Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ 
РУХАНИ БАСТАУЛАРЫ
Биылғы жылдың тамыз айының 4­10 күндері Афины 
қаласында «Философия – өмір салты және таным форма­
сы» тақырыбына арналған XXIII әлемдік философиялық 
конгресс өтпек. Конгресте екі мыңнан астам ғалым жина­
лып, өткір әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі 
философияның рөлі, ондағы жаңа бағыттар мен мектептер, 
әдіснамалық және дүниетанымдық талдаулар жасалмақ. 
Оған елімізден бір топ философ өздерінің қызғылықты 
баян дамаларымен бармақ. Сөйтіп, әлемдік философиядағы 
өзіміздің ұлттық философиямыздың орны мен рөлін көрсету 
мақсаты да тұр. Содан кейін қыркүйек айының 27­28 күндері 
Алматыда І қазақстандық философиялық конгресс өтпек. 
Бұл жиын «Қазіргі әлемдегі философия: даму стратегия­
сы» тақырыбына арналған. Алдымен әлемдік, содан кейін 
оның жалғасы ретінде қазақстандық конгресс өз жұмысын 
өткізеді. Осы конгрестің аясында Қазақстан философия 
қоғамын құру жоспарлануда.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық сана­
сындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлке­
гімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта 
жү 
йелі жаңғыртуымен сипатталады. Бірнеше ғасыр бойы 
отар шылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени дегра­
дация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті 
қайта өркендету мемлекеттік деңгейде төмендегі міндеттерді 
жүктейді: ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын 
түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани 
тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; 

122
осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тари­
хи өткенін толығымен жан­жақты зерттеулер арқылы қал­
пына келтіру, тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәң­
гүрт тік жағдайдан арылу; ғасырлар бойы қалыптасқан қа зақ 
халқының асыл қазынасы – мәдени­рухани мол мұрасын 
белсенді түрде меңгеру.
Бостандық, азаттық, тәуелсіздік идеясы жаратылысы­
нан еркіндік сүйгіш қазақ халқының өмірінің мәнін, негізін 
құрайтыны анық. Соңғы екі­үш ғасырда отаршыл саясатқа 
қарсы жүргізілген үш жүзден астам көтерілістің өзі нені 
көрсетеді? Құдайға шүкір, халқымыздың аңсаған ұлттық 
тәуелсіздігіне де қол жеткізіп, бүкіл әлем мойындаған дер­
бес елге айналдық. Алайда қазіргі жаhандану заманында 
бәсекелестікке төтеп беру де оңай шаруа емес. Ұлттық на­
мыс пен жігерді жани, ұлттық рухты асқақтата түсу керек 
деп ойлаймын. Бұл үшін өз қазанының ішінде қайнап қа на 
қоймай, одан асып­төгіліп, өзіміздің тамаша ұлттық құн­
дылықтарымызды сыртқы әлемге де таныта білуіміз ке­
рек. Қазіргі қазақ философиясының мәні барлық жағы нан 
алғандағы еркіндік және еркін ойлайтын тұлғаны қа лып­
тастыру мәселесімен астасып жатады.
Қазақ мәдениетінің өткені, оның терең рухани қыртыс­
тары мен болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдың қайшылықтары 
мен келешегі мәселелерін зерттеу өзінің көкейкестілігі  мен 
көзге түсіп, отандық философия ғылымына маңызды мін дет­
тер жүктейді. Егер Батыста кәсіби формадағы универси тет ­
 тік философия үстемдік етсе, қазақтардың ұлттық дү ние та ­
ны мы көркемдік және діни мәтіндердің дәстүрлі түрлерін­
де, ақын­жыраулардың, би­шешендердің, ағартушылар дың 
шы   ғармашылығында басым болып келеді. Бұл қазіргі кез­
де еуроорталықтық ойлау тәсілінен арылған қазақ фило со­
фиясының болашағы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. 
Қазақтың бай бәсекеге қабілетті төлтума мәдениетін қал пына 
келтіру, халықтың шынайы тарихын жан­жақты түсіну үшін 
де оның дүниетанымдық негізі мен әдіснамалық құралын 
тереңірек қалыптастыру қажет.
Осы орайда, әдебиеттерде жиі айтылатын қазақ фило­
софиясының ерекшеліктерін сараптай келе, оның мынадай 

123
жіктемелік белгілерін атап көрсетуге болады: қазақ филосо­
фиясы философиялық емес сарындағы даналық тәжірибе сіне 
жатады; қазақ даналығы табиғатпен үйлесімде өмір сүруі­
мен, оны кие тұтуымен сипатталады, оның терең экология­
лық мазмұны бар; қазақ философиясы көшпелілік ділімен 
тығыз байланысты; қазақ философиясы онтологиялық және 
гносеологиялық мәселелерден гөрі, этика мен антропологияға 
көбірек көңіл бөледі, аксиологиялық мәселелерге, әсіресе 
ру хани құндылықтарға ерекше назар аударады; қазақ фило­
софиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы си­
патталады; философиялық мәселелер, қазіргі тілмен айт  қан­
да, негізінен, экзистенциалдық, дидактикалық және праг­
ма тикалық сипатта қарастырылады, қазақ философиясын­
да нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі, ар­намыс, қанағат, 
тәу бе, әділеттілік және тағы басқалары жоғары қойылады; 
ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады.
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз халықты 
үнемі рухани­адамгершілік бағдарларға шақырып отырған. 
Әл­Фараби замандастарына «қайырымды, ізгілікті қаланың» 
қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның 
әділетті болуын көксеген, Абай пендеге арнап «Адам бол!» деп 
нақты кеңесін берген, Шәкәрім болса, ар­ұяттан, ұжданнан 
әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығын іздеген.
Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында руханият дүние­
сіне сүйенеді. Әлемдегі басқа ұлттар мен ұлыстар сияқты 
қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналық тың озық 
үлгісі боларлық әлемді танып­білудің, зерделеудің өзін дік 
сипаттамалары, түркілік ерекшеліктерді танытатын фи ло­
софиялық­этикалық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті бол­
ғаны белгілі. Мәселе сол рухани інжу­маржандардың қаді рін 
біліп, қаймағын бұзбай қазіргі күрделі жаһандану зама нында 
жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан 
келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен жүйелі түрде 
бере білуде болып отыр. Осы жауапты істі абыроймен жүзеге 
асырған жағдайда ғана еліміздің Еуразия кеңістігіндегі 
өзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі мәртебесі өседі, басқа 
халықтар алдындағы құрметімізді асқақтата түседі. Өйткені 
өзінің тарихта қордаланған маңызды рухани құндылықта­

124
рын, дәстүрлі этикасы мен эстетикасын құрметтеген, аяла­
ған, өр біткен ел ғана және оған жаңа жаһандану заманында 
өзіндік жаңғырту бедерлерін, келбетін бере білген халық қана 
адам заттың өркениеттік аренасында шынайы және лайық ты 
баға лануға ие болатыны сөзсіз.
Әлемдік философияның рухани­мәдени бастауларын із­
дегенде көбінесе Ежелгі Қытай, Ежелгі Үнді мен Ежелгі 
Грекия атап өтіледі. Алғашқы тұтастанған мағынадағы фи­
ло 
софиялық мектептер, ағымдар мен бағыттар, міне, осы 
үш орталықта пайда болған, ал қалған елдер осы үшеуінен 
та раған философиялық түсініктерді қолдана отырып өздері­
нің философиялық ұғымдарын қалыптастыра алған деген 
пікір қазіргі кезеңде көптеген оқулықтарда орын алған. 
Әрине, жоғарыда аталған өркениет кеңістіктерінде шыны­
мен де философияның озық үлгілері тарихи үдерістің ерекше 
белгісіндей көрініс тапқанын мойындауға тиістіміз. Деген­
мен, философиялық қайнар көздерді іздегенде әлемді рухани 
жағынан игерудің рационалдық түрлерімен шектелмеуіміз 
керек, адамзат тарихының сан қырлы мүмкіндіктерін айшық­
тай түсіп қана оның бойындағы тылсым қуаты мен күшін, ора­
сан зор шығармашылығын аша түсеміз. Міне, осы тұрғыдан 
алғанда, ежелгі түркілік философиялық ой өзіндік тари хи 
ерекшеліктері бар дүние және ол көркем бейнелерді жан­
дандыра түсетін, белгілі бір тұтастанған жүйеге бағынатын 
өзіндік келбеті бар рухани құрылым болып табылады.
Адамзат тарихы руханиятының ең маңызды түп негізі 
оның ақыл­ойынан, парасатты дербес ойлау тәжірибесінен 
байқалады. Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлем дік 
философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде таныла ды. 
Жалпы, адами эволюцияның өлшемі ретінде даналық, кісі лік 
үлгілерін алуға толық болатыны анық. Осы тұрғыдан алған­
да, адамзат тарихындағы кез келген халықтан философия­
лық пайымдаудың үлкен жүйелі құрылымдарынан бастап, 
өлшеулі деңгейдегі тұжырымдар мен түсініктерден тұратын 
ерекше сілемдер аралығындағы мәдени көптүрлілікті аңғаруға 
болады. Осы жерде философиялық компаративистика мен 
философиялық герменевтиканың алатын орны айтарлықтай. 
Олардың барлығына әрқилы бағалау беріп, әр түрлі өлшемдер 

125
арқылы сараптаудан өткізу міндеті – гуманитарлық және 
әлеуметтік ғылымдар алдында тұрған қасиетті борыш. Де­
генмен, негізінен, ойлау жүйесінің адами ұстындарының 
өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің 
өзіндік көріністерінің, ерекше сипаттарының бар екенін де 
мойындауға тиістіміз. Міне, осыған орай халқымыздың өзін­
дік ұлттық ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар еке­
ніне еліміздегі көрнекті ғалымдар өткен ғасырдың екінші 
жартысында түбегейлі көңіл бөле, философиялық мәселелер 
кәсіби тұрғыда игеріле бастады.
 Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз 
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ғана толыққанды сипат­
та зерттеліп, қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектер­
дің жарық көргені белгілі. Қазақ философиясы – қазақ хал­
қының өмір сүру, даму, бірігу және көркею философиясы. 
Философиялық ойлау тарихына деген көзқарас біржақты бол­
мауы тиіс, ол әртүрлі бағдарлар мен түсініктердің сұхбаты­
нан, өзара байланысынан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана 
жас ұрпақтың шығармашылыққа деген талпынысы күшейе 
түседі, тарихи тұлғалардың дүниетанымдық жүйелері және 
құндылықтық әлемі бойынша соны ойлар туындайды.
Қазақ философиясы еліміздің рухани­мәдени тәуел 
сіз­
дігінің көрінісі және қазақтардың ішкі бірлігінің рухани 
тірегі болып табылады. Ол адамзат тарихында ғасырлар бойы 
қалыптасқан әлемдік философияның ажырамас құрамдас 
бөлігі екені де белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен 
бай 
ланысты мәселелердің барлығы мұқият бақылауда бо­
лып, көбісі тыйым салынған жабық тақырыптар қатарында 
болып келгені баршаға аян. Өйткенісоциализмнің ұстындары 
тек бір коммунистік идеяның төңірегіне шоғырланғандықтан 
оған сәйкес келмейтін басқаша мағынадағы түсініктердің 
барлығын жоққа шығарып отырды, барлық адамдар да бірдей 
ойлайтын болды. Тіпті, бұл тақырыппен айналысамын деген 
зерттеушілердің әрекеттеріне өткен қоғам «ұлтшылдықтың 
жалауын көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге асыққаны да 
рас. Тоталитарлық қоғам қазақ философиясымен айналыса­
мын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін 
жандандыруға ұмтылғандарын да осындай бағалаумен шек­

126
теп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың сал­
дарынан тарих сахнасында әртүрлі рухани тереңдіктер дегі 
өздерінің даналыққа толы тұжырымдарын бұқара халық­
қа жеткізген ойшылдардың шығармаларының мәтін түрін­
де қоғамда кең тарамай және ғылыми зерттеулер түрінде өз 
бағалауларын ала алмай ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені 
белгілі.
Қайта оралу философиясы – бұл философияның өзіне 
өзінің қайта оралуы, өзінің рухани қайнар­бастауларына, 
ежелгі түркілік құндылықтарына, қайтадан тереңірек фи­
ло софиялық пайымдау мен зерделеу үшін өзіне өзінің қайта 
оралуы. Қазақстандық посткеңестік философиялық руха­
ни байлықты пайымдауқазақ мәдениетінің терең қатпар ла­
рындағы өзіндік тұлғалық кісілік философиялық пайымдау 
сипатында көрініс бере бастаған философиялық үдеріс ретінде 
танылады.
Біз қазіргі кезеңде қайшылық пен дау­жанжалға толы 
өте күрделі жаһандану ауқымындағы әлемде өмір сүрудеміз. 
Және бұл кезеңге тән маңызды мәселе қажетті рухани­адам­
гершілік бағдарлар мен мұраттарды іздеу болып отыр. Қазіргі 
рухани өмірдің тәжірибесі өткеннің, бүгінгі күннің және 
болашақтың ұлы жетістіктерінің негізінде қалыптасады. 
Бүгінгі заман, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өткен заман­
ның баласы, болашақ заманның атасы ғой. Осыған орай қа­
зақтың ежелгі түркілік рухани және діни­мифологиялық ба­
стауларына қайта оралу арқылы өзімізді өзіміз терең түсіне 
бастаймыз, қазақ руханияты мен қазақ дүниетанымының, 
қазақ және түркі философиясының терең сырлары мен інжу­
маржандарын ашамыз.
Сонымен, біз өзіміздің тарихи­мәдени алғашқы бас тау­
ларымызға, дәстүрлерімізге, құндылықтарымызға, қа зақ тың 
әуелгі философиясына қайта ораламыз. Бірақ бұл қайта ру­
хани түлеуді адамзаттың қазіргі рухани жаңаруымен, оның 
жетістіктерімен байланыстыру ауадай қажет. Бұл өзіміздің 
рухани бастауларымызға қайта оралу Інжілдегі адасқан ұлдың 
қайта оралуы емес, ол біздің шешілмеген мәселелерімізді 
түсіну мен шешу үшін қажет гуманистік қайнар көздерге, 
рухани құндылықтарға қайта оралу болып табылады. Соны­

127
мен қатар біз өзіміздің дәстүрлі дүниеге қатынасымыздан 
қазіргі әлемді тереңірек гуманистік тұрғыдан түсінуге сәйкес 
келетіндерін ғана таңдап алуға тиістіміз. Көне рухани­мәдени 
мұрамызға жүйелі герменевтикалық және компаративис тік 
салыстырмалы философиялық талдау жасау қажет. Өткенді 
асыра марапаттаудан аулақ болуымыз қажет.
Қазақтардың ежелгі түркілік дәуірі кезеңінде дәстүрлі 
дүниетанымы болғаны мамандарға белгілі. Кез келген 
әлеуметтік немесе рухани құбылыстың мағыналық, маз­
мұндық, құндылықтық көрінісі жеке адам үшін неме­
се бүтіндей халық үшін құтты, қайырлы болмаса, онда 
оның өзіндік келбетінің әлеуметтік субъект үшін мәні де 
жоғалатыны анық. Бұл тұжырымдар өз кезегінде өткен та­
рихи кезеңдердегі және қазіргі таңдағы әлеуметтік үдеріске, 
әлеуметтік практикаға берілген жан­жақты және оңды 
аксиологиялық сипаттама болары сөзсіз. Қазақтың ділін 
жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде материалдық 
құндылықтарды иеленуге ұмтылушылық, оның қызығына 
дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқы­
мыз өзінің қоғамдық санасында дәріптемейтіндігін байқат­
ты. Сондықтан да болар, мұсылмандық дүниетаным арқы лы 
келген «қанағат», «төзімділік», «сабыр», «тәубе» сияқты 
терең мағыналы ұғымдар халқымыздың әлемді түсіну 
көкжиегіне үйлесімді сіңісіп кеткені көрінеді. «Қанағат 
қарын тойғызар» деген халқымыз әрбір нәрсенің, әрбір 
құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін өлше мі 
болады деп түсінген. Олар халықтың дүниетанымында диа­
лектикалық, әдіснамалық, логикалық, экзистенциалдық 
тү 
сі 
ніктердің қалыптасқандығын білдіретін әлемге қаты­
нас 
тардың болғанының дәлелі. Бұл жағынан алғанда сан 
ға сырлық бай дәстүрлі тарихы бар Шығыстың даналығын 
қордалаған қытайлықтардың құндылықтық бағдарларымен 
біршама ұқсастығымыз да бар деуге болады. Ал енді басқа 
халықтардың әлеуметтік тіршілігіндегі онтологиялық тіректі 
рухани дүниенің әр түрлі салаларынан таба біліп (жапондар 
эстетикадан, римдіктер құқықтан, гректер философиядан, 
қазақтар этикадан, парсылар поэзиядан және т.б.), басқа сала­
ларды сол жүйені тұтастандыра құраушы элементтері ретінде 

128
қарастыруы шын мәнінде жалпы өмірдің терең құпиялы 
мәнін философиялық тұрғыда ашады.
Шынтуайтына келгенде, түркі бабаларымыздың дана­
лыққа толы құштарлығы мен тұжырымдары тек қазақ халқы 
үшін ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл түркі 
әлеміне, одан кеңірек алсақ, барлық адамзат баласына ру­
хани бағдар болып табылады. Сонау Орхон­Енисей жазбала­
ры мен Абайдың кісілік философиясы, Шәкәрімнің ар­ұят, 
ұждан философиясы аралығында игерілмеген, өзінің толық 
философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде ала 
қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен, халықтың діни 
сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өзара астарласу мәселесі 
өзінің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті 
мәселелердің қатарына жатады. Қазақтың әлемді қабылдауы 
батыстық үлгілерден айрықша ұстындарға негізделген. Бұл 
да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол даналықты, 
саз бен сөзді жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ 
халқының даналық тағылымдары аталған тарихи үлгіні, 
мәдени парадигманы сабақтастықпен жалғастырып келе 
жатқан бірегей мәдениет болып табылады.
Қазақ халқының жоғары кісілік және тұлғалық фи ло­
софиялық мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалым­
дардың көбісі халықтың дәстүрлі дүниетанымында «көркем 
образдар» әлемі үстемдік ететінін байқайды. Шынымен­
де, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп көрсетуден 
гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап кел­
ген халықтардың қатарына жатады. Бұл ерекшелігі оның 
кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, ақынжанды ха­
лықтың арманшылдығын, ақкөңілділігін және даналығын 
білдіреді. Дегенмен, сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр 
психологиялық соққылар мен саяси қыспақтар бұл ерек­
шелікті біршама көмескілеп, тұмшалап тастағаны байқалады.
Ал қазіргі кезеңде жаһандану үдерістері алып кел­
ген сұрықсыздық, тұтынушылық психологиясы мен дара­
шыл 
 
дық, өзімшілдік философиясы қазіргі замандасы 
мыз­
дың санасына енбей қоймайды. Міне, сондықтан бұ рын ғы 
кісілікті, ізгілікті, қайырымдылықты, құтты, тө зім ділікті 
бәрінен жоғары қоятын халықтың санасы өзгерістерге, 

129
яғни трансформацияға ұшырауда. Сөйтіп, жаңа тұрпайы 
материалистік, прагматистік, тіпті, утилитарлық сипат­
та 
ғы құндылықтар жүйесі қоғамдық санада беки түсуде. 
Мұндай теріс мағынадағы үдерістер Жер бетіндегі барлық 
халықтардың тағдырына қатысты екені байқалады. Қа­
зақ 
тар – сол тұтастықтың бір бөлігі. Осыған орай қазақ 
халқының тағдыры абстрактілі мәселе емес, ол сол халықтың 
әрбір өкілінің бақытты өмірімен, дүниетанымымен аста­
сып жататынын айтуға болады. Ал әрбір тұлға бақытты бо­
луы үшін халықтың ғасырлар бойы қордаланған даналыққа 
толы рухани байлығын игеруі тиіс және әлеуметтің әрбір 
ғылыми мәселесін жан­жақты әдіснамалық тұрғыда зерделеу 
әріптестеріміздің қасиетті парызы.
Жалпы, философияның өзі – адамдардың еркін ойлау 
мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ілім. Оның құ­
рылымынан догмалық түрде қатып қалған көзқарастарды, 
түсініктерді іздеу жаңсақтық. Ол үнемі ағып жатқан өзендей 
түрленіп жаңғырып отыруы тиіс. Тек тоталитарлық қоғамда 
ғана философияның аясы тарылып, белгілі бір идеологиялық 
қалыптардың ауқымдарымен шектеліп отырады. Әрине, ол 
дегеніңіз, белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз емес. 
Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап 
ұғымдар бар екені белгілі. Мәселен, қазақтың дүниетанымдық 
және құндылықтық әлемі этикалық ұстындарды, негізінен, 
адамаралық қатынастарда өзектеп, биікке шығарып, оны 
барлық бағдарлардан жоғары қоятындығы анық көрсетіледі 
және осы ұстаным қазіргі зерттеулердің басымдық танытатын 
әдіснамалық қағидасына айналған. Сонымен, өзара түсінісу 
философиясы қазіргі көпэтносты қазақстандық қоғамның 
рухани келісімінің дүниетанымдық және әдіснамалық негізі 
болып табылады.
Әрбір этностық мәдениет қазіргі кезеңде өзінің төлту малық 
мәдениетін сақтау үшін ұлттық бірегейлігін, дара 
лығын 
білдіретін құндылықтар жүйесіне көңіл аударуда, сондықтан 
оны сақтауға, әрі қарай дамытуға жанталасуда. Шығыс тық 
ділге сәйкес келетін ерекшеліктер мен батыстық өркениет­
тік сипаттардың жетістіктерін синтездеу арқылы еліміздің 
өзгешелігіне сай келетін ұлттық идеяны, құндылықтық 
9­0192

130
бағдарды анықтау мәселесі тұр. Бұл мақсатқа қоғамды 
іштей рухани жағынан біріктіру, топтастыру, ешкімді көз­
қарасына қарап алаламау, сөйтіп, әрбір адамның әлемдегі 
өзіндік құндылығын бағалау, асқақтату сияқты теориялық 
іргетастарға әлеуметтік қатынастар негізделген жағдайда 
ғана қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезеңде Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған және 
елімізде іске асып жатқан «Қазақстан – 2050» Стратегиясы 
негізінде өзінің болашағын, рухани бағыт­бағдарын анық­
тау үстінде, сонымен бірге, әрбір қазақстандықтың көңі­
лінде жатқан көптеген сұрақтардың шешімі табыла баста­
уы заңды. Ал енді экономиканы, әлеуметтік мәселелерді 
бір жүйеге келтіру арқылы қоғамға тиімді рухани құн­
дылықтар жүйесін қалыптастыруға болады деген үстірт пі­
кір бар. Себебі руханилық қолайлылықтан туындамайды. 
Ке рісінше, ол қиындықты адамдар жұмыла отырып бірге 
же ңе білуге үйрену, ешкімді шыққан тегі мен түр­түсіне, 
өмір сүру салтына қарап шеттетпеуден басталады. Ал биік 
деңгейдегі руханилық пен мәдениет орныға бастаған қоғамда 
құндылықтар әлемі өзінің нағыз шынайы бейнесінде, өз 
формасында болмысын көрсетеді және адам үшін қызмет 
етеді, жеке тұлғаны бұл өмірде бақыттылыққа жеткізеді. 
Қазақ ойшылдарының шығармашылығында еркін ойлауға 
негізделген осындай бағыттағы озық даналық үлгілері көптеп 
кездеседі. Қазақтың, Абайдың кісілік философиясының мәні 
мен маңызы да осында.
Тарихи үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, руха­
ни сабақтастыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа негіз бола­
тын рухани құндылықтар еркіндік пен шығармашылық  тың, 
қайырымдылық пен ізгіліктің арқасында қалыптасады жә­
не дамиды. Адамның әлемге қатынасын айқындаушы фак­
торлар ақиқаттың заңдылығымен, оның үйлесімділікке толы 
ұстанымдарымен астасып жатады. Ал енді бір кезеңдерде 
өткен көшпелі мәдениетке сай құндылықтар жүйесі өзінің 
ділінде адамның табиғатпен үйлесімділігін дәріптеумен ерек­
шеленеді. Дәстүрлі қоғамның рухани құндылықтары көбі несе 
адамды тұрақтылыққа, әсемдікке жетелейді, оның бойын дағы 
бояулар нәзік лирикамен көмкерілген, техногендік прагма­

131
тизмнен, утилитаризмнен алыстау болып келеді. Сондықтан 
қазіргі заманның өркениетті бағдарлары, ақпараттық тех­
нология мен нанотехнологияға бетбұрған постиндустрия­
лық дамуы дәстүрлі қоғамның рухани байлығын тұтастай 
жоққа шығармауы тиіс, оны тиісті жерінде бейімдеп, рухани 
қажетіне жаратып пайдалана білгені жөн.
 Тәуелсіз мемлекет, асылы, айқын мәдени және рухани­
адамгершілік бағдарсыз ойдағыдай дамымайды. Өткеннің 
барлығы із­түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне ұлт сана­
сында ертегі­аңыз, эпос халықтың философиялық па йымдау 
жүйесінің өзегі болып, ұлттық тарихтың қатпар­қатпар 
қойнауында жинала бермекші. Егер Қазақстанға жағы­
рапиялық және әлеуметтік­мәдени шолу жасасақ, біздің елі­
міз Батыс пен Шығыс және ежелгі өркениетті Қытайдың қақ 
ортасында орналасқан. Бұл фактор қазақ халқының кешегі, 
бүгінгі және болашақтағы рухани болмысына, құндылықтар 
әлеміне және дүниетанымына әсерін тигізбей қоймайды. 
Ендеше, біз үшін мәдениеттің экономика мен саясатқа қара­
ғанда артықшылығы басымырақ. Дәстүрлі қазақ қоғамын 
осындай өркениеттік әдіснама бағытында зерттеу қомақты 
философиялық нәтижелерге жетелейді. Қазақ философия­
сы қазақ тарихы мен әдебиеті бойынша зерттеулердің әдіс­
намалық, методологиялық негізі болып табылады.
Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі фи­
лософиясы арасындағы рухани­мәдени байланысты терең­
дету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатармәдени 
әр  түр лілікке байланысты XX ғасырда кең дами бастаған фи­
лософиялық ойлау мен пайымдау жаңа типтерін игеру қазіргі 
таңда маңызды болып отыр. Өйткені оларда демократиялық 
мәдениеттің, азаматтық қоғамның қалыптасуы, рационал­
дықтың жаңа тәжірибесі жинақталған. Бұл тәжірибе біздің 
ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып, ұлттық философия­
мыз бен ұлттық мәдениетімізді атамекенде өркендетуге 
теориялық­әдіснамалық негіз ретінде көмек береді, басқа 
мәдени кеңістіктермен тиімді сұхбаттық қатынаста болуға 
шақырады.
 
 

132
Ғарифолла ЕСІМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет