Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


  Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз



Pdf көрінісі
бет234/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

3.  Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Отырар қаласы
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында талай ғасырлар бойы ел есінде
сақталған өлі қала үйіндісі жатыр. Бұл- Отырар қаласы. Бүкіл шығысқа аты
әйгілі, орта ғасырдың ұлы ойшылы, көзі тірісінде «екінші ұстаз» атанған
Әбу Насыр әл-Фараби туған. Араб жазушылары бұл қаланы Фараб деп
өзгерткен.  Отырар  екі  мың  гектар  жерді  алып  жатты.  Қала  көшелері
өте тығыз салынған. Қала ғимараттары арасында мешіт, монша тәрізді
қоғамдық құрылыстар да болды. Сонымен бірге Отырарда әлемдегі ең бай
екінші  кітапхана  (Александрия  кітапханасынан  кейінгі)  орналасты.
Отырардың  керуен  кіріп-шығып  жататын  бес  қақпасы  болған.  Олар:
Дарбаза қақпа, Алтын қақпа, Пышақты қақпа, Хансарай қақпа, Құл қақпа.
Отырардың гүлденуі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқталып қалды.
Қадырхан бастаған қала халқы Шыңғыс хан әскерлеріне алты ай бойы
берілмеген. Шыңғыс хан өлгеннен соң Отырар қайтадан дамып, гүлденді.
Отырар халқы мен Қадырханның ерлігі жайында М. Шаханов «Отырар»
поэмасын жазды.


178
Қазақ  тілі  практикумы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет