Магистратура


Физиканы оқытудың әдістемесінің үздіксіз дамуы үшін қажетті дерек көздері



бет14/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Физиканы оқытудың әдістемесінің үздіксіз дамуы үшін қажетті дерек көздері.Физиканы оқыту үздісіз дамуда. Себебі физика ғылымының өзінің дамуымен қатар оның қоғамның дамуындағы алатын орны да арта береді.
Физиканың ғылымының дамуымен бірге оның жоғарғы білім беру жүйесіндегі, әсіресе педагогикалық ЖОО-да болашақ физика пәні мұғалімінің маманыын даярлауда пән ретіндегі мазмұны мен тәрбиелік және білімдік аңызы да өзгереді. Мұндай жағдайда әдістеме болашақта жасалатын жоспарларды ескере отырып, оқу-тәрбие процесін бағдарламалау керек, бағдарлама оқытушылардың күш жігері мен ынтасын шығармашылық ізденістерге және оны жетілдіруге бағыттайды.
Физиканы оқытудың әдістемесінің үздіксіз дамуы үшін қандай источниктер керек. Оның негізгілеріне тоқталайық.
1.Физиканы оқытудың әдістемесін тереңдетудің қажеттілігі ғылым, мәдениет, әлеуметтік процестерді терең зерттеуден туындайды. Себебі бұл ғылыми техникалық мәселелерді шешуге ғана бейімделмей, болашақ физика пәні мұғалімін дайындауда оның ғылыми білімінің деңгейін арттыруға, оқыту мен оқытудың техникалық әдістерін жетілдіруде қолданылуы керек. .
2.Жалпы физиканы оқытуда ғұлама ғалымдардың баға жетпес ғылыми-әдістемелік мұраларын терең зерттеп, оны оқытуда шығармашылықпен қолдана білу. М.В.Ломоносов, А.Г.Столетов, П.Н.Лебедев, Н.А.Умов, А.С.Попов, Н.И.Пирогов, Д.И.Менделеев, К.А.Тимерязев, И.М.Сеченов, И.П.Павлов, А.Н.Крылов, В.Л.Кирпичев, Н.Е.Жуковский, А.П.Минаков, А.И.Иоффе, Г.Гельмгольц, Дж.Дж.Томсон, Э.Резерфорд, П.Ланжевен, Н.Бор және т.б. Осы ғұлама ғалымдардың еңбектерін тереңдете оқып, оны оқытуда шығармашылықпен қолдану.
3. Сонымен қатар физианы оқыту курсындағы баға жетпес дерек көздері-жалпы физика курсы бойынша оқу құралдары, физика есептерін шығару мен зертхана жұмыстарын жасауда басшылыққа алатын оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулар. Оқытушы әр түрлі оқулықтар мен әдістемелік құралдарды салыстыра отырып, сабақтың өзіндік жоспарын шығармашылықпен жасайды.
4.Физиканы оқытудағы оқу-тәрбие процесін жетілдірудің тағы бір жолы шет елік және өз еліміздегі педагогтардың студенттердің кәсіби қасиеттерін қалыптастырудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын пайдалану. Бұл мақсатта осы мәселелерге байланысты Халықаралық, республикалық және т.б. конференциялар мен мерзімдік басылымдарды үзбей қарау керек.
5.Физиканы жетілдіру міндетті түрде педагогикалық экспериментпен жүзеге асырылады. Дегенмен педагогикалық эксперимент өте мұқият дайындықты қажет етеді. Себебі бұл жерде жастардың білімі мен тәрбиесі басты мақсат боып отыр.
6. Физиканы оқыту өте мұқият зерттеп практикаға ендірілетін педагогика мен психологияның ең озық жетістіктеріне сүйенеді.
Физиканы оқыту әдістемесі мен оны оқытуды дамыту мен оны жетілдіруге тұрақты түрде әсер ететін факторлар болады олар:
-қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелері мен мәдениеттің дамуына негізделген жастардың өй-өрісінің үздіксіз дамуы;
-Ғылымның өте жылдам дамуы, бұл пәннің оқу бағдарламасындағы білімнің логикалық жүйесіне қайшылық білдіруі мүмкін;
-ғылым мен техниканың дамуы және оның негізінде зертханалардағы құрылғылардың, оқытудың техникалық құралдарының дамуы;
-білім беру жүйесінің жетілдірілуіне негізделген жастардың танымдық бейімділігінің өсуі:
-жаппай ғылыми ақпараттық әдістер мен құралдардың жетілдірілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет