Солтүстік Қарамандыбасмұнай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының Жетібай-Өзен антиклин өңіріндегі мұнай кен орны. Жаңаөзен қаласының солтүстік-батысында 39 км жерде. Кен орны 1988 жылы ашылған.
Солтүстік-Батыс Жетібай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымындағы мұнай кен орны. Құрылым 1965-1968 жылдары анықталды. 1970-1971 жылдары нақтыланды. Іздестіру жұмыстары 1969 жылы басталды. 1974 жылы ортаңғы және төменгі юраның шөгінділерінде мұнайдың шағын жатындары ашылды. Өнеркәсіптік өнімділік 1984 жылы төменгі триастың оленек жікқабатының шөгінділерінде анықталды.