Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы
Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі
соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде ӛсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың
филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық
кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш
мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкӛде ауылында Қызыл отау
меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі»,
жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде,
«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби
қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бӛлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970
жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет
және ӛнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш ӛлеңдері «Қырман басында», «Қойшы
бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің
ойы», «Шебер» ӛлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали
шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Ӛйткені ақын туған жерін, туған
халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік
рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Ӛзіңнен де жігерлілеу,
оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті»,
18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар
ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер»,
«Ӛмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек!
Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам
лирик. ӛлеңдерінде адам ӛмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған
жер турасында терең толғаған. Ақын ӛмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан
азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні ӛзгеше туынды. «Табыт үні»,
«Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бӛлімді туындының әрбір
бӛлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Ӛмір мен ӛлім туралы
философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып,
ӛмір туралы ӛз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін
жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сӛзге әуес болмады.,ол
туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Кӛгендеп
жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім...
Ӛзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Ӛзімді зерттегенді жӛн кӛремін»-дейді. Мұқағали
шығармашылығының тіні «ӛзін-ӛзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін
адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Ӛмірдегі жақсылық, махаббат
атаулының негізі де осы аяулы сезімінде:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Мақатаевтың «Ӛмірдастан» атты топнамалы толғауында жесір жеңге (Дариға)
образы арқылы халық ӛмірі мен адамдық , азаматтық, адалдық , ар-намыс, рух пен нәпсі
арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.
Мақатаевтың шеберлігі ӛзі ӛмірден кӛрген-білгенін кӛңіл елегінен ӛткізе терең
жеткізуінде.
Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол ӛлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан
жаңалық енгізген.
Асқар тауы қазақтың
Мұқағали ӛлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің
де жүрегімді жаулап алған.
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-
жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға
қосты.Халқым, елім деп еңіреп ӛтті.
Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып ӛткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр
мұра қалдырған.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның ӛзі айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара ӛлеңін,
Шекпен жауып ӛзіне қайтарамын,-
деп ақынның ӛзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс
мықты.Аудан орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған музей бар.
Мұражайды ақынның туысы, тай құлындай тебісіп кеткен досы Әбдіке Асанов
басқарады. Экспонатқа ӛте бай. Мұқағалидың туғаннан қайтыс болғанға дейінгі сурттері
жинақталған. Ӛзі ойнаған дойбысы, аңға шыққанда атып алған түлкісінің терісі,
ӛлеңдерінің жинақтары, Мұқағали туралы мақалалар, тұрған үйінің макеті кӛзге ыстық
басылады. Әбдіке Асанов ерінбей-жалықпай әрбір заттың тарихы туралы сыр шертті.
Қайтып келе жатқанда оның мынадай ӛлең шумақтары тілімізге оралды.
Айқай, заман!
Даласына қаласы жарасуы-ай...
Айналып Ақмоланы қимай барам,
Аман бол, айналайын, мидай далам.
Мұқаң сол кезде-ақ Сарыарқа тӛсін осылайша жырға қосқан.Нағыз ӛнер құдіреті деген
осы.Мұндай ақыны болған халық – бақытты халық.
М енің бір досым
Ана бір жыл Алматыға келгенде,
Ӛз аузынан досым былай деп еді:
-Дүниенің барлығын да ӛлеңге
Сыйғызатын ақын болғым келеді.
Былтырғы жыл Алматыға келгенде,
Былай деген сӛзің ұқтым батырдың:
-Шалқар ойым сыймайды екен ӛлеңге,
Алты актілі пьеса жазып жатырмын.
Биыл тағы Алматыға келіп ем,
Досым менің барлығын да тастапты.
Ақысы мол, ӛзі қалың, жолы кең,
Екі томдық романын бастапты.
1958ж.
Достарыңызбен бөлісу: |