Мағжан Жұмабаев педагогика


Екі жасар һәм үш жасар баланың тамағы



бет6/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Екі жасар һәм үш жасар баланың тамағы. Екі жасар ба ланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста балаға бірте‑бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жыл қы еті ауыр. Оны 2–3 жасар балаға бермеген дұрыс болар.
Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пі сірілген нан. Балаға май ішкізу дұрыс емес. Кәмпит, пряник, өрік, мейіз сықылды тәтті беруге де жарамайды. Бір жасқа толмаған жас бала түгіл 2–3 жасар балаға да қымыз ішкізу мақұл емес. Қымыз баланың тынышын алып, мең‑зең бейшара қылады. Екі‑үш жасар балаға тәулікте төрт рет тамақ беру керек. Түнде емес, күндіз, төрт сағатта бір. Балаға тамақты бөлек үйде беру артық. Үлкен кісілермен бірге ішіп, бірге жесе, үлкендерді иектеп мөлшерден артық ас ішеді. Мұның зиян екендігі белгілі.
Баланы шомылдыру. Баланы шомылдыру оны кірден арылтады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді.
Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш айға шейін Рьюмер бойынша – 29°. Үшінші айдан жыл аяғына шейін – 28°, екінші жылда – 27°, мұнан соңғы жыл төмендегенде 22°‑тан кем болмасқа тиісті. Жаңа туған баланы су ішінде – 5 минут, ай жарымдық баланы 8 минут ұстау керек. Бұдан артық ұстауға жарамайды. Бала әлсіреп қалады.
Әуелгі 9 күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға шейін бір рет, алты айға шейін күн ара, екі жасқа шейін жетіде 2–3 рет, екі жастан соң жетіде бір шомылдырып отыру керек. Баланы тамақ берердің, ұйқтардың алдында шомылдыру артық. Баланы шомылдыратын үйдің жылылығы 17–18°тан жоғарырақ болсын.
Баланы шомылдырып болған соң оның бар денесін, әсіресе қолтықтарын, мойнын, шабын жақсылап қарау кереқ. Көзін, құлағын, басын таза ұстау керек. Былық қолыңмен баланың көзін тазартушы болма. Неше түрлі көз ауруы осыдан болады. Тамақ бергеннен кейін баланың аузын тазартып отыру керек. Таза шүберекті қайнаған суға малып, шыныаяққа орап тазарт. Есін білген баланы ас ішкеннен кейін аузын шайқауға үйрету керек. Аузы иісті болмайды, тісі бұзылмайды. Қазақ қатынының баланы тұзды сумен шомылдыруын теріс деуге болмайды. Еттің пісуіне, шынығуына тұзды судың пайдасы бар. Ал енді баланы маймен сылау тіпті дұрыс емес. Май терінің тесіктерін бітеп тастайды. Еңсені көтертпейді, ауру етеді, кірлетеді, терлетеді. Баланы «өс, өс, өс» деп денесінің құрысын, тырысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. «Өс, өс, өс!» – деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме.
Киім. Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, шымқап, үлбіретіп өсіруде қасиет жок. Бұлай өсірген бала ауырымпаз келеді. Шынықтырамын, денесін берік қыламын деп жалаңаш‑жалпы ұстау да жарамайды. Шынықтыра мын деп жүріп ауруға шалдықтырып, жазаласа өлтіріп алуға да мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын денеге жібермейтін болсын, сондықтан бала киімі жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілу керек.
Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жарамайды. Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе жұғуға мүмкін. Жеткен адам денесіне зиян келтірмеген нәрсе жас баланың денесіне зиян келтіруі оп‑оңай. Баланың киімі қолпылдаған кең, денені қысып тұрғандай тар да болмасын, шақ болсын. Балаға биік өкшелі етік кигізу, белін белбеумен қысып тастау жарамайды. Жалпы айтқанда, бала киімі әдемі болсын деп емес, ыңғайлы болсын деп білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет