22
*
Біздің халқымыз жастарды, балаларды ерте жастан даналыққа,
парасаттылыққа тәрбиелеген. Олардан көп үміт күткен. Сол себепті де
ақылды жастан күткен.
*
Үлкен кісінің монологын әзірлеңіз.
86
. Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.
*
Келіннің мәртебесі, отбасындағы рөлі туралы монолог әзірлеңіз. Сөз ішінде
мақал-мәтелдерді пайдаланыңыз.
87.
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
*
Жар таңдау – күрделі жұмыс. Адам өмірінің негізі – жұбайлық өмір. Сонда
өмір серігіңнің адамгершілік, кісілік келбеті сенің өміріңді өрнекті, сәнді
етеді.
* Осы мақалды пайдаланып диалог жасаңыз.
88.
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
1.
Адам өзінің шамасын білгені жақсы. Сонымен қатар ұстаз өзінің барлық
шәкірттерінен тұлпар жасауға тырыспау керек. Ол мүмкін емес. Талант,
жауапкершілік, білімге құштарлық, еңбекке талпыныс бірдей емес. Сол
себепті баланың мүмкіндігін ескергені дұрыс.
2. Сөз арасында жоғарыдағы мақалды пайдаланып, әңгімелесіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: