Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Баланың ішкі сезімдері. 
Баланың тұрмысында 
ішкі сезім зор орын алады. Бала бір нәрседен әсерлену 
алғанда, ол әсерленудің жағымды яки жағымсыздығын 
бірінші орынға қояды. Баланың ішкі сезімдері тез, жет-
кен адам сезімдерінен былайша айрылады: 1) баланың 
ішкі сезімдері (ұшқыр. – ред.) болады. Жылдам ояна-
ды. Мысалы, бала тез қуанады, тез қайғырады, күлуі 
де, жылауы да тез; 2) баланың ішкі сезімдері күшті, құ-
йындай екпінді болады. Мысалы, баланың қолындағы 
ойыншығын ойнап қана алсаң да, ол қатты ашуланады; 
3) баланың ішкі сезімдері тұрақсыз, құбылымпаз, құ-
йындай тез басылады. Мысалы, қатты ашуланып тұр-
ған бала бір қызық нәрсе кѳрсе, қуанып кетеді, күліп 
жібереді. Ішкі сезімдердің адам ѳмірінде ұстаған орны 
зор. Әсіресе баланың ѳмірінде ішкі сезім кѳп рѳл ой-
найды. Біздің ісімізге белгілі бет алдыратын – кѳбінесе 
осы ішкі сезімдер. Біз жағымды нәрсені істейміз, жа-
ғымсызды істемейміз. Бізде жағымды сезім оятпайтын 
істі біз шабан, кѳңілсіз істейміз, оятатын істі шаттық-
пен, шын ынтамен істейміз. Адамның бақытты, бақыт-
сыз болуы да осы ішкі сезімдерден. Жѳпшенді нәрсе-
ден жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам бақытты, тым 
сезімпаз адам бақытсыз. Сондықтан ішкі сезімдерді дұ-
рыс тәрбие қылу керек.


124
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Ішкі сезімдерді тәрбие қылу, тәрбиеден мақсұт 
һәм тәрбие жолдары. 
Баланың ішкі сезімдерін тәр-
бие қылғаңда тәрбиеші алдымен баланы үйрету керек. 
Дұрыс, пайдалы, жоғары нәрседен ләззат алуға, тѳмен, 
пайдасыз нәрседен жиренуге һәм осы ұмтылу мен жи-
ренуді терең, берік қылуға тырысу керек. Бұл мақсатқа 
жеткізетін жолдар:
1) Дұрыс ішкі сезімдердің кѳп болуына, нашарлар-
дың болмауына жәрдем кѳрсету керек. Яғни баланы 
ұнамсыз ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақ-
тау керек. Мысалы, балалардың біреуіне базарлық-
ты, ойыншықты кѳп беріп, біреуіне аз беріп, арада 
күншілдік туғызбау керек. Жануарды, малдың тѳлін, 
мысықты әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу керек, 
бала қатал болып шығады.
2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мы-
сал. Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе 
ата-анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, 
сѳйлегенде ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана 
қатал болса, бала да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала 
да жұмсақ. Қымс етсе ашуланып, ақырып-бақырып 
қоя беретін ата-ананың баласы да сондай. Сондықтан 
баланың маңайындағы адам дұрыс мінезді болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет