7. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз. Сүндетке отыру, мұсылмандықтың белгісі, ат мінгізу, сыйға тарту, жігіт болу,
той төресі.
8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Мұсылмандық – бұл міндет, құтты болсын бұл ........................... .
Өмір жолы – ұзақ жол, ұзақ жолда талмағын,
Еңбек, ................, ғылымда қатарыңнан қалмағын.
................ болсын талғамың,
Халқың ............................... адам бол – орындалсын арманың!
9. Мәтінді ретімен орналастырыңыз. Аударыңыз. 1. Алғашқыда күйеу жігіттің әке-шешесі, ағайын-туыстары болашақ келіннің
үйіне келіп – қыз ата-анасының, туыстарының ризалығын алып, құда
болысып, тойдың барысы жайлы сөз байласады.
2. Үйлену – алдымен бірін-бірі сүйіп-ұнатқан қыз бен жігіттің ата-ана, ағайын-
туғандары танысып-білісуінен басталады.
3. Олардың келісімі бойынша қыз ұзату, келін түсіру тойлары бөлек-бөлек
өткізіледі.
4. Сол себепті халқымыз үйлену тойын аса қастерлеп, оны өткізуге жыл
бұрын алдын-ала қам-қарекет жасаған.
5. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету – адам өміріндегі ең елеулі,
ұмытылмас кезең, екі жастың жұлдызы жарқырап жанған күні.