6. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз. Сәулет өнері, бірте-бірте, үлкен ескерткіштер, Әулие-Ата болған, көне
ғимараттар, құлдырай бастады, Тараз қаласы.
7. Мәтінді түсініп оқыңыз. Жезқазған Пайдалы қазбаларды игеру нәтижесінде салынған жаңа қалалардың бірі
– Жезқазған. Мұнда кен – металлургия комбинаты бар. Атақты ғалым Қаныш
Имантайұлы Сәтбаев есімімен аталатын бұл кәсіпорын – алыптардың
алыбы. Жезқазған комбинатының мыстарын туған еліміздің қажеттеріне
жаратып, одан әрі алыс, жақын шетелдерге жөнелтіп жатады.
Жезқазған жері әрі төрт түлік малға бай. Бұл кең байтақ алқап – тұтастай
түсті металдар алқасы.