қатал қағидаларына тәрбиелеу үшін, жасықтық, жуастық, жасқаншақтық тәрізді қасиеттерден
арылту мақсатында атаның, әкенің, ағаларының қолына беріп, ер мінезділікке тәрбиелеген. Осы
өлеңнің соңғы шумақтарында:
Суыт жүрген кәріден де, жастан да,
- Тыныштық па? – деп сұрайды сасқанда, - деген жолдардан біз нені байқаймыз? Суыт жүрген
жүрісті адамды, әрине, халқымыздың ұғымында жақсылықтың емес, жаманшылықтың белгісі
ретінде қабылдайды.
Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?
Қуатым бар кеудемде шоқтай жанған.
Кер бестімін кермеде қаңтарылған,
Бәйге болса қалайда шаппай қалман, - деп басталатын «Қарт аңшының дегені» атты өлеңінде
ұлтымызға тән қасиетті дөп басып айтқан. Атамыз қазақ бәйге болады екен десе, соған күні бұрын
атын жаратып, баптап, үкілеп бәйгеге қосатын болған. Бәйге жөнінде ақын:
Шаппай қалман және де озбай қалман,
Бәсіңді қой нанбасаң сөз байласқан, - дейді.
Ақын бәйге атын жырлай отырып, бұрын байқалмаған тың образ жасауға игі қадам жасаған.
Кер бестімін кермеде қаңтарулы,
Дүбір шықса үзермін арқаныңды, - деп кермедегі қаңтарулы жүйрікті әдеби фон ретінде ала
отырып, ақын өмірдегі өзінің жыр бәйгесіндегі бейнесін жасайды. Әрине, бәйгені шаппай
бермейді. Өзінің ерен жүйрік екенін нық сеніммен айтады. Айтуға қақысы бар. «Қазағым аман
болса, мен ешқашан өлмеймін» деген еді Мұқағали өзі туралы..[9,10-бет]
.Ақынның өзіне сөз берейік:
Шаппай бермен бәйгені ала ғой деп,
Жүрмісің жүйрік емес, шала ғой деп?!
Ұл тапқанда ұлы анам боза ішіпті,
Қалжасына бақандай қара қой жеп.
Ал енді мына бір «Тау өзені тентек қой, тасып жатыр» өлеңінде бала шопан басында кездесетін
бір оқиғаны нанымды берген. Әдетте қойды серке бастайды. Өлең шағын сюжетке құрылған.
Отарды бастайтын серке өзеннен өтерде одан бас тартады. Жас шопан серкені қойдан бөліп алып,
сырық сапты қамшымен соққыға алады келіп. Қамшы өткен серкенің бақырған дауысы бүкіл
шыңды жаңғырықтырады. Бұл дауысты естіген қарт шопан шыдай алмай дауыс шыққан жерге
жетіп келеді. Бұл кезде жас шопан серкенің сақалынан ұстап соғып жатқан еді.
- Түк көрмеген түлейдей малды ұра ма?
Жоғал былай, торсықтай салбырама!
Серке емес, сен өзің сескенесің,
Сен қылмаған ерлікті мал қыла ма?!
Шешініп суға түскен қартты көріп,
Көк серке өзенге өзін атты келіп.
Көсемінен көз жазбай тұрған отар,
Жамырасып жағаға тартты берік.
Өмірде кездесетін нанымды оқиға. Тегінде қазақ халқы малына, ал малының сыры өзіне танымал
халық. Қазақ үшін мал ырысы мен бағы болып есептеледі. «Малының сырын иесі біледі» дейді
халық. Жасынан мал бағып өскен қарт шопанның өзі бастап өзенге түсуі де сондықтан. Қазақтың
ауылда өскен әрбір баласы малдың жайын жақсы біледі. Оның күтіміне де көзүйір болып өседі. Ал
мынау ше? Бұл мал көрмеген жанның кейпін танытты. Қарт шопан қанша қапаланса да қатты сөз
айтпай, нағыз қазақы теңеумен «Жоғал былай, торсықтай салбырма!» деуінің өзі жетіп жатыр. Бұл
жерде ақын ұтқыр да, ұтымды жаңа теңеуге қол жеткізген.
Халқымыз төрт түліктің әрқайсысының иесі бар деп ұғып:
«Кінәсіз айуанды ұрма! Малды теппе, малдың басынан ұрма» деп үйретпей ме ұрпақтарына.
Осының өзінен халқымыздың өзіндік ерекшелігін байқаймыз. Бұл – болашақ жастарымыз үшін
тәрбие мектебі.
Сүтін ішіп, шудасын кие жүріп,
Қастерлейік, түйені сүйе біліп, - деп малды сүйе білуге шақырады.
Ата дәстүрінде ұзақ сапарға аттанғанда бата беріледі. Майданға жіберген атқа, баласына деген
бәсіреге қарт баба батасын береді («Майданның бейгесіне»).
Жүрген жерің от болсын, қош жануар!
Бәлекетті жоқ болсын, қош жануар! [2,12-бет]
Бата беру ерте заманнан қалыптасқан дәстүрдің бірі болып есептеледі. Қазақтың ауыз әдебиеті
үлгілерінде бата түрлері көптеп кездеседі. Айталық, Қобыланды батыр жауға шығар алдында оған
ата-анасы мен жиылған халық бата беріп, сапарының оң болуын тілейді. Бұл дәстүр үзбей
жалғасып келеді. Соғыс жылдарында қарт Жамбыл Бауыржан Момышұлына былай деп бата
берген екен:
Батырдың жолы болсын!
Самсаған қолы болсын!
Түсі де суық екен,
Ісі де долы болсын!
«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деп халқымыз бекер айтпаған. Мәні зор осы
рәсімді өзінің шығармаларында молынан пайдаланғанын кездестіреміз.«Райымбек, Райымбек!»
дастанында Қабай жырау әулиелер зиратына бұрылып, олардан қорғап, қолдауын сұрап:
Қан сасыған даламның,
Қатын менен баламның,
Кегін қайтып алармын,
Жебеп жібер, Әулие! – десе, он сегізге толған Райымбек елді жау шауып жатыр деген сөзді
естігенде, ойланып – толғанып Қабай жырауды іздеп келіп:
– Ар ма, ата!
Арнай келдім, батаңды бер?
Аятым болсын менің атап жүрер! – дейді. Қабай жырау ұзақ жырлап келеді де соңында:
Кегіңді қайра ақылға,
Жалғыз жортып шатылма.
Аттанып жар сал ер ұлым,
Ел – жұртыңды шақырда.
Дүние – қоңыз, енші бер,
Соңыңнан ерген пақырға, - барып аяқтайды. Ақын халық дәстүрімен қоса батаға
лайықты жыраулық үлгіні ұтымды меңгергені көрініп тұр.
«Өмірдастан» поэмасында да осындай дәстүр кездеседі. Оқу бітіріп аудан орталығына аттанғалы
жатқан, мінуге ат таппаған балаға жаны ашыған ауыл қарты ат мінгізіп тұрып:
Бар, балам, қала көрме қатарыңнан,
Қала көрме үмітті сапарыңнан, - деп батасын береді. Бұдан байқайтынымыз қай кезде батаның
қандай түрі берілуі керектігін ақын жақсы біледі. Соған орай оның мазмұн-мәнін ақындық
шабытпен өзгертіп, құбылтып отырады. [5,9-бет]
Сондай-ақ үлкендерді сыйлау, құрметтеу, ізет көрсету де ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасын келе
жатқан дәстүрдің бір түрі. Мұқағалидың «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» өлеңінде:
Әй, болашақ! Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата қыран ұялы.
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ ғұмыр қияды.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.
Дария шалқар даналығын ал, тыңда! – десе,
«Көшеде шық» өлеңінде:
Жалған – ай,
Жарасымды – ау ізет деген!
Иілген біз отпенен, сіз отпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының күзетпеген.....
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып, - деуінің өзі қандай жарасымды айтылған. Ақынның
халықтық дәстүрді көре білу, оны ақын жанымен сезіне білу мен жырлай білуінде өзгеге
ұқсамайтын өзгешелік бар. Мұндай өлеңдерінде халық дәстүріне деген шексіз сүйіспеншілігін
аңғартып отырады. Бата мен алғысқа қарама-қарсы ұғым ретінде халық дәстүрінде қарғыс та
ерекше орын алады. «Қырқыншы жылдардағы бесік жыры» өлеңінде:
Ала жібін адамның
Аттамап еді ардағым,
Неліктен тәңірім оны алды,
Оранушы еді алғысқа.
Дәуқара аман оралды,
Оранды қайта қарғысқа, - деген жолдарды кездестіреміз.
«Әкеме» өлеңінде:
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым, - деуінде әке алдындағы парызын өтеудің бір көрінісі деп
ұғамыз.
Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,
Өнердің кереметін сөзбен өрген.
Қалайда айтарымды айтып өлем,
Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең?- деп сөз құдіретін аса жоғары бағалаған ақын: Қалам ба деп
қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз, - деп күдігін де жасырмайды.
Дегенмен: Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деуі де нағыз шындық. Ақынның өзі өлгенімен, оның өлмес
өлеңдері Мұқағалидың есімін мәңгілікке сақтап қалары даусыз. [3,4-бет] Иә...
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін... –
деп өзі жырға қосқан, сенімін артқан, жырын аманаттаған «қалың ел - қазағының» өлшеусіз
махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен санасына, халқының жүрегі мен жанына,
елінің көкіркгі мен жанына – уақыт желі, заманалар дауылы шайқай алмас тереңге жіберген
бақытты да, армансыз Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық
айдынына шығып отыр.
Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда мына сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің
құндағына алып тербетер құдіретті Жырдың да халқымен бірге, ұлы даласымен бірге, ұлы
даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат.
Өнер мен Өлең мәңгілігі дегеніміз осы емес пе? [6,7-бет]
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2001 жыл.
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл.
3. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2002 жыл.
4. «Жас Алаш» газеті 19 маусым 2003 жыл.
5. «Әдебиет» газеті, 27 шілде, 2001 жыл.
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл № 6
7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл №7
8. «Жамбыл-Тараз» газеті, 9 ақпан, 2001 жыл.
9. «Жас Алаш» газеті ,13 ақпан, 1999 жыл
10. «Этнопедагогика» журналы ,2005 жыл № 5
11. «Этнопедагогика» журналы, 2005 жыл № 7
Қазтуған Сүйінішұлы
Қазтуған Сүйінішұлы
Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын
жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел
жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ
жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі
шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар.
Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз
бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта
ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын
танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем
тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі
болған.
Жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі
жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Ал, «Алаң да алаң,
алаң жұртта» халықтың туған мекен ? Еділін тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс
тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да
кіршіксіз әрі шексіз. Ол «Кіндік кесіп, кір жуған» ата қоныс ? Еділдің дарқан байлығы мен шексіз
де шетсіз қуатты мекен екенін сипаттау арқылы өз сүйіспендігін жайып салады. «Жатып қалған
бір тоқты жайылып мың қой болған жерді» суреттегенде, оның елге қорған, мықты тірек болғанын
да ұмытпайды. «Белгілі биік биік көк сеңгір» жырынан жауынгер-жыраудың өмір жайлы тыныс-
түсінігі айқын аңғарылады. Бұл аталған жырлар қазақ әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік
сипаттары жағынан ғана емес, сыртқы түзілім-құрылыс тұрғысынан да ерекше дараланады.
Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары»
деген кітабында басылған. Кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18
ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген. Дереккөзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 5 том
Қазтуған жырау
Қазтуғанның туып-өскен қонысы – Еділден бөліне шығып, онымен жарыса ағатын Ахтуба, Бодан
(Бозан) өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы тұрған маңай. Жырау көшпенділердің
шынжыр балақ, шұбар төс әскери аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол
қолбасы батыр.
Өзіне арнаған мадақ жырында Қазтуған былай толғайды:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шәй жібек оққа кірісті,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқа
Сүйінішұлы Қазтуған!
Таза далалық поэзия! Бұл жолдар қазақ тілінде ғана сұлу, қазақ оқушысына ғана түсінікті. Мұздай
ызғарлы ауыр сауыт киген батыр көтермелеу үшін өзін номадтың түсінігіндегі ең әулетті, ең
құрметті деген заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған
әшекейлі сырық, жас бураның тал қайзар өткір азуы, қыранның жембасар тырнағы, - алтын да,
күміс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақты, іріктеліп, екшелеп алынған
образдар. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді.
Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғандығы да аңғарылады. Ноғайлы цикліндегі жырлардың
біразынан Қазтуған поэзиясының әсері байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазтуған – қазақ эпосын
жасаушылардың бірі.
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, -
деп шалқыған Қазтуғанның білегінің күші қаншалық болғанын біз білмейміз, ал ақындығына
келсек, оның мұндай сөздерді айтуға толық хақысы болғандығы көрінеді. Қазтуғанның нақыл-
тақпақ, жыраулық ой толғанысынан келетін:
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,-
Құйрығын күн шалмаған балығын
Ортамнан ойран салар деп.
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп, -
Іспеттес жолдары жыраулық поэзияның бізге жеткен ең ескі үлгісі. Бұл жерде үлкен ақыл иесі, кең
тынысты жырау бой көрсетеді.
Алайда Қазтуғанның ақындық қуатын танытатын шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры.
Бұл толғаудан кейін бүкіл қазақ поэзиясына азық болған образдарды ұшыратамыз.
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қонымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт!
Бұл жолдарда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап қарасақ, өзгеше
ештеңе де жоқ, қарапайым сөз тіркестері. Алайда осы қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер,
ерітер қаншама сезім жатыр десеңші!
Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы. Бұл поэзия
номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын көрсетеді, оның өзін қоршаған, әлі адам
қолы бүлдірмеген табиғат туралы түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді. Табиғат
аясындағы ақкөңіл номадтың қиялы өзінің ұшқырлығымен, кендігімен, сонымен қатар
балаңдығымен бізді таң қалдырады. Жырау туғызған кейбір муреттер мен образдарға біз кішкене
баланың құмнан соққан құрылыстарына қараған үлкен кісінің сезімімен қызықтай қраймыз, бірақ
күлмейміз, - сүйсінеміз. Бұл сезім кейде бас ұруға дейін жетеді. Өйткені Еділ жөнінде айтылған:
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақсы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас, -
деген жолдар хас суреткердің қолынан ғана шығуы мүмкін еді. Сүйкімсіз шөп шырмауықтың
қалыңдығы, адамға тыныш ұйқы ұйықтатпайтын бақа-шаянының көптігі де жырауға соншалық
ыстық. Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі іспеттес. Бірақ біз жатырқамаймыз,
тыжырынбаймыз – суреткердің қиялына таңырқап, демімізді ішке тартамыз. Өйткені біздің
алдымызда орта ғасырдың поэзиясы, ортағасырлық көшпенді. Осы тамаша толғау:
Сөйткен менім Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Хайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт, -
деп Еділ бойында қалған түрік тектес руларға бақыт, береке, тыныштық тілеумен аяқталады.
Біздің қолымыздағы Қазтуған атына қатысты деректер әзірге осымен шектеледі. Бізге жеткен,
әрине, Қазтуған мұрасының жүзден бірі ғана. Бірақ осының өзі қазақ әдебиетінің басы болып
есептелуге тиіс суреткердің творчествосы жайынан біршама елес бере алады.
Сүйініш ұлы Қазтуған
Қазтуған туралы аз жазылған жоқ. Зерттеу еңбектердің баршасы да оны ХV ғасырдың тұлғасына
жатқызады. Бірақ ол пікірдің шындықтан ауылы алыстау. Қазтуған – Ноғайлы жырауларының ең
кенжесі, ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тұлға.
Жыраудың өмір сүрген кезеңін анықтауға Ноғайлы шежірелері септеседі. Қазтуған шежіресі
былай түзіледі: Ысмайыл – Дінбай – Тінікей – Абдол – Сүйініш – Қазтуған. Ысмайыл Мұса бидің
ортаншы ұлдарының бірі болғандықтан, 1480 жылдар шамасында дүниеге келді деп болжауға
болады. Ал өлген жылы 1563 жыл. Оның төртінші ұлы Дінбай Орыс би заманының 1578-1590
жылдары атыс-шабыстың бел орта¬сында болды. Қазтуған Ысмайылдың бесін¬ші ұрпағы. Әр
ұрпаққа 20-25 жастан бергенде Қазтуған 1600 жылдар шама¬сында дүниеге келген болады.
Ол ноғай ұлтының төл перзенті. Үшін¬ші атасы Дінбай би дәрежесіне көтеріл¬мегенмен,
Башкирияның уәлиі болған Ноғайлының атақты мырзалары¬ның бірі. Қарғыс тигендей атыс-
шабыспен өмірлері Ысмайыл ұлдары арасында үнемі әділет жолына жығылушылардың бірі
болды.
1556 жылы Астраханды орыс ләшкері екінші рет алып, Ысмайылдың талабымен Еділдің
өткелдеріне қатаң күзет қойылған-ды. 1558 жылы Ливон соғысы басталып, күзет алынып
тасталғанда, Ысмайылдың қитұрқы қылықтарына наразы болған Дінбай әкесінен бөлініп,
Қырымға ауған-ды. Қырым ханы Дәулеткерей апаларынан туған жиен еді. Хан Ысмайыл балалары
Дінбай мен Құтлықбайды, олармен бірге ілесе барған Сейідахмет би ұрпақтары мен Оразалы¬ның
тоғыз ұлын құшақ жая қарсы алды. Дәулеткерей 100 мың ләшкермен Мәскеуге жорыққа
аттанбақшы еді. Әлгі¬лерді ләшкер санатына қосты. Бірақ орыс межелерінің күзеті мықты екенін
барлап біліп, жорықтан бас тартты. Ноғайлыдан келгендерге елдеріне қайтуға кеңес берді. Дінбай
қайтар жолда Дон казактарының шабуылына ұрынып, інісі Құтлықбайды тұтқында қалдырып,
соңындағы қалың найман елін жауға беріп, он бес адаммен ғана қашып келді (В.В. Трепавлов...
303-б.). 1559 жылы әжептәуір жасақпен барып, тұтқын болған інісін, қолды болған елін және
бүлгін кезінде ауып кеткен қыруар жұртты қайтарып әкелді. Риза болған әке оны Башкирияға уәли
ғып жіберді.
Дінбай 1563 жылдың қысында Ноғай¬лы¬дан қашып кеткен Шейхмамайдың үш ұлы Ташкент
билеушісі Барақ ұлы Баба жасақтарымен тізе қосысып, Ноғайлының шығыс қанатын тонағанда,
соңдарынан аттанып, мал-мүлікті айырып алып, жо¬рық жетекшілерінің бірді-екісін байлап алып
қайтқан да осы Дінбай еді (Сонда, 309-б.).
Ал 1576 жылы Дінахмет бидің тұсында Башкирия уәлиі Дінбай дәрежесі жағынан бимен
теңестірілді (Сонда, 315-б.). Ал Орыс би тұсында ол батыс тарап шекараға жауап¬ты – нұрадын
қызметін 1584 жылға дейін атқарды. 1586 жылы қаңтарда Орыс пен Дінбай елшілері Бақшасарайға
келіп, Түрік сұлтанына сұранды. Дінбай Орыс бидің түрікпен тізе біріктіру саясатын қолдады.
Міне, осы шамадан бастап, Дінбай аты құжаттарда кезікпейді де, Дінбай ұрпақтары атымен
Тінікей, Қанай, Рахманқұл есімдері ауызға ілігеді.
Демек, Дінбай ақ патшаға жаны қас Орыс бидің үнемі серіктесі болып, саяси сахнаға Орыс бидің
ұлы Жанарслан шыққанда да, Дінбай ұлдары оның шашбауын көтерді. Сөйтіп, Дінбай және
Дінбай ұрпағы Ноғайлының Ресейге қарсы тобының басты тіректерінің бірі болды деуге негіз бар.
Дінбай ұрпақтары орысшыл Ормамбетті өлтіруге қатысты. Осы оқиғадан кейін Ноғайлыға
Астрахан атқыштары шыққанда Дінбай ұрпақтары Жемнің сыртына көшіп кетті.
Бұл мәселелерді тәптіштеп баяндап отырған себебіміз: сөз болған жағдайлар¬дың көбісі Қазтуған
толғауларына жыр жолдары болып енген.
Сап-салпыншақ анау үш өзен ,
Салдары менің ордам қонған жер...
Мұндағы үш өзен: Еділ, Жайық, Жем. Бұл үш өзенді жайлағаны рас. Соңғы¬сында тіпті Жемнің
шығысына асып кеткен-ді.
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінде ашқан,
Сүйінішұлы Қазтуған.
Мұндағы кәуірі Ресей екені бесенеден белгілі. Кәрі атасы Дінбайдың орысқа қарсылығымен
жастайынан сусындап өскен Қазтуғанның бұл мәселедегі көзқарасы анық та біржақты.
Еділ – Жайық арасын 1508-1513 жылдар аралығында Ормамбет інілері мен балалары тастап
шыққан соң, Есет, Ор, Жем сыртында жүрген Орыс пен Дінбай ұрпақтары Астрахан аймағына
келіп, қазіргі Қызылжар, Володар ауданындағы Бозан суының бойына қоныстанды. Құт-береке
Бозан өзенінің көрінісі қаз-қалпы Қазтуған жырына көшірілген:
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежедегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
(Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 29-б.).
Осы шумақтағы “ботташық” Бозан өзені бойында өсетін тамырлы жеміс, осы өңір тұрғындары
арасында әлі де ботташық деп аталады.
Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиянда”:
Қабыршақты, Қарасу
Қанатымды залым қияр деп,
Қарғабойлы, Қазтуған
Қайғыланып көшкен жер, – деп, Қазтуғанның ата қонысы Қабыр¬шақты, Қарасу деп көрсетеді.
(Мұрат. “Арыс” баспа¬сы, Алматы, 2001. 135-б.). Әлбетте, осыған ұқсас жер аты әр жерде кездесуі
мүмкін. 1576-1586 жылдарда Қаз¬туғанның ұлы атасы Ноғайлыға нұра¬дын болып, батыс
шекараның жауап¬кершілігін мойнына алды. Бұл қауым Сарай-Бату қаласының үйіндісі мен
Сарай-джедид (Жаңа Сарай) аралығын қоныстанғаны белгілі. Демек, Қазтуған Еділді төмеңгі
саласында Ақтөбенің Бозанға құяр бұрылысында туды деуге негіз бар.
Ал Дінбай ұлдарының орыс ләшкерінің жазалауынан қорқып, Жем сыртына кетіп, Орск маңын
жайлап, Еділ-Жайық арасынан ел кеткенде, Астрахан воевода¬сының шақыруымен Астраханның
іргесі Бозан бойына көшіп келгені анық.
Астрахан воеводасының, бір жағынан, үгіттеп, бір жағынан, күштеуімен Қырым бетке ауған
Ормамбет інілері мен балалары да Еділ-Жайық арасына қайта оралды. Олар Естерек би мен
нұрадын Шайтерек өлген соң, қарсылас екі топқа бөлініп алған-ды. Бірінші топты кейқуат
Жастерек басқарды. Оның шылауын¬дағылар Естерек пен Дінмұхаммед балала-ры еді. Ал екінші Достарыңызбен бөлісу: |