Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз



Дата23.03.2023
өлшемі432,47 Kb.
#75767
Байланысты:
макала


Негізгі әдістермен таныс болыңыз.

  1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала — бір мағына, бір тақырып.

  2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып — мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам — лид.

  3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.

  4. Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз —

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)

5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.
6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!
Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін — күнделікті мақала жазып жүрген абзал. 
Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз.
Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек.
Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз.
Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады.
Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз.
Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады.
Қызықтыра жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз.
Таңдалған тақырыпты зерттеңіз

Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз.

Мұнда назар аударарлық бір мәселе – сіз тапқан ақпарат негізсіз, өтірік я толық емес болып шығуы мүмкін. Сондықтан іздеуді жалғастыра түсіңіз.
Сенімді ақпарат көздеріне жүгініңіз. Талқыланатын тақырыптың оң да, теріс те көзқарастарын жинақтап, оларды салмақтау арқылы сіз бұл салада маман бола аласыз.
Әрине, деректерді интернеттен табу оңай. Десе де, мұнда да көрегендік, тапқырлық қасиеттер керек. Ақпараттардың сілтемесіне өтіп, ғылыми деректер мен қайнарын қарастыруға ерінбеңіз.
Ақпаратты түрлі жолдармен беруге болады. Табылған ақпаратты мәтіндік нұсқада емес, кесте, диаграмма, суреттермен де беруге болады. Бастысы, оқырманға ақпараттың түсінікті болуы екенін естен шығармаңыз.
Мақаланы жазыңыз

Көлемін анықтап алыңыз. Жазбаны қай басылымға беретініңізге байланысты сөз санын, қанша парақ жазатыныңызды ойластырып алыңыз. Тақырыпты аша түсу үшін қаншалықты көп жазуыңыз керектігін анықтаңыз. 

Мақаланың жоспары

Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз.

Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз.
Мысалы, газетке шығатын мақала баяндау формасында, тым ғылыми емес болуы керек. Бірақ ауызекі сөздерді пайдаланбау керек. Ғылыми мақала эссе форматында 5 параграфтан тұратын ғылыми тілде жазылады.

Мақаланы қалай дұрыс жазу керек?


Мақаланың құрылымы қандай болу керек?
- Кіріспе
- Негізгі бөлімі
- Қорытынды
Соныме қоса мақала үшін тақырыптың болуы міндетті.
Сапалы мақала жазудың 15 ережесі:
Дұрыс тақырып.
Қызықты кіріспе.
Тақырыптан ауытқымау керек.
Тақырып қызықты, анық және ақпараттық болу керек. Оның негізінде оқырмандар анықтайтын болады, ол бұл мақаладан қандай ақпарат алады, және ол қаншалықты пайдалы болады.
Оқырманды мақаланың ең басында толық мәнін ашпай, бірақ қызықтырған жөн. Мақаланың басында негізгі мәнін жеткізе отырып, осы арқылы қызығушылықты тудырып, оқырманды мақаланың соңына дейін ұстап тұру.
Мақаланы күрделі және көлемді етемін деп тақырыптан ауытқымаңыз, тақырыпқа сай емес басқа мәселелерді қозғамаңыз.
Негізгі қағидаларды ұстанған жөн.
- қысқалық;
- сауаттылық;
-дәлелділік
Қарапайым сөйлемдермен жазған жөн.
Кейбір кездері техникалық мазмұндағы ғылыми мақалалар болуы мүмкін, сол кездері әрине күрелі сөздер қолданылады.
Мәтінді азат жолдарға бөлген жөн.
Оқуға ыңғайлы болу үшін бір азат жолда 5-10 сөйлемнен жазсаңыз дұрыс болады.
Жоспар бойынша жұмыс істеңіз.
Барлығы рет ретімен болу керек.
Қарапайым сөз тіркестерді және жаргондарды қолдаңбаңыз.
Сұрақты қарастырғанда жүйені қолднған жөн, осы ретте жоспар көмек болады. Дәлелдеуіңіз және нақты деректерді келтіруіңіз керек. Жалпылылық пен белгісіздіктен аулақ болыңыз.
Егер мақсатты аудитория мен мақаланың стилі талап етпесе.
Дұрыс сөз және стиль.
Тавтологиядан, қайталауднудан, плеоназмадан және тағы да басқа сөйлеу кезіндегі қателіктерден бас тартақан жөн.
11. Мәні соңына дейін түсініксіз сөздерді қолданбағаныңыз жөн.
12. «Не, не болмаса, яки, немесе» сияқты жалғаулық шылауларды сөйлемнің басында көп қолдаңбаңыз.
13. ТЕК ҚАНА БІЗДЕ!!!
Назар аударту мақсатында ешқашан жоғарғы регистрмен жазбаңыз – бұл жаман әдет, оның орына қолайлы құралдарды қолданыңыз. Артық тыныс белгілерін қоймаңыз. Бұл сіздің сөздік қорыңыздың аз екендігін көрсетеді. Мысалы, осыны мынаған ұқсатуға болады, пікірталаста өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын адам дауыс көтере бастайды, осы арқылы өзінің айтқан сөздері дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында.
14. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығып, бүкіл қате кеткен жерлерді түзетіп алуды ұмытпаңыз.
15. Соңында дәлелі жоқ пікірлерді жазбаңыз, қорытынды шығарғанда оны дәлелдеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет