190
Қазақ тілі практикумы
6. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тәуке хан
(1680 – 1718 жж. Билік құрған)
Билігін бүкіл мемлекет мойындаған қазақ ханы – Тәуке хан. Әз Тәуке
атанған қазақ ханы. Ол – Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене отырып, Тәуке
хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты «Жеті жарғы»
заңдар жинағын жасады. Ол сол кезеңдегі қазақ құқығының ережелер жинағы
болып табылады. Тәуке хан тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: Хан
кеңесі, Билер кеңесі қалыптасты. Ол басқарған кезде жыл сайын Ташкент
түбіндегі Күлтөбеде Үш жүздің басшыларының жиыны өткізіліп тұрған. Ол
көршілес қарақалпақтар мен қырғыздарды бағындырып, елінде тыныштық
орнатқан. Тәуке хан заманын халық: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
бейбіт заман», - деп атаған. ( Мұхамадиева Н.Қ. Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)
Достарыңызбен бөлісу: