2-жүргізуші: - Мен өзіңнің суретің шығар-ау дегенмін. Осы күні қыз бен жігітті айыру қиын болып кетті ғой. шаштары желкесін жауып, шалбар киген албастылар. Үзінді қандай оқиғаға байланысты айтылған? Кімнің сөзі? Жауабы: аудандық газетке шыққан Нұржан жайлы «Абыройлы комсомол» атты мақалаға байланысты оқиға, упрайдың сөзі.
1-жүргізуші: Амалым не, менен алыс… Менен алыс нәрселер көп, бәр-бәріне қолың жете бермейді. Жан дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды. Ал мен қысастықпен әдейі істеймін, ерегесіп істеймін… ерегесіп…қандай рақат жай… жылы дүние…жылы-жылы… Тағы таудың арасына мәңгілікке адасып қала ма? Мынау сай-сүйегіңді сырқырата салған ән, сол қыздың мұң-зары болмасын… Үзіндідегі ой иесі кім және аталған қыздың есімі? Жауабы: Ой иесі Нұржан, қыздың есімі – Ақбілек.
2-жүргізуші: - Қар басқан қатпарлы жота, қарағайлы ақ таулардың ортасында екі адам мекен етесіздер. Айыртаудың күнгей бетінде – Қоңқай, теріскейде – Сіз. Екі түтін – екі басқа мінез, екі басқа тірлік… Осы бір, үш қайнаса сорпасы қосылмас мүлдем жат бөтендік арасын тау бөліп жатқан Алтайды қойып, қаз-қатар автобуста келе жатқан қала халқында қаншалықты мол десеңізші… мен оған әсте де таң қалмаймын, менің таң-тамаша қалатыным, Сіздің, ата, осынау иен жер ит арқасы қиян далада отырғаныңыз. Үзіндіде кімнің ойы берілген? Жауабы: Нұржанның
1-жүргізуші: Оралхан Бөкей драматург ретінде де көп танымал. Оның «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Желтоқсан желі» пьесаларында да заман тынысы, адамдардың алуан түрлі адамгершілік қарым – қатынастары, арман – қиялы, ұмтылыс – құлшыныстары көрініс береді. Бұл шығармалар ұзақ жылдар театр сахналарынан түспей, көрермен көпшіліктің рухани азығына айналғаны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |