Математикалық шот.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың математикалық білімін жетілдіру. Сонымен қатар қарапайым математикалық амалдарды үйренеді. Мысалы: қосу, алу.
Ойын мазмұны: Бұл шотта 1-10 дейін асықтар тізілген. Және олар әр түсте. Балалар бұл шоттың көмегімен қосу, алу амалдарын орындайды. Сонымен қатар логикалық ойлауы, түстерді ажырата алу қасиеті дамиды. Бастысы қазақтың ұлттық қазынасы-асыққа назар аудара отырып, пайдасын көреді.
Асықты төсеніш
Мақсаты: Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде немесе түскі ұйқыдан соң асықты төсеніштермен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл-қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды.
Ойын мазмұны: Асықпен жалаң аяқ жүру табандағы нүктелерге жетіп, ұйқыдан енді оянған баланың жүйкесіне жағымды әсер етеді. Бастысы дәлдікке, төзімділікке және ұстамдылыққа үйретеді.
3.Асықты шахмат
Мақсаты: Балалардың сенсорлық моторикасын дамыту. Математикалық сауаттарын арттыру. Ойлау жүйесін дамыту.
Ойын мазмұны: Балалар боялып, тізілген асықтардың көмегімен шахмат ойнайды. Мұнда шахмат тастары асықтармен алмастырылған. Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады.
Қазақ халқының балалар ойынының тəрбиедегі маңызы мен ролі өте зор. Біз болашақ ұрпақтарымызға тілімізді, жазуымызды тереңдей үйретумен тең, салт-санамызды, ұлттық дəстүрлерімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына жағдай жасаумыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Асқартегі Асық – мергендікке тәрбиелейді. // Азия тарнзит. – 2004. № 6. Б. 53-55..
2. Г.Т. Ерғожина Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні // Қазақстан-Заман. 2012. 22 наурыз. № 13. – 16 б.
3. Қазақ Совет энциклопедиясының 1 томы.2006. 22 наурыз. № 63. – 10 б.
4. Ж.Н. Данибекова «Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы» Білім айнасы газеті, 2018
Қосымша сілтемелер
1.https://bilimainasy.kz/27-12-2019-4/
2.https://ustaz.kz/materials/word/asyq_terapiyasy-53525.html
3.https://www.tarbie.kz/25895
Достарыңызбен бөлісу: |