Магистратура


Дәріс № 4. Мамандар даярлаудағы оқу жоспары және жалпы физика курсы бойынша оқу бағдарламасы



бет10/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Дәріс № 4. Мамандар даярлаудағы оқу жоспары және жалпы физика курсы бойынша оқу бағдарламасы
Жоспар:
1.Типтік оқу жоспары
2. Жалпы физикадан оқу бағдарламасы
3.Әр түрлі мамандықтар бойынша жалпы физика курсынан жұмыс бағдарламалары мен силлабустарымен таныстру(қосымша)


Типтік оқу жоспары. Типтік оқу жоспары ЖОО-да болашақ мамандар даярлаудағы басшылыққа алатын басты құжат болып есептеледі. Оқу жоспары бойынша оқу мерзімі, оқылатын пәндер тізімі, оларды оқытудың реті мен көлемі, оқу жұмысының формасы, студенттердің білімін бақылау түрі анықталады. Кредиттік жүйе бойынша қазіргі кезде ЖОО-ны орналасқан аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, оқу жоспарын жасауға рұқсат алған. Оқу жоспары ЖОО Ғылыми кеңесінде бекітіліп, жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
ЖОО-рының басым көпшілігі көптеген жылдар бойына сапалы мамандар даярлаудан тәжірибе жинақтағанымен, қоғамның талабы әрдайым ескерілуі керек.
Қазақстанның бірқатар ЖОО-да даярланатын физика пәні мұғалімі мамандығына жасалған типтік оқу жоспары мен жұмыс оқу жоспарларына жасалған талдау нәтижесінде қоғамның сұранысы мен жастардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыратындығы анық байқалады.
Педагогикалық ЖОО мен университеттік білім деңгейінде айтарлықтай айырмашылық болмауы керек.
Оқу жоспарына талдау жасаудан физика пәні мұғалімін дайындауда олардан «өте кең көлемдегі білім» талап ету қазіргі кезде қайта қарауды талап етеді. Қазіргі кезде ғылымның екінді дамуына байланысты «қордаланған білім» көлемін болашақ мамандардың оқу мерзімінде меңгеруі мүмкін емес. Сол себепті ЖОО-дағы оқу процесі тек білім берумен ғана шектелмей студенттердің танымдық потенциалын арттыру мен олардың өз бетінше ізденіп, білімін толықтыру мақсатында қызмет ету керек.
Жалпы физикадан оқу бағдарламасы. Бұл-осы пәннен жоғары оқу орынында берілетін ғылыми материалдардың жиынтығын анықтайтын құжат. Мұнда оқытылатын әр түрлі пәндердің реті мен әрбір тақырып бойынша қарастырылатын мәселелердің нақты шекарасын анықтайтын сұрақтар, практикалық және семинар сабақтардың, физикалық практикумдар көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет