Айрантақыр мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Жетібай кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. 20 ғасырдың 60-жылдары аумақтық геология-геофизикалық зерттеу нәтижесінде барланып, кен орны 1989 жылы ашылған.
Алатау мұнай кен орны — Маңғыстау облысында орналасқан. Кен орны 1977 жылы анықталған.
Алатөбе мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан кен орны. Мұнайлы құрылым 1977 жылы анықталған. Барлау жұмыстары 1980–1982 жылдары жүргізілген.
Арман мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 200 км жерде орналасқан. 1979 жылы ашылған. Оған 1979-1988 жылдары іздеу-барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізілген.
Асар газ-мұнай кен орны – Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жердегі кен орны.1969 жылы ашылған.Кен орнынан 1973 жылдан мұнай мен газ өндіріледі.