Магистратура


Семинар сабақтарын өткізудің әдістемесі



бет24/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Семинар сабақтарын өткізудің әдістемесі
Жоспар:
1.Семинар сабағының ерекшелігі
2.Семинар сабағын өткізудің әдістемесі

Дәріс беру арқылы студенттерге нақты физиканың салалары бойынша білім беруге (физикалық құбылыстар туралы), осы білімді алуда қажетті фактілерге, құрылған қандай да бір физикалық теорияның математикалық құрылымына ой талдау арқылы оның негізі мен идеясына өздері еңбектене отырып қол жеткізе білуге, сол теорияны есеп шығаруда қолдана біліуге, кейбір дәріс сабағында айтылмаған мәселелер туралы өздерінің ойлануына талпындырып, итермелеуге болады. Ол үшін студенттің дәріс сабағын мұқия тыңдап, жазып алуы жеткіліксіз болады. Сол себепті студенттедің дәріс материалдарымен өз бетінше жұмыс жасағаны дұрыс болады.


Дәріс беру кезінде студенттердің эксперименттік дағдысы мен іскерлігін, машығын қалыптастыру, есептер шығарудың әдіс-тәсілдерін меңгертуге, материалды өз бетінше түсінуге, әдебиетті зерттеу әдісіне, ғылыми пікір-таласқа, тәуелсіз көзқараспен пікір айта білуге, өз бетінше ізденуге, мәселе қоя білуге үйретуге мүмкіндік аз. Жалпы айтқанда дәстүрлі дәріс сабағы кезінде студентті өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретуге мүмкіндгі жоқтың қасы.
Дәріс сабағындағы студенттердің шығармашылықпен өз бетінше жұмыс жасауына болмаған жағдай физикадан практикалық және зертханалық сабақтарда өз деңгейінде жүзеге асырылады. Енді семинар сабақтарын өткізудің ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Академиялық оқу топтарында семинар сабақтарын дәрісті оқитын оқытушының өткізгені жөн. Олай болмаған жағдайда семинар сабағын жүргізетін оқытушы мен дәріс беруші семинар сабағында берілетін мәселелерді өзара келісе отырып анықтап алуы керек. Семинарларда сол кезге дейін дәріс сабағында оқылған материалдар мен студенттерге өз бетінше қосымша әдебиеттерден оқып, дайындалуға берілеген маңызды тапсырмалар мен сұрақтар қамтылады, методологиялық мәселелер мен курсты оқу барысында студенттерге қиындық туғызатын тұстар ашылып көрсетеледі. Семинар сабағының тақырыбы мен пайдаланылатын әдебиеттер алдын-ала беріліп қойылады. Қазіргі кезедегі кредиттік технология бойынша оқу жүйесі бойынша барлық дәріс, практика, зертхана сабақтарының мазмұны, қолданылатын әдебиттер тізімі пәннің жұмыс және оқу бағдарламаларында (силлабус) көрсетіліп, оладың қол жетімділігі толықтай қамтамасыз етілген. Студенттер оқу жылының басында-ақ оқу бағдарламаларымен таныс болады.
Семинардың жоспары мен стилі студенттердің даярлық қарқыны мен қарастырылатын тақырыптың ерекшелігіне қарай әр түрлі ұйымдастырылуы мүмкін. Қазіргі кезде студенттердің сабаққа деген белсенділігін жан-жақты арттыру мақсатында әр түрл оқыту әдістері (проблемалық оқыту, Шоғырландыру (концентрация) оқыту, модульдік оқыту, үстемеліп оқыту, жекелеп (дифференциациялық) оқыту, белсенді (контексттік) оқыту, ойындық оқыту, сыни ойды дамытуға оқыту және т.б.) қолданылуда. Дегенмен, әрбір әдісті сабақтың тақырыбы мен мазмұнына, студенттердің дайндық деңгейіне және т.б. факторларды ескере отырып, тиімді пайдалану оқытушының шеберлігі мен дайындығын қажет етеді.
Студенттердің өздері семинарға тиісті тақырып бойынша сұрақтарды ұсынып, оған өздері жауап беретін болса жақсы. Бұл кезде барлық студенттердің қатысуы мүмкін сұқбат өрбиді. Егер студенттердер тарапынан маңызды сұрақтар туындамаса, оқылып отырған материал не болмаса берілген тапсырма бойынша сабақ сұрауға болады. Студенттердің жауабын алғаннан кейін, басқаларына оның жауабын бағалауына және сабаққа қатысты сын айтуды ұсынуға болады. Студенттерге проблемалық мәселер тудыратындай сұрақтар берген жөн. Проблемалық сұрақтарға жауаптарын бұрынғы сабақтардан да, берілген ақпаратттардан да таба алмайтындай, бірақ алған білімдеріне сүйене отырып шешуіне болатын, интеллектуалдық қиындық тудыратын сұрақтар болып табылады. Мұндай сұрақтарды талқылау пікір-талас туындатады, нәтижесінде студенттер жаңа ақпарат ала алады.
Кейбір жағдайларда оқытушы оқылатын тараудың қиын тұстарын түсіндіреді. Сұқбат барысында студенттердің өздерінің сұрақ бергені дұрыс. Студенттердің семинар сабақтарында сұрақ қоюдан ұялмауына, материалды білмеуін жасырмауына және шығып сөйлеуге қорықпауларына мүмкіндік жасау зу керек. Бірақ сабақ жоғары деңгейде өтуі үшін, қарапайым сұрақтарды студенттерге кеңес сабақтарында түсіндірген жөн, өйткені семинар сабақтарын кеңес беру сабақтарына айналдырмау керек. Себебі семинар сабағы мен кеңес беру сабақтарының міндеттері бөлек.
Семинарға қатысу студентті материалдың мазмұнын түсінуге, онымен жүйелі жұмыс жасауға, ал курстастарымен және оқытушымен пікір-талас жүргізу жалғыз өзі дайындалған кезде байқамаған тұстарын байқауына мүмкіндік береді.
Студенттке дәріс беруші оқытушымен тікелей қарым-қатынас орнату оң нәтиже береді. Студенттің өз ойын ашық айтып, пікір-таластыра білуі де маңызды. Ал дәріс беруші оқытушы олардың қандай сұрақты дұрыс түсінбегенін анықтап алып, ассистенттерге, практикалық сабақтарды жүргізуші оқытушыға тиісті нұсқаулар береді.
БДәстүрлі оқу жүйесі бойынша барлық физика курсының бөлімдері бойынша семинар сабақтарын енгізуге болатын және оны дәріс сағаттарының есебінен жүргізуге де болатын. Студентер теорияны жүйелі оқитын болса, олар жаңа материалды тез меңгереді, дәрістерді оқу оңайға соғады, түсіндіруге аз уақыт кетеді деп есептелетін. Кредиттік технология бойынша студенттің өз бетінше білім алуына аса көп көңіл бөлінеді. Сол себепті дәріс сабақтарын жартылай семинар сабағына айналу әбден-ақ мүмкін. Өйткені кредиттңк оқыту жүйесіндегі әдістеме бойынша дәріс материалдары, оныі дерек көздері туралы барлық ақпарат білім алушыға алдын-ала айқын. Студент дәріс сабағында онда өтілетін материалдармен таныс, тек оны оқытушы мен басқа да студенттермен бірге талдауға келеді. Осы себепті де кредиттңк оқу жүйесінде дәріс және практика, өзіндік жұмыстар беріледі.
Дәстүрлі дәрістер студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына кедергікелтіретіні бұрыннан белгілі. Қазіргі кезде бұл олқылық кредиттік оқу жүйесіне көшкелі шешілді деуге негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет