Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІМІЗ



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІМІЗ
Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқа­
тар мемлекеттік кітапханалары қолжазба қорларында елі­
міздің ортағасырлық шаһарлары мен кенттерінен шыққан 
арыстарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және арагідік 
басылған да еңбектері бар.
Солардың ішінде Отырар, Исфиджаб­Сайрам, Тараз, Бала­
сағұн, Түркістан, Сығанақ, Женд ғұламаларының түрлі та­
қырыпты қамтитын қолжазбалары көптігімен таңғал 
ды­
рады. Мысалы, Әбу Насыр әл­Фараби, Мұхаммед бин Ахмед 
бин Иусуф әл­Исфиджаби, Абд әл­Уахид бин Мұхаммед ас­
Сайрами, Ала ад­дин Түркістани, Һибатулла ат­Түркістани 
ат­Тарази, Хұсам ад­дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл­Ханафи 
ас­Сығнақи, Мұхаммед Абд ас­Саттар әл­Кердери, Мұхий 
ад­дин Женди шығармалары және  Қожа Ахмет Йасауи «Ди­
уанының» көшірмелері жиі кездеседі.
Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы 
Таяу және Орта Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орта­
лықтары Бағдад пен Басра, Дамашық пен Халаб, Мекке мен 
Мәдина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені 1517 жылдан 
бастап араб дүниесі мен олардың аталмыш шаһар лары тү­
ріктер құзырында болды. Сол себепті де ұлан­ғайырға кө­
сілген дәулет астанасы Стамбұлға және Түркияның өзге де 
қалаларына тек жазба жәдігерліктер ғана емес, сон дай­ақ 
Топқапы сарайына Ибраһим (ғ.с.), Исмаил (ғ.с.), Мұ хаммед 
(с.ғ.с.) пайғамбарымыздың жеке заттары, қасиетті Кағ 
ба­
ның кілттері, халифалар мен әскери қолбасшылардың қы­
лыштары да әкелінді. Олардың арасында Алла Тағаланың 
соң ғы елшісінің (с.ғ.с.) хаттары да бар. Аса құнды ол заттар 
қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда.

52
Иә, Түркия – исламдық жәдігерлер мен мұраларды жи­
нап, сақтауға, зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан өр­
кениетті ел, оның кітапхана қорлары араб, парсы тіліндегі 
қолжазбаларға байлығымен танымал.
Елдің кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты 
ондай дүниелер жайлы мәліметтерді Стамбұлдағы төмендегі­
дей кітапханалар мен қолжазба қорларынан табуға болады.
ISAM  – түрікшеден аударғанда «Ислами зерттеулер ор­
талығы» дегенді білдіретін қысқартылған сөз. Ол Түркия 
уақыфтарының бас кеңесіне бағынады. Мекеме арнайы са­
лынған әдемі ғимаратқа жайғасқан. Кітапхана қорына тек 
Түр киядағы ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан ис­
ламға қатысты зерттеу кітаптары да алдырылып отырады, 
он дағы қолжазбалар каталогі компьютерге түсірілген, кө­
шір мелерін дайындап бере алады. Жалпы Түркияның ислам 
саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру жолында 
тех ника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі 
деу ге болады. Соның бір дәлелі – кітапханаларында сақтал ған 
бағалы кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшір ме сін 
тез жасатып алу мүмкіндігі.
ISAM­да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың бі­
регейі – көп томды Ислам энциклопедиясының қазірдің өзін­
де 42 томының шығып үлгеруі.
Түркияның түрлі кітапханалары мен қолжазба қорла­
рында 2001­2010 жылдары, ал Стамбұлға арнайы барған 
соңғы яғни 2013 жылғы сапарымда осы ежелгі шаһардағы 
ISAM мен төмендегі бірнеше кітапханалар мен қолжазба қор­
ларында жұмыс істедім.
Сүлеймания кітапханасы – Стамбұлдағы ХVIII ғасыр дан 
бері қызмет етіп келе жатқан ежелгі, үлкен кітапханалар дың 
бірі. Ол атақты Сүлейман паша мешітінің жанында, ме шіт 
кешенінің құрамдас бір бөлігі. Құрылысы 1557 жылы аяқ­
талған. Әуелде ғибадатхананың арнайы жеке кітапханасы 
бол маған. Сол себепті ол медресенің хұжырыларына бөліне 
жайғасқан.Кітапхана рухани жазба дүниелерге бай. Оның қо­
рына VIII­XIX ғасырларға жататын 73 мың қолжазба мен 
50 мың кітап, 94 мың уақып бар.

53
Баязит кітапханасы – Стамбұлдағы үлкен кітапхана­
лар дың бірі. Оның қоры бір миллионнан астам еңбектерді 
қамтиды, олар: кітаптар мен мерзімді басылымдар, газеттер, 
сирек ұшырасатын шығармалар, карталар мен плакаттар жә­
не архивтегі ақшаларды да қамтиды. Кітапхана оқу залдары, 
арнаулы аспаптармен жабдықталған кабинеттер, мүгедектер­
ге арналған бөлмелер, музыка және бейне нөмірлер, салтанат­
ты мәжіліс өткізетін  залдардан тұрады.
Нури Османия кітапханасыда Стамбұлда. Құрылысы 
І Мах  мұт патша кезінде 1749 жылы басталып, 1755 жылы 
ІІІ Осман патшаның тұсында аяқталған. Сәулетшісі – Синан 
Калфа. Кітапхананың басты ерекшелігі – ғимараттың ба­
рокко стилінделігі. Кітапхана мешіттің шығыс жағында, екі 
қабатты жеке ғимаратта. Үстіңгі қабаты – оқу залы мен қой­
ма. Ғимараттың барокко стилінің ең басты ерекшелігі болып 
табылатын 30 гипстік сылақты терезелері, екі есігі бар. Бірінің 
үстіңгі жағында араб тілінде «Білімді бесіктен көрге дейін 
ізде» деген хадис өрнектелген. Кітапхана коллек циясында ос­
ман, араб, парсы тілдеріндегі қолжазбалар, І Мах  мұт пен ІІІ Ос ­
ман патшалар және Байрам пашаның 79 қолжаз басы бар.
Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеушілердің бірі Ре­
сей тарихшысы А.Ю. Якубовский (1886­1953) ХХ ғасырдың 
20­жылдары Сығанақ жайлы мағлұмат жинап жүргенде 
ака демик В.В. Бартольд (1869­1930) оған Стамбұлға барған 
са 
парында осы Нури Османия кітапханасында сақтаулы 
«Миһман наме­ий Бұхара» («Бұхара мейманының жазбала­
ры») атты қолжазбадан (Фазл Аллаһ ибн Рузбихан Исфаһани) 
Сығанақтың бір ақынының өлең жолдарын жазып әкеліп 
береді. А.Ю. Якубовский оны кейінірек (1929 ж.) «Сығанақ 
қаласының жұқаналары» атты еңбегіне эпиграф етіп алған.
Миллет кітапханасын 1700­1701 жылдары Шейху­л­Ис­
лам Сейд Фейзуллах Эфенди салдырған. ХІХ ғасыр басын­
да кітапхананы бұзу ұйғарылған, себебі кітапхананың ор­
нына көлік тұрағын салу қажет деп саналған. Солай болса 
да Стамбұл Әуесқойлар Ассоциациясы Назири Аукаф пен 
Шейху­л­Ислам Хайри Эфендидің қолдауы және күш­қай­
ратымен кітапхана жойылудан аман қалған. Одан соң ол Пар­
са Фатих есімін алады. Кітапхананы қалпына кетірумен қатар 

54
Фейзуллах Эфенди оған 2189 қолжазба, ал Әли Эфенди 1600 
кітапты сый еткен.
Стамбұлда Рашид Эфенди, Жаруллах Эфенди, Хакимог­
лы, Әли Паша және Парса Пашалар салдырған кітапханалар 
да болған. Бірақ  1942 жылдан соң олар жарамсыз күйге түс­
кен. Олардың дүниелерінің бәрі Парса кітапханасына және 
Фейзуллах Эфенди кітаптарының қорына жиналады. 1962 жы­
лы Парса кітапханасы көпшілік кітапханаға айналғанда 
көптеген жеке уақып кітапханаларындағы дүниелер Сүлей­
мания кітапханасына өткізілген. Кітапхана коллекциялары 
Лалелідегі Симкешан ғимаратына беріледі, одан соң Пар­
са кітапханасы өзінің дербестігін қайта алып, ары қарай 
Стамбұлдағы Фатих аумағында көпшілік кітапхана ретінде 
қызмет етуін жалғастырады.
Мұрат Молла, Әділ Сұлтан, Юсуф Паша Хакимоглы, Әли 
Паша көпшілік кітапханалары және Әбу Бәкір Паша, Явуз 
Селим, Әли Эфенди балалар кітапханасы үлестес субъеди­
ница ретінде Парса кітапханасында қызмет атқарды, бірақ 
олар коммерциялық ұйым еместер қатарына жатқызылды.
Мұрат Молла кітапханаларындағы қолжазбалар 2000 жылы 
Сүлеймания кітапханасына берілген және қоры көпшілік 
үшін ашық болған. Қазіргі таңда кітапхана «Парса қолжаз­
балар кітапханасы» деген атаумен қызметін жалғастыруда.
Стамбұл кітапханасы – шаһардың ең үлкені. Оның құ­
рамына Йылдыз кітапханасындағы (ІІІ Сұлтан Абдул Ха­
мидтің шамамен 30 мың жеке коллекциясы) және өзге де 
жеке коллекциялар кіреді. Университеттің әр факультетінің 
жеке де кітапханалары бар. Стамбұл университетінің кітап­
ха на сы 1933 жылдан бастап Стамбұл университетінің осы оқу 
ор нының орталық кітапханасы деп атала бастайды.
Топкапы кітапханасы 1928 жылы құрылған. Топка­
пы сарайы музейінің жанында. Ол – Стамбұлдағы екінші 
ескі кітапханалардың бірі. Мұнда османдық каллиграфия 
өнерінің үлгілері, сонымен қатар қамыс қарындашпен бояу 
жаққыш қарындаштар сақталған жәшік, қайшылыр, ұста­
ғыш пышақтар, қасиетті Құран сақталған қаптама, кітап 
қоюға арналған сүйемен, мөрлер мен карталар сақталған. 

55
Кітапхана көшірме және баспа қызметтері, микрофильмдер 
мен суреттер қызметін көрсетеді.
Көпрүлү кітапханасын ұлы елші Мехмет Көпрүлү 1661 
жы лы салдырған. Ол – Стамбұлдағы тәуелсіз әрлемнің ең 
ал ғашқы үлгісі. Кітапхана баудың ішінде, Чемберлітас ала­
ңының оңтүстік жағында – үш жағы көшелер. Кітапхана кір­
піш пен тастан қаланып, күмбезбен  көмкерілген.
Атиф Эфенди кітапханасы.
Рагиб паша кітапханасы.
Хаджи Салим аға кітапханасы.
Фатих Файзулла Эфенди кітапханасы.
Анкара кітапханасы, яғни Ұлттық кітапхана 1946 жылы 
Халықаралық кітапханалар үйі негізінде қаланған. Ол – 
Түркиядағы ең үлкен кітапханалардың бірі. Ондағы кітаптар 
қоры 5 бөлікке бөлінген:
1. Ежелгі шығыс және түрік тілдеріндегі қолжазбалар;
2. Түрік кітап басып шығару ісінің бастапқы кезіне дейін 
басылған,қатталуы қолжазбаға ұқсас кітаптар. Олар – 1729­
1928 жж. араб қарпімен терілген түрік басылымдары;
3. 1928 жылдан бастап шыға бастаған барлық түрік басы­
лымдары;
4. Түркия туралы барлық тілдердегі кітаптар;
5. Барлық білім салалары бойынша құнды шетел баспала­
ры жатады.
Сонымен, Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ да­
ласы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз 
етер болсақ, әуелі әрине Отырар ұландары бірінші орында 
тұрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін 
араб, түрік, парсы, ағылшын тілдеріндегі еңбектері өз алды­
на бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист ғалым Әбу Насыр 
әл­Фараби (870­950 жж.) бастаған отырарлық ойпаздардың 
орны бөлек.
Фарабтық ойшылдар
1. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.)
а) Араб тілінде:
1) «Рисала фи­л ақл» – «Ақыл (парасат) жайлы трактат». 
Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы, Рагиб паша қоры.

56
2) «Китабу­л мантиқ» – «Логика жайлы кітап». Қолжазба. 
194 бет. Топкапы сарайы кітапханасы. Аманат қазынасы.
3) «Диуан» – «Жинақ». Қолжазба. Баязит мемлекеттік кі­
тапханасы.
4) Рисала танбиһ ала сабил­с сағада – «Бақыт жолын көр­
сету жайлы трактат». Қолжазба Селжуқ, Анкара университет­
тері илаһийат факультеттері.
5) «Рисала фи­л илми илаһи» – «Тәңірлік ілім жайлы трак­
тат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
6) «Рисала фи­л ахлақ» – «Мінез­құлық жайлы трактат». 
Қолжазба, Сүлеймания кітапханасы.
7) «Ат­Тағлиқат» – «Афористикалық (жазбалар»). Қол­
жазба. Рагиб паша, Анкара университеті кітапханасы.
8) «Китабу­л Ибара» – «Сөйлем жайлы кітап». Қолжазба. 
Түркі тарихы және Көпрүлү, Қара теңіз техникалық универ­
ситет кітапханалары.
9) «Китабу­т тахлил» – «Талдау (анализ) туралы кітап». 
Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
10) «Фалсафату­л Аристуталис» – «Аристотельдің филосо­
фиясы». Қолжазба. Стамбұл университеті кітапханасы.
11) «Китаб ара аһл әл­мәдинату­л фадила» – «Қайырымды 
қала тұрғындарының көзқарасы жайлы кітап». Бейрут. Нас­
ри Надир баспасы. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы, Сү­
леймания кітапханасы.
12) «Рисала фи фадилату­л улум уа­с санаат» – «Ғылым 
мен түрлі өнерлердің қасиеті жайлы трактат». Қолжазба. 
Стам бұл университеті кітапханасы.
13) «Китаб әл­хуруф» – «Әріптер жайлы кітап». Бейрут 
1920, 1986, 1990.
14) «Ағмалу­л фалсафия» – «Философиялық жұмыстар». 
Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
15) «Китаб ихса әл­улум» – «Ғылымдарды жіктеу жайлы 
кітап». Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы.
16) «Уйуну­л масаил» – «Мәселелер қайнары». Қолжазба. 
Көпрүлү кітапханасы, Рашид Эфенди қоры.
17) «Китабу­л қийас» – «Силлогизм туралы кітап». Қол­
жазба. Сүлеймания кітапханасы.

57
18) «Шарх Әбу Насыр әл­Фараби ли­китаб Аристуталис 
фи­л қийасат»– «Аристотельдің «Силлогизм» кітабына Әбу 
Насыр әл­Фарабидің түсіндірмесі». Қолжазба. Топкапы са­
райы кітапханасы.
19) «Әл­Әлфадуил Афлатунийа уа­т тақуилус сийасату­л 
мулукийа» – Қолжазба. Топкапы сарайының кітапханасы, 
Сүлеймания кітапханасы.
20) «Китаб мусик әл­кабир» – «Музыканың үлкен кіта бы». 
Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
21) «Китабу­л аурад» – «Дұға жайлы кітап». Қолжазба. Сү­
леймания кітапханасы.
22) «Рисала фи­л хикамиия». Қолжазба. Сүлеймания кі­
тапханасы.
23) «Китабу­с­сийасату­л маданийа» – «Азаматтық сая сат 
жайлы кітап». Хайдарабад. Мажлис баспасы. Анкара уни­
верситеті илаһийат факультеті кітапханасы.
24) «Рисала фима йанбағи ан йуқаддим қабла тағлими фал­
сафа» – «Философияны үйренуден бұрын нені білу керек тігі 
жайлы трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
25) «Китабу­л жадал» – «Диалектика жайлы кітап». Қол­
жазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
26) «Китабу­л мадхал ала синату­л мусика» – «Музыка 
өнеріне кіріспе кітап». Қолжазба. Рагиб паша қоры.
27) «Фусулу­л мадани» – «Азаматтық бөлімдері». – Измир, 
1987 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы, 19 май универси теті 
кітапханасы.
28) «Китаб мусик әл­кәбир» – «Музыканың үлкен кітабы», 
Париж, 1930 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
29) «Әл­Мадинату­л фадила» – «Қайырымды қала», Стам­
бұл, 1956. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
30) «Талхис науамис Афлатун» – «Платон заңдарына қо­
рытынды». Варвург институты, 1952.
31) «Рисала ужуһ уа имкан» – «Ұлы Жаратушы және 
әлем жайлы трактат». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы кітап­
ханасы.
32) «Ихса­ул улум» – «Ғылымдарды жіктеу». Стамбұл, 
1990, Ерзурум университеті илаһийат факультеті кі 
тап­
ханасы.

58
33) «Китабу­л жам байна райайни­л хакимайн» – «Екі ба­
сым ойды тоғыстыру (хакимайн) жайлы кітап». Бейрут, 1986.
34) «Китабу­л хуруф» – «Әріптер жайлы кітап». Бейрут, 
1986.
35) «Мабади ала аһл мадинатил фадила» – «Қайырымды 
қала халқының негізі». Оксфорд, 1985.
36) «Таалики ибн уажжа ала мантики­л фадаил» – «Ибн 
Уаж жаның қасиеттер логикасына түсіндірмесі». Бейрут, 1994.
37) «Китаб ал­Алфазу­л мустаъмала фи­л мантик» – «Қи­
сын ілімінде қолданылатын сөздер». Қолжазба. Ғази уни­
верситеті кітапханасы.
38) «Мантиқ инда ал­Фараби» – «Әл­Фарабидің логика­
сы». Бейрут, 1985.
39) «Китаб ал­имкинату­л маглата» – «Софизмнің мүм­
кіндігі жайлы кітап». Қолжазба. Қара теңіз техникалық уни­
верситеті кітапханасы.
40) «Ахсайу­л уиқайат». Қолжазба. Маниса кітапханасы. 
Философия мәселелері сөз болған.
41) «Рисалатани фалсафиатани» – «Философиялық екі 
трактат». Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кі­
тап ханасы.
42) «Рисала фи­л масаили мутафаррика» – «Әр түрлі мә­
селелер жайлы трактат». Қолжазба. Анкара университеті 
ила һийат факультеті университеті.
43) «Ар­Рисалату зийнунийа» – «Зинун трактаты» Қол­
жазба. Баязит кітапханасы.
44) «Әл­Мабади» – «Негіздер». Қолжазба. Миллет кітап­
ханасы.
45) «Китабу­л бурһан» – «Дәлел жайлы кітап» Қолжазба. 
Миллет кітапханасы.
46) «Рисала шарх рисалати­з зийнуни­л кабири­л йуна­
ний» – «Грек үлкен Зинун трактатына түсіндірме». Қолжазба. 
Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
47) «Рисала ад­дуаи­л қалбийа» – «Жүрек дұғасы трак­
таты». Хайдарабад. Мажлис баспасы. Анкара университеті 
илаһийат факультеті кітапханасы.
48) «Фусул мунтаза». Қолжазба. Түрік тарихы ұйы мы­
кітапханасы.

59
49) «Рисала фи ма йасиху уа ма йасиху мин ахками­н ну­
жум» –«Жұлдыздар туралы дұрыс және дұрыс емес үкімдер 
жайлы трактат». Қолжазба. Мармара университеті илаһийат 
факультетінің кітапханасы.
50) «Китабу Аристуталис фи­л ибари» – «Аристотелдің 
сөйлем жайлы кітабы». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы 
кітапханасы.
51) «Шарх фусусу­л хикам» – «Кемеңгерлік меруерті 
(трак 
татына) түсіндірме». Қолжазба. Анкара университеті 
кітапханасы.
52) «Фадилату­л­улум уа­с синаға» – «Ғылымдар мен 
түрлі өнерлердің қасиеті». Қолжазба. Анкара университеті 
илаһийат факультеті кітапханасы.
53) «Китабу­л фусус» – «Гауһар тастар жайлы кітап». 
Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітап­
ханасы.
54) «Рисала макалату фи аград ма бада­т табиғат» Қолжаз­
ба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
55) «Рисалату фи исбати­л муфарриқат» – «Бөлушілер­
дің барлығын дәлелдеу» атты трактат. Қолжазба. Анкара 
университеті илаһийат факультеті, Сүлеймания кітапханасы.
56) «Китабу­л милла уа нусусу ухра» – «Ұлт және басқа да 
деректер жайлы трактат». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы 
кітапханасы.
57) «Ас­Сиясату­л маданийа ау мабаду­л маужудат» – 
«Азаматтық саясат немесе болмыс әлемінің ережелері». 
Қол жазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітап­
ханасы.
58) «Әл­Жамиғ байна райи­л хакимайн Афлатун әл­
илаһи уа Аристуталис» – «Екі кемеңгердің – Аристотель 
мен Платонның ойларының жинағы». Қолжазба. Анкара 
уни верситеті илаһийат факультеті және Сүлеймания кітап­
ханалары.
59) «Мабадиу­л фалсафату­л қадима» – «Ежелгі филосо  фия 
негізі». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факуль  теті 
кітапханасы.
60) «Рисала ли­л муаллими­с сани фи жауаби масаил суйла 
анһу» – «Екінші мұғалімнің сұралған мәселелердің жауапта­

60
рын қамтыған трактаты». Қолжазба. Мармара университеті 
илаһийат факультеті кітапханасы.
61) Фусус. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
62) Фусус Кабир. Қолжазба. Миллет кітапханасы.
63) Фусус сағир. Қолжазба. Миллет кітапханасы.
64) Мақала фи мабади­т табиға. Қолжазба. Қожа Рагиб 
паша қоры.
65) «Зийну­л кабири­л йунани» – «Грек үлкен Зинун». 
Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті.
66) «Әл­Мажмуғ». «Жинақ». Қолжазба. Түрік тарихы 
ұйы мы кітапханасы. Қолжазба.
67) «Әл­Мадхал ила синағати­л мусиқа» – «Музыка өнері 
трактатына кіріспе». Қолжазба. Көпрулү кітапханасы.
68) «Тақуиму­с сиясату­л мулкийа уа­л ахлақи­л ихтий­
арийа» – «Патшалық саясатты және ерікті мінезді түзулеу, 
дұрыстау». Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы.
69) «Ажайбу­н нусус фи тахзибу­л фусус» – «Гауһарларды 
реттеу ғажайып адамдардың орны». Қолжазба. Анкара уни­
верситеті илаһийат факультеті кітапханасы.
70) «Фасл мин китабу­с сиясати­л маданийа» – «Азаматтық 
саясат кітабының бір бөлігі». Қолжазба. Сүлеймания кітап­
ханасы.
71) «Рисала фи мабадил­лати биһа әсжам уа­л ағрад» – 
«Денелер мен (ағрадтардың) негізі саналатын қағидалар». 
Қол жазба. Сүлеймания кітапханасы.
72) «Рисала фи­л уахид уа­л уахда» – «Бір мен бірлік жай­
лы трактат» Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
73) «Рисала фи тафсири китаби­л мадхал фи синағати­л 
мантық» – «Логика өнеріне кіріспе кітабына тәпсір жайлы 
трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
74) «Әл­Мантиқу­с саманийа» – «Сегіз логика». Қолжазба. 
Сүлеймания кітапханасы.
75) «Әл­Ибара‘анаради Аристуталис фи китаби ма Бағ­
даттабиға» Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
76) «Әл­Масаилу­л фалсафийа уа­л ажуиуа‘анһа» – «Фал­
сафа мәселелері және олардың жауаптары». Қолжазба. Сү­
леймания кітапханасы.

61
77) «Әл­Адғийа» – «Дұғалар». Қолжазба. Сүлеймания 
кітапханасы.
78) «Әл­Жуғрафия инда­л муслимун» – «Мұсылмандарда 
жағрафия ілімі». Қолжазба. Харран университеті илаһийат 
факультеті кітапханасы.
Бұлардан басқа біршама трактаттар Әбу Насырдың көне 
грек оқымыстылары шығармаларына жазылған түсін дірме­
лерінен тұрады.
Иә, Түркия кітапханаларында сөйтіп Әбу Насыр әл­
Фарабидің негізінен осындай философия, логика, психоло­
гия, филология, музыка, географияға қатысты еңбектері нің 
қолжазбалары сақталған. Түрік ғалымдарының ХХ ғасыр ­
дың 50­жылдардан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек 
зерделеп, тіпті түрік тіліне де аударғаны байқалады. Солар­
дың ішінде Әбу Насырдың «Китабу­л хуруф» – «Әріптер жай­
лы кітап», «Китабу­т тахлил» – «Талдау кітабы» «Китабу­л 
ибда» – «Китабу­л қийас» – «Силлогизм кітабы», «Рисала 
танбиһ ала сабил­с сағада» – «Бақыт жолын көрсету жай­
лы трактат», «Мантиқ инда әл­Фараби» – «Әл­Фарабидің 
логикалық еңбектері», «Рисалату фи­л ақл» – «Ақыл жай­
лы трактат» «Фусусул Мадани» – «Азаматтық [саясат 
кітабының] гауһарлары», «Китаб ара аһл әл­мадинату­л 
фадила» – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» 
атты еңбектері жиірек ұшырасады. Сондай­ақ оның «Ихса 
әл­улум» – «Ғылымдарды жіктеу», «Сийасату­л мада­
нийа» – «Азаматтық саясат» секілді шығармаларын да кез­
дес тіреміз. Бұлардың бірқатары аз да болса Қазақстан дық 
фарабитанушыларға таныс, бірнешеуі зерттелген және орыс, 
қазақ тілдеріне тәржімалаған.
Түркияда Әбу Насырдың Бейрутте, Каирде, Теһранда, 
Хайдарабадта (Үндістан), Оксфордта араб, ағылшын, неміс 
тілдерінде басылған еңбектері де бар. Француз, ағылшын, 
неміс, парсы оқымыстыларын түрік ғалымдары сияқты Оты­
рар ғалымының философиялық, логикалық, музыкалық шы­
ғармалары көбірек қызықтырған.

62
Бауыржан БАЙТАНАЕВ
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРА – ЕЛ ҚАЗЫНАСЫ
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің қатысуымен 
өткен алқалы жиында Қазақстанның ұлттық тари­
хын тереңнен зерделеп­зерттеу мәселелері қаралып, оны 
дамытудың нақты бағыттары айқындалғаны мәлім. Ең 
бастысы, осының негізінде ұлттың шынайы да шыншыл 
тарихи санасын қалыптастыру міндеттері алға тартыл­
ды. Әлбетте, бұл міндеттен «тарихты күрекпен жазатын» 
археологтар да шет қалмақ емес. Біз соған орай Әлкей Марғұ­
лан атындағы Археология институтының бас директоры, 
Ұлттық ғылым академиясының корреспондент­мүшесі, та­
рих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаевқа жо­
лығып, әңгімелескен едік.
– Бауыржан Әбішұлы, ғасырлар бойғы тарихы жүйеленіп, 
қатталмаған қазақ едік. Одан КСРО құрамындағы бодандық 
кезінде жазылған тарихымызға қып­қызыл саясат арала­
сты. Ал енді тәуелсіз Қазақстанның артық­тыртықтан 
ада ақиқат тарихы қалай жазылуда?
– Біздің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институ­
ты – Тәуелсіздігіміздің құрдасы. Ол еліміздегі археология 
ғылымын басты үйлестіруші ретінде жиырма жылдан астам 
уақыт жолдылайықты жүріп өтті. Әрине, Тәуелсіздіктің 
ал 
ғашқы жылдарындағы қиыншылықтар археология ғы­
лы 
мы қалыптасуының алғашқы кезеңіне кері әсер етпей 
қоймады. Бұрынғы ғылыми байланыстар жоғалып, одақ­
тас республикалардың кітапханаларында, мұрағаттар қор­
ларында жұмыс істеу қиындады. Далалық археологиялық 
жұ 
мыстарды қаржыландыру құрдымға кетті. Бірақ оның 
есесіне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы археологиялық 

63
топтарымен өзара жаңа қарым­қатынас негізі қаланып, 
жаңа мүмкіндіктер мен жаңа ғылыми байланыстар пайда 
бол ды. Тоқсаныншы жылдардың өтпелі кезеңіндегі қар жы­
лық қиындықтарға қарамастан Оңтүстік Қазақстан ке шен ді 
археологиялық экспедициясы, Орталық Қазақстан ар 
хео­
логиялық экспедициясы, Жетісу кешенді археологиялық 
экс 
педициясы, Батыс және Шығыс Қазақстан, Солтүстік 
Қа зақстан және Сарыарқа археологиялық экспедициялары 
қыруар жұмыстар атқарды. 2004 жылы Қазақстан археоло­
гиясы өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Себебі елімізде 
бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасы іске 
қосылды. Бағдарламаның алғашқы кезеңі 2004­2006 жж. іске 
асты, екінші кезеңі 2007­2009 жж., үшінші кезеңі 2010 жыл­
дан 2012 жылға дейін жүргізілді. Осы жұмыстар нәтиже сінде 
тас дәуірінен соңғы орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын 
қыруар археологиялық материал жинақталды. Ал бұл мате­
риалдарды ғылыми тұрғыдан байыптап ұғыну үшін, зердеге 
сіңіру үшін алда бірнеше онжылдықтар керек болары сөз­
сіз. Осылайша, Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археология­
сы қалыптасу жолынан абыроймен өтті. Археология саласы 
алғашқы бейімделу кезеңінен тұрақтылық кезеңіне жетіп, 
Елбасымыз бастаған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 
бүгінде кемел дәрежеге көтерілген, шығармашылық ізденіс 
үстінде деп айта аламыз.
– «Қазақстан – 2050» Стратегиясында ел тарихын те­
реңнен зерттеу міндеті қойылған еді. Олай болса, бүгінгі күн­
нің өзекті тақырыптары қандай деп білесіз?
– Соның негізгілерін атасақ, қазақ ұлтының этногенезі 
мәселесі, ғасырлар қойнауында жатқан тарихи жәдігерлер­
ді ашу, шетелдердегі мұрағаттар мен ғылыми орталықтарда 
қазақ тарихына қатысты зерттеулер жүргізу деп кете береді. 
Бүгінгі зерттеліп жатқан мәселелер Қазақстан археоло гия 
ғылымының негізгі іргелі зерттеу бағыттарына әбден сай 
келеді. Олар мыналар: тас дәуірінде Қазақстан аумағында 
алғашқы қауымдық адамдардың таралып орналасуы, антро­
погенез мәселелерін жетілдіріп дамыту; археологиялық де­
ректер бойынша қазақ этногенезін зерттеу; көшпенділікті, 
ежелгі және орта ғасырдағы кенттену, көшпелі және оты­

64
рықшы тайпалардың өзара байланысын зерттеу; археоло­
гия, ежелгі өнер және сәулет өнері ескерткіштерін зерттеу. 
Соның ішінде Еуразия тарихында маңызды рөл атқарған ірі 
этностардың бірі – түркі халықтарының ғылыми тари хын 
жазу келелі міндеттердің қатарына кіреді.
– Бұған дейін қазақтың ұлттық тарихын бұрмалау да 
орын алды емес пе?
– Шынында да, ХV ғасырдағы Қазақ хандығы кезеңіне 
дейінгі тарихымыздың қазақ ұлтына тікелей қатысы жоқ 
деген пікірлер қалыптасқаны рас. Ендігі жерде тарихымыз­
дың хронологиялық кеңістігін кеңейту үшін археологтар 
еліміздің барлық аймақтарында зерттеулер жүргізуі тиіс. 
Қазақтың ұлттық тарихын ашу, ондағы ақтаңдақтарды 
аршу, оның ішінде қазақ халқының этногенезін терең зерт­
теу үшін бірінші кезекте салааралық ғылыми жұмыстарды 
нығайтуымыз қажет. Мысалы, антропология ғылымы дұрыс 
жолға қойылмай отыр. Өйткені Қазақстанда антрополог ма­
мандар даярлайтын оқу орны да, осы жұмысты алға басты­
ратын антрополог мамандар да жоқтың қасы. Сол себепті 
жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып антропологиялық 
зертханалар ашу, білікті мамандар даярлау – маңызды 
мәселелердің бірі. Тек антропология ғылымы аясында ғана біз 
қазақ халқының этногенезін толық қамтып зерттей аламыз. 
Ол үшін қазақ археологтары тапқан хранеологиялық матери­
алдар жеткілікті дер едім.
– Сіз бір сөзіңізде қазіргі қазақстандық археология ғы­
лымының бір түйткілі ретінде артефактілердің уақытын 
айқындау саласындағы олқылықтарды атап көрсеткеніңіз 
есімде.
– Иә, қазір әлемдік археология ғылымы жәдігерлер дің 
уақытын табиғи ғылым жолымен белгілеу орайында алға 
озып кетті. АҚШ, Германия, Англия, Жапония және басқа 
көптеген дамыған елдердің зертханалары түрлі әдістемелер 
мен технологияларды қолдана отырып, археологиялық зат­
тардың жасын үлкен дәлдікпен анықтауда. Кеңес кезінде 
Қазақстан мұндай проблемалардан аулақ тұрды. Себебі 
табиғи­ғылыми әдістермен уақытты айқындайтын зертхана­
лар Ресейдің үлкен қалаларында болды. Олар Кеңес Одағы 

65
тарағаннан кейін де сонда қалып қойды. Бір айтатын жайт, 
қазір елімізде табиғи­ғылыми әдістермен артефактілер 
уақытын айқындау жөнінде зерттеулер жүргізе алатын осы­
замандық бірегей де қымбат жабдықтар жоқ деп айта алмай­
мыз. Солар Алматы, Қарағанды, Өскемен және Шымкент 
қалаларындағы ғылыми­зерттеу институттары мен уни­
верситеттерінің бірқатар зертханаларында тұр. Бірақ, бір 
өкініштісі, осы зертханаларда аталмыш ғылым саласы бой­
ынша тиісті әдістемелермен жұмыс істейтін мамандар жоқ. 
Ендеше, Қазақстанда археологиялық уақытты айқындау 
жөніндегі зертханалар құру әбден толғағы жеткен мәселе. Бұл 
ретте біз Орталық Азия өңірінде көшбасшы болғанымыз жөн 
емес пе. Ол үшін өз мамандарымызды жәдігерлердің уақытын 
белгілеу жөніндегі әдістемелерді үйрену үшін шетелдерге 
тағылымдамаға жіберуіміз қажет. Сөйтіп, әлемдік тәжірибе 
негізіндегі өз әдістерімізді әзірлеуіміз керек. 
– Ал енді бізде тарихи­мәдени мұралар нысандарын сақ­
тау мен пайдалану жайы қалай болып отыр?
– Археологиялық ескерткіштер Қазақстанның туристік 
кластерін қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл 
өз кезегінде археологияның ашық аспан астындағы ескерт­
кіштерін дұрыс консервациялау мен музейлендіруге тікелей 
байланысты. Тарих пен мәдениет ескерткіштерін туризм нің 
тартымды нысандарына айналдырмайынша, ол жерлерде 
тиісті инфрақұрылым жасамайынша туризмді әсте да мыта 
алмайтынымызды түсінетін мезгіл жетті. Әрине, қиын  шы­
лықтар жетерлік. Қазақстанның археологиялық ес керт кіш­
терін музейлендіруге климат жағдайлары кедергі кел ті руде. 
Сондай­ақ, негізінен кәдімгі сазбалшықтан тұратын құ рылыс 
материалдарын консервациялаудың күрделілігі де өз алдына.
– Бұл орайда да кілтипандар ең әуелі білікті кадрлардың 
жоқтығына тіреліп тұрған жоқ па?
– Оныңыз рас. Мұражайшы­реставраторлардың, сәулет­
ші­реставраторлардың және қажетті әдістеменің жоқтығы 
көптеген игілікті іске қолбайлау болуда. Сондықтан архео­
логиялық консервация, реставрация, музейлендіру және 
тиісті реставрациялық жұмыстар әдістемесін зерттеу салала­
ры бойынша мамандар даярлайтын оқу­әдістемелік мекеме­
5­0192

66
лер құрған дұрыс деп санаймыз. Бұл үшін шетелдік таңдау­
лы ғылыми мекемелер мен музейлерге өз мамандарымыз ды 
оқу ға жібергеніміз жөн. Олар сол жерлерден археология  лық 
ны сандарды консервациялау, қалпына келтіру және му зей­
лендіру әдістемесі орайында әлемдік тәжірибемен танысып, 
білім­білігі молығып келер еді.
– Елімізде ұлан­ғайыр аумақта жыл сайын көптеген 
археологиялық ескерткіштер жойылып жатады деген дерек­
тер жөнінде не айтар едіңіз?
– Әлбетте, Қазақстан экономикасының қарқынды өсуі, 
тәуелсіздік кезеңіндегі орасан зор құрылыстар, жердің халық 
шаруашылығы мақсатында игерілуі тарихи­мәдени мұра 
ескерткіштерін сақтауға байланысты проблемаларды туды­
руда. Бұл келеңсіздіктер, ең алдымен, негізінен Қазақстан 
Республикасының «Тарихи­мәдени мұраны қорғау және пай­
далану туралы» Заңының жекелеген адамдар тарапынан орын­
далмауы, солардың жайбарақаттығы мен немқұрайдылығы 
салдарынан орын алуда. 2007 жылы аталмыш заңға түзету 
енгізіліп, онда жер телімі бөлінгенге дейін ол арада тарихи­
мәдени мұраның бар­жоғын анықтау керектігі айтылған бо­
латын. Алайда жер­жерде заң сақтала бермейді. Өңірлерде 
археология ескерткіштері маңындағы аумақпен қоса, алдын 
ала зерттеу жүргізілмей жеке меншікке беріп жіберілген не­
месе құрылыс кезінде жойылып кеткен мысалдар көптеп са­
налады. Міне, осыған өкілетті органдарымыздың жол бере­
тіні өкінішті. Оның үстіне Қазақстанда «қара археология» 
жұмыстарының да нақты айғақтары жоқ емес. Мысалы, киім 
нақыштары тәуелсіз Қазақстанның рәміздеріне енген атақ ты 
«Алтын адам» табылған Есік қорғаны министрліктің сала лық 
бағдарламасы аясында емес, археологиялық апаттық қорғау 
жұмыстары шеңберінде зерттелді. Археология институты­
ның мамандары жақында ғана ашқан екі жаңалық жайын­
да да осыны айтуға болады. Оңтүстік Қазақстан облысының 
Сайрам ауданында, құрылысын археологтар тоқтатқан са­
уда орталығының орнында ортағасырлық күміс теңгелер 
мен алтын бұйымдардың екі көмбесі табылды. Теңге көм­
бесі Қазақстан археологиясының күллі тарихындағы ең ірі 

67
қазынаға жатады. Онда 2600­ден астам айрықша сирек күміс 
теңгелер бар болып шықты.
Осынау көмбені зерттеу ортағасырлық Қазақстанның өн­
дірістік­экономикалық қатынастары тарихына қатысты бір­
қатар толғамды сұрақтарға тиянақты жауап береді. Алтын 
бұйымдар көмбесінің көркемдік құндылығы аса жоғары. Бұл 
ортағасырлық қалашықтағы ескерткіштің нақтылы мәдени 
қабатынан тапқан археологтардың тұңғыш олжасы болуы­
мен де құнды. Әрине, екінші жаңалық – Шығыс Қазақстан 
облысындағы обалардың бірінен табылған Үржар ханшайы­
мы. Бұл – текті әулеттен шыққан жас әйелдің қаңқа сүйегі. 
Тас сағанада гранит тақталардың астында сақталған. Осынау 
олжалардың құндылығы сол, олар сонау ықылым замандар­
дан бүгінгі күнге алғашқы қалпында, қол тимеген күйінде 
жетіп отыр. Бұл жәдігерлер бізге ежелгі және ортағасырлық 
Қазақстандағы этно­мәдени үдерістерді дәйектеп зерттеуге 
мүмкіндік берері анық. Аталмыш олжалар болашақта Аста­
нада салынып жатқан Ұлттық мұражайдан лайықты орнын 
алады деп үміттенеміз.
– Сонда осы айтқандарыңыздан шығатын қорытынды 
қандай болмақ?
– Барымызды бағалай білейік деймін. Қазақ жері архео­
логиялық құндылықтарға аса бай. Олай болса, Қазақстан­
ның қолданбалы археологиясы ең алдымен, өз күш­жігерін 
құ ры лыс немесе жерді шаруашылық мақсатта игеру кезінде 
толық жойылу қаупі төнген, қирап, құрып бара жатқан 
ескерткіш 
терді зерттеуге бағытталуы тиіс. Қазақстан та­
рихшылары жер­жерде археология ескерткіштерін қорғау 
жөніндегі өкілетті органдар өкілдерімен бірлесе отырып, 
мәдени мұрамызды сақтау орайында жан­жақты қажыр­
қайраттарын аямауы тиіс деп есептеймін. Республика 
да­
ғы бас мекеме ретінде Ә. Марғұлан атындағы Археология 
инсти тутының міндеті бұл ретте үйлестірушілік һәм ұсы­
ныс айтушылық рөл атқаруға саяды. Арнайы заңнамалық 
негіз жасап алмайынша тарихи­мәдени мұраны қорғау мәсе­
ле лерін түпкілікті шешу мүмкін емес. Сондықтан қазіргі 
уақытта елімізде «Археологиялық мұра туралы» арнайы 
заң қабылдау қажеттігі туып отырғаны әмбеге аян. Мұндай 

68
заңдар Молдова, Украина, Өзбекстан сияқты бұрынғы ке­
ңестік республикалар мен Балтық елдерінде табысты жү­
зеге асуда. Осындай заң біздің елімізде де қабылданар 
болса, археологиялық мұрамызды – асыл қазынамызды бо­
ла шаққа апаруға, өткендегі көптеген тарихи ақиқаттарды 
ашуға, сөйтіп халқымыздың шыншыл тарихи санасын қа­
лыптастыруға даңғыл жол ашылар еді.
– Әңгімеңізге рақмет!

69
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет