20
Герман филологиясына кіріспе
№5 СОӨЖ
Көне герман тайпаларының әдет-ғұрыптары (презентация).
11-12 ДӘрІС
Тақырыптары: Герман тілдерінің лексикасындағы
жал пы үндіеуропа, жалпы герман
қалдықтары. Герман тілдеріндегі кірме
сөздер
Герман тілдерінің сөздік құрамы жалпы үндіеуропалық ке-
зеңмен тоғысып жатқаны мәлім. Салыстырмалы-тарихи әдіс
герман тілдерінің сөздік
изоглоссаларын зерттей келе, герман
тілдерінің басқа үндіеуропа тайпаларымен байланыстылығын
көрсетеді. Мысалы, туысқандардың атауы этимологиялық жағынан
барлық үндіеуропалық ареалды сәйкестілігімен сипатталады.
Бірақ «халық» атауы герман тілдерінің
ішінде сәйкессіздігімен
сипатталады.
Жалпы үндіеуропалық лексиканы лексика грамматикалық
кластар бойынша талқылау аса маңызды:
1) туыстыққа байланысты терминдер: лат.
pater, гот.
fadar, лат.
mater, көне ағ.
modor, лат.
frater, көне славян.
братръ, гот.
bropar;
2) жануарлар мен өсімдіктер атаулары: «қасқыр» лат.
lupus, гот.
wolfs, көне славян.
древо, гот.
triu, көне ағ.
treo;
3) дене мүшелері атауы: «
жүрек» гр.
kardia, лат.
cord, көне
славян.
сръдъце, гот.
hairto, «тіс» скр.
dan, лат.
dens, лит.
dantis,
көне ағ.
top, көне жоғары нем.
zand.
Көне герман тілдерінің сөздік құрамында герман тілдерінің
ғана ерекше белгілерін ғана сипаттайтын белгілер көрініс тапқан.
Жалпы герман тіліне этимологиялық мысалдар.
Зат есімдер мынадай тақырыптық топтардан тұрады:
1. дене мүшелері атаулары: гот.
handus, көне нем.
hant, көне ағ.
hand;
2. жануарлар мен өсімдіктер атаулары: гот.
fugls, көне нем.
fogal, көне ағ.
hors,
(h)ross, көне исл.
hross;
3. табиғаттағы құбылыстар мен географиялық атаулар: көне ағ.
soe, көне нем.
seo, көне ағ.
storm, көне нем.
sturm, көне исл.
stormr;
21
Герман филологиясына кіріспе
4. кейбір заттар атаулары: көне ағ.
brycZ, көне нем.
brucka, көне
исл.
ryggja;
5. дерексіз ұғымдар: көне ағ.
hopa, орта нем.
hoffe, шв. hopp
көне ағ.
lif, көне нем.
lib, көне исл.
lif.
Етістіктер де сәйкестілігімен сипатталады. Мысалы, гот.
drigkan, көне ағ.
drincan, көне нем.
trinkan, көне исл.
drekka. Сын
есімдер де осындай сәйкестілікті құрайды. Мысалы, гот.
siuks, көне
ағ.
seoc, көне нем.
sioh, көне исл.
sjukr.
Кейбір лексемалар сәйкессіздігімен де сипатталады. Лексе-
малардың мағыналары сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, нем.,
нид, афр, ид.
klein болса, ағылшын тілінде
clean сөзімен этимо-
логиялық тұрғыда сәйкес келгенмен әртүрлі мағына береді.
Герман тілдерінің сөздік құрамы кельт және латын тілдерінен
енген сөздерімен толықтырылып отырған. Сондықтан да
этимологиялық талдаулар герман тайпаларының дамуы кельт
тайпаларына қарағанда төменгі сатыда екендігі анықталған. Оны
мына лексемалардан байқауға болады: кельт
rig, гот.
reiks, көне ағ.
rice, көне нем.
rihhi, көне исл.
rikki, (жаңа нем.
das Reich).
Латын тілінен енген кірме сөздер: лат.
coquina, көне ағ.
Cycene,
көне нем.
Chuhhina; лат.
cuppa, көне ағ.
сuppe, көне нем.
сhuph,
chuppha.
Қорыта
келгенде, жалпы үндіеуропа тілдері өз ішінде жеке
ерекшеліктерімен сипатталады: акцентуациядағы жаңашылдықтар,
дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі өзгерістер,
морфологиядағы өзгерістер: әлді және әлсіз септеуліктер, етістіктің
өзгерісі.
Достарыңызбен бөлісу: