Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


ОТАРЛАУ ОЙРАНЫ АЛАШ ЖҰРТЫН



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

ОТАРЛАУ ОЙРАНЫ АЛАШ ЖҰРТЫН 
ӘЛСІРЕТІП КЕТТІ
Тарихшылар қазақ даласына орыс шаруаларының қо­
парыла көшуін Столыпин реакциясымен байланысты рады. 
Асы лында қазақтар «қара шекпен» атап кеткен Ресей крес­ 
тьяндарының Сарыарқаға бет бұруы одан ерте бас 
 
 
 
талған. 
Петр І мемлекеттің басты мақсаттарының біріне ай 
 
 
нал­
дырған империяны кеңейту идеясына сәйкес елдің тіз гінін 
ұстаған билеушілердің бәрі Қытаймен екі арада көсіліп 
жатқан ұлан далаға көз сүзумен болды. Екінші жа ғынан 
Ресейдің қара топырақсыз аймағындағы түрлі әлеу 
меттік 
кемтарлықтың салдарынан қалыпты өмір сүруге қабілетсіз 
тобырдан құтылудың жолдары ұдайы іздестірілді. Рухани­
адами құндылықтар туралы ойламайтын, бөрі азығы жол­
да деп кез келген уақытта кез келген жаққа жөңкіліп жүре 
беретін мұндай ел қатерлі де болатын. Пугачев, Степан Раз­
ин бүліншіліктерінің жаңғырығы басылмаған. Өмір сүру 
дағдысы мен мақсат­мұраты әркелкі сословиелерге бөлінген, 
қайыршылықтан басқа жоғалтары жоқ тобырдың қолына 
айыр­балтасын алып ереуілдеп шыға келуі әбден мүмкін­ді. 
Осыны ойлаған және державалық араны ашылған империя 
іргедегі кең­байтақ жерді қарусыз отарлауға біржола бекінді. 
Көрші халықтың табиғи бітім­болмысын, дәстүр­салты мен 
күш­қуатын әбден зерттеп алған соң емін­еркін іске кірісті. 
Тарихи деректерге табан тірей отырып біз бүгінде қазақ 
сахарасын «бейбіт» отарлау 1750 жылдары басталды дей 
аламыз. Сол тұста империяны Қытайдың шекарасына дейін 
созу үшін алғашқы нақты қадамдар жасалды. 1752 жылы 
Есіл өзенінің Ресейге таяу жерінде Петропавл қамалы салын­
ды. Ақмола статистикалық комитеті 1909 жылы әзірлеген 

110
Ақмола облысына қысқаша тарихи шолуда да дәл осы қамал 
бой көтерген кезең крестьяндық отарлаудың басталу кезеңі 
делінген. Бұған дейін де қазақ даласын оқ атпай жаулап алу­
дың амалдары жасалғанын деректермен дәйектеп берген. «Қа­
зақтар мекенінің солтүстік­шығыс қапталында Петро 
павл 
қамалынан бұрын да бірқатар бекіністер, форпостар мен ре­
дуттер тұрғызылды, – делінеді аталған шолуда. – Олар Омбыға 
қарайғы жолдарды қарауылдады, 1718 жылы салынған Се­
мей, 1716 жылы пайда болған Орынбор бекіністерімен бір 
жүйе құрды. Осыдан кейін қазақтарды отарлау үкіметтің 
бірінші кезектегі міндетіне айналды» (Астана. История сто­
лицы и края: ХІV­ХІХ вв.). Әйтсе де әлі тиянақталатын ша­
руалар бар еді. Ең алдымен Ресейдің қай аймағының халқы 
қозғалуға тиіс, жат аймаққа қоныстанушылардың саны 
қанша болуы керек, көшіп барушыларға жерді кім дайындап, 
қандай тәртіппен бөліп береді деген сауалдарға жауап жоқ­ты. 
Сондықтан империяның бұл бағыттағы шешімі бұқараға жа­
рияланбады. Қамалдардағы казактардың үй­ішін көшіріп, со­
ларды орнықтыру шараларымен айналысты. Қазақ даласына 
жер іріктеу жөніндегі экспедициялар аттандырылды. Басқа 
да зерттеу қызметтері ашылды. Соның бірі статистикалық 
комитеттер еді. Біз бұдан әрі жиі сілтеме жасайтын осы 
статистикалық комитеттің де өз тарихы бар. 1870­1890 жыл­
дардың аралығында Қазақ елінде ғылыми деректемелік мақ­
сат тағы бірнеше қоғамдар құрылады. 
1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы жұмыс 
істей бастады. Одан басқа өңірлерде географиялық қоғам ның 
үш бөлімшесі, бес статистикалық комитет ұйымдасты рылды. 
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, жері мен елін, дәс­
түр­салтын, патшалық Ресейге көзқарасын, би­сұлтандар дың 
көптің алдындағы беделін, жоғары жақ не тапсырса со ның 
бәрін аса ыждаһаттылықпен зерттеген осы қоғамдар уақыт 
өткен сайын кеңейіп отырған. Олар генерал­губернаторларға, 
патша үкіметінің тиісті құрылымдарына, ғылыми мекеме­
лерге құнды мәліметтер берді, Ресей империясының қазақ 
жеріндегі саясатын ықпалды етуге өлшеусіз үлес қосты.
Осы статистикалық сараптама қызметінің деректерін 
сала­сала бойынша қорытып отыру үшін Омбыда «Батыс 

111
Сібір зерттеушілерінің қоғамы» ашылды. Оның жұмысына 
орыс ғалымдарымен бірге қазақ оқығандары да тартылды. 
Арада көп уақыт өтпей­ақ бұл қоғамның шаруасы шаш­
етектен болатындығына көз жеткен еді. Қорытатын, сұ­
рыптап талдайтын және ғылыми пысықтайтын деректер 
тым көп­ті. Осыған сәйкес 1887 жылы Ресей географиялық 
қоға мының Батыс Сібір бөлімі құрылды. Зерттеу­сараптау 
жүйесінің бұлай ұлғаюы негізгі деректер көзі болып табы­
латын статистикалық комитеттердің барлық өңірде жұмыс 
істеуін қажет етті. 70­жылдардың соңында Ақмола облыстық 
комитеті құрылды. Оның қызметіне ерекше мән берілгендігін 
Ақмола облысы вице­губернаторының зерттеуші И. Славцев­
ке жазған мына хатынан да байқауға болады. Ол ғалымға: 
«Облыс губернаторы сізді статистикалық комитетті басқаруға 
лайық санап отыр. Бұл жайында өзіңізге ілтипатпен хабарла­
уды тапсырған еді», – деп аса сыпайылықпен ізет көрсетеді. 
Ресейдің бірқатар тіс қаққан ғалымдары жиналған бұл 
құрылымға қызметімен көмектесу жөнінде белгілі дала шон­
жары Мұса Шормановқа да өтініш жасалған. Ол келі сіп, өзі  нің 
ертеден жинаған деректерін Г. Потанин мен Ш. Уәлиха  нов­
қа, А. Гейнске тапсырады. Сол кезде шығып тұрған газет­
терде «Қазақтардың қыстаулары мен қыста көшіп­қонуы», 
«Өмірден өткендерді еске алу», «Батыс Сібір қазақтарының 
мал шаруашылығы туралы», т.б. мазмұнды мақалалары жа­
рияланады. Жаңадан ашылған статисти ка лық комитет ал­
ғаш қы қадамын ел тұрған жерлерді анықтау дан бастады. 
1887 жылы «Памятная книжка Акмолинской области на 1887 
год», «Обзор Акмолинской области за 1886 год» шолулары 
әзірленді. 1890 жылы солардың үлгісімен «Во лости и насе­
ленные места Акмолинской области», «Обзоры Акмолинской 
области», «Военно­конная перепись» дерекнамалары жасал­
ды. Бұл ауқымды жұмысқа жегілген комитет қызметкерлері 
облыстың түкпір­түкпірін түгел аралады, мал санады, жер 
өлшеді, қай руда қанша адам бар екендігін анықтады, дәстүр­
салтқа байланысты зерттеулер жүргізді. Соның нәтижесінде 
жиналған мол мәлімет «Памятная книжка» сериясын ұдайы 
шығарып тұруға мүмкіндік берді. ХХ ғасырдың бас кезінде 

112
1901­1912 және 1914 жылдардың ста тистикалық деректері 
дайындалды, мектептердің саны шы ғарылды. 
Ал 1911 жылы шоғырланған мәліметтер бір жинаққа 
топтастырылды. Комитет осындай дерек жинаумен шектел­
ген жоқ, ұлттық көрмелер ұйымдастырды. Соның күшімен 
Ақмола облысы қазақтарының киім­кешегі, зергерлік және 
тұрмыстық бұйымдары Петербург, Қазан, Нижний Новгород, 
Мәскеу, Екатеринбург қалаларындағы көрмелерге қойыл­
ды. 1876 жылы Омбы, Ақмола және Петропавл қалала рын­
да ауыл шаруашылығы көрмелері болып, ел ат жарыстырды, 
балуан күрестірді. Статистикалық комитеттердің мәліметтері 
нақтылығымен және анықтығымен ерекшеленеді. Осы құ­
рылымдар туралы ережеде міндеттелгендей олар әр губерния 
мен облыстың статистикалық деректерін барынша дұрыс жи­
нап толтыруға, жер көлемін, халық санын мұқият анықтап, 
өндірісі мен шаруашылығын жауапкершілікпен зерттеуге 
тиіс болды.
Сондықтан да қазақ тарихын зерделеуде бұл комитет тер­
дің мұрасы ерекше құнды. Қоңсы қонған елдегі тегін жер ту­
ралы хабар мен биліктің қам­қарекеті жайлы алыпқашпа сөз 
ел ішінде қыдырып кетті. Онсыз да сабылып, бір жерден екін­
ші жерге жөңкіліп жүрген тобыр елеңдей бастады. Қайсы бір 
өңірлерде крестьяндар араларынан шолғыншылар шығарып, 
белгісіз аймаққа аттандырып жатты. Қамал­бекіністер 
дің 
төңірегінен шұрайлы жер алып, аузы аққа тиген казак тар 
атажұртында қалған ағайындарына хабар салып, көшіріп 
алуға кірісті. Уақыт өте келе шалғыны теңіздей толқыған, 
көктемде қадаған шыбық күзде сүмбіл терекке айналған, 
балығы суға жылқы жаптырмаған ғажайып аймақ жайлы 
жұмақ әңгіме Ресейдің талай өңірінде гуледі. Жұрт жолға 
жиналды, алдымен Тобыл мен Қорған губернияларының кре­
стьяндары атқа қонды. 
Олардың бір бөлігі қазіргі Қостанай, Торғай, Солтүстік 
Қазақстан және Көкшетау облыстарына тоқтаса, 317 от­
басы Ақмоланың Шортанды, Амантай жағына шашырай 
қоныстанды. Енді тұс­тұстан андыздаған көп мұжықты те ­
жеу мүмкін емес еді, патша үкіметінің оларды толқын­тол­

113
қынымен жоспарлы қоныстандырмақ болған әрекеті жа­
йына қалды. Аштықтан бұралған, алба­жұлба, түрлерінен 
кісі қорқатын сұрқай топ арып­ашып келе жатқанда кешегі 
ақтабан­шұбырынды көз алдыңа елестейтін. Қажыған, сең 
соққан балықтай сенделген жұрттың соңына ере алмай қа­
лып қойғандарға ешкім назар аудармайтын. Ондайлардың 
та лайы ай далада көз жұмды. Орыс крестьяндарының жап­
пай қо 
ныс аудара бастаған осы кезеңі жайлы жазылған 
деректер дің бірінде: «қазақ даласы бостандығынан бір жо­
ла айырыла тын күндердің табалдырығында тұр» делінген. 
Ақи қатында солай еді. Сансыз қара тобыр ең шұрайлы жер­
лерге жан­жақ тан құйылды және жолындағысының бәрін 
жапырып келе жатты. 
Аш­жалаңаштар ештеңені талғамайтын. Өзендегі ба­
лықтан бастап, арам­адал құс, даладағы борсық пен суырға 
дейін аулап, жүрген жерлеріндегі тіршілік атаулыны жа­
нынан бездірді. Ұлан дала «О, тоба!» деп түршікті. Ұлан ел 
«Сақта құдай!» деп шошынды. Тоз­тозы шыққан тобырдың 
дүлей нөпіріне ие бола алмаған патша үкіметі қазақ жерінің 
есігін ресми түрде ашуға мәжбүр болды. 1824 жылы Көкше­
тау, 1832 жылы Ақмола, 1838 жылы Атбасар округтеріне 
барып қоныстануға рұқсат берілді. Осыдан бастап көші­қон­
ды реттеудің кейбір шаралары жүзеге асырылды, өз бетімен 
шұбыра көшуді тоқтату мақсатымен белгіленген ереже­тәр­
тіппен қоныс аударғандарға көмек көрсетілетін болды. 
Әр уездің крестьян бастықтары қызметі тағайындалды. 
Ресейдің алғашқы кезекте қозғалатын губерниялары анық­
талды. 1846 жылғы ұйғарым бойынша Орынбор мен Сара­
тов өңірлерінің жарлы­жақыбайлары ат­көлігін сайлады. 
Осы толқынмен Ақмола және Көкшетау уездеріне 3852 
крес 
 
тьян келген. Бұлардың арасында казактар да болды. 
Олар дың хуторлары мен стансалары арнайы бөлінген жер­
лерде тұрғызылып, тез көтеріліп кетуі үшін ақшалай және 
заттай көмек көрсетілді, себетін тұқыммен қамтамасыз етілді. 
Мұндай қамқорлық крестьяндарға жайлы тиді, олардың саны 
жыл санап емес, ай санап көбейді. 1850 жылғы есеп бойын­
ша Ақмола уезінде барлығы 375 370 адам болса, оның 101 
910­ы келімсектер еді. Енді крестьян бастықтарының беделі 
8­0192

114
өсті. Оларға орыс шаруалары жақсы жер бөліп бер деп жалын­
са, қазақтар «мына пәлелеріңді қонысыма таяу орналастыра 
көрме» деп кішірейді. 
Ақмола уезі сол тұста алты қоныс учаскесіне бөлініп, әр­
қайсысына әлгіндей басшылар белгіленген. Өткен тарихтың 
әр сәті қымбат, кейінгілер іздесе бәрін осы еңбегімізден тап­
сын деген оймен осы учаскелер мәліметтерін де қамти кетейік. 
«Список переселенческих участков, представленных ходо­
кам Европейской России» деген сериямен талай анықтама 
кітапшалары әзірленген. «Ходокам» деп отырғаны Ресейдің 
әр губернияларынан көпшілік көшпес бұрын қазақ жеріне 
жіберілетін шолғыншылар. Олар ел мен жер кезіп, крестьян 
бастықтарына жолығып, болашақ қоныстанатын аудандарды 
көріп танысқан. Қайта оралып, көп тобырды бастап келген. 
Әлгі «список» Ақмола облысын бес уезге бөліпті.Олар: Омбы, 
Петропавл, Көкшетау, Атбасар және Ақмола. Көкшетау 
уезі – алты, Атбасар уезі – төрт учаскеге бөлініпті. Крестьян­
дар қоныстанатын жерлердің ішінде Зеренді, Сандықтау, 
Қима, Бурабай, Есіл өңірлері аталғанда еріксіз күрсінесің. 
Исі қазақтың небір көрікті, тарихы бай, ұлы тұлғалары туған 
аймақтар жат қолында жетімсіреді­ау деп қынжыласың. Сол 
кездегі көші­қонды барынша жеңілдету мақсатымен дала то­
лып жатқан бөліктерге жіктелді. 
Әр бөліктің топырақ құрамы, шөбі, өзен­көлі – бәрі 
зерт 
теліп, ішіндегі жарамдылары крестьяндар мен казак­
тарға үлестірілді. «Общий очерк Акмолинского уезда» зерт­
теуінде өлке осындай ерекшеліктері бойынша 47 учаске­
ге тарамдалған. Оларға баға берілгенде төрт белгі не 
гізге 
алыныпты. Бірінші – шөпті жерлердің көлемі және ша­
бындықтардың сапасы. Екінші – су көздері, өзендер мен көл­
дердің ащы­тұщылығы. Үшінші – қысқы мал жайылымына 
жарамды– жарамсыздығы. Төртінші – егін егуге қолайлы­
қолайсыздығы. Қазіргі Астана маңы №35 аудан деп алынып, 
мынандай сипаттама берілген: «Алқап түгелімен Есіл, Нұра 
және Ақмола болыстарының қыста жайлайтын жерлері. Есіл 
өзенінің орта ағысы мен Нұра өзенінің төменгі ағысындағы 
шөлейт. Бұл кең аймақ Арықтың жоны деп аталады, әлгі екі 
өзеннің бірін солтүстікке, бірін батысқа қарай бұрған дөңес 

115
түрінде көсіліп жатыр. Есілге қарай еңкейетін қапталы қуаң, 
Нұра жағындағы жазық шүйгінді, жаз жайлауға қолайлы. 
Дөңестің кей жерлеріне ойдым­ойдым тобылғы, үйір­үйір 
шілік кездеседі. Көктемде сасыр қаптап өседі, көдесі селдір, 
жусан кең таралмаған». 23 ауданға жіктелген Ереймен болы­
сына айрықша назар аударылғаны байқалады. Осы жерден 
үш бірдей өзеннің бастау алатыны мұқият зерттелсе керек. 
«Аудан жоталары оңтүстік­батыстан солтүстікке қарай созы­
лып жатқан Ерейментаудың төңірегін толық қамтиды. 
Өлеңті, Сілеті және Есіл өзендерін әр бағытқа бұрған, осы 
өңір үшін өмірлік маңызы бар тау жергілікті ел үшін қасиет­
ті саналады. Қатпарлы, жалаңаш тасты шың­құздардың 
қойнаулары жанды­жансыз тіршілікке бай. Қадам басқан 
сайын сыңғырлап ағып жатқан бұлақ, ойдым­ойдым шүй­
гін, сіресе өскен үйір­үйір қайың­терек қыс қыстауға, жаз 
жайлауға таптырмайды. Көп бұлақ тау қойнауларынан өтіп, 
етекте тоғысады да жіңішке өзендерге айналады. Солар­
дың ішіндегі үлкені – Сілеті. Ол Ерейментаудың батыс қа­
бырғасынан басталып, ұлғая келе солтүстікке бұрылады. 
Өлеңті өзені таудың шығыс қапталынан қайнарланады. Есіл 
өзеніне құятын шағын өзендердің бәрі оңтүстік батыс және 
оңтүстік өңірінен арналанып шығады. Еңселі тау батысқа 
қарай сездірмей аласарып қоянжонданады. Солтүстігінде 
Қоржынкөлдің жазығына ұласады, шығысында құба белдерге 
бөлініп барып үзіледі. Ағаш тау қойнаулары мен бұлақтардың 
төңірегінде кездеседі.
Биік жоталардың етек жағындағы тастақта қайың­терек 
араласа өседі, ылғалды тұстарын қарағаш мекен еткен, төмен­
гі ойпаттарда шілік жиі ұшырасады. Өңір елі ауыз суға негізі­
нен бұлақтарды пайдаланады. Олардан құралған өзендер дің 
де суы тұщы, көктемде қатты тасиды. Солардың бірі Жы­
ланды Есілге, Нұралы Сілетіге құяды. Жартас қарасуы, 
Көшер, Қызылжар секілді бірқатар өзеншелер жаз ортасына 
жетпей тартылып, ойдым суларға бөлініп қалады. Көлдер тек 
жазықта кездеседі, олардың кейбірі тұзды, мал іше алмай­
ды. Топырақ құрамы да әркелкі. Жыланды өзені жағында 
анық қаратопырақты жерлер бар, далалық беткейлеріндегі 
алқаптар да құнарсыз емес. Шөптің барлық түрі бар». Крес­

116
тьян бастықтары осылай әбден зерттелген қазақ даласы ның 
бірден бір қожасына айналды.
Оларға берілген билік те шексіз еді. Қара шекпендерді 
қалай орналастырамын десе еркінде. Керек болса атам за­
маннан құтты қоныс етіп келе жатқан жерінен қазақтарды 
қуып шыға алады. Мұжықтар легі көбейген кезде мұндай 
жағдайлар жиі болып тұрған. Келімсектер қатары көбейе келе 
елді өз беттерімен де ығыстыруға көшті. Жалға алған жерлері 
үшін ақы төлемеу әдетке айналды. 
Дәлел үшін келтірейік, 1897 жылы казак қоныстары ның 
саны 169­ға жетсе, оларға 5 миллион десятина жер тегін бөлі­
ніп берілді. Осы ұланғайыр аймақтың байырғы халқы күш­
пен көшіріліп, малға жайсыз қуаң далаға кетуге мәжбүр бол­
ды. Н. Бекмаханованың «Капитализм дәуіріндегі Қазақстан 
мен Қырғызстанның көп ұлтты халқы» деп аталатын зерттеу 
еңбегінде мынандай деректер келтіріледі: «1871­1896 жылдар 
аралығында Ақмола өңіріне 119,1 мың, 1897­1916 жылдары 
731,5 мың, барлығы – 850,6 мың қара шаруа Ресейден қоныс 
аударды. Қазақстанға қарай жөңкілген крестьяндардың 56,2 
пайызы Ақмола облысына тұрақтады. Торғайда олардың 
үлесі – 15,3%, Семейде – 10%, Жетісуда – 9,1%, Оралда – 
6,3%, Сырдария жағында 3,1% болды». Осыған байланысты 
жер қожасы болып келген қазақтардың Ақмола облысындағы 
үлес салмағы 1897­1916 жылдарда 25,96 пайыз құрады. Бұл 
көрсеткіш Торғайда – 31,04; Оралда – 15; Семейде 15% еді. 
Ақмола қайдасың деп қаптағандардың 172,8 мыңы Укра­
инадан, 207,8 мыңы Ресейдің оңтүстігінен, қалғандары орыс 
империясының қазақ өлкесімен шекаралас губерниялары­
нан келген. Осы жер қайысқан аш­жалаңаш жұрт қазақтың 
бейғам өңірінен дәм бұйыртқан құдайларына күндіз­түні 
құлдық ұрумен болды. Олар атажұртында түсіне кірмеген 
жақсылыққа кенелді. Ақмола облысында келімсектердің әр 
жеке шаруашылығы үшін 61 десятина құнарлы жер тегін 
берілді. Сол кезде бекітілген тәртіп бойынша бір қазақ ауылы­
на 18 десятина жерден келген. Өрісі тарылып, еңсесі езілген 
қазақ қалың орысқа шамасы жетпей, жайылымдық жерлер 
үшін өзара жауласты. Осыған дейін қанжығалылар жер аяғы 
кеңігенде Сібірге дейін жетіп, қыста Ерейменге тоқтайтын.

117
Енді тарихи қалыптасқан жол жабылып, тау етегінде 
ошарылып қалғанда, сулы­нулы алқаптарға талас күшейеді. 
Төртуыл жағымен дауласып, соңы жанжалға айналады, 
қанжығалының жеті адамы өледі. Осы қақтығыс мұнымен 
тоқтамай өршіп бара жатқан соң керейдің билері мен әлділері 
ара ағайындық жасап, жылқылы байлар Мәті, Дәулен және 
кірісіп, қанжығалылар орынсыз киліккен Өлеңті өзенінің 
жағасындағы жеті қыстауды төртуылға қаратады. Сол жерді 
екі жаққа шекара етеді. Осымен дау­жанжал тоқтайды. 
Мұндай алакөздік өңірдің әр тұсында болып тұрған. Пат­
ша үкіметі, әсіресе әсіре ұлтшыл генерал­губернаторлар 
крестьяндық отарлауды неғұрлым тезірек рухани отарлауға 
ұштастыруға асықты. Сондай жандаралдардың бірі, Батыс 
Сібір губернаторларының арасында саяси белсенділігімен 
дараланатын генерал Казнаков орыстардың қазақ арасында 
саны жай ғана артқанына қанағаттанбады. 1875 жылы Ре­
сей патшасына берген есебінде былай деп жазды: «Далалық 
облыстардың жағдайы айрықша назар аударуды қажет етеді. 
Қазақтар орыс бодандығын алғаннан бері жаңа елдің азама­
ты ретінде өзгергені шамалы. Егін шаруашылығымен мүлде 
айналыспайды. Олар ұлан­ғайыр жерде орыс елді мекен­
дерін алыстан айналып өтіп емін­еркін көшіп жүре берсе, 
өздерін ресейлікпіз деп тек сөз жүзінде ғана сезінетін бола­
ды, іс жүзінде баяғы еркіндігін сақтайды. Қазақтарға жақын 
ірге тепкен казактар болса, оларға ешқандай ықпал ете ал­
май отыр, керісінше, кейбірі олардың тілі мен әдет­ғұрпын 
үйренуде.
Аталған мәселелерді ескере келіп, қазақтардың ара­
сына орыстарды байыппен сіңіре беру керек. Бұл орайда 
қазақтармен есептесудің қажеті жоқ» (Астана. История 
столицы и края ХVІІ­ХІХ вв. – Астана: Фолиант, 2006). Ге­
нерал бұдан әрі «жартылай тағы» қазақтардың әл­ауқатын 
жақсарту деген желеумен оларды орыс крестьяндары арқылы 
«тәрбиелеуді», яғни орыс дәстүрінің ықпалын күшейтуді 
ұсынады. Бұл ұсынысты Ресейдің мемлекеттік билігі қабыл 
алды. Жаңадан көші­қон ережесі жасалды. Ендігі кезекте кре­
стьяндар пошта жолдары мен сауда­керуен жолдарының бой­
ына қоныстандырылатын болды. Қазақтар мұндай жерлерден 

118
орағытып өте алмайды, сауда жасау үшін қайтсе де келеді, 
орыстармен қалай да араласады, олардың салт­дәстүріне 
бірте­бірте үйренеді. Бұл ұйғарым сөз жүзінде қалған жоқ, 
көші­қон жөніндегі Батыс Сібір бас басқармасының жа­
нынан «Ерекше комиссия» құрылды. Аталған комиссияға 
қазақ даласын отарлаудың жаңа тәртіптерін анықтап беру 
міндеті жүктелді. Осы жерде назар аудара кетейік, сол 
кездегі көші­қон хақындағы ресми деректердің бәрінде орыс 
шаруаларының қоныс аударуын «Крестьяндық отарлау» деп 
ашық жазған.
Міне, енді осы отарлау жаңа мазмұн ала бастады. Генерал 
Казнаковтың ұсынысымен алғашқы тәжірибе­сынақ түрінде 
Көкшетау, Атбасар мен Ақмола уездерінің сауда жолдарында 
орыс селоларына жер бөлінді. 1879 жылы Көкшетау уезінде 
осы мақсат үшін 164 шаруаның, Атбасар уезінде 210 адамның, 
Ақмола уезінде 180 крестьянның әрқайсына 30 десятина­
дан қолайлы жер берілді. Оларға айтарлықтай жеңілдік жа­
салды. Атап айтқанда: жерді қалауынша таңдауға; егер 
қоныстанушы екі жылдың ішінде жер жыртып, егін салып 
шаруашылығын жүргізіп әкетсе, салықтардан босатуға 
үкім шығарылды. Мұнымен бірге: 100 түп жеміс ағашының 
көшеті; қайтарымсыз 20 рубль; жер өңдеу құралдары мен мал 
сатып алу үшін тағы да өтеусіз 20 рубль берілді. Патшалық 
Ресейдің бұл ұйымдастыру шаралары нәтижесіз болған жоқ. 
Қоныс аударушылардың жаңа легі Ақмола, Көкшетау, Ат­
басар өңіріне қарай ағылды. Есіл өзенінің бойындағы ке­
руен жолдарында орыс хуторлары бірінен соң бірі пайда бол­
ды. Олардың тұрғындары құнарлы аймақтар әуелден солар 
үшін жаралғандай мәре­сәре еді. Есігінен шықса, Есіл ағып 
жатса, Есілдің балығын көсіп алса, қырда киігі жортып, та­
уында арқары асыр салса, көктемде көкорайы, күзде астығы 
жайқалса, «құдайдың сүйген құлы менмін» демей, не дейді. 
Осыған дейін Сарыарқаға Самар, Воронеж, Харьков пен 
Дон жағынан келіп жайғасқан крестьяндардың тез көтеріліп 
кетуі патша үкіметіне отарлаудың қарқынын бұдан да 
күшейтуге болады деген ой салды. 1889 жылы Ресей импе­
раторына Мемлекеттік кеңес осындай ұсыныспен шықты. 
Енді крестьяндарға Ақмола облысына арнаулы рұқсатсыз 

119
қалаған уақытында өз еркімен көшіп қонуға болатындығы 
туралы заң қабылданды. Бұл қадам нәтижесіз қалған жоқ. 
Сол жылдың алғашқы жартысында ғана облыста 8352 адамы 
бар 19 село пайда болды. Ал жыл соңында мұндай селолардың 
қатары 24­ке, тұрғындар саны 11740 жанға көбейді. Келесі 
жылы Орынбор жағынан – 5326, Самардан – 810, Ресейдің 
еуропалық бөлігінен 15 мың кедей­кепшік арып­ашып жетті. 
Бұл дүниеде бәрі де шектеулі. Ұлан даланың ерке өзені Есіл 
де бірде тасиды, бірде тасығансиды. Жерді жерітсең – иесінің 
наласына, елді елемесең – киесінің жазасына қаласың. Мұны 
қазақтың атажұрты келімсектерге ұзамай­ақ ұқтырды. 1890­
1893 жылдар – судың да сұрауы бар дегізген жылдар. Үш 
жыл қатарынан қуаңшылық болды. Селдіреп шыққан шөп 
ерте қурап қалды. Егілген егіннен тұқымдық астықты жинап 
алудың өзі мұң болды. «Жұт жеті ағайынды» екенін дәлелдеп, 
қара шегіртке қаптады. 
Айыр­күрегін ұстап қалған крестьяндар әйел­балаларын 
жұтаған үйлерінде қалдырып, уезд орталықтарына сабыл­
ды. Бәрінің айтары біреу: Ашпыз! Көмектесе көріңдер! Кре­
стьян бастықтары мен уезд шенеуніктері селоларды аралып, 
көз алдарындағы көріністерден шошынды. Жарты жапырақ 
нанды жағаласа жеген аш­арық жұрт, хутордан хуторға жыл­
жып алақан жайған қайыршылар, иесіз қалған үйлер, шаңы 
шыққан егістіктер... Суық хабар Мәскеуге үсті­үстіне жетіп 
жатты. Қазақ жерін бейбіт отарлау саясаты жүзеге аспай 
қалуынан қорыққан және ашыққан тобырдың ереуілдеп 
бүлік шығаруы кәдік екенінен үріккен патша үкіметі қолдан 
келген көмегін аяған жоқ. Ақшалай да, азық­түлікпен де 
жәрдемдеспек болды. 1891 жылы Ақмола мен Семей об­
лыстарына крестьяндардың жаңа толқынын жіберуге тыйым 
салынды. 
Алайда бұл кезеңде Ресейдің өз ішін аштық жайлап алған 
болатын. Қайда жүрсең де өлім деген, тұйыққа тірелген орыс 
мұжығы қазақ даласына қарай шұбыруын тоқтатқан жоқ, 
қайта өршіте түсті. 1891 жылы 82 мың, 1892 жылы 84 мың 
адам келіп жетті. Бұл апатпен бірдей еді. Осы жылдарда 
қазақ жерінде қанша крестьянның көз жұмғаны туралы де­
рек жоқ. Бәлкім ол жайында ресми мәліметтерде көрсетпеу 

120
ұйғарылған шығар. Оның есесіне отарлаудың тәсілдері мен 
жолдары ұдайы жетілдіріліп отырғаны жөніндегі деректер 
жеткілікті. 1893 жылы 4 наурызда Ресей патшасы атамекенін 
тастап ел кезіп кеткендердің Сібір темір жолының бойы­
на қоныстануына рұхсат беретін қаулыға қол қойды. Тағы 
да қауырт дайындық жұмыстары жүргізілді. Темір жол­
ды қуалай шұбырындылардың жаңа легіне жер учаскелері 
белгіленді. Осы жылдың 13 маусымында қоныс ауданда­
рын таңдау мен оны дұрыс бөлуді мемлекеттік деңгейде 
ұйымдастыру үшін айрықша деген атқа ие уақытша жер пар­
тиясы құрылды. Оның мамандары қазақтардың иелігіндегі 
соңғы жарамды жерлерді тартып алуға кірісті. Бейбіт отарлау 
шырқау шыңына жетті. Ақмола облысының статистикалық 
шолуларында осы өңірге қай жылы қанша крестьян келгені 
анық көрсетілген. 
Осы мәліметтен он үш жылдың ішінде елімізге 1 миллион 
906 492 адамның көшіп келгенін көреміз. 2 миллионға жуық 
жан қазақтың, оның ішінде Ақмола өңірінің ең шұрайлы 
жерлерін басып алды. Отарлау саясаты ойдағыдай жүзеге 
асты. Алты алаштың баласы өз жұртында кірменің күнін 
кешкен кембағал заман басталды.

121
Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет