Мағжан Жұмабаев педагогика


Әсерлену көрінісі қалай болады?



бет11/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Әсерлену көрінісі қалай болады? Әсерлену көрінісінің болуы былайша: сыртқы дүниедегі бір зат біздің денемізге, яғни нервінің ұшына (периферия нервілеріне) әсер қылады. Мысалы, дауыс құлақ нервісіне әсер қылады. Осы әсерді нерв орда нервіге, яғни миға алып барады. Ми осы келген әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв системасы алып келген әсерді жанның аңдауы – әсерлену деп аталады.
Әсерлену көрінісінің болу шарттары. Жанда әсерлену көрінісі болу үшін төмендегі шарттар табылу керек.
1) Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы, бетке шаң қонады. Сол шаң беттегі нерв ұштарына, әрине, әсер бермей қоймайды. Бірақ бұдан әсерлену болмайды. Яғни жан бетке шаң қонғанын білмейді, аңдамайды. Мұның себебі әсердің тым әлсіз болғаны. Және әсер тым күшті болса да, әсерлену болмайды. Мысалы, күшті дауыс құлақты тұндырады, шулатады. Бірақ одан жан дұрыс әсерлену ала алмайды.
2) Бір әсерден соң екінші әсерге шейін белгілі бір уақыт өтсін, яғни бірі артынан бірі болған екі әсерден екі әсерлену болу үшін екі әсердің арасында белгілі бір уақыт өтуге тиісті. Мұның мәнісі мынау: сыртқы бір заттың нервке берген әсері тоқталған күнде не нервтің өз‑өзінен біразға шейін қытығы басылмай тұрады. Сондықтан екінші әсер бірінші әсердің артынан іле‑шала келсе, екі әсер қосылып кетіп, екеуінің де мінездері өзгереді. Мысалы, зырылдауық қатты айналғанда, бір дөңгелек болып қана көрінеді. Егерде сол зырылдауықты түрлі бояуға бояп зырылдатсаң, ана бояулардың бірі көрін бей, зырылдақ сұр болып көрінеді.
3) Әсер миға барып жетсін, һәм жан миға келген әсерге іскерлігін жұмсасын. Егерде әсер миға барып жетпесе, әсерлену болмайды. Мысалы, көру нервісін мидан айырсақ, жанда көру әсерленуі болмайды. Және миға келген әсерге жанның іскерлігін жұмсауы шарт. Бұлай болмаса, яғни жанның іскерлігі басқа затта отырса, жанда әсерлену болмайды. Мысалы, біз бір қызық кітап оқып, яки қызу әңгіме ге кіріп отырсақ, есіктен кірген адамды байқамаймыз.
Қан майданда көзіне қан толып жан алып, жан беріп жүрген жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді. Грек ғалымы Архимед туған, өскен шаһарына жау кіріп, шаһар іші азан‑қазан, айғай‑ұйғай болып жатқанда, ешбір дыбыс естімей, өзінің ойына батып, бір сызықтарын сызып отырды дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет