Сценарий, тритмент немесе ж і к-ж і г і тар қатылған нобай әзірлеу



бет1/13
Дата18.04.2022
өлшемі53,12 Kb.
#31316
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жік-жапар - имам арасы жаңа сөздер


Жік-жапар - Имам сөздерінің аралығына қосылған жаңа сөздер:

  1. ЖІК-ЖІГІ Келесі жасалатын қадам қойылымдық сценарий, тритмент немесе ж і к-ж і г і тар қатылған нобай әзірлеу (Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу). «Телесценарий/киносценарийдің қайсысы болмасын тритмент деп аталатын ж і к-ж і г і тарқатылған формада нобай сызудан басталады (Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу).

  2. ЖІКТЕМЕ= з а т . Әлеуметтік жіктеме онда да, мұнда да жанрлық һәм кәсіби жіктемемен сәйкес келуі әбден мүмкін, бірақ оның толығымен дербес және өзіндік ерекшелігі бар. (Әдебиет теориясы - 1) Семантикалық жіктеме әдісінің көмегімен Әзербайжанның байырғы орыс тұрғындары мен әзербайжандарда «туған табиғат» ұғымы әрқилы пси- хикалық-мағыналық мәнге ие екені анықталды.

  3. ЖІКТЕП-МЕЖЕЛЕУ Өйткені мәдени және психологиялық феномендерді жіктеп-межелеу мәселесінің түбінде көтеріліп, шешімін табу қажеттігі бұған дейін де аңғарылған еді. (Этнология)

  4. ЖІКТЕУІШ= з а т . Ол жіктеуіш (классификация) қызметін атқарып, баяндау дискурсы желісінде белгілі бір рөл ойнайды.(Әдебиет теориясы - 1)

  5. ЖІП ШЫҢДАУ кілем тоқуға арналған жіптің сапасын арттыра түсу үшін жасалатын технологиялық үрдістің бір сатысы. (әртүрлі тақырыпта 1)

  6. ЗАБАР. з а т. Араб әліппесінде әріптің үстіне қойып [а] дыбысының орнына пайдаланылатын сызықша белгі (Мұстапа Бұралқыұлы, ҚТТС). (әртүрлі тақырыпта 2)

  7. ЗАБУН [ар. забун زبون] е с к і к і т. 1. с ы н. Бейшара, мүсәпір. Ғашықтық үшін ішермін бұл шарапты, Мені бүгін забун қылған ол жігітті [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық]. Әуелінде даст айлады қабалып, Ақырында забун болды ахуалым [«Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық]. Зынданда Шерің қалып тұр, Халім забун болып тұр [«Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық]. 2. с ы н. Дәрменсіз, әлсіз. Атамыздың әскері забун болып, Бәрі қашып шаһарға еніп кірген [«Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық]. 3. з а т. Қатыгездік. Әгар забун әйласам қазір сені, Сонда қабыл қылармысың ислам дінін [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық]. Күрзінің зақымынан аты жығылды, Ат келтірген мұсылманларын забун қылды [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық]. Бір күні әскер жиып, соғыс қылды, Баласының уәзірін забон қылды [«Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық]. (араб, парсы діни сөздер 1)

  8. ЗАБУР [ар. забур بورز] е с к і к і т. з а т. Алладан түскен діни төрт кітаптың бірі. Кағбаның сетуны Ханнан, Маннан, Таурат билән Інжіл, Забур, Құран [«Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық]. Тәурат, Забур, төрт кітап жатқа алып, Сыймайды сипат қылсам қалам хатқа [«Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық]. (араб, парсы діни сөздер 1)



  9. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет