топты тайбұға Ормамбет ұлы Қара Келмұхаммед басқарды. Оның қарамағында Ормамбет
балалары мен марқұм нұрадын Шайтерек ұлдары еді. Жастерек тобы малды-жанды, іргелірек еді.
1519 жылдың мамырында Жастерек тобы қарсыластарына тұтқиылдан тап берді. Бірақ тайбұға
Қара Келмұхаммед ат тізгінін белге байлап, қаруды басқа жастап ұйықтап, күтініп отырған.
Қарсыластарын беттен ұрғандай қылды. Бірақ атыс-ша¬быс¬та Дінмұхаммед ұлы Қарагөз-Мамай
тайбұғаның інісі Мамайды өлтіріп кетті.
Астрахан воеводалары жағдайды Мәс¬кеуге хабарлап еді, Елшілік басқармадан (Посольский
приказ) “араласпаңдар, мейлі” деген нұсқау түсті. Астрахан воеводалары А.А. Хованский мен
А.М. Львов нұсқауды асқан ептілікпен асыра орындады. “Олардың бір-бірімен аразды¬ғын үрлеп
бықсытып, бетпе-бет шайқасу¬ға дейін жеткізіп отырдық... Ым-жы¬мымызды білгізбей екі жаққа
да жасырын барып, бір-біріне айдап салудың арқасын¬да біржола құрып бітудің аз-ақ алдында
тұр” деген воеводалардың Елшілік бас¬қармасына жазған хатын В.В. Трепавлов жария етеді
(Сонда, 402, 403-бб.).
Жауласқан екі топқа да воеводалар көмекке деп атқыштар бөлімшесін жіберіп отырған. Орыстан
қарулы арқа тірек таптым деп ойлаған әлгілер бір-бірін өршелене шабады. Атқыштар ешқашан оқ
шығындап, шөп басын сындырмайтын, қызықты қызықтаушылар ғана еді.
1619-1620 жылдардағы атыс-шабысқа Дінбай ауылы араласпады. Олар бес мың үй болып
Астрахан іргесінде отырды. Бұл кездегі Дінбай ұлысының жетекшісі Қанай еді. Ол Қазтуғанның
үшінші атасы Тінікейдің туған інісі. 1622 жылдың қы¬сын¬да воеводалар қолдауымен би
лауазы¬мына тағайындалған Қанай мен нұрадын Қара Келмұхаммед сол жылдың сәуірінде
Мәскеуге елшілерін жіберді. Ақ патша воеводалардың бұл ұсынысын бекітуі керек еді. Елшілік
сәтті барып қайтты да, 1622 жылдың 10-шы қара¬шасында Астра¬хан қаласында Қанайды ақ
киізге салып, би көтерді. Ол осы тізгінді 16 жыл бойы қолын¬да ұстады. Қанай иісі ноғай¬лының
соң¬ғы биі, одан кейін би қою дәстүрі жоғал¬ды. Осы ретте Қаз¬туғанның “Мадақ жырындағы”:
Билер өтті, би соңы,
Би ұлының кенжесі, –
деген жолдар шындыққа дөп келеді.
Қанай 1638 жылдың орта шамасында дүниеден озды. Оның орнына Тінікей ұлы Абдол
(Қазтуғанның төте атасы) ұсыныл¬ды. Бірақ ақ патша кеңсесі енді би сайлаудың қажеті жоқ деп
тапты.
Қанай би туралы құжаттар өте көп, ал Қазтуғанның төте атасы Абдол, туған әкесі Сүйініш туралы
да деректер ұшыра¬сады (История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Алматы,
2005. Том І. Құжат №239. 355, 356-б.б.). 1645-1646 жылдың 29-шы қазаны аралығын қамтитын
аталмыш шолу құжатта Абдол да, Сүйініш те Жетісан ұлысының билеушілері ретінде ауызға
алынады. 1645 жылдың 13-ші қыркүйегімен таңбаланған құжатта олардың Жем бойында
отырғаны айтылса, 1646 жылдың 29-шы қазанында Жетісанның үш мырзасы, ішінде Абдол да бар,
Дендер тауы тұсынан Жайықтан өтіп, Нарынның шет пұшпағында отырғанын куәландырады
(Сонда, 356-б.). Олардың Астраханға барып, орысқа берілуді мақсат еткені хабарланады.
Қазтуғанның Ноғайлыдан кетуі туралы әдеби дереккөз жеткілікті. Оның ең бастысы Қазтуғанның
“Туған жұртпен қоштасу” толғауы:
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың.
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
(Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 29-б.). Ноғай ғалымы А.И-М. Сакалиев Қазтуғанның
“Жембойлық” атты ұзақ толғауы болғанынан хабар береді. Жембойлықтар Ноғайлының бір ұлысы
бола тура Ноғайлының қалмаққа қарсы аттаныстарына қосылмай, қайта қалмақ¬пен ауыз жаласып
өз жұртына жасаған опасыздығы дастанға арқау болғанын, былайша толғайды:
Алдаспан мен мақсым (ішімдік – Ә.С.) тапса,
Бұ жембойлық дегенің
Алты атасын сатады.
Әлемге әлек келгенде,
Алып ноғайлым арқа бойында
Қан төгісе өлгенде,
Бұ жембойлық туғаным
Атандай шеке беріп жатады...
(Сикалиев А.И-М. Ногайский герой¬ческий эпос. Черкесск, 1994. 49-50-бб.).
Екінші аса мәнді дереккөз Мұрат Мөң¬кеұлының “Қазтуған” жыры. Әжеп¬тәуір көлемді бұл
толғаудың мазмұндық құрылымы айрықша ден қойғандай. Мұрат ырың-жырың, бит-құрт болған
Ноғайлыдан безінген Қазтуған тақыры¬бын жырлай отырып, атақты жыраудың артында қалған
мұрасы ұмытылып, өліп қалмасын дегендей, Қазтуған толғауларын дастанға түгел қосып
жіберген. Ол толғаулардың көбінің сөзбе-сөз жырлаған да, жадында көмескіленгендерін
мазмұн¬дап жырлаған. Мәселен:
Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады,
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көк жиек
Кәпірлер қала салады.
Астарханды қоныс етпеңіз
Шаһарын оның алады.
(Мұрат. “Арыс” баспасы, Алматы, 2001. 171-б.).
Осы толғаудан Қазтуған жырларын сүзіп алып, жыраудың мұрасына енгізер шумақтар аз емес.
Одан Мұрат ақынның айдыны ортаймайды.
Мен неткенмін, неткенмін,
Қурайлы жүріп кеткенмін.
Тайсойған мен Дендерден,
Сағыз бенен Жемдерден
Құралайдай шұбырып,
Гулеп те желіп өткенмін.
Ойылдың Тамдыкөліне
Бір түстеніп кеткенмін.
Маңғыстаудың ойына
Етек-жеңім жыртылып,
Ақ қырауда жеткенмін.
Мұрат ақын Қазтуғанды Маңғыстауға жеткізіп салады.
Ал Қазтуғанның бұдан кейінгі ба¬сынан өткендері Мұрын жыраудың “Қар¬¬ғабойлы, Қазтуған”
жырында баян¬далады.
Орыстан опа таппай, қалмақтан қашып-пысып жан созған Абдол, Сүйініш мырзалар орысқа
берілуден басқа амал жоқ деп шешкен сияқты. Мұрын жырау да Жемде Ноғайлы мырзаларының
он сегіз құң кеңесін, мәмілеге келмей, бет-бетіне бытырағаны, Қарғабойлы мен Қазтуғанның өзге
Ноғайлыдан жырылып Шам аспақ болып, Оқ-Балқанға бет түзегені айтылады.
Қолда бар деректерді жиынтықтай келгенде 1638 жылы Астрахан іргесіндегі Бозанды тастап
шыққан Қанай ауылдары, Тайсойған, Дендер арқылы Жемге өткен. Қалмақтар екі-үш күншілік
жерде еді. Ара¬лас қонған кездері де болған. Қазақ ханды¬ғына жол жабық болғанымен,
Маң¬ғыстау арқылы Үргеніш, Бұхар асу мүмкіндігі жоқ емес-ті. Ноғайлының билеуші қаймағын
құраған ағайындары¬ның дені Қырым тарап¬та еді. Абдол мен Сүйініш Бұхарға ұзамай,
Астраханға қайта барып орысқа берілуді жөн көрген. Ата, әкелерінің бұл шешімімен келіс¬пеген
Қарғабайлы мен Қазтуған ағайын¬дарымен Жемде ажырасып, Оқ-Балқанға ұзайды. Демек, бұл
1645 жылы болған уақиға.
Қуғыннан қайтып оралған Әбілғазы баһадүр қалмақ тайшысының шақыруы¬мен Жемге барып,
қонақтап қайтқанда, Маңғыстаудың осы тұстағы жағдайын өз көзімен көріп, шежіре кітабына
енгізген. Ол Маңғыстаудың ұзына бойында 100 қаралы түрікмен шаңырағы барын, басқа өңірінің
құлазып бос жатқанын жазып кеткен. Мұрын жырау Әбілғазы жазбаларымен таныс адамдай,
тарихи құжаттың баянын қаз-қалпында айнытпай суреттейді. Жемнен Оқ-Балқанға дейінгі бір
айлық жолда қалмақтың жол торыған жасақтарынан басқа жан баласы жоқ-ты.
Оқ-Балқанға жетіп, бұлаққа малдарын суарғанда, су лайланып кетіп, боз мая суға қанбай қалады.
Әлгі жануар ботасын тастап, бұрылып алып кері салады. Содан Жем суына жеткенше Қазтуғанға
қайыру бермейді. Ырың-жырың кесірінен елден безген Ноғайлыға қарағанда мал екеш малдың да
туған жерді қимағанын қиыстыра суреттейді. Эпос астарлы философиялық мәнге ие боп, көркем
туынды ретінде шырқап сала береді. Қазақ әдебиетінде бұл сюжет талай жырланды, ал ол Мұрын
шығармасының жаңғырығы екені айтылған емес.
Эпоста елден ажырай көшкен Ноғайлының шағын тобының ел ағалары Қарғабойлы мен
Қазтуғанның бірге тумағанмен, үзеңгі жолдас, бастас-достас адамдар екені әңгімеленеді.
Қарғабойлы¬ның бірінші боп аталуына қарағанда Қазтуғаннан бір иткөйлек бұрын тоздырған
үлкендігі болса керек. Ұлы жоқ Қазтуғанның үлкен қызы Асылзат – 15-те, ал Қарғабойлының ұлы
– 10-да. Осыған қарағанда ол екеуі де 40-45 жас шамасындағы күші қайтпаған, дер шағындағы
батырлар. Біз жоғарғыда құжаттан Қазтуғанның әкесі Сүйінішті айтпағанда, атасы Абдолдың ел-
жұртын қорғаштап, ат арқасынан қалмаған адам екенін көрдік. Атасы Абдолға – 80, әкесі
Сүйінішке – 60 жас бергеннің өзінде Қазтуған – 40 жас шамасындағы азамат. Мұрын жырау өз
қаһармандарының жас мөлшерін дұрыс шамалады десек, ендеше Қазтуған 1600 жылдары туған
болады.
Сонымен Қазтуғанның үшінші атасы Тінікені Ноғайлы құжаттарынан кезіктіре алмағанмен,
Тінікенің туған інісі 1622 – 1638 жылдар аралығында би болған Қанайдың іс-әрекеттерінен,
Қазтуғанның төте атасы Абдол мен өз әкесі Сүйініш туралы хатталған құжаттарға иек сүйей
отырып, Қазтуғанды ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген тұлға деп таңбалай аламыз.
200-250 мыңға жуық жауынгер атты жасақ ұстап орысты қамыстай қалтырат¬қан, 200 жыл бойы
Ресейден албана алып тұрған Ноғайлының алауыздықтан аяқ асты болғанына күйінген намысшыл
жырау тесік тау өтіп, Шамға кетуді ниет етіп, Оқ-Балқанға маңдай тіреді. Одан кейінгі тағдыры
белгісіз. Түрікмендер ол туралы ләм-мим ештеңе білмейді. Қаз¬туған¬ның өзі Ноғайлыдан
кеткенмен, ұрпағының туған топырақта қалғанына Мұрын жырау куәлік етеді. Ол Қазақ Ғылым
академиясының сұрауымен қан¬дай жырларды жатқа білетінін айтып, хаттатқанда: “Қазтуған
батыр. Оның ұлы Манаш батыр. Оның ұлы Тұяқбай батыр” деп көрсеткен. Бұл дерек Қ.И. Сәтбаев
пен Н.Т.Сауранбаевтың Мұрын жырау мұраларын жазып алу туралы Халық комиссарлары
кеңесінің төрағасы Н.Д.Оң¬дасыновқа жолдаған мәлімдеме хатында сақталған (Батырлар жыры,
Алматы, 1990. Том. 6. 258-260-бб.). 1645 жылдар шамасында қалмақ шапқыншы¬лығына тап
болып, қатты кеміп қалған атасы Абдол, әкесі Сүйініш ауылдары орысқа берілу үшін Астраханға
қайтып оралып, Қазтуған мен Қарғабойлы олардан бөлініп Оқ-Балқанға ұзағанда, Қазтуған баласы
Манаш атасымен бірге кеткен. Олар Астраханға қайтып оралған¬мен, Бозандағы байырғы
қоныстарын ала алмай, Бозанның сәл шығысына Қиғаш сыртына орналасқан. Манаштың моласы
Атырау-Астрахан тас жолының іргесінде әлі де Манаш деп аталады. Манаш мола¬сының орны
ғана қалып, ол елді мекен атына айналған. Исатай мен Махамбет Қарауылқожамен алғашқы
шайқасын осы моланың іргесінде өткізді. Осы Манаштан Тұяқбай туып, әкелі-балалы екеуі де
жырдың қаһарманына айналды.
МАДАҚ ЖЫРЫ
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кіріс-ті,
Айдаса — қойдың көсемі,
Сөйлесе — қызыл тілдің шешені,
Ұстаса — қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!!!
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
Алаң да алаң, алаң жүрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!...
Доспанбет жырау
Доспанбет жырау
Доспанбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының
қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты
көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери
жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан
маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы,
дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін
жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған
заманды аңсау сарыны байқалады.
Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң»,
«Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар»,
«Айналайын, Ақ Жайық» т.б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен
жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да
ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды
шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық
тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық
рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-
бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді
ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін
қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен,
өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар
жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр
толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға
толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел
жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.
Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау
болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың
«Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың «Халық
әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары»,
«Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т.б. сан алуан
хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық
энциклопедиясы, 3 том
Доспамбет – жырау, қолбасшы, батыр. Ол 1490 жылы Дон өзені бойындағы Азау қаласында
дүниеге келіп, 1523 жылы қаза тапқан. Доспамбет жырау – қазақ халқының ұлы тұлғаларының
бірі. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен
Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан.
Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік – оның жырларының негізгі тақырыбы. Доспамбет
жырауларында түркілік тұтастық идеясы бар. Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын
бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады.
Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау,азау дегенің»,
«Тоғай,торғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ
жайық», тағы басқа жыраулары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап, қорғаған
елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды.
Доспанбет жыраудың ақындық мұрасы бізге толық жеткен жоқ. Халық ауыз әдебиетінде,
жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында әр түрлі әдеби
жинақтарға енген. Кеңес өкіметі кезінде табылған толғаулары М.Мағауин жинап, құрастырған
«Алдаспанда» (1971 жылы) жариаланды.
Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін,
адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге болады. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең,
тілі жеңіл, нақышты. Бұхар жырау мен Маханбеттің шығармашылығында Доспанбет әсері айқын
байқалады.
1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Доспанбет жырау бастаған барлаушылар тобы торуылға
түсіп, жырау ауыр жарақаттан қаза болған.
Қолданылған оқулықтар:
«Тарихи тұлғалар» 152-бет.«Алматыкітап» баспасы 2009 ж. Авторлары: Б. Тоғысбаев, А.
Сужикова
«Қазақ хандығы» 55-бет. «Аруна Ltd» ЖШС, 2009 ж. Авторлары: Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУДЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ: «Озушылар, озмаңыз!»
Январь 15, 2009
Небір сөздер болады!
Өз өртіне өзі өртеніп кете жаздап тұратын да сөздер болады.
Доспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі
жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға
келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған
сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне
маңайлатпағандай әсер береді.
Ақынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы
адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен,
дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен
айтылады. Бұл сөздер – өз иесінің өмірін ұзарта түсуге қызмет еткен киелі сөздер.
Жарық дүниеден озарында соңғы сөзін айтып қалуға мүмкіндігі болған адам Жаратушы иеміздің
аса зор рахымшылығы түскен адам шығар. Егер солай болса, мұндай рахымшылыққа бөленген
жанның бірі –Доспамбет жырау. Ол 1523 жылы қазіргі Астрахань маңында ұрыс үстінде опат
болған көрінеді.
Доспамбет жырау сонда отызға да жеткен жоқ екен.
– Озушылар, озмаңыз, – деп басталатын жолдар жыраудың отызға да тола алмай, бар мен жоқтың
арасында жатқан сол сәтінің куәгерлері. Бұл ақынның қайғылы қазаны естірткелі оза шауып бара
жатқандарға қарата айтқаны еді. Осы бір жолдар көкіректен асыға шығып, «хабаршыларды»
тоқтатпаққа олардың артынан «аһ!» ұра ұша жөнелгендей. Бірақ бабалар салтында қазаның
хабарын тоқтатуға болмайтын еді. «Озушылар» қайдан тоқтасын. Бұл сөздер де өз иесінің енді бұ
дүниянікі емес екендігін сезіп барып, ауырлай кері қайтып, әр сөздің жаны қиналып, қара жерге
сіңіп кетердей болып тұрған жоқ па?!
–Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Ол өзінің «шаһит кешкендігі» туралы хабардың елге жеткенін қаламады. Еліне барып, қақ төрге
шығып отырып алар қаралы хабардың жолын кесудің амалын іздеп жыраудың алас ұрғанын
көреміз. Бір ғажабы – бар мен жоқтың арасында жатқан ақынның сөзінде орда бұзар жасында
қиылып бара жатқанына қиналғандай бір ишара сөз жоқ. Тек «озушыларды» тоқтатпаққа
ұмтылады. Бірақ енді олардың да тоқтамасын түсінген соң, озсаң оз, тек «бізім бетке бармаңыз!»
деп өтініп жатыр. Барса, олармен бірге өзінің «Доспамбет батыр! Доспамбет жырау!» болып емес,
«Доспамбетке уақыт болды!» деген қаралы хабарға айналып жететінін көріп, қиналды. Көмекей
мен көңілді қара жамылған сөздердің иеленбегенін қалады. Өйткені қара жамылған сөз де өзіндік
қаралы энергия. Бұл – бізге көне дәуірден Доспамбеттің сөзімен жеткен, бәлкім, Доспамбет ашқан
психологиялық-философиялық жаңалық десек болады. Бірақ оның қаралы энергия екендігін
Доспамбеттің түсіндіріп жатуға уақыты болмай жатты және ғұлама адам әр сөзін тәптіштеп
түсіндіре беруге құлықты да болмайды ғой. Өйткені оны өзі көріп тұрған шексіз ауқымда немесе
қалпында түсіндіріп беру мүмкін де емес. Сол сөздердің ішкі кеңістігі, яғни, сол сөз тіркестерінің
қанатын жайғандағы құлашы тым алыстарды орағытып барып келіп тұрады. Жаһұт тасты көріп пе
едіңіз?
Көрдіңіз. Соған дәл қазір ойша қарасаңыз, не көрер едіңіз? Сіздің көріп тұрғаныңызды бір ғана
сөзбен «құбылып тұр» дейміз. «Құбылып тұруы» – сол тастың күллі ғұмырында бойына
жинақтаған байлығы, турасын айтқанда – ақпараты. Ол ақпарат миллион жаққа қарай таралып,
миллион бағытты көрсетіп тұр. Ол су мен ауаның және түрлі тіршілік иелері қалдықтарының ең
құнарлы атомдары мен молекулаларының өз заңдылықтары бо-йынша аса көркемдікпен және
белгілі бір тартылу тәртіптері арқылы дәлдікпен үйлесуі. Дәл сол сияқты ақынның айтатын сөзі де
– ой-шексіздігінің шыңырауларынан алып шыққан табиғи түрде үйлескен жаһұты. Ол оны қалай
деп, қай қырынан түсіндірсін?! Ол түсіндірілмейді. Түсіндірілмейтіндіктен де ақынның көмейінен
дәл сол дайын қалпында, өзгертуге келмейтін қалпында құйылып шығып тұр:
– Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай – екі ұл,
Алдыңызға жыр құшақлай, жылай шықса, не айтарсыз?
Доспамбеттің осы жырының өн бойына сәуле таратып тұрған «оз» түбірі әр контексте әр қырынан
көріну арқылы жаңа мазмұнға ие болып та үлгеріп, бізге жетті.
Сөз түбірі – ақыл-ой картасының шағын ғана орталығы іспетті, одан жан-жаққа әр түрлі реңк пен
мағына тарайды. Бұл таралып жатқан тармақтар түбірдің өзіндік микроғаламын түзеді. «Озмаңыз»
бен «озушылар» бір түбірден таралған екі ой әлемі. «Озушылар» – бұ дүнияның атрибуты.
«Озмаңыз» – о дүниялық адамның бұ дүнияға қарата айтқан сөзі. Бір түбірден басталғанымен,
екеуі бір жолдың бойында екі түрлі сапар шегіп барады. Тіпті бұл екеуі бір-бірімен аңдыса қалған
о дүния мен бұ дүнияның өрттей ортасынан қылдай ғана жол тауып жарыққа шығып үлгірген
жеңімпаздай.
Доспамбет балаларын қалай жұбату керектігін де өзі түсіндіріп тұр. «Жыр құшақлай шығу», яғни,
жоқтау – қаза болған адаммен қоштасудың өзіндік ежелгі теориясы. Адамның жарық дүниедегі
сапарының аяқталуын баяндау салты.
Оларға айтарыңыз сол болсын:
Жәмішіден қос айтып,
Жараға мамық тосатып,
Келе жата дегейсіз.
«Жарасын мамықпен бастырып, келе жатыр» деп айт деп, үмітті соза тұрудың амалын тапқандай
болады. Бірақ үміттің де кейде созыла беруге күші жетпей қалады.
Ол айтқанға тимемсе,
Бұрынғылар түскен жүрі жол,
Бұрылып соған түсті дегейсіз.
Сөз дегеніміз – ілгешек, оған жалғау мен жұрнақ жалғап немесе түрлі контекске қою арқылы небір
идеяны, небір образды ілуге болады. Үлкен романдағы образ да, өлеңнің бір-екі жолында ғана
тұрған образ да бір ауыз сөз-ілгешек арқылы айқындалуы мүмкін. Сол сөз-ілгешек арқылы
Доспамбеттің «Бұрынғылар түскен жүрі жол» категориясының психологиялық-танымдық
табиғатына жақындай аламыз. Осы бір ғана жолдан Доспамбеттің ойлау тәсілінің траекториясын
да көре аламыз. Траектория тереңдікті де, биіктікті де, қашықтықты да көрсете алатын сызық. Бұл
жолда тұрған «бұрынғылардың» образы «жүрі жол» арқылы айқындалады. «Жүрі жол» – сүрлеу
жол, ұзақ жол. Бірақ осы контексте ол – жұрттың бәрі бірдей жүре алатын сүрлеу жол емес, тек
бұрынғылар ғана жүрген сүрлеу.
Біздің ұлттық ұғымымызда «бұрынғылар» – ерекше адамдар. «Бұрынғылар» – ақыл-ойдың
сандығы. Өйткені бүгінгі ойдың түп-қазығын «бұрынғылар» айтып кеткен. Міне, сол
«бұрынғыларды» қастерлейтін ұлттық салт олардың қай-қайсысының да кеткен жағын айтқанда
қаралы-қасіретті жолға сілтеме жасамайды. Яғни, олардың кеткен жағының қандай екендігін
тірілер білмейді, бірақ ол аса бір жұмбақ та қасиетті жол екендігіне меңзеу бар. Оны ақын «өлім»
деп шошындыра атамайды. Бұрынғылардың жолы деп қастерлей атайды.
Жүк тиелген арбаны сүйреп келе жатқан үш адамға «не істеп жүрсіңдер?» деп сұрағанда, біріншісі
«жүк тиелген арба сүйреп келе жатырмыз» десе, екіншісі «өзімізді және бала-шағамызды асырап
жүрміз» депті, ал үшіншісі «үлкен мешіт салып жатырмыз» деп, өзінің жүк тиелген арбаны сүйреп
келе жатқанының арғы мәнінен қоғамға қажетті үлкен бір істі көрсете айтыпты. Сол сияқты
Доспамбет те өзінің дәл сол сәттегі күйін ажал аузында жатқандығына сілтеме жасай емес, адам
баласының мәңгілік мекеніне кетер жолы ретінде әспеттеуінің өзі – өмірге келу мен кетудің
ғаламдық қажеттілік және заңдылық екендігін баяндауы болып табылады. Бұл – таусылған
ғұмырды ақынның ұлттық-теориялық сипаттай түсіндіруі. Өзінің кетіп бара жатқан жағын үрей
шақыратындай етіп айтуға болмайтындығын ғұламалықпен жеткізуі. Әрине, ақын өзі үшін емес,
бұ дүниялықтарға үрейлі болмауы үшін оны айтудың өзіндік психологиялық тәсілін қолданады.
Сол қолданыстың бәрін ақын қас-қағым сәтте ойлап, өлеңнің қысқа жолдарына асқан шеберлікпен
сыйғызып та үлгерді.
Бұрылып соған түсті дегейсіз, –
деп сол жолға түсуін субъектілік кеңістік ішіндегі ерекше бір іс-қимыл ретінде баяндауында мән
бар.
Бұрылу – былай қарағанда жай ғана етістік. Бірақ дәл осы контексте ол ерекше энергия бөліп
тұрғандай. Өйткені бұл жай бұрылу емес, ауқымды философиялық-ғұмырлық құбылыстың
сипаты. Тіпті осы өлең жолының кеңістігінде тұрған ақын өзінің аяқасты опат болғандығын
мойындай алмайды. Ол, өзінің түсіндіруі бойынша айтсақ, әлдеқандай бір ғарыштық себептермен,
ғарыштық қажеттіліктерге байланысты келе жатқан бағытын өзгертуге мәжбүр болды немесе
міндетті болды да, «бұрылып» кетті және «бұрынғылар түскен жүрі жолға» қарай «бұрылды». Бұл
Доспамбет ойшылдың өмір туралы және өлім туралы философиялық ой-тұжырым-теориясы.
Ойдың адамдық қажеттілік екені рас, бірақ оның ғаламдық қажеттілік екені анығырақ. Жаратушы
иеміз ғаламдық ойды қайда орналастыруды қарастырғанда адамның миын таңдап алып, оған
шексіздікті берген ғой. Сол шексіздіктен болар, біз Доспамбет дәуірінің сөз байлықтары мен сөз
қолданыстарын сол күйінше қабылдай аламыз және сол дәуір адамдарының өздерінен де тереңірек
түсіне алатын сияқтымыз. Мысалы, қазіргі қолданыста «озушылар» деген сөз жоқ. Бұл қолданыс
қазіргілер үшін – экзотика. Экзотика болғандықтан да біз қанша асығыс болсақ та, ол сөздің
тұсынан жеделдетіп өте шыға алмаймыз. Біз оны міндетті түрде қолымызға ұстап, оған зер салып,
тіпті таңданып қараймыз. Өзіміздің арғы бабаларымыздың асыл затын қолға ұстап тұрғандай
сүйсінеміз. Бұл тіпті бізге сөз қолданыстың жағымды мағынадағы «төтенше оқиғасы» сияқты әсер
етеді. Тілдің жаңа коммуникациясында бізге ол ескі қолданыс сияқты емес, керісінше, контекстің
немесе сөздің ХХІ ғасырға бабалар ғарышынан келіп қалған жаңа құбылысындай әсерлі. Оған
себеп болып тұрған – Доспамбет жырларының ішкі-сыртқы стихиясы және рухтық пәрмені.
Жыраудың сөз-мұражайының мұндай көне сөз-экспонаттары ой-санамызды жаңартып, саф ауамен
тыныстағандай әсер беретіні ғажап.
Адамзат – шексіз процесс, яғни, оның аяқталу нүктесінің жоқ екендігін, дамуында мәре
сызығының болмайтындығын білетін сияқтымыз. Доспамбеттің сөзімен айтсақ, адамзат дегеніміз
– «озушылар». Бірінен бірі озып, бір-біріне қарайлауға шамасы келмей уақыттың жалында үдере
көшіп келе жатқан сол адамзаттың Доспамбеттен озып кеткеніне де 585 жыл уақыт өтіпті.
Философ Ж.П.Сартр: «Ұзақ ғасыр өмір сүрген шығарма – құпиясын тас қып құшақтап жатқан
шығарма» деп жазыпты. (Ж.П.Сартр. «Что такое литература», «Поппури», Минск, 1999. С.180-
181). Демек, ұзақ ғасыр ғұмыр сүрудің кілті – өзіндік құпиясының болуында ғой. Ал Ю.М.Лотман
айтады: «Ақынның тiлiн бөтен тiлдi зерттегендей зерттеу керек, …өйткені поэзияның құрылымы
ғылымға әлі күнге дейін түсініксіз» дейді. Біз ақынның тілін немесе ой-тұжырымдарын
саралағанда, шынында да оның иірімдерінде жатқан құпияларды көргіміз келеді. Оны ашып
көруге және тануға міндеттіміз де.
Танудағы мақсат не дейтін болсақ, ол сан қырлы. Биік үй саларда жертанушылар сол үйді салатын
жердің топырағының тығыздығын, қаттылығын зерттеп, неше қабатты үй тұрғызуға
болатындығын анықтайды емес пе?! Дәл сол сияқты, қандай да бір рухани мұраны танудағы
мақсат – жекелеген осындай дара тұлғаларымыз арқылы ұлтымыздың тарихи ой тереңдігін
анықтау.
Анықтаудағы мақсат – біздің ұлтымыздың болашақта қандай рухтық биіктіктерге,
интеллектуалдық дамудың қандай сатыларына көтерілуге мүмкіндігі бар екендігін пайымдау.
Тастабанымыздың қаншалықты терең екендігін, қаншалықты берік екендігін нақтылау.
Нақтылаудағы мақсат – қазақтың бүгінгі ойлы жастарының, бүгінгі ғалымдарының бойында
қандай мүмкіндіктері бар екендіктеріне сілтеме жасау. Өйткені бүгінгі адам, қалай болғанда да,
өткен шақтың жемісі ғой. «Сенің осындай мүмкіндігің бар» десе, сол мүмкіндікті жүзеге асыруға
ұмтылатындар табылады емес пе?! Ал егер «сенің өткен шағыңда философ болған жоқ, математик
болған жоқ, саясаткер не ақын болған емес» дей берсең, адам өзін интеллектуалдық жағынан
жалаңаш сезінбей ме? Тастабанының осалдығы есінен кетпей, ілгері басудан қаймығып, құлап
кетуге дайын тұрмай ма? Сөйтіп, сәл қиындықтың алдынан атының басын кері бұрып кетпей ме?!
Ал арғы жағың мықты десе, бәйгеге қосылып көруге «тәуекел етіп, тас жұтпай» ма?!
«Өкінбеу» философиясы
Әдебиет дегеніміз психологиялық және тарихи материал ғана емес, ол сонымен қатар өзіндік
интеллектуалдық қуат. Оны ғасырдан ғасырға аман-есен жеткізетін де сол қуат. Ал оның бұл
қасиеті өзіндік тілдік және үйлесімділік математикасы арқылы мүмкін болады. Сөздердің шумақ
ішінде бірін-бірі теңдестіруі шебер математикалық жолмен қиюласқанда оқырман өлеңнен сөздік
ұйқас іздемейді де. Өйткені бұл жерде сөздің ұйқасы емес, ырғақтық ұйқас белсенділік алады. Ал
ырғақтық ұйқасты мүмкін ететін математикалық ұйқас. Математика дегеніміз, ең қарапайым
тілмен айтқанда, шым-шытырық ішкі жолдар арқылы үйлесу емес пе?
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Доспамбеттің біз мысалға алып отырған осы өлеңінің жолдарында математикалық белсенділік
арқылы дыбыстық-мазмұндық теңдеу құрылып, «өкінбен» сөзі теңдеудің шешімінің қызметінде
тұр. Егер де өлеңнен «өкінбенді» алып тастап оқысақ, былай болып шығады:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым.
Яғни, ешқандай сөздік ұйқас жоқ және «тоғай қонғандығының», «топ бастағандығының» бір
нәтижеге алып келгендігі туралы ой-тұжырым, шешім жоқ. Олар «өкінбенге» жеткенге дейін
математикалық төрт амалдың не бәрін, не ішінарасын бастан кешіру арқылы мәтіннің ішкі
мазмұндық және рухтық ұйқастығын үйлестірді. Дыбыс, түр, мазмұн, логика – бәрі «өкінбенде»
түйісу үшін ақынның көкірегінде екшеліп, лабиринттік жолдармен жүріп өтті. Әрине, мұның бәрі
ақынның санасында қазіргі есептегіш машиналардың жылдамдығындай асқан жылдамдықпен
жүзеге асырылды. Сөйтіп оның нәтижесін мөп-мөлдір етіп, төгілтіп-төгілтіп жеткізгендігіне
тамсанбай қалмайсың.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көз түзедім, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Судың мұзға немесе буға ауыса алатындығы сияқты, сөз де бір күйден екінші күйге ауыса
алатындығы белгілі. Судың басқа күйге ауысуына ауа температурасы ықпал ететіндігі сияқты,
сөздің бір күйден екінші күйге ауысуына да контекстің ішкі «ауа райы» әсер етеді. Сарты
дегендегі «ы» зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ, мысалы, қазақ+ы. Бұл да, жоғарыда
айтылған «озушылар» сияқты, қазіргі қолданыстан шығып қалған сөз – экзотика. Сөздің осындай
сыр-сипаттармен естілуі мен көрілуі және естілмейтін де көрілмейтін ішкі диалогтағы күйі үнемі
өзгермелі. Сөз де ойланады. Ойды қалай жеткізуді ойлайды. Жоғарыда айтқанымыздай, тек түбір
ғана қозғалыссыз тұрады да, оның айналасында зат алмасу процесі сияқты үдерістер тасқыны еш
тоқтаусыз жүріп жатады. Ал осындай процестер негізінде туындап жататын сөз-экзотикалар
арқылы берілетін Доспамбет жыраудың негізгі идеясының экзотикалығы одан да асып түседі. Ол –
өкінбеу идеясы.
Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде,
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен.
Донның төменгі ағысындағы Азау маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери шонжарлар
тұқымынан шыққан ұлы жырау молшылықта өмір сүрген болар:
Арғымақ мінген өкінбес,
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес,
Жұпарын қардай боратып..,
Құрама шапшақ көп қымыз,
Құйып ішкен өкінбес, –
дегені соның айғағы іспетті. Бірақ оның өкінбейтіндігінің себебі тек бұл ғана емес. Жыраудың
«өкінбеу» философиясының тереңінде жатқан факторларға көз салсақ, оның ел мен жердің
тағдырын шешетін ұлы мақсат жолында жүргендігін, небір аласапыран айқастардың ортасында
оттай лаулап, хас батырлармен бірге қол бастаған тұлға болғандығын да:
Бүгін, соңы өкінбен
Өкінбестей болғанмын.
Ер Мамайдың алдында,
Шаһит кештім, өкінбен, –
деген жолдарынан көреміз. Ер Мамайдың алдында шаһит кешкенін айтуы, жырау Доспамбеттің
сондай батырлардың алдында бас иетін, ел қорғаған ерлерді тәңіріндей қастерлейтін қасиетті адам
болғандығын да танытады.
Осындай кесек-кесек себеп-салдарлық факторлардан келіп шығатын өкінбеу идеясы – ақынның
аса қуатты концепциясы. Тіпті, қайткенде де ұзағырақ ғұмыр кешкісі келетін адам баласы үшін,
түсініксіз концепция. Бірақ оны жырау түсініксіз концепциядай емес, өзінен-өзі ұғынықты
мәселедей толғайды.
Біз бұл жерден өкінбейтіндіктің түрлі мазмұнын көріп тұрмыз. Екінші жағынан, өкінішсіз өткізу
үшін тіршілікте қандай нәрселерді жүзеге асырып үлгеруің керектігінің бағдарламасы да осы
жолдарда тұр. Бұл – тіршіліктегі адамның Доспамбет сызған іс-қимыл формуласы.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес.
Өткен өмір жолының кезең-кезеңдерін айтқанда жырау жүз жылдық ғұмыр кешкен адамдай
сөйлейтіні осы тұста тағы бір көрініс береді. Бұл ақынның ғұмыр жасы мөлшерінің адам үшін
қандай да бір мәнінің болмайтындығына жасаған сілтемесі тәрізді. Мәселе, жасыңда емес, сол
жасыңның ішінде не тындырғандығыңда деп тұрғандай.
Адамзат өзіне ыңғайлы болу үшін уақытты сағаттап өлшеп, бір тәулікті 24 сағатқа бөліп қойған.
Бірақ тағы бір «уақыт» бар, ол – әр адамның өзінің табиғи жылдамдығы. Ол сағатпен өлшенбейді.
Соның бірі – «ақыл-ой» жылдамдығы. Жаратушы иеміздің уақыты адамзат кесіп қойған уақытпен
өлшенбейтіні түсінікті. Оны былай пайымдауға болады: жай адамдар неше жыл ғұмыр кешсе,
сонша жылды ғана жүріп өтеді. Ал аса дарынды адамдардың ой-жүйесі шапшаң қимылдайды да,
олар орта жастан асқан адамдардың ақыл-ой деңгейіне тым жас кезде-ақ жетіп барады. Мұндай
адамдардың бір ғұмырына бірнеше ғасыр сыйып тұрғандай әсер береді. Солай бола тұрса да,
Доспамбеттің өзіне өлшеніп берілген отызға да жетпеген жасын азсынбағаны, яғни, жас кетіп бара
жатқанына өкінбегендігі жай адамдардың түсінігіне қиындау.
Бүгін, соңы өкінбен,
Өкінбестей болғанмын, –
деп өз тұжырымын қайтадан тұжырым-дайды. «Өкінбестей болғандығының» себебі – уақыттың
қашықтыққа «жүгіру» жылдамдығының әр адам үшін әр түрлі мөлшерде болатындығына ақынның
көз жеткізгендігінде болар. Доспамбет өзінің қысқа ғұмырында бір адамның толық ғұмырында
атқаруға тиістіні атқарғандығына, бұ дүниядағы өз миссиясының аяқталғандығына сілтеме
жасайтындай. Ал бізге, пенде болған соң ба, әйтеуір адамның ең болмаса 70-ке жетіп, 80-нен де,
мүмкін болса, 90-нан да асуы міндет сияқты көрінеді де тұрады. Сіздің басыңыздан не өткені
маңызды емес, маңыздысы – сол жағдайға жауап ретінде сіздің өзіңізді қалай ұстағандығыңызда.
Доспамбет осындай тұжырым жасап кетті.
Неміс ойшылы А.Камюдың дәлелдеуі бойынша «табиғилық – түсінікке қиын категория» (А.Камю.
«Миф о Сизифе»). Ұлылық – табиғи құбылыс. Демек, ол түсінікке қиын. Доспамбеттің
өкінбейтіндігін өлеңдерін саралап түсінуге тырысқанымызбен, біз оның байыбына бәрібір жете
алмаймыз. Өлеңнің әр нәрсені түсіндіріп айтып беруі міндет те емес, әрине. Бәлкім, жыраудың
құпия ұстап қалғаны – бұ дүниядағы адамзатқа айтуға болмайтын шындық шығар. Бәлкім, өкінбеу
– пенденің Жаратушыға ризашылығын білдіруі шығар. Бәлкім, бұл қанағатшылдық идеясы болар.
Қалаға қабылан жаулар кіргей ме?
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Ел шетін қорыған Доспамбеттің алаң көңілінің сұрағы сұрақтан гөрі жауап сияқты естіледі. Бұл,
әрине, елдің дүрбелең кезеңінің суреті:
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме?
Дәл сондай кезеңде, ең ауыр кезеңде, жыраудың артына алаңдай, қарайлай кетіп бара жатқаны
сезіледі.
Қабырғадан қараған,
Достым менен дұспаным,
«Апырым, ер Доспамбет!» дегей ме?
Дос түгіл дұшпаны да оның үзіліп бара жатқанына сенер-сенбесін білмей қалғандай, қан-қасап
ұрыс та тына қалып, заулаған оқтар да тоқтай қалып, ала шаң да басыла қалып, бәрі де кеше ғана
«дулыға киген» Доспамбетке, «туған айдай нұрланған» Доспамбетке, «топ бастаған» Доспамбетке,
«тоғай қонған» Доспамбетке, «ару сүйген» Доспамбетке аңтарыла қарап «Апырым, ер
Доспамбет!» деп тұрып қалғандай. Бұл шумақта жыраудың өзі де өз ғұмырының дәл осылай, дәл
сол күні, дәл сол жерде аяқталғанына аң-таң қалғаны ап-айқын көрініп тұр. Бірақ, өкініш емес
екені де ап-анық.
Біздің қазақта қазіргілердің де таңдайын қақтырар осындай да тұлға өткен! Апырым, ер
Доспамбет!
Оңайгүл ТҰРЖАН
Азаулы және Доспамбет жырау
Азаулы қаласының аты өз еңбегін жаңаша жыл қайыруымыздың І-ші ғасырында жазған
Страбонда кездеседі. Азик деп хаттаған. Скандинавия жарты аралының жұрты христиандық
дәуірге дейінгі құдайын Один деп атаған. “Эдда” дастанының мәтініне жүгінген Н.М. Карамзин:
“Эдда аңыздары бойынша скандинавиялық мұсылман Один Азгард қаласының түлегі” дейді (Н.М.
Карамзин ...Том І. Гл.ІІ. Прим.-25. 9-б.).
Грек тарихына қатысты деректерден білетініміз: Азақтың Киммерлік Боспор атанғаны, ал Азов
теңізінің Меотида де¬лін¬гені. Меотида саздағында ежелгі заман¬нан нәсілі алан азық тайпасы
орыс жылнама¬ларындағы касогтармен (қасах¬тар¬мен) ара¬лас бірге тұрған. Сөйтіп, бұл теңіз
жаға¬лауындағы қолтық Азау теңізі, ал ондағы генуялық ежелгі қала Азаулы атанған.
Қара теңіз жағалауын моңғолдар мен¬шіктеген кезде Азаулы өзіне кеп құятын Тана өзенінің
атымен Тана аталды. Ол Алтын Орданың “оң қанатының” астана¬сы болды. Византия, Генуя,
Венеция саудагерлері Алтын Ордамен осы Тана арқылы сауда жасады.
1462 жылы Махмет паша Константи¬но¬польді алып, Византияны күйретті. Ке¬шік¬пей оның
Қара теңіздің терістік жағалау¬ларындағы отары Очаков, Қафа, Тана, Ақерменді өзіне қаратты.
Осы кезден бас¬тап Тана қайтадан Азаулы ата¬нып, Тақыт елі, Ноғайлы, Терістік, Кав¬каз,
Мәс¬кеу¬мен сауда-саттық қаласына айнал¬ды. Азаулыда түріктің серәскері (намест¬нигі)
отырды. Мәскеу князьдігі Азаулыда елшілік және сауда-саттық өкілеттігін ұстатады.
Доспамбет жырау осы Азаулының не сол тараптағы көшпелі тайпаның түлегі. Жыраудың:
Айнала бұлақ, басы Тең,
Азаулының Ыстамбұлдан несі кем.
Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
Хан ұлында несі жоқ,
Би ұлынан несі кем.
Тәңірінің өзі берген күнінде,
Хан ұлынан артық еді менің несібем – деген жолдарында біраз деректік мәлімет бар (Бес ғасыр
жырлайды. Алматы, 1989. 32-б.). Ол Азаулының ағасы. Қырым тарапында қала, ұлыс, ру
басшыларын “аға” деп ұлықтаған. Дос¬памбет өзін хан нәсіліне де, би нәсіліне де жатқызбайды,
Аймадет қауымынан екенін мақтанышпен атайды. Аймадет – Дешті Қыпшақ пен Ноғайлыда
кездеспей¬тін ру. Толғаудың “Айнала бұлақ, басы Тең” деуі бекер емес. Тең, Тан, Тана, Дөң, Дон
– бәрі бір өзен. Азау теңізіне құя¬тын осы өзеннің бойында туып өскен жы¬раудың Азаулыны
Ыстамбұлмен шеңдес¬тіре сөйлеуінде мән жоқ емес. Азаулы түрік патшасына бағынышты қала
еді. Доспамбеттің Ыстамбұлда болуы да ғажап емес.
Жыраудың “Тоғай, тоғай, тоғай су” толғауындағы:
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кетсем өкінбен, – (Сонда. 34-б.) деген жолдар ойға қалдырады. Кули¬ково шайқасының
қаһарманы, Алтын Орда беклербегі Ер Мамайдың дүниеден озғанына 150 жылдай болған. Бұл
жолдар Ноғайлы Мамайына меңзеу болса керек. Хатқа іліккен көмескілеу бір дерек Дос¬памбет
өмірінің бір кезеңі Ноғайлымен байланысты болғанын аңғартады.
Меңлігерейдің көп ұлдарының бірі Фатыхгерейге теңдік тимеді. Оның ұлдары Сақыпгерей мен
Сафагерей бұл тарапта бақтары жанбасын біліп, Ноғайлыға кетіп, Мамай батырды сағалады.
Мамай бұл екеуін кезегімен Қазанға хан қойды, Сафагерейге қызын да берді. 1524 жылы таққа
отырған Сафагерей Қырым тарапы¬нан іскер, епті, қайратты оғландарды көп¬теп тартып, іріктеп,
сенетін адамдарынан жасақ құрды. Қазан бектері оларды “қы¬рымшақтар” деп атап, талай
наразылық білдірді. Ақыры 1531 жылы Сафагерейді “қырымшақтармен” бірге Қазаннан қуып
шықты. Сафагерей қайын атасы Мамайды қайта сағалады. 1535 жылы Сафагерей Қазан тағына
қайта отырды.
Шамалауымызша: Сафагерей төңіре¬гіне жиналған “қырымшақтар” арасында Доспамбет те
болған сияқты. Оның Ма¬май¬ға арнау сөздері осы кезде айтылды деп ойлаймыз. Бізге жеткен
ұзақ толғау¬дың жұқанасы ғана.
1552 жылы орыс Қазанды алғанда жергілікті бектер ханның әйелі Сүйімбике мен Сафагерейдің
шашбауын көтерген “қырымшақтарды” ұстап берді. Сафаге¬рейдің жеке жасағында болған
Доспамбет тұтқын боп Мәскеуге айдалады, кейін түр¬меден босап шыққанмен, елге қайтуы¬на
тыйым салынады. Мұса балаларының бірі Досмұхаммед (Досым) Ноғайлының елшілік істерін
басқарып, Мәскеуде тұрды. Оның ұлдары боярлық дәрежеге көтерілген-ді. Орысқа қолға түскен
Ноғайлының батыр-бағландары соның төңірегінде күн өткізіп, жан созып жүрді.
1560 жылғы 15-ші қазанмен таңбалан¬ған хатында Ысмайыл би Иван ІV-тен Досмағамбетті
босатып, елге жіберуді сұраған (История Казахстана в русских источниках ХVІ – ХХ веков.
Алматы, 2005. Том І, құж. №73. 125-б.). Осындағы Досмағамбет – Доспамбет болса керек.
Бұл кезде Қырым ханы Дәулетгерей-ді. Ол Ысмайылға елші жіберіп, қарым-қатынасты
жақсартқан-ды. Бұл Ысмайыл¬дың ақ патшаға сөзі өтіп тұрған кезі еді. Соның ара түсуімен
Доспамбетті қайтарып, Қырымға өткізген сыңайлы. Кейінгі жылдары жырауды Қырым ханы
Дәулетгерейдің тапсырмаларын орын¬даушы ретінде көреміз.
Азаулы – Қырымның емес, Осман империясының құзырындағы аймақтық қала. Доспамбеттің
Азаулыға аға болуы осын¬дағы түрік серәскеріне (наместни¬гіне) сіңірген ерекше еңбегіне
тікелей қа¬тыс¬ты болса керек. Доспамбет тұтқыннан оралған¬нан кейін көп ұзамай, 1569 жылы,
түріктің Астраханға жорығы басталды. Әлбетте, бұл “жау кеткен соң, қылышың¬ды тасқа
шаптың” керіне ұқсас, уақыты¬нан кешеулеп қолға алынған әрекет еді. Орыс Еділдің ұзына
бойын, Қазан мен Әзітарханды алып, жаңа өлкеге орнығып қалған-ды. Жорық Сүлей¬мен
патшаның ұлы Селімнің басшы¬лығымен жүргізілді дегенмен атқарушы Кафаның санжақбиі
Қасым еді. Ол 15 мың сыпай, 2 мың яны¬чармен Кафадан кеп түсіп, Дәулет¬герейдің 50 мың атты
ләшкерін ілестіріп, 31 мамырда Әзітарханға жол шықты. Түрік ләшкері Танды бойлап кемелерімен
жылжыды да, хан ләшкері Танның екі жағалауының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Осы ауыр қол
15 тамызда Танның Еділге таяп келіп, бұрылатын таусылысы – Переволокиге жетті. Бұл өңірде
бұрын-соңды естіп көрмеген күлкілі тірлік басталды. Жер қазып, Еділ мен Танды қо¬самыз деп
босқа әлектенді. Одан ештеңе өнбеген соң, кемелерді қара жермен сүй¬реуге кірісті. Өстіп, орта
жолда мимырт¬тап жатқандарында, орыстар Нижний Нов¬город¬тан ләшкер шығарып үлгерді.
Кемелерді қара жермен сүйреп, құ¬мырсқа тірлікке бой алдырған жорық¬шыларға Астраханнан
елшілік тапсыр¬ма¬мен келген адамдар: “Кеме сүйреп әбігер бол¬маң¬дар. Кеме өзімізде де
жеткілікті, қала¬ған¬дарыңша алыңдар. Ресейге кіріптар¬лық¬тан құтқарсаңдар болғаны”, дейді.
Қасым би ауыр зеңбіректерді кері қайтарып, өздері бірі аттылы, бірі жаяу Астраханға жетеді. Н.М.
Карамзин “түріктер Астрахан іргесін¬дегі хазарлардан қалған ескі қалаға кеп аялдады”, деп
көрсетеді (Н.М. Карамзин... Том ІХ. Гл. ІІ. 74-76.-б.б.). 12 жеңіл зеңбірекпен ғана келеді. Ескі қала
байырғы Әзітарханды қалпына келтірген соң ләшкерді осында қалдырып, Қасым би мен ханның
Қы¬рымға барып қыстайтыны белгілі бол¬ғанда, ләшкер бүлік шығарды. Оларды
ты¬ныштандыра алмаған жорық жетекші¬лері 26 қыркүйекте өздері қолмен тұрғыз¬ған қаланы
өртеп, жаяу-жалпылап Қы¬рымға шегінді. Осынау сәтсіз жорықтың қатарында Доспамбет те
болып, жігер, қайратымен көзге түссе керек. Оның Азаулыға аға болуы осы уақиғадан кейін.
Қырым хандығы мен Ресей арасын¬дағы елшілік қарым-қатынас ақпарларын¬да Доспамбеттің
әлеуметтік орны мен іс-қарекеттерін куәландыратын үш құжат сақталған. Біріншісі – орыс елшісі
Иван Судаковтың 1585 жылдың 2 маусымымен таңбаланған ақпары:
“Қаңтардың 22-ші күні (1585ж. – Ә.С)... Патша Азаулы ағасы Доспамбетті ханзадалар туралы
хабар біліп қайтуға Донға жұмсады. Бұл істі тындыруға 20 күн мұрсат берді. Тілмаш алмады... ”.
“Ақпанның 18-ші күні ханзадалар туралы хабар білуге Донға жіберілген Азау¬лы ағасы
Доспамбет келді. Донның Переволоки деген жерінен тұтқындаған үш казакты өзімен бірге ала
келді... Саадат¬герей ханзада інісімен Донда болып, Ноғай¬ға, Еділдің арғы бетіндегі Орыс биге
кеткен. Бірақ Орыс биге жеткізбей жолда ноғайлы адамдары талқандап жіберген. Сонымен екі
ханзада Ноғайға, ал үшіншісі Мұратгерей Ас¬траханға қашқан...” (История Казахстана в русских
источника ХVІ – ХХ веков. А-ты, 2005. Том. І. Құж. №119. 181-б.).
Бұл кезде Қырым ханы Исламгерей (1584-1588) еді. Ал онымен таққа таласып жүр¬ген ханзадалар
Исламгерейдің туған ағасы, бұрынғы хан Мұхаммедгерей ІІ-нің (1577-1584) балалары еді. Бұл
хабардан Дос¬пам¬беттің талас-тартысты іске арала¬сып, аса жауапты мемлекеттік іс атқарып
жүр¬генін аңдаймыз. Ақпар мәтініндегі “тілмаш алмады” деген сөзге де мән бер¬гені¬¬міз жөн.
Дондағы казактардан ежгей-тегжей мәлімет алу үшін орыс тілін білу керек-ті. Он жыл¬дай
Мәскеу тұтқынында болған Доспамбет орыс тілін жақсы білген шамасы.
1588 жылдың 25-ші шілдесімен таңбаланған құжатта: “Доспамбет ата Азовтан шығып, Мәскеу
князьдігінің шет аймақтарын шабуға аттанды. Жанында 3000 азов және ноғайлы жасағы бар. Ол
тіл алып, шет аймақтарда күтініп тұрған Мәскеу жасақтары бар-жоғы туралы ханзадаларға хабар
беруге тиісті” (Сонда, құж. №125. 185-б.).
Мәскеу князьдігінің шет аймақтарын шабуға түйініп отырған хан балалары Алыпгерей мен
Саламатгерей Доспамбетті шекаралық аймақтарды барлап қайтуға жіберген. Доспамбет “тіл
алып”, күзет барын хабарлаған соң, ханзадалар жорық¬тан бас тартқан.
1589 жылдың 11 тамызымен таң¬баланған құжатта:
“Сафагерей ханзада барлық адамын кері қайы¬рып, Бахшасарайға Қазыгерей патша келді. Ол
өзімен бірге Бақша¬сарайдағы Қазы¬герей патшаға Ақкермен ағасы Бақай¬ды, Азау ағасы
Доспамбетті және Қошқар аға, Шапқа ағаларды орыс межелеріне ша¬буыл жасамасын деп
жа¬сақ¬¬тарымен бірге ілес¬¬тіре келді” (Сонда, құжат. №126. 188-б.).
Мәскеумен қарым-қатынас жанданған соң, екі ара шиеленісті болғызбау үшін ханзада Сафагерей
жорыққа шыққан ел ағаларын беттерінен қайырып, патшаға алып келген.
1591 жылы Қырым ханы Қазыгерей Ресейдің шведтермен ұзақ соғысқа мал¬тыққанын біліп,
Мәскеуге жорық жасады. Шілденің 3-інде ол Окадан өтіп, Мәскеу ір¬гесіне жетіп келді. Коломно
шоқысы¬ның биігінен Мәскеу қорғанысшыларын бір шолып алды да, соғысқа енді. Кремль және
қала төңірегіндегі жаңадан бой көтерген қамалдардан зеңбіректер бұрқ-бұрқ оқ атты. Зеңбірек
оғынан жасқанып, бөлініп-бөлініп кеткен Қырым ләшкері жауға араласып үлгеріп, қылышпен
жамсатуға кірісіті. Бұл кезде орыстар түгелдей шамқалға көшіп үлгерген-ді. Екі жақ жеңісе алмай,
түнемеге тарқасады. Ертеңіне орыстың төңіректегі тың күштері жетіп үлгергендіктен Қазыгерей
шегінуге мәжбүр болады. “Осы шайқаста көптеген татар өліп, көпшілігі жараланды: ханзада
Бақтыгерей, бірнеше аты белгілі би мен мырзалар жараланды”, деп көрсетеді Н.М. Карамзин
(Сонда, Том Х. Гл. 11. 80-б.). Осы шайқас туралы айтқанда жаралылар көбірек ауызға алынады.
Шамасы жетіле қоймаған шамқалдардың адам өлтіруден гөрі жарақаттауы көбірек болған сияқты.
Доспамбет жырында жоғарыда айтыл¬ған жайларға өте ұқсас жолдар кезігетіні таңғалдырмай
қоймайды:
Сақ етер тиді саныма,
Сақсарым толды қаныма,
Жара бір қатты, жан тәтті
Жара аузына қан қатты.
Жарықшылар жоқ па екен,
Жармай білте саларға,
Жағдайсыз жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан.
(Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 32-33-б.б.).
Озушылар озмаңыз,
Озсаңыз бізім бетке бармаңыз.
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай екі ұл
Алдыңызға жыр құшақлай,
Жылап шықса не айтарсыз?
Оларға айтарыңыз сол болсын,
Жәмішіден қос айтып,
Жараға мамық тастатып,
Келе жатар дегейсіз.
Ол айтқанға тимесе,
Бұрынғылар түскен сүре жол,
Бұрылып соған түсті дегейсіз (Сонда, 34-б.).
Жаралы Доспамбетті арба үстіне жібек шатыр тіккізіп, бір топ жолдастарының алып қайтқан
суреті қаз-қалпында көрініс табады. Атақты жыраудың жолда өлгені, үйіне жетіп өлгені белгісіз.
Әйтеуір осы сапар шаһид кеткені анық. Қырым жасақтарының жаралыларын сүйрелеп, кері
шегінгені 1591 жылдың тамыз-қыркүйек айлары.
Доспамбет толғауында деректілік мәні бар:
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді, – деген жолдар кезігеді.
Мұндағы Әли Мансұр ұрпағынан шыққан Әли бек. Жыраудың Азаулыға аға болуына Қырым
тарихында аттары белгілі ағалы-інілі Азамат, Әли бектердің – қайын жұртының септігі тисе керек.
Доспамбет жырларында үш жерде өз кіндігінен болған ұлдарының аты аталады:
Білмеймін мен жаман күн
Болатсыз қылыш кесерін,
Айналасы алты жылдың ішінде
Есақай, Қосай екі ұл
Азау билеп өсерін.
(Сонда. 32-б.).
Қосақай, Қосай, ер Досайдың анасы
Хан қызындай сұлтанның...
(Сонда, 33-б.)
Есақай, Қосай екі ұл
Алдыңызға жыр құшақлай,
Жылап шықса не айтарсыз?
(Сонда, 34-б.).
Ауызша айтылып, көп жылдардан кейін хатқа түскен жырда ауытқушылық болмай тұрмайды.
Үнемі “екі ұл” дей келіп, бір жерде үш ұлдың, ал ұзын ырғасы төрт ұлдың аты аталады: Есақай,
Қосақай, Қосай, Досай. Доспамбеттің өзі “екі ұл” деп анық көрсеткен. Дұрысы сол болса керек:
Есақай мен Қосақай.
Бұлай деп тұжырымдауымызға кейінгі кездің қосалқы деректері мұрындық болды. Алаш
зиялыларының көзін көрген, мұра¬ғат¬тарды талмай ақтарған қарт қалам¬гер Ғалым Ахмедов
ақсақал Доспамбет ұрпақ¬тары туралы құнды дерек қалдырды. Ол мұрағат¬тан 1862 жылы 10
маусымында “қашқын татар” Қазақай үстінен жазылған арызды Орта орданың сұлтаны
Мұхаммеджан Баймұхамедовтің 1863 жылы 25-ші наурыз¬да тексерген мәліметтерінде
ұшырастырады (Ғ.Ахмедов. Алаш Алаш бо묬ған¬да. Алматы, 1996. 165-169-б.б.). Сөйт¬се,
Қазақайдың Нұралы заманында Қобан¬нан ауып келгені рас екен. Қазір қазаққа сіңісіп,
қалыптасқан тәртіпті бұзбай, 21 шаңырақ болып тұрып жат¬қанын хабар¬лайды тәптіш жүргізуші.
Ғалым ақсақал ел арасындағы кәрі көз, көне құлақтардан сұрап білсе, олар бұл әулеттің шежіресін
сайрап береді. Қазақай, Исақай деген екі ноғай қашып келіп, қазақ арасында молда боп, тұрып
қалғанда, Иса¬қай еліне кері қайтады. Екіншісі Шалқар өңірінде аты құрметке бөленіп, “Қазақай
ахун” атанады. Ғалым ақсақал осы Есақай мен Қазақайды Доспамбет жыраудың ұлдары Есақай,
Қосақай деп біледі. Көңілге қонымды уәжге ұйымасқа лаж жоқ.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Теке (Орал) қаласында Мырзалы дегеннің үйінде кердері Әубәкір мен
адай Нұрым ақын айтысады. Сөзді Нұрым бастайды:
Мен келдім Мырзалының ордасына,
Жолықтым қасындағы молдасына.
Әркімдер жүйрік жігіт дегеннен соң
Көңілім тоқтамады бармасыма.
Жолықпай бұл қазағым жүрген шығар
Кесетін қорғасынды алмасына.
Қазақай арғы атам ақын болып,
Ол дағы ерген екен хан қасына..!
1972 жылы Қазанда “Қазақтың той- бастары” деген кітап басылып шығады. Сондағы Сабыр
ақынның бір жол шумағында:
Қазақайдың тұқымы,
Ақын Нұрым баласы,
Сабыржан жырау аталған, – делінеді.
Сөйтіп, қазақ әдебиеті тарихы үшін аса мыңызды дерек алдымыздан шығады. “Қырымның қырық
батырының” ең сұң-ғы¬ла жырлаушысы Нұрым ақын болғаны баршаға аян. Қашаған мен Мұрын
“Қы¬рық батырды” Нұрымнан үйренгендерін айтқан. Ал Нұрым болса, атасы Қазақайдан алған
болады да, әйгілі эпосты жеткізушілер қатары Қазақай есімді жаңа жыраумен толығады. Нұрым
Шыршы¬құлы¬ның адай¬дың Қосай арысының Сүйіндік тақтасына жататыны белгілі. Қазіргі
шежірелік түзілімде Сүйіндіктен тарайтын үш атаның бірі Доспамбет. Доспамбеттің өзі бар да,
тарихи деректер негізінде шаң-тозаңнан енді арылтып отырған тікелей ұрпақтары¬ның аты жоқ.
Қиыр жайлап, шет қонған Доспамбет ұлдары Есақай, Қосақай ат¬тарын адай шежірешілері
жадынан түсіріп алған. Нұрым Шыршықұлының Сүйіндік тақтасының өкілі екендігін білгенмен,
арғы жағы анық болмағандықтан оған да Сүйін¬дік кестесінен орын табылмапты. Доспам¬бет
жыраудың тікелей ұрпақтары деп біз атаған Есақай, Қосақай – Шыр¬шық ¬– Нұрым – Сабыр
желісінде талай аталардың есімі түсіп қалғаны даусыз. Ит арқасы қиян ауып, көшіп-қонған
жұрттың ойында із-түзсіз өшіп кететіндер аз бол¬май¬ды. Доспамбет жырында Қосай аты
қабаттаса қоса айтылатыны бар. Ол Доспамбеттің ұлының аты емес, Қосақай қазаққа кеп
сіңіскенде қабылдаған руының аты.
Қосақай тұра-келе Қазақай атанған. “Қырымның қырық батырының” көпте¬ген нұсқалары қазақ
арасына осы Қазақай ар¬қылы жеткен. Қазақай оларды әкесі Дос¬пам¬бет жыраудан үйренген.
Демек, “Қырым¬ның қырық батырының” алғаш¬қы нұсқаларын әрі шығарушы, әрі елге тара¬тып
жырлаушы Доспамбет жырау болған.
1588 жылдың 25-ші шілдесімен таң¬баланған құжатта Доспамбетті “Доспамбет ата” деп хаттаған.
Демек, ол сол кезде 60 пен 70 арасындағы ақсақал жастағы адам болған. Жыраудың 1591 жылғы
Мәскеуге сәтсіз жорықта қатты жараланып, Азауға жете алмай жолда өлген сыңайы бар. Осы
деректерді саралай келгенде Доспамбет 1520-1591 жылдар аралығында өмір сүрген боп шығады.
Біржан сал Қожағұлүлы
Біржан сал Қожағұлүлы (1834-1897)
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз
өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы
Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата
ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ,
Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан
Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже
тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын
содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер
жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең
сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от
ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік
ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан
алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп,
қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға
шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана
емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу
Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан
жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше
жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде
қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
Баласы Қожағүлдың Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сүңңар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дүшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дүшпан сезі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас үрмаймын, -
деп ақындық қуатынық зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен
жогары әуенменен айтады. Осыданақ Біржанның ақындық қуатын танимыз.
Ақын сөзін өдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол ңазақ даласындағы
біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын
қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.
Аты жоқ қүс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш үйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетет деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, үшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең ңағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел үшып барып.
Бүл жырында аңын сағынған сүлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен үшңан қүсңа
мүңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол.
Өзіміз айтқандай Біржан Қожағүлдың бауырында, соның қарауында өседі.
Үсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір қүдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Түрлыбайға, -
деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас
кезіненақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы, әнді,
домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші
болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып үғынуға
тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға
тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, салсерілікті де үнатады. Сүлу киім, жүйрік
ат, алғыр тазы, ңиырдағыны шалар ңыран ңүс осының бәрі Біржанның бала шаңтагы үнатқан
ңүмарлығы болады. Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге
де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жүрт аралап жүріп ңазақтың осы бір ешкімге
үқсамайтын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарңаны тербеткен
ғажап дауыс, сүлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын
өзгеден биік көрсетіп, ңандай жағдайда кім болмасын басын бүрып қарайтындай, мынау
Біржанау дейтіндей дәрежеге өкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жүртқа танылып, яғни
Біржан әнші, Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды. Бізге
Біржанның қалай әнші болгандығы жөнінде, ңала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден
дөріс алғандығы беймағүлым. Демек, біз Біржанның әрбір әні қалай туғандығына қарап қана
оның шығармашылық жолын байқай аламыз. Біржаннын, оқыған мектебі, әншілік мектебі, қала
берді өскен ортасы, алғашңы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың ішінде,
қазақтың ішінде болғандығы мағлүм. Демек, Біржан сал Қожағұлүлының алғашқы мектебі
қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн ңосқан сол кездегі Алаштың басындағы
бір тәтті кездер, Біржанның өнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіл,
Аман бола, жолықңанша перизатым, -
деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай
дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі өн Біржанның алғашқы туьшдыларының бірі деуге
болады. Біржанның тағы бір кесек әндерінің бірі «Жаймашуақ».
Көл жағалай бітеді көкше қүрақ,
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жаймашуақ -
деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған
кезіндегі, тольщсып, творчестволык, түрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып
көрінеді. Бүған қарағанда Біржан әнді көңілкүйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы
түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып
қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі
«Айтбай» деп аталады. Айтбай бүл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала үл болсын деп ырымдап,
қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем күлімдейді,
Сүр жорга астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз қүбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -
дейтүғын түстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сүлулығы айтылады.
Атымның қақ түрады сауырына,
Қос тепкі салып екі бауырына,
Қолынан бір шай ішіп кетейін деп,
Келемін Айтбай сүлу ауылына.
Бүл да сол кездегі Біржанның халінен, Біржанның жағдайынан ауыл аралап, ел аралап ән салып
жүрген салсерінің сайран күндерінен, сол кездегі қазақтың еркін көңілінен, сол шаңтағы қазаң
халқының бостандықта жүрген кезі ән салып, әнге елтіп жүрген кезінен бізге дерек беретіндей.
Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі - «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бүл әннің тууы да
ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен түстас, замандас Көлбай, Жанбай деген
азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртңа ңадірлі екенін біліп түрып,
Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай ңүрмет көрсетпейді. Жүрт алаңанға салған серіні
менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байңап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді
туғызады. Бүл бір ңарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтңан назындай болып
көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.
Ләйлім шыраң,
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,
Қызыл жібек ңырмызы төрт-бес ңадақ, -
деп келеді де:
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, -
дейді. Яғни шідерді сен алдың, шідерді Ләйлім алды,
үрлап алды және жай алмады үлкен бір ғашықтық жүрекпен үрлап алғандай астары бар
деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады.
Ләйлім шыраң - асыл тасым,
Көлбай, Жанбай бірге өскен замандасым.
Келген жоқ көктен пері, жерден шайтан,
Шідерімді үрлаған ңарындасым, -
дейді. Осы арада Ләйлім де қатты сасып, не істерлерін білмей Көлбай мен Жанбай да сасып
қалады.
Ләйлім шырақ,
Таудан аңңан сылдырап мен бір бүлаң.
Қаныс болсын, жіп болсын неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ. –
деп алдындағы бір қайыс үшін осылай істеуге бола ма
деген сөзге қарсы шығып, Біржан шідерінің өзі үшін
бағасының тым қымбат екендігін қайта-қайта айтады. Содан кейін ғана
барып Көлбай, Жанбай ауылы салды басқаша ңүрметпен күтіп, өзгеше бір ілтипатпен қарсы
алып, сал-серіге тән дәрежеде шығарып салады. Бүл Біржан салдың аса бір ерекше жазылған
шығармасы.
Біржан тағы бір әнінде өз жайынан былай хабар береді:
Баласы Қожағүлдық Біржан салмын,
Ешкімге зияным жоң жүрген жанмын.
Кісіге өзім деген бас имеймін,
Өзім әнші, өзім сал кімнен қормын? - деген сөзі сол кездегі Біржанның жайын, әншінің бір
жүрты сүйетін, еліне сенетін жайын байқатады.
Кейін келе Біржан жасы үлғайған шағында ауылдан, елден көп шыға бермейді. Бүл түстары
алдындағы қалыптасңан әдеттен, мінезден өзінің ағалары Ержан, Нүржан мүмкіндігінше тежеп,
әншіні көбінесе шығармай, өз ауылында шідерлеп үстауға тырысады. Бірақ Біржан бүған көне
бермейді.
Жасым бар елу бесте жасырмаймын,
Басымнан жаман сөзін асырмаймын.
Қысқа жіп келмесе де күрмеуіме,
Саған да туысым бас үрмаймын, -
деп айтады. Бүл түстарда Біржанның шын мінезін, оның кімнен болса да ңайтпайтындығын,
күрескерлігін, ержүректігін анық тануға болады. Әншінің Жанботаға айтңан сөзінен, сол кездегі
туған ғажап бір әннен де көрінеді. Бүл - баягыдан ңастас екі бай Жанбота мен Азнабайдың
арасындағы аса біриык; тіресіп, бірімен бірі Ңатар тіркесіп түсіп, мен баймын, я болмаса мен ас-
Қанмын деп түрған асқақ мінездің ортасында туған, ызамен туған ән.
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьядан көрген жері?
Өзін сабаған, өзіне кол көтеріп ңарсы шықңан жанға көнбейтүғын кесек мінез иесі екенін Біржан
расында өлеңдерінен анық байңатады.
Жанбота өзің болыс, әкең Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Демек, бүл арада сол поштабайдың дегеніне көнбейтұғын, қолындағы домбырасын бермеуінің
астарындағы ер мінез, жігіт мінез, ңала берді өнер үшін түра білетіндігі, ән көгінде өзіндік аспаны
бар екендігі, сол өнер аспанына ешкімге де аяқ бастырмайтын аса қайсар ерекше мінез аньщ
көрінеді.
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде үрыл еді,
Намыстан, о дариға, өлгенім жоқ.
Бүл сөздер де сол кездегі Біржан халі, әнші жайынан, оның қандай мінез иесі болғандығынан
хабар берген-дей. Ешкімнен ңорқа бермейтіндігін, ңайтпайтындығын айтңандай. Сонда өзі сенген
Жанботаға қарап, бай араша түспеген кезінде ашына атйңан екен:
Созады Біржан дауысын қоңыр ңаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Бас ңосқан мәжілісіміз болады деп,
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай.
Айтады Біржан өлең ентелетіп,
Біржанды халық қойған еркелетіп.
Есерге поштабайға көз алдыңда,
Біржанды қоймақ па едің желкелетіп?
Осылайша өнерді қадірлемейтін, сыйламайтын жандарға тиісті жазасын уытты сөзбен
береді. Мәселе ел арасындағы шенді-шекпенділердің Біржанды ңаншалықты қадірлегенінде емес,
мәселе ңазақ әнін қанщалықты қадірлегендігінде, өнерді қаншалық сүйгендігінде. Қазақ әндері
өзінің тиісті бағасын әлі алып болмаған біздің халқымыздың үлы мүраларының бірі. Ол - тек
кешегі Біржан дәуіріндегі дерт қана емес, бүгінгі күннің де үлкен дерті. Сол кездегі әнді
ңабылдамаған шенді-шекпендіге Біржан ренжиді. Өзі үшін емес, әнші хақымен емес, ңазақ әнінің
атынан сонау замандардан домбырамен бірге жеткен музыкалық мүра үшін, жетпес биік үшін,
өнердің тазалыры үшін, өнердің бүлақ басы үшін ренжиді. Сол үшін ңапа-ланады.
Бүрынғының биіндей би ңалмады,
Бүгінгінің биінде не ңалмады?
Хатым, қүран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басңа сый ңалмады.
Бүрынгының жаңсысы тамам болды,
Ендігінің жақсысы жаман болды.
Арғымақтың аяғын арңан шалып,
Есек озып бөйге алған зашан болды.
Бүл Біржанның кезіндегі ғана ңазақ дерті емес. Оны айтпай қалу, мүны мойындамау мүмкін емес.
Біржан сол бір ешкімге бас имейтін шағын қайта-қайта айта береді.
Жігітке кедейшілік ол сергелдең,
Болмаса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе қүрбың келіп қүр аттанса,
Не пайда ол өмірден босқа сүрген, -
дейді. Ягни адамдықтың, арлылықтың белгісі тек қана әншілікте емес, сал-серілікте де емес,
жігіттікте түрғанын Қайталап айта береді.
Шетіне орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көгалалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән екен Біржан салған жамбас сипар.
Берген соң ңүдай өмір ақбас болдық, Келін менен балаға да жақпас болдық. Көрген соң көзі
ңұрғыр шыдай алмай, Саспайтын адам едім таппас болдың, -
дейді. Жұрт қадірлеген, елі сыйлап алаңанына салган Біржанның кейінгі шақтағы қиын халі
осында тағы бір айтылып кетеді. Біржанды тек қана елжұрты емес, сол кездегі ңазаңтың аса ірі
азаматтары да қадірлеп, сыйлайды. Соның бірі - Абай. Өзімізге белгілі «Абай жолында»
айтылғанындай, расында да, Біржан Абай ауылына барып қайтады. Абай әндері Біржанга ұқсай
бермесе де, Абай әуеыі Біржаннан басңаша болса да, Абай әуені Біржан-мен қабыса бермесе де
Абай Біржанды соншалық ыстык, қүрметпенен, жақыншылықпенен қарсы алады. Оны хан
көтеріп кутеді. Өйткені бұл - екі улының, бірі әнші, бірі аңынның ундестігі. Бірі әнге,
өлеңге қуат берген дарын, талант болса, бірі қазақ философиясына, қазак ойы-на, ңазаңтың асыл
танымына қазық ңаңңан жандардың жолығуы еді. Бұл ән мен сөздің, жыр мен әуеннің,
қазақ даласындағы соншалык, биікке шырқап кеткен ңос ңыранның табысуындай еді. Біржанның
Абайды іздеп ба-руы да жай емес. Ол өзінен сонша биік жатңан, біраң өзі тануға, білуге тиіс
үлылықпен табысуы, сол үлыльщпен танысуы еді. Біржан үшін ізсіз кетпейді. Біржан Абай
ауылына барып, соншалың үлкен кісілікпен, соншалық үлкен адамдың дәрежеде өсіп ңайтады.
Демек, ңазақтың екі дарыны бір-бірімен қанаттасып, бірін-бірі демеп, біріне бірі соншалық рухани
көмек көрсетеді.
Осы Абайдың өзі бағалаған, Алаш ардақтаған Бір-жан кейінгі кезде өмірін көп қиындықпен, көп
зармен өткізеді.
Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын,
Үмытпас ңүрбы-ңүрдас асыл тасын.
Ойланам, ауруымның түрі жаман,
Біржанның кім үстар деп домбырасын.
Бүл әншінің денсаулығы наіпарлап, күйі кері кетіп бара жатңан шағы.
Аурудан ақыл кетіп адасам ба,
Жақсымен бүрынғыдай жанасам ба.
Білмейтін бүл ауруды неғылар дейді,
Егер де алам десе таласам ба?
Қанша өнер иесі болса да, қанша қазақтың әніне көп олжа салса да өмірінің соңгы кезеңінде
Біржан сол заманның шетке ңағылған, көзіне қамшы тигендей шыр айналып қалған, шыға алмай
қалған бөлекше бір жаны больш күн кешеді.
Дүние өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бүл күнде арық қойдан бағам төмен,
Үш жүздің ортасында Біржан едім.
Ел кездім кер төбелмен шарықтатып,
Жаксыға сөз сөйледім шабыттанып.
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Қойдың ғой енді, міне, арықтатып.
Мүнда Біржанның ,өз жайы, оның аса бір төменге кетіп бара жатқан жағдайы, кешегі ел сүйген
серінің, салдың бүгінгі мүшкіл жайы сонша қайғымен, қара бояумен баяндалады.
Салғаным ағаш үйге болмапты пеш,
Жаратқан мен пендеңнің күнәсін кеш!
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндірген қарақтарым,
Шешсеңші білегіме арқан батты.
Бірақ қолы байлаулы бүлбүлды ешкім босатып алмайды. Тордың ішінде қамаулы түрған
бүлбүлдай көзі жасты Біржан жылай зарлап әндетеді.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмак;, жарлы ңылмақ қүдайдан-ды.
Камзолдай ңысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды, -
дейді. Бүрынғы өткен дәуреннің, кешкен күндердің енді қайта оралмасын, сол күндердегідей қайта
бола алмасын сезген сал дүниенің оп-оңай өтіп бара жатқандыгын, қайта келмейтіндігін айтады.
Біржан деп атым шықты алты Алашңа,
Қүдайым берсін өмір Теміртасқа.
Жасымыз алпыс бірге келгенінде,
Қүдайым берді науқас ғазиз баска.
Алдымда шам шырағым - Теміртасым,
Тілегім болсын үзақ сенің жасың.
Хош болыңдар, бауырым, балапаным,
Байңаймын ажал шіркін қүтқармасын.
Аяғында көп қиналумен 64 жасында байлаулы жатып, аспандагы аңңуға үн қосатын, бүкіл ңазақ
даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі - Біржан бүл дүниемен ңоштасады. Біржанның өмірі,
Біржанның әндері - ңазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек.
Тағы мақалалар...
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Достарыңызбен бөлісу: |