Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет273/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Шілдехана қандай той?
————————————————————————————————
2. Шілдехана қалай тойланады?
————————————————————————————————
3. Шілдеханаға не себепті үлкендер қатыспайды?
————————————————————————————————
3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз.
Бесік жыры
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Көзімнің ағы, қарасы-
Жүрегімнің панасы.
Уайым, қайғы ойлатпас
Көңілімнің санасы.
Айналайын, шырағым,
Көлге біткен құрағым
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Әлди, әлди, балам-ай,
Айналды сенен анаң-ай!
Әлдилеп сені сүйгенде
Анаңның көңілі болар жәй!
4. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.
Бесікке  салу  жолы  үлкен  немесе  елдің  тәрбиелі,  өнегелі  әжелеріне,
әйелдеріне тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесік
үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «Бесікке
салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры»
айтылады.  Бесіктің  сәби  денсаулығына,  тазалығына  пайдасы  өте  зор.
Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы
кездейсоқ  құлаған  заттан,  суықпен  ыстықтан  қорғайды.  Пәле-жаладан
сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, үкі  сияқты заттар тағып
қояды. Бесік  ағаштан, негізінде  талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа
ағаштай емес иілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, иіс болмайды. ( «Қазақ
халқының салт-дәстүрлері» кітабынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет