Мағжан Жұмабаев атындағыit мектеп-лицейінде “Кітап жарыс ” атты кітап оқу «Қар қызы» повесі бойынша өткізілетін іс-шара Жоспары: 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Оқуға құштар мектеп»



бет2/4
Дата10.05.2023
өлшемі27,23 Kb.
#91429
1   2   3   4
1-жүргізуші: Сайыс қатысушылары өз салған суреттеріңізді түсіндіріп өтіңіздер. Қандай оқиға, неліктен салдыңыз?
2-жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Ендігі ретте 2-кезеңімізді бастайық…………………. Тобына. 1-затымыздың сипаттамасы: Қазақта көне кезден бүгінге жеткен киелі жәдігерлер өте көп. Олардың барлығы да ата-бабалардың көшпелі өмір салтынан сыр шертіп, дала құпиясын алдымызға тосады. Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі болып, «ер қаруы – бес қарудың» қызметін қапысыз ақтарған бұл бұйымының қасиеті жайлы бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейтіні тағы анық. Ат-көлiкке мiнгенде бұл зат қолында, қонышында, бiлегiнде, белiнде, тақымында, ерiнiң алды-артында, үстiнде iлулi тұрады. Кейде тiптi қарбаластықтан ауызға да көлденең тiстеледi. Ал үйде отырған кезде керегенiң басында, көгiнде, уық қарында, сыртқы дәдеге мен белдеуде немесе ашада қыстырулы тұрады. Қарбалас кезде жабық, киiз-сырмақ астында, тiптi тiзесi астында жатады. Өмiр талабына орай әркiмдікі өзi қойған жерiнде тұруға тиiстi. бұл қандай зат? Жауабы: қамшы
1-жүргізуші: …………………..тобына 2-затымыздың сипаттамасы: Бұл зат қадым замандардан бері балалар мен ересектердің сүйікті ермегі ғана емес, аса танымал және күй таңдамайтын көлік қызметін атқарып келеді. Тарихшы ғалымдар бұл затты дөңгелектерден бұрын пайда болған дегенді айтады. Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл көліктің өте көп түрі бар. Қыс мезгілінде ең таптырмайтын көлік түрі. Шығармада осы заттың қолданыс аясы суреттелген. Қандай зат деп ойлайсыздар? Жауабы: Шана
2-жүргізуші: ……………………….. тобына 3-затымыздың сипаттамасы: Бұл сөз жаңа латын тілінен аударғанда тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін деген мағына береді. Тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын зат түрі. Бұл зат шығарманың көп бөлігінде айтылады. Қандай зат деп ойлайсыздар? Жауабы: Трактор
1-жүргізуші: ………………………. Тобына 4-затымыздың сипаттамасы: Бұл зат оқ-дәрімен атылатын қару. Қазақ даласында алғашқы түрлері 16 ғасырда Қазақ хандығы мен Ресей патшалығының арасында сауда-саттық және дипломатиялық басталған кезден пайда болды. Қазақта бұл зат жеті қазынаның бірі болып саналады. Аталған зат аңшылықта, соғыс кезінде қолдану үшін жасалған. 14-15 ғасырларда алғаш реет аркебуза, кулеврина, пищаль деген атпен Еуропада белгілі болған. Қандай зат деп ойлайсыздар? Жауабы: Мылтық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет