Сергіту сәті Абай аманаты – адал еңбек Абай айтқан бес асыл істің бірі – еңбек. Ұлы ақын елді ел, адамды адам ететін тек еңбек деп біледі. «Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман», «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, арын сатып тіленген малы құрсын», «Еңбек – қуаныш, жалқаулық арылмас азап», «Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық» деп ақын заман шерін ақтарған.
Абай еңбек ете алмаған елдің бүгіні бүтін, ертеңі берік емес деп үйретеді. Оның ойынша, еңбектен қашып, жұмысты жек көрген адамның өмірі бір-бірін аңдумен, бір-бірін тонаумен өтеді.
Ұрлық қылар, тентіреп тамақ асырар
Болмаған соң жұмыс қып, мал табарлық…
Ниеті мен талабы, еңбегі мен өнері жоқ елде алдау, ұрлау, берекесіздік орын алатыны белгілі.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын, – деп ақын алаяқтық пен алауыздық енген елдің масыл тірлігінен:
Мәтінді түсініп оқы. Арын сатып, ант ұрып іздегені
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас, – деп жерінген.
Абай халықтың болашағы жастардың қолында деп білді. Өз өлеңдерін де көбіне соларға арнады. «Талапты ерге нұр жауар», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық» деп өнер іздеуге, адал еңбек етуге шақырады.
Әрқашан ар-ұятты өзіңе серік ете жүріп еңбек ізде, жалқаулықтан безін, кәсіп ізде, өнер тап дейді. Бұл ойларын ол «Сегіз аяғында» анық етіп ескертеді:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде…
Ақын ұлттық дәстүрімізді сақтап, имандылық, ар-ұят, қанағат, мейірім деген түсініктерді тәрк етпеген саналы жанды ұлық тұтады.
Абайдың сөзі мен өсиеті өмірдің барлық саласында өзекті. Қалай өмір сүріп, еңбек етуге үйрететін өмір оқулығы. Ұлы ақын ұлағаты да осында.
Мәтін бойынша перифраздалған сұрақтарға жауап бер. https://learningapps.org/display?v=pp0jwqhht22 https://www.youtube.com/watch?v=oqq8HXwA-_M