық қатынастардың 

29
негізін қалаған да, Қытай және Орта Азия мемлекеттері мен 
дипломатиялық қарым­қатынастардың негізгі қағидатын 
бе кіткен де Абылай хан. Саяси­құқықтық құрылым тұрғы­
сын да, далалық мемлекет тарихын ру­тайпалық құры лым 
мен жұрт қоныстануының территориялық­кеңістіктік ше­
каралары ерекшеліктерінен тыс зерттеу қисынсыз. Егер ерек­
шеліксіз зерттелсе, «қазақтардың дәстүрлі мемлекет моде­
лі болмаған» деген жаңсақ пікір өрістеуі мүмкін. Далалық 
мемлекеттің табиғатын жете түсіну үшін «мемлекет» және 
«мемлекеттілік» ұғымдарының арақатынасын саралау ке­
рек. Себебі мемлекеттілік туралы мәселе – бұл бір аймақ­
ты екіншісінен бөліп тұратын әлеуметтік кеңістіктің әуелгі 
ше  карасы туралы мәселе. Демек, қазақ мемлекеттілігі Қа зақ 
хандығы аясында шектеліп қалмайды. Өйткені біздің мем ­
лекеттілік ұғымымыз қазақ мемлекетінің пайда болуы 
мен дамуын ғана емес, түркі этносының ғұмырында ұзақ 
жылдар бойы жүріп келген мемлекеттік­құқықтық үде ріс­
терді де меңзейді. Ендеше, қазақ мемлекеттілігін теория 
жүзінде ұғыну үшін мемлекеттік билікті генезисінен, ер те­
дегі дала мемлекеттерінен бастап, қазақ хандарының жаң­
ғыртуларына дейін зерттеу қажет. Қазақ хандығы өн бойы на 
дала мемлекеттілігінің барлық салттарын жинақтаған ие рар­
хияланған әлеуметтік­саяси құрылым болды. Жыл са 
йын 
құрылтайлар шақырылатын. Беделді рубасылары хан алдын­
да заң жөнінде кеңес беретін орган – билер кеңесін құрды. 
Мемлекеттік­саяси жоралғының негізі хан сайлау жү йесі 
еді. Ақ киізге көтеру салты – халық пен ел билеуші ынты­
мағының белгісі, мемлекеттің тұтастығы мен беріктігі үшін 
қажетті этногенетикалық интеграцияның дәлелі іспетті. 
Қа зақ хандығы ішкі саяси ахуалдағы көрнекі өзгерістерді 
қиын датқан жаңа тарихи талаптардың бар ауыртпалығын 
өз мойнына алды. Сол ауыртпалықтың бірегейі жоңғар шап­
қыншылығы болды. Оның зардабынан қазақтар Ұлы жүз 
бен Орта жүздің айтарлықтай жерінен, сондай­ақ қазақ хан­
дарының резиденциясы – Түркістан қаласынан айрылып 
қалды. Бір жарым ғасырға созылған жоңғар соғысы қан­
ша азапты, қырғынды болса да, қазақ жасақтарының зор 
жеңісімен аяқталды. Соңғы екі ғасырда патшалық Ресей 

30
және кеңес тарихшылары жазған Абылайдың тарихи рө­
ліне қатысты зерттеулерде біржақтылық, әділетсіздік, үс­
тірт қарау жиі байқалды. Революцияға дейінгі еңбектерде, 
сон дай­ақ кеңестік тарих әдебиеттерінде Абылай тұлғасына 
«қа тыгез», «екіжүзді», «жауыз», «дүниеқоңыз», «ру арасы­
на өрт салушы», т.б. баға беріліп, осы анықтамаларды жи­
нақтаған стереотип қалыптасты. Қазақстан тарихшылары 
тәуелсіздіктен бері халқымыздың өткен тарихына қатысты 
кереғар түсініктерді қайта қарай бастағаны мәлім. Аталған 
сала ғылымының заманауи жетістіктері негізінде күрделі, 
шетін мәселелерді жаңаша тәсілдермен зерттеу қолға алынды. 
Мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің қайта жаңғыруы аясын­
да тарихта саяси себеппен бұрын жіберілген бұрмалаушы  лық 
пен қателікті түзету – ғалымдардың басты міндеті. Өйт кені 
халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, қилы тағды рын 
ой елегінен өткізу мемлекеттің шын мәнінде тәуелсіз болуы­
ның, қазақстандық отаншылдықты қалыптастырудың бас­
ты шарты дей аламыз. Алайда мемлекеттік тәуелсіздік және 
ғылыми плюрализмді бекіту жағдайында, яғни кез келген 
пікірдің жариялануына мүмкіндік берілген кезде, бұқара лық 
тарихи санаға ықпал ете алатын мәселенің негізгі аспекті лері 
қаншалықты шынайы және бүкпесіз мазмұндалатыны өте 
маңызды.
«Жаңа заманға бейімдеу» деген жадағай түсінікпен тарих 
ерікті ревизияға ұшыраған жағдайда, әуесқой авторлар тара­
пынан жіберілетін үлкен ауытқулар тарихи санаға зор зарда­
бын тигізеді. Тарихтағы жаңылысу дәйексіздікке, қарапа йым 
адамның болып жатқан оқиғаларды дұрыс түсінбеуіне әкеп 
соқтырады. Зерттелетін тақырыпқа бейкәсіби тұрғыда келу, 
тарихи дереккөздерді ғылым қағидатынан сәйкес пайдалан­
бау көп жағдайда ғылымға еш қатысы жоқ, қиял құшағында­
ғы қиғаш түсініктерді қалыптастырады. Бірегейлік, әлем дік 
тарихта өзіндік орынды еншілеу, мемлекеттілікті қалыптас­
тыру мәселелері Абылай хан билігі тұсында да қандай ма ңыз­
ға ие болса, егемен Қазақстан Республикасының қалып та су 
кезеңінде де сондай шешуші сипатқа ие. 
Қазақстанда мемлекеттік тәуелсіздіктің орнығуы қа зақ 
халқының тарихына, атап айтқанда: этникалық терри 
то
 
­

31
риясының қалыптасуына, ұлттың байырғы мекенінде мемле­
кеттіліктің пайда болуы мен қайта жаңғыруы кезеңдеріне 
қа тысты көптеген өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарды. 
Қазіргі заманның жаңа талғам­талабына сай өткенге де­
ген қызығушылық артып келеді. Қоғам елдегі өзгерістерді 
жі ті сезініп, әлеуметтік дамудың мәнін, қайнар көзін, ба­
ғытын және негізгі үрдістерін түсінуге талпыныс жасауда. 
Сондықтан Отан тарихын зерделеу, тәуелсіздік пен егемендік 
жолындағы күрестің шешуші кезеңдерін пайымдау ерекше 
мән­мағынаға ие. Осы орайда халықтың тарихи сана­сезімі 
жаңа деңгейге көтерілгенін, жұртшылықтың Отан тарихын 
білсем деген шынайы көңілін, тәуелсіздік жолында шейіт 
болған қаһармандар ерлігі мен айрықша рухты оқиғаларды 
парықтауға деген ынтасын ерекше айтқымыз келеді. 
Бүгінге дейін, өкінішке қарай, Абылай ханның мем­
лекеттілікті жаңғырту, нығайту, ұлттың басын қосып, тұтас 
мемлекетке ұйыстыру жолындағы қайраткерлік еңбегін ке­
шенді зерттеу тарихшылар назарынан тыс қалып келді. Ал 
осы жолда мемлекетшіл тұлға мен оның қаһарман би­батыр­
лары қаншама қажыр­қайратын, ақыл­парасатын сарп етті. 
Мұны тарих та, тарих арқылы танымы қалыптасатын халық 
та ұмытпауы керек!
Ұлт тарихын зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұ мыс 
тобының кеңейтілген отырысында айтылғанындай, отан дық 
тарихнама өз әдіснамалық және тілдік құралын айтарлық  тай 
өзгертуі қажет. Отандық тарих ғылымының алдына жауап ты 
да маңызды міндеттер қойылды. Біле­білсек, бұл – тарих шы 
ағайынның алдындағы зор кәсіби жауапкершілікті аңғарта­
тын мәселе. Мәселенің оңтайлы шешілуіне Елбасымыз дың 
идеясы арқасында дүниеге келген «Тарих толқынын дағы 
халық» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасы ық пал 
етеді деп санаймыз. 
Тарихтың мәні – өткенді қайта пайымдау мен бағалауда. 
Әр ұрпақ оны өзінше қабылдайды. Кез келген бағалау адам­
ның санасы мен дүниетанымына байланысты. Ұлттық тарих 
ұлттық мемлекетті қалыптастырудың үдерісі дей аламыз. 
Ұлттық сана­сезім қалыптасу үдерісіндегі мемлекеттілік пен 
тығыз қарым­қатынаста, сан түрлі ерекшеліктерді ескеріп 

32
дамиды. Қазақ мемлекеттілігінің дамуы, дана Абай айтқан­
дай, «соқтықпалы, соқпақсыз». Дегенмен тағылымды, жар­
қын тұстары ұрпақты рухтандырады, мақтаныш сезімін 
оятып, құйқасын шымырлатады. Сын­сынақ кезеңдері аз 
болған жоқ. Мұндай күрделі де жауапты дәуір XVІІI­XIX ға ­
 сыр лар ға тән. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бас тап 
мемлекет тік сана­сезім идеясын аңсау күн тәртібіне шық­
ты. Осы үдеріс тің нәтижесінде XVІІI ғасыр оқиғалары мен 
атақты тұлғалар дың тарихи қызметі замандастарын да, ке­
йінгілерді де елең еткізді.
Абылай хан – аса ірі қайраткер, ұранға айналған тұлға 
мағынасында жан­жақтағы көршіміздің назарына іліккен 
есімдердің алғашқысы еді. Дос та, дұшпан да оған қызыға, 
кейде сұқтана қарады. Себебі оның тұлғасы уақыт алға жыл­
жыған сайын асқарлана, биіктей түсті. 
ХІХ ғасырда өмір сүргендердің пікірінше, Абылай зама­
ны еркіндіктің, ерліктің, бірліктің заманы болды. Бәлкім 
содан да шығар, Абылай ханның тұлғасы, ерлігі мен елдігі 
жоғары бағаланды. Халық бұл бейнеге жанын салды, арман­
тілектерін, үміті мен сенімін артты. Жазу салтынан гөрі ауыз 
әдебиеті елге өтімді, маңызды заманда Абылай хан халық 
мұратының рәмізіне айналды. Барды хатқа түсіру белсенділігі 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында арта түссе, оның негізгі 
платформасы, өзегі халық ауыз әдебиеті еді. Бүгінде ел тари­
хын зерделейтіндер дәйекке алатын шығармалар сол кезеңде 
туған болатын. Бірақ олар нағыз ғылымның тезінен өтті дей 
алмаймыз. Мұны бір жағынан таптық идеологиямен, екінші 
жағынан тарих мектебінің жетілмегендігімен түсіндіруге бо­
лады. 
Бүгінгі таңдағы ғылымның міндеті – нағыз тарихты ми­
фологиялық тарихтан ажырата білу. Бұл міндеттің қазіргі 
Қазақстанда демократиялық қоғам құру мақсаттарына қа­
тысы бар. Себебі тарихтан білетініміздей, демократия бол­
маса, халықтың мүддесін жеткізетін нағыз мемлекеттілік 
болмақ емес. 
Атақты неміс философы Карл Ясперс тарихтың мағынасы 
мен мақсаты туралы мәселелерді көтере келе, оның рөлін 
төмендетуден сақтандырып: «Тарихты айналып өтетін жол 

33
жоқ, себебі барлық жолдар тарих арқылы өтеді», – деген 
еді. Мұрагерлік және салт­дәстүр мәселелерін қозғаған осы 
ойшыл: «Егер біз қол жеткізген табыстарымызды ұмытсақ 
және олар өмірімізден із­түзсіз жоғалса, тарихи үдеріс тоқтап 
қалуы мүмкін», – деп, өзекті міндетті де көрсетіп берді.
ХХ ғасырдың ірі оқиғалар мен жаһандық өзгерістерге толы 
соңғы он жылы көптеген елдер мен халықтардың тағды рында 
бетбұрысты кезең болды. Өткен ғасырдың дәл осы кезе ңінде 
Кеңес империясы құлап, оның орнына тәуелсіз мемлекет тер 
өмірге келді. 
Мемлекеттіліктің өркендеуі, экономикалық және саяси 
модернизация, қазіргі заман деңгейінде халықаралық мо­
йындауға қол жеткізу – тәуелсіз Қазақстанның жеңісі болса, 
осы жеңістер бедерінде тарихты қайта зерделеу мен пайымдау 
ерекше мағынаға, прагматикалық маңызға ие. Толғамалы та­
рих бедерінде Абылайдың жауынгерлік ерліктері, қан май­
дандағы жеңістері, Ресей, Қытай және басқа да көршілес 
елдермен белсенді дипломатиялық, сауда­саттық байланыс­
тары Қазақ хандығы мен әйгілі ханның Орталық Азия ха лық­
тарының саяси өміріндегі халықаралық беделін арттырды. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газе­
тінің 2013 жылы 2 қазанда жарық көрген «Абылай аңса ған 
азаттық» атты мақаласында: «Алмағайып сұрапыл заманда 
есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре біл­
 ген Абылай ерлігі мен ақыл­парасатын қатар жұмсаған сараб­
дал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кету­
ден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болаша­
ғын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, 
ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», – деп жа­
зады.
Ендеше, бүгін біз тәуелсіз ел, байрақты жұрт ретінде бар­
ша қазақтың ұранына айналған арыстандай айбатты Абылай 
бабамызға құрмет көрсетіп, аруағы алдында бас иеміз.
Тыңдағандарыңызға рақмет!
3­0192

34
Хангелді ӘБЖАНОВ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет