Мақал-мәтелдер тағылымы


  Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата07.01.2022
өлшемі313,07 Kb.
#20106
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
CӨЗТӘРБИЕ

83. 

Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.  

    

Мал  шөпке  тоқтайтыны  рас,  ал  адам  сөзге  қалай  тоқтайды?  Мұнда 

халықтың айтпағы не? 

   * 


Сөзге құлақ асу, сөз тыңдау, басқа біреудің сөзін бөлмеу –  мәдениеттің 

бір түрі. Кейбір адамдар мүлдем сөз тыңдамайды. Ол үшін өзінен басқа жан 

сөйлемеу керек. Өзі ғана дұрыс айтады. Қанша жерден бәрін біліп тұрсаң да 

бәрін білемін деп айтпа. Сабырмен  басқалардың сөзін тыңдай біл.  

 

84

. Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.  

 

Адамның жанын жаралау деген оп-оңай нәрсе. Ауыр сөз, ойланбай айтыла 

салған  сөз  адам жанын жаралайды.  Сол  адамның  орнына өзіңді қойып көр. 

Сол үшін сөзге абай болған дұрыс. 

*   

Сөз  қылыштан  өткір  деген рас  па? Қылышты  оңды-солды  жұмсасаң  көп 



адамды жарақаттап, көп адамды өлтіресің. Сол себепті де сөзді оңды-солды 

ойланбай сөйлей бермеу керек.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет