Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Сөйлемдерге сұрақтар қойыңыз



Pdf көрінісі
бет237/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

8. Сөйлемдерге сұрақтар қойыңыз.
1. Мұнда кен – металлургия комбинаты бар.
————————————————————————————————
2.  Атақты  ғалым  Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  есімімен  аталатын  бұл
кәсіпорын – алыптардың алыбы
————————————————————————————————
3. Жезқазған жері  әрі төрт түлік малға бай.
————————————————————————————————


179
9. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Астана - әсем қала
Астана- Қазақстанның астанасы. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.
1832-1861 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды да, КСРО-
да  тың  және  тыңайған  жерлерді  көтергенде  Целиноград  қаласы  болып
өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі
қабылданды. Қаланың аты- Астана деп аталды.
Астана- алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзім ішінде мұнда бірнеше
үлкен құрылыстар салынып жатыр. Астана қаласының ортасынан Есіл өзені
ағып жатыр. Астана қаласында Президент сарайы, Министрліктердің үйлері,
көп қабатты жаңа үйлер, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ
үйі, Еуразия университеті, Жастар сарайы бой көтерді. Парламент үйінің
алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Есілдің
оң  жағасында  жаңа  Астана ерекше  көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты,
«Қазақ елі» монументі Шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденеген астаналардың бірі
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет