Магистратура



бет21/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн.
2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады. Жалпы лекцияны оқи отыра, лектор студенттердің қандай мәселелерді жазып алып жатқандығын байқап, соған бағдарланып отыруы керек. Конспект мұқият тыңдау, жазба жұмыстары кезінде жаксы есте сақтау, семинар, емтихандарға дайьщдалуда тірек материалдары ретінде көмек береді. Лектордың міндеті - студенттерге конспект жазу барысында ойлап, саналы түрде ұғыну, зерделеуді, тыңдай отырып, қысқаша жазып алулары үшін жағдай тудыруы керек. Ол үшін лектор студештерге көмектесуі, яғни барлығына түсінікті ме, жоқ па, үлгеріп жатыр ма, міне, осындай мәселелерге назар аударуы қажет. Бұны ол аудиторияның реакциясынан байқай алады. Ол үшін лектор өзінің дауыс ырғағына, материалды қалай жеткізіл жатқандығына, тақтадағы жазбаларына, көрнекілікті қолдануына, дауыс темпіне, лекцияның регламентінің қалай сақталып жатқаңдығына үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Студенттерді қысқаша лекция жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы. Лекция мазмұнының құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта - ьқыласын өзіне аудара білуі студентгердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады. Лекция сапалылыгын бағалау Өзара сабаққа қатысу барысында қызметтестер оқытушыньщ лекцияны оқу сапасын бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет