Мадениеттану фоны



бет2/6
Дата30.09.2023
өлшемі119,37 Kb.
#111949
түріСценарий
1   2   3   4   5   6

Өткен кезеңдердегі саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістерді қайта зерделеу мен бағалау процесі барынша күшейіп келе жатқан қазіргі уақытта ақиқатқа объективті , нақпа - нақ және сындарлы тұрғыдан қарап , мәдени мұраны сақтау мен тиімді пайдалану перспективаларын терең бағамдау қажеттілігі туындап отыр . Осы тұжырымдама халықтың әлеуеті мен iзгiлiк бағытын паш етiп , оның тарихи тәжірибесін байытқан және ұрпақтар жалғастығының сенiмдi тiрегiне айналған стратегиялық ұлттық жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған " Мәдени мұра " салалық бағдарламасының іс - шаралар жоспарын жасауға негіз болады . Осы Тұжырымдаманың мақсаты - рухани және бiлiм беру салаларын дамытудың ғылыми , әлеуметтік - экономикалық және ұйымдастыру - әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру , тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетiктерiн әзiрлеу . Қойған мақсаттарға жету үшін күш - жігерді мынадай негізгі міндеттерге жұмылдыру кажет : тарихи - мәдени мұраны сақтап , одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау ; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу ; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау ; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу ; тарихи - мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану , тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру ; тарихи - мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық бiлiм және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру ; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді , Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи - мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу , олардың мемлекет тарихындағы , елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс шаралар жүргізу ; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндiн қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау ; шетелдік ғалымдармен , іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан - жақты зерттеу , олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету .

  • Өткен кезеңдердегі саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістерді қайта зерделеу мен бағалау процесі барынша күшейіп келе жатқан қазіргі уақытта ақиқатқа объективті , нақпа - нақ және сындарлы тұрғыдан қарап , мәдени мұраны сақтау мен тиімді пайдалану перспективаларын терең бағамдау қажеттілігі туындап отыр . Осы тұжырымдама халықтың әлеуеті мен iзгiлiк бағытын паш етiп , оның тарихи тәжірибесін байытқан және ұрпақтар жалғастығының сенiмдi тiрегiне айналған стратегиялық ұлттық жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған " Мәдени мұра " салалық бағдарламасының іс - шаралар жоспарын жасауға негіз болады . Осы Тұжырымдаманың мақсаты - рухани және бiлiм беру салаларын дамытудың ғылыми , әлеуметтік - экономикалық және ұйымдастыру - әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру , тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетiктерiн әзiрлеу . Қойған мақсаттарға жету үшін күш - жігерді мынадай негізгі міндеттерге жұмылдыру кажет : тарихи - мәдени мұраны сақтап , одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау ; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу ; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау ; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу ; тарихи - мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану , тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру ; тарихи - мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық бiлiм және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру ; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді , Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи - мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу , олардың мемлекет тарихындағы , елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс шаралар жүргізу ; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндiн қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау ; шетелдік ғалымдармен , іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан - жақты зерттеу , олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет