Дәріс сабағы №6. Жалпы физика курсының құрылымдық ерекшеліктері Жоспары: 1.Жалпы физика курсын оқытудағы оның құрылымының жалпылама ерекшеліктерін ескеру 2.Құрылымдық ерекшеліктерге нақты мысалдар келтіру Физикадан көптеген оқу құралдарында материалды индуктивік принципке сәйкес, яғни қарапайымнан күрделіге көшуге негізделе отырып жасайды. Мысалы, механика бөлімінде ең алдымен кинематика, динамика, ал электродинамикада ең алдымен электростатика, тұрақты ток, айнымалы ток және с.с. ең ақырында Максвелл теңдеуі беріледі. Бұл жерде қарапайым материалдардан күрделіге өту материалды терең түсінуге мүмкіндік береді. Жалпы физика курсын оқытуда дидуктивті әдістің де тиімділігін жоққа шығаруға болмайды.
Шын мәнісінде экспериементтік тәжірибелердің негізінде тұжырымдалған физикалық құбылыстардың теориясынан одан да күрделі теорияны түсіндіруге көшкенде алдыңғы теорияға қатысы жоқ басқа экспериментті қою қажет болады. Әрбір жаңа экспериемнтті жаңаша негіздеп, басқаша ойлау керек болады.
Физиканың табиғатты зерттейтін ғылым екенін және оның экспериментке негізделгенін ұмытпау керек. Сондықтан әрбір физикалық заңдарға сәйкес тәжірибелер мен эксперименттер, бақылаулардың көмегімен негізделініп, жолай ұғымдар (жылдамдық, үдеу, күш немесе температура, қысым және т.б.) мен физикалық құбылыстардың сипаттамаларын беретін мен анықтамалар (негізгі заңдар) беріліп отырады. Осыған байланысты негізгі заңдардың нақты негіздеулері (формуласы) берілуі керек. Материалды түсіндіруде курсты оқытуға берілген уақыттың ¼, 1/3, бөлігін алуы керек. Ал қалған уақытта осы заңдардың салдары қарасырылады.
Физиканың маңызды принциптерін негіздеуде барлық мамандықтардағы оқитын студенттерге бірдей қорытып шығару аса қажет емес. Себебі кейбір мамандықта оқитын студенттердің бұны меңгеруге математикалық білімдері жеткіліксіз болуы мүмкін.
Мысалы Ньютонның теңдеулерін түсіндіру үшін қарапайым дифференциалдық теңдеулер туралы білімнің болуы жеткілікті, ал Максвелл теңдеулерін сипаттап беру үшін дифференциалдық теңдеуің дербес туындысын таба білуі қажет етеді. Дегенмен Ньютонның заңдарын тек үдеу мен күшті байланыстырып тұрған теңеу деп қарап қоймай, қозғалыс заңдылығын іздеу үшін қажетті (уақыттан, кооринаталаран, жыламдықтан тәуелді) теңдеу деп те қарау керек.
Физиканың іргелі заңылықтарын математикалық аппараттарсыз тіпті де мүмкін емес. Бағдарламамен сәйкес материалды студенттерге еш бұрмалаусыз, мағынасын дәл, сәтті жеткізу үшін сол мәселені бес саусақтай білу керек. Сондықтан да оқытушы аналитикалық механика, статистикалық физика, электродинамика мен кванттық механиканы, яғни университеттің физика мамандығында оқитын студенттердің меңгеретін барлық теориялық курстарының материалдарын меңгеруі керек.
Өкінішке орай жалпы физика курсы бойынша көптеген оқу әдістемелік әдебиеттерде сол бөлімнің негізгі принциптері екшеленіп, іріктеліп берілмейді. Сол себепті де әрбір бөлімдегі іргелі (фундаментальды) деп есептелетін мәселелерге жеке-жеке тоқталып кетейік (келесі дәрістер).