Мақал-мәтелдің жалғасын тап


Бейнематериалды мұқият тыңда, көтерілген мәселені анықта



бет5/5
Дата26.09.2022
өлшемі5,49 Mb.
#40315
1   2   3   4   5
Бейнематериалды мұқият тыңда, көтерілген мәселені анықта
Бейнебаян бойынша перифраздалған сұрақтарға жауап бер, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырым шығар.
  • Ғалым қандай қателікке бой алдырды?
  • Ғалымның қателігі қандай салдарларға алып келуі мүмкін?
  • Өмірде де адамдардың қанаты бекімей, кең самғай алмауының себебі неде?
  • Бейнебаяндағы автордың пікірімен қаншалықты келісесіз, расында, қиналыс адамның қанатын қатайтып, шыңдай ала ма?

Мәтінді мұқият оқы. Еңбек адамын дәріптеудің үш маңызды себебін мәтіннен анықта.
Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Сондықтан айрықша маңызға ие Еңбек күнінің мақсаты осынау құндылықтарды құнттау, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру екені сөзсіз. Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл атаулы күн осыдан жеті жыл бұрын, 2013 жылы 23 қазанда Елбасы бас­та­масымен белгіленіп, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайтуға негізделді.
Мерекенің мән-маңызы – өнімді ісімен ілгері басып, өрге озған азаматтардың өнегесін алып, көпшілікті адал, табысты еңбекке, жетістікке жетелеу. Сондықтан осынау күні елімізде еңбек адамының мерейін өсіретін, есімін ерекшелеп, үлгі етіп көрсететін «Еңбек ардагері» медалі табысталып келеді. Аталған медальдің белгіленуі 2014 жылы 31 шілдеде Үкіметтің арнайы қаулысымен қабылданды. «Еңбек ардагерi» медалi – ешбiр салаға байланбаған тұңғыш әрі жалғыз ведoмстволық марапат. Бұл медальмен экономиканың түрлi салаларындағы жұмысшыларды және жалпы еңбек өтілі 40 жылдан aсатын зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарды, оның ішінде бір салада кемiнде 10 жыл жұмыс істегендерді, сoндай-ақ eңбек жолында ең жоғары нәтижелергe қол жеткiзгендердi марапаттайды.
Осылайша еселі еңбектің еленгені қоғамда еңбек құндылығының маңызын арттыра түседі. «Адамды адам еткен – еңбек» дегендей, адамдықтың бір анықтамасы – еңбек. Ендеше, қоғамның да қоғам болуы еңбекпен тікелей байланысты. Мемлекет осыған әуелден баса мән беріп, жұмыссыздықты жоюға, жұртты еңбекке тартуға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді. Елдің еңсе көтеріп, табысқа жетуі үшін халықтың білімді, өнерпаз болғаны маңызды. Ал білім де, өнер де адал еңбекке негізделсе, оның түбі – береке.
«Ашық микрофон»
«Адамдар не үшін еңбектенеді?» деген сауал төңірегінде еңбек етудің пайдасы туралы ой өрбіт
Еңбек туралы мақал-мәтелдерден қажеттісін қолданып, «Еңбек түбі – береке» тақырыбында мәтін құрап жаз.
https://www.youtube.com/watch?v=y4HlF7eFLl0
Жаңадан білгенім..
Қиын болғаны...
Түйген ойым...
САБАҚ СОҢЫНДА МЕНІҢ...
Маған ұнағаны...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет