3. Абайдың нақыл сөзі бойынша шағын мәтін құраңыз. Жаман дос – көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.
4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. «Хан» сөзі – көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап белгілі
болып келе жатқан сөз. Ол түркі халықтары мен моңғолдарда хаған, қаған, қаһан түрінде жұмсалып лауазымды білдірген. Бұл сөз алғашқыда тайпа
көсемі деген ұғымды білдірсе, кейінірек ол жоғарғы мемлекет билеушісінің
лауазымы ретінде қолданылған. Қазақ халқында да қоғамның билеуші
тобының жоғарғы әлеметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті: өкіметті
нығайту, қауымдық жерлерді руларға бөліп беру, көшіп-қоу мәселесін ретеу,
басқа көрші елдермен қарым-қатынасты нығайту т.б. Халқымыздың ең ірі
хандары Тәуке, Әбілқайыр, Абылай және т.б. болды. ( Мұхамадиева Н.Қ.
Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)