Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасу кезеңдері қарастырылды



бет1/3
Дата19.12.2022
өлшемі25,12 Kb.
#58292
  1   2   3
Байланысты:
М.Шоқай


Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі: негізгі кезеңдері
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасу кезеңдері қарастырылды. Авторлар М.Шоқай туралы жазылған отандық тарихтағы еңбектерге сүйене отырып, ұлт күрескерінің саяси көзқарастарының қалыптасуына əсер еткен тарихи оқиғаларды талдайды. Авторлар қайраткердің ұлт- азаттық күрес жолындағы жүргізген еңбектеріне тоқтала отырып, оның еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясының мазмұнын ашуға тырысады. Мұстафа Шоқайдың шетелдегі эмиграцияда жүрген кезеңдегі атқарған қоғамдық қызметін көрсете отырып, оның сол кезде «Яш Түркістан» жəне басқа да басылымдарда жарық көрген еңбектеріне тоқталады, талдайды. ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде қалыптасқан жəдидшілдік қозғалысының М.Шоқайдың саяси көзқарастарына жасаған ықпалын да айтып өтеді. Қоғам қайраткерінің еңбектеріне талдау жасай отырып, ондағы көтерілген басты мəселелерді анықтайды. 
Қазақстанның тəуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпыадамзаттық жəне демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде əлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы мəдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының əлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едəуір дəрежеде болашақтың да көрінісі», «қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш» [1] деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұжырым еліміздің алдында тұрған қоғамдық сананың жаңару үрдісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін айқындайды.


Тəуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымының мазмұны тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тəуелсіздік идеологиясының əдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түрлі жұмыстар атқарылды. Дегенмен, мемлекеттік маңыз алған осы бағытта əлі де терең ғылыми талдау жасап, концептуалдық тұрғыда қайта қарауға тиісті мəселелер мен тақырыптар жеткілікті.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларын ойландырған мəселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін оқу, өнер — білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы, дербес мемлекет құру еді. Бұл тіпті бүгінде, яғни ғасыр басында, күн тəртібінен түсе қойған жоқ, тіптен ең зəру мəселеге айналып отыр. Осы орайда кезінде тəуелсіздігіміз үшін күрескен, сондықтан да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғынына ұшыраған, саяси жүйе есімдерін кейінгі ұрпақ санасынан біржола ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихымызға қайта оралуы қажет.
Сондай ірі саяси қайраткер, халқына қалтқысыз қызмет еткен «алыптар тобының» көрнекті өкілі, қазақ, тұтас түрік елінің тəуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан Мұстафа Шоқайдың (1886– 1941) алатын орны ерекше. Мұстафа Шоқай тəрізді тұлғаның атқарған қызметіне дұрыс баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағының рухани жəне саяси тұрғыдан ұлттық рухта тəрбиелеуі үшін аса қажет.
Бұған қосымша осы уақытқа дейін жазылған отандық тарихнамада, жеке тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің қызметі өз дəрежесінде баяндалады деп айтуға əлі ерте. Ал XX ғ. 20–30 жж. күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, терең із қалдырған Мұстафа Шоқай сияқты ірі саяси қайраткерлердің қызметі мен туған халқының тəуелсіздігі үшін күресін жан-жақты талдау арқылы отандық тарихымызға одан əрі түсінуге терең жол ашпақшы.
Кеңестік дəуірде Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы бірқатар сауалдарға ғылыми дəлелденген жауап іздеу мүмкін болмай келді. Қазақстан тəуелсіздік алған кезеңнен бері қайраткердің азаттық күрес жолындағы сіңірген еңбегіне əділ баға беру мүмкіндігі туып отыр. Осы орайда біз Мұстафа Шоқайдың өткен өмір жолы, қоғамдық-саяси көзқарастарына, күрескер ретінде қалыптасу кезеңдеріне қатысты өзіндік ой-пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең — балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен əсер етті. Мұстафа Шоқай Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде дүниеге келді. Тегі — Орта жүздегі қыпшақ, əкесі Шоқай дəулетті, мəдениетті, білімді, елге танымал, беделді адам болған. Ол баласы Мұстафаны əуелі отбасында білімге өзі ұмтылдырған. Бала Мұстафа сауатын ауылда мұсылманша ашып, кейіннен орыс мектебіне барады. Онан кейін Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 ж. өте үздік бағамен бітіреді жəне алтын медальға ұсынылады. Бірақ генерал Самсонов алтын медальды орыс баласы Зепреметовке жазады. Ал Зепреметев алтын медальды Мұстафаға берілуі тиіс деп, өзі күміс медальді алған [2]. Бұл оқиға Мұстафаның қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді.
Мұстафа Шоқай дүниеге келген Түркістан өңірі XX ғ. басында орыс отаршылдығының барынша қыспағын көріп отырған еді. Бұл жергілікті халықтың шаруашылық, əлеуметтік, саяси жағдайынан көрінді. Бұндай əділетсіздікке халықтың қарсылық көрсететіндей күш-қауқары болмады. Осының бəрін жасынан көріп-сезінуі қайраткердің ұлтшылдық, түрікшілдік, азаттық идеяларының қалыптасуына негіз болды. Бұған дəлел 1929 ж. шыға бастаған «Жас Түркістанның» бірінші санында ол былай дейді: «Атамекеніміз отаршылардың тепкісінде жатқанда ішкі саясаттың мəселелері екінші планға ығысады. Атамекенді құтқару жолындағы күрес бірінші планға шығып, маңдай алды міндетімізге айналады. Біздің ұлтшылдығымыз Түркістанда ұлттық өкіметтің үстемдігінен басқа ешбір күшті мойындамау негізінде құрылған, бізге түрі де, мазмұны да ұлттық мемлекет қажет» [3; 14]. Қазақтың ғана емес, барша түркі халқының азаттығы оның өмірлік арман-мұраты болды.
Шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, Абдуақап Қараның көрсетуінше, Ташкентте лицейде оқып жүргенде Түркістанның түрлі аймақтарынан келген əділетсіздікке ұшырағандардың шағымын біліп, құқығын қорғау үшін Мұстафа Шоқай оларға аудармашы болып көмектескен. Осылайша ол Түркістан губерниясы əкімдері мен жергілікті халық арасындағы негізгі проблемалармен етене танысқан. Осыған байланысты Түркістан генерал-губернаторы Самсоновпен бірнеше мəрте кездескен. Демек, М. Шоқайдың саяси өмірге араласуы осы кезеңнен басталады деуге толық негіз бар.
Аталған кезеңде қайраткердің рухани салада өсіп кемелденуіне башқұрт ұлтының атақты ғалымы, фольклорист Əбубəкір Диваевты, немістекті атақты ғалым, шығыстанушы В. Радловтың ықпалы болғанын айту керек. Мəселен, 1937 ж. жазылған өзінің «Радлов хақында» деген мақаласында В.Радловпен 1910 жылдан таныстығын, оның орысшылдығын жəне сол орысты жеккөретіндігін, түріктанушы ретінде түрік халқына деген көзқарастары туралы өз пікірлерін білдірген [3; 15].
Генерал Самсонов бұратана халықтардың балалары лауазымды қызмет етуге білім алатын Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуіне қарсы болған. Соған қарамастан, Мұстафа Шоқай емтихан тапсырып, 1910 ж. Петербург университетінің заң факультетінің студенті болып қабылданады. Міне, осы кезден оның қоғамдық-саяси қызметінің жаңа бір белесі басталады деуге болады. Осы кезде ол елден келген жерлестерінің түрлі арыз-шағымдарын орыс тіліне аударып, түрлі сұрақтарын шешіп берген. Осылайша болашақ заңгер, саясаткер ретінде мол тəжірибе жинақтап, 1917 ж. Петербург университетін үздік бітіріп шығады. Жалпы, XIX–XX ғ. аяғы — XX ғ. басындағы қазақ қоғамында елеулі рөл атқарған қазақ зиялы қауымының қалыптасуы осы Ресейдің ірі білім орталықтары болған қалаларымен тығыз байланысты. Тарихшы Кеңес Нұрпейісовтың «Алаш Һəм Алашорда» атты еңбегінде XIX ғ. 20 жж. — 1917 ж. дейінгі уақытта Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал XIX ғ. соңы — XX ғ. бас кезінде Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқығандығын көрсетеді. Олардың қатарында Б. Қаратаев, Б. Құлманов, Б. Сырттанов, А. Тұрлыбаев, Ə. Бөкейхан, Ж. Досмұхамедов, М. Шоқай, Ж. Ақбаев т.б. бар [4].


Мұстафа Шоқайдың ұлт-азаттық қозғалыс басшысы, саясаткер ретінде қалыптасуына белгілі дəрежеде ықпал еткен тұлғаларға тоқтала кетсек, Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхан оған студент кезінен əсер еткен, оның ұсынысымен Ресей Мемлекеттік думасы Мұсылман фракциясы хатшылығы қызметін атқарған. Ол кейін өзінің «Жас Түркістан» журналында жариялаған бір мақаласында «Əлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мəселесін жете түсіну үшін қазақтың жер-су мəселесін толық білу керек деп ескертетін-ді» деп жазған [5]. Бұдан кейін де олардың тағдырлары жиі тоғысып, М. Шоқай эмиграцияға кеткенге дейін саяси өмірде қатар қызмет еткен. Біздіңше, оларды бір бастаудан аққан қос өзенге теңеуге болады, ал ол бастаудың басында азаттық идеясы тұрды. Сонымен қатар башқұрт халқының қайраткері, досы Зəки Уəлидиді де айту қажет.
М. Шоқайдың рухани кемелденуіне М. Сералин басқарған «Айқап» журналы, «Алаш» партиясының ресми баспасөз органы болған «Қазақ» газеті басқа да басылымдар да ықпал жасаған.
Мұстафа Шоқай қызметінің жаңа кезеңі оның Мемлекеттік думаның қызметіне араласып, саяси эмиграцияға ұшыраған кезеңге дейінгі аралықты қамтиды деген пікірдеміз. Бұл қазақ халқының азаттық күресінің басталуымен қатар келеді. ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында саяси, əскери, экономикалық, мəдени отарлауды жан-жақты жүргізген патша үкіметі қазақ халқын мəңгүрттендірудің аз-ақ алдында тұр еді, бұл басқа да отарлық езгіде отырған түркі халықтарына қатысты. Осының бəрін көріп отырған Мұстафа Шоқай мұндай азуы кең алып күшке бүкіл түркі халқы бір азаттық туының астына бірігіп қана қарсылық көрсете алатындығын түсінді. Осыдан туындаған «Тұтас Түркістан» идеясы оның қоғамдық-саяси қызметінің арқауы болды. 1914 ж. Əлихан Бөкейханның ұсынысымен IV Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне тағайындалады. Ол Мемлекеттік думаның мүшелері Сералы Лапин, Махмуд Ходжа Бахбуди, Минуар Қары т.б. байланыс жасап, Түркістанның болашағы жайлы талқылап жүрген.
1916 ж. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі қатігездікпен басқан кезде Дума жəне үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама жасау үшін, əрі материалдар жинақтау үшін депутат, эсер А.Ф. Керенский 1916 ж. күзде Ташкентке келіп қайтады. Оның жанында фракция жетекшісі К.М. Тевкелевпен бірге Мұстафа Шоқай да болады. Ол бұл баяндаманы дайындауға белсенді түрде қатысады.
Мұстафа Шоқай, Əлихан Бөкейхан да 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезінде көтерілісшілердің патша жарлығына қарсы шығуына қарсы болды. Олар патша үкіметі мен көтерілісшілердің арасындағы күштің тең еместігін, көтеріліс жеңілген жағдайда бейбіт халықтың есепсіз қырғынға ұшырайтындығынан қауіптенді. Басқаша айтсақ, олар үшін ұлттың амандығы бірінші орында тұрды. Орысша сауаты жоқ қазақ жастарына майданға жіберілген кезде оларды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету жағынан да, Ақпан төңкерісінен кейін тыл жұмысындағылар елге оралған кезде де көмектескен.
Ресейдегі 1917 ж. Ақпан революциясының нəтижесінде монархияның құлатылуы, Уақытша үкіметтің құрылуын Мұстафа Шоқай өзінің досы, башқұрт қайраткері Зəки Валидимен бірге үлкен үмітпен қарсы алады. Монархияның құлауы, билік басына төңкерісшіл демократтардың келуі қазақ зиялыларының саяси белсенділігін күшейтті. «Бостандықтың, азаттықтың күні туды» деп бағалаған Əлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқайлар Керенский басқарған Уақытша үкіметтің Түркістанды басқаратын Арнайы комитетін құруына қол жеткізді. Жергілікті жерлердегі Уақытша үкіметтің комиссарлары ретінде қызмет етті. Бірақ бұл үкіметтің өмірі қысқа болды. Алайда оның Ресей құрамындағы Түркістан автономиясын құру идеясын Петроград жұмысшы жəне солдат депутаттарының Кеңесін басқарып отырған Н. Чхеидзе «сепaратистік» пиғыл ретінде бағалайды [6]. Мұстафаның негізгі мақсаты Ресей жерінде тұратын күллі түркі ұрпақтарын біріктіріп «Үлкен Түркістан» одағын құру болды, сондықтан да ол 1916 ж. «Түркістан бірлестігі» деп аталатын құпия ұйым ашты. Орыстардың жойқын қысымының күшіне қарсы тұру қамымен мұсылман саяси ұйымдар ассоциациясы (үлкен жамиғаты) мен Мұсылмандар кеңесі (Шурай Ислами), сондай-ақ қазақ ұлттық «Алаш» партиясы бəрі күш біріктіре келе, 1917 ж. наурызда Ташкентте Түркістан мұсылмандарының конгресін шақырып, онда орталық комитет сайлап, мұсылман орталығын құрды. Орталыққа Мұстафа Шоқай басшылық жасады. Ол кеңестік Ресейдің түркі халықтарын одан əрі орыстандыру саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты.


Кеңес үкіметінің жариялаған ұлттардың өзін-өзі билеуі туралы декларациясына сүйенген Түркістанның жергілікті халықтарының өкілдері өзінің IV Құрылтайына жиналып қарашада Түркістан автономиясының 12 мүшеден тұратын Уақытша Үкіметін құрады. Бас министр болып М. Тынышбаев, ол отставкаға кеткеннен кейін (бұған дейін сыртқы істер министрі болған) М. Шоқай бекітілді. Съезде Уақытша Кеңестің бірінші кезектегі міндеттері белгіленеді. Олардың арасында
«қысқы мерзім ішінде Түркістан Құрылтай жиналысын шақыру, тұрғындарды азық-түлікпен жəне ең қажетті заттармен қамтамасыз етудің шараларын қолға алу,Түркістан автономиясының қаржы қорын жасақтауға кірісу, халықтық милиция жасақтап, өлкені мекендеген ұлттардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын қолдану» қажеттілігі көрсетілген [7]. Мұстафа Шоқай сонымен бірге 1917 ж. шілдеде құрылған «Алаш» партиясына да мүше болды. 1917 ж. желтоқсан айында М. Шоқай Орынборда өткен екінші Жалпықазақ съезіне қатысып, съезде сайланған Алашорда үкіметінің құрамына енеді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де құрамына енеді. Алашорда үкіметін сайлаған желтоқсан съезі «Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып ала алмаса да, бір айдан кейін халыққа білдіреді» деген шешім қабылдайды. Алайда большевиктер ұлттық құрылымдардың бірінен кейін бірін талқандап, 1917 ж. қаңтарында Қоқандағы автономияны контрреволюция ошағы деп бағалап, қанды қырғынмен басып тастайды. Большевиктердің ұлт мəселесіне қатысты осынау екіжүзді саясаты туралы Мұстафа Шоқайдың 1920– 1930 жж. үздіксіз жарық көрген «Яш Түркістан» журналында жазған «Орыс тепкісіндегі Түркістанның ұлттық қозғалыстарынан. Жеңілмес ұлтшылдық» деген мақаласында былайша бағалайды: «Шығыс халықтарының «азаттығы» үшін жаны ашығансып келген жəне қазір де жаны ашығансып отырған большевиктер біздің əлсіздігімізді пайдаланып, біраз істерді тындырды. Патшалық Ресейден бөлініп өз алдымен тəуелсіз өмір сүрмек болған Түркістан сынды өлкелерді жылдар бойғы қанды соғыстар арқылы қайтадан Мəскеуге тəуелді етіп, ұлы орыс үстемдігін орнатты. Біздер үшін ең қайғылы осы оқиғаларды большевиктер «орыс емес халықтардың азаттығы», «шығыс қамқоры» — орыс ұлтының адамгершілік міндетін өтеуі», пайғамбар Лениннің бодан халықтарға істеген «шапағаты деп атайды.... Орыстар Түркістанды Мəскеуге тек экономикалық жағынан ғана байлауымен қоймай, мəдени рухани өмірінің көрінісі болған бүкіл тарихи шығармаларан да өз қалауынша бұрмалап, Мəскеудің еркіне тəуелді етуде» [8]. Бұл кезеңде қазақ зиялыларының Кеңес үкіметіне деген көзқарастары əр түрлі болды, олардың бір тобы оны қолдаса, екіншісі оған қарсы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет