Магистратура


Дәріс №19. Практикалық сабақты жоспарлау және



бет25/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Дәріс №19. Практикалық сабақты жоспарлау және
өткізу әдістемесі
Жоспар:
1.Практика сабағының ерекшелігі
2.Практика сабағын өткізудің әдістемесі
3.Практика сабағында кезедсетін проблемалар
Есептерді шығару бойынша практикалық сабақтар бағдарлама негізінде семестрге жоспарланады. Әдетте оқу жоспары бойынша аптасына есеп шығаруға 1 не болмаса 2 академиялық сағат бөлінеді. Сондықтан практикалық сабақтар бағдарламаның тек кейбір тақрыптарын қамтыуы мүмкін. Олар міндетті түрде дәріс оқитын оқытушымен келісіледі және беріліп отырған материалдың бір ізділігін қаматамасыз ету керек. Практикалық сабақта қамтылуы керек тақырыптары саны онға жуықтайды. Тақырыптарды таңдау кезінде дәріс беруші мен практикалық сабақты жүргізетін оқытушы материалдың маңыздылығын, онда қарастырылатын материалдардың басқа да тақырыптармен байланысын, практикалық маңызыдылығын ескереді. қарай таңдаладып. Практикалық сабақта есеп шығару сабағынан басқа семестрге 1-2 бақылау жұмыстарын жоспарлау қажет.
Егер сабақтардың біреуі мереке күндеріне сәйкес келетін болса, онда бұл мәселені екі жолмен шешуге болады: белгіленген бір тақырыпты тастап кету, не болмаса екі тақырыпты бір тақырыпты қосып өту. Мысалы: «Ваккумдағы магнит өрісі» және «β векторының циркульяциясы теоремасы» тақырыптарын біріктіреотырып өтуге болады.


Практикалық сабақтың жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Қысқаша теоиялық мәліметтер;

  2. 2. Аудиторияда шешуге арналған есептер

  3. 3.Есеп шығару процесінде студенттерге берілетін сұрақтар

  4. 4.Үй тапсырамысына берілетін есептер;

Практикалық сабақты дұрыс ұйымдастырылу мақсатында студенттердің сабаққа қатысуы, сабақ үлгірімі, бақылау жұмыстарының және аралық сынақтардың нәтижелері, үй тапсымаларын орындау сияқты студентке қойылатын талаптар оқытушының жеке журналында белгіленуі керк. Сонымен бірге журналға сабақ барысында жасалған жұмыстардың барысын, туындаған мәселелерді, үй тапс аудитоырмасындағы өзгерістер жазылып отырғаны жөн. Практикалық сабаққа арналған журнал оқытушының өзінде жүргені дұрыс. Себебі жаңа сабақты жоспарлау және оған дайындық кезінде оның қажеттігі болуы мүмкін.
Алғашқы практикалық сабақта студенттерге семестрге жоспарланған жұмыс жоспары, силлабус беріледі.
(Пәндер бағдарламасы(Syllabus)- оқитын пәннің сиппаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйрену тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білімалушылырдың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;)
Кредиттік жүйедегі оқу тәсілі бойынша семестр бойы өтілетін пәннің оқу-жұмыс жоспары студенттерге алдын-ала таратылып, пәннің оқу әдістемелік кешені университеттің электрондық базасына салынып қойылады. Студент өзінің құпия кодын теру арқылы сол базадағы барлық мәліметтерге қол жеткізе алады.
Кредиттік технология бойынша оқытылатын ЖОО-да оқу жылына оқытылатын пәндердің бағдарламалары мен оларды орындау бойынша мерзімі көрсетіліген есеп беру формалары, дайындалуға қажетті әдебиеттер, есептердің нөмірі, зертханалық жұмыстардың саны көрсетілген студенттерге арналған жұмыс жоспары қолданылады (Жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушымен ЖОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары.).
Студенттерге бақылау жұмыстары болатынын сабақтың уақыты мен бақылау жұмысы қамтитын тараулар мен тақырыптар жарияланып отыруы керек. Сонымен қатар практикалық сабақтарда қолданылатын әдебиеттер мен оқу құралдар туралы үнемі айтып отыру керек.
Студенттерге қандай себеп болмасын әрбір қатыспаған аудиториялық сабаққтағы қамтылып кеткен материалдың сұранысы болып отыруымен қатар үйге берілген есептер шығарылған дәптерді өткізуін талап ету керек. Студент қалып қойған практикалық сабаққа есеп (отработка) тапсыруы керек. Егер өтіп кеткен сабақтарға қайта есеп өткізілмеген жағдайда, студент бақылау жұмысына жіберілмеуі тиіс. Ары қарай оқытушы кредиттік технологияның қойылатын талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Студенттен әрдайым өз мүмкіндігінен тысқары, яғни қолынан келмейтін нәрсені талап етуге болмайды.
Кейбір студенттер үшін топ үшін берілген есептерді шығару еш қиындық туғызбауы мүмкін. Ондай студенттерге арнайы күрделілеу тапсырмалар беруге болады. Мұндай жағдайда бағалау әділ болуы үшін тапсырмаларды бағалау да деңгейлік болады.
Студенттерге есепті шығару кезінде логарифмдердің мәні, тригонометриялық функциялар, кесте интегралдары және формулалар берілуі мүмкін болғандықтан, қалта калькуляторын және физикалық және математикалық анықтамалықтар алып келуді ескерту керек.
Практикалық сабақтарға дайындалу кезінде оқытушы да дәріс беруші қамтыған барлық материалды терең меңгеру керек. Практикалық сабақты жүргізетін оқытушы дәріс беруші оқытушы пайдаланатын оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланғаны дұрыс. Сабаққа дайындық кезінде ол да дәріс сабағында пайдаланатын қажетті тарауларды міндетті түрде қарап шығу керек. Практикалық сабақты жүргізуші оқытушы да дәрісте берілетін бүкіл теориялық материалды терең меңгеруі қажетті шарт болып табылады. Себебі студент сабақ барысында шығарылып жатқан есепке қатысы жоқ теориялық материалдан сұрақтар беруі мүмкін.
Оқытушы сабақ барысында берілетін есептерді дәптерге алдын ала саралап түсіріп алуы қажет. Себебі бұл жазбадан практикалық сабақ барысында шығартылатын есептердің көлемін білуге мүмкіндік береді. Әрдайым практикалық сабақта шығарылатын есептер санын жоспарлағаннан да артықтау дайындаған дұрыс.
Шығарылған есептер жазылған қолжазбада есептер әр түрлі деңгейлер үшін деңгейлік есептердің жиынтығы болғаны дұрыс. Бұл қолжазбадаға есептер саны көбейген сайын оны әр түрлі топтар үшін біріктіруге болады. Жиынтықтың көп бөлігі болған жағдайда, олардың даярлық деңгейіне және сабақтардың санына қарай әр түрлі топтар үшін өзгертіп отыруға болады, жеке есептер шығаруға, кейбір қызығушыларға мәселелі есептер беруге, қосымша сабақтар жүргізуге, бақылау жұмыстарын түрлендіруге болады.
Апталық жоспар негізіндегі теориялық материалды қарап шыққан кейін сол сабақтың жоспары жасалды. Бұл жоспар әр топ үшін әр түрлі болады, өйткені бір топппен бір сабақта көп нәрсе жасап үлгіргенмен, келесі бір топпен аз көлемде жұмыс жасалынуы мүмкін. Жоспарға тақтаға шығаратын, студенттердің өз бетінше шығаратын есептерін алдын-ала белгілеп қою керек. Егер үй тапсырмасы есеп кітабынан берілетін болса олардың номерлері жазылып қойылады. Есеп шығару барысында назар аударту керек материалдар ерекшеленіп белгіленгені дұрыс. Сонымен қатар пәнаралық байланысқа да аса көңіл бөлген жөн.
Есептің басқа өткен сабақта шығарылған есептермен байланысы туралы да студенттерге айтып отыру керек. Бұндай ескертулер сабақ барысында оқытушының ойына келмеуі де мүмкін. Сол себепті алдын-ала даярланған есеп дәптерінде осы мәселелерді ерекшелеп белгілеп қою керек. Сабақтан кейін есептер жжазылған дәптерді тағы бір ашып көрудің пайдасы зор, қажет жағдайда қосымша ескертулер жазуға болады. Әрбір ассистент дәріс оқушының дәрісін тыңдауы тиіс, болмаған жағдайда ассистент дәрістің мазмұны мен оқу жоспарын білуі тиіс және дәріс оқушымен кеңесуі тиіс.
Практикалық сабақтарды дәріс сабақтарынан кейін өткізген жөн, кейбір жағдайларда бқл мәселе өз орнын таппай жатса, онда бірінші практикалық сабақ мектеп материалының негізінде өткізіледі (мысалы, Кулон Заңы). Практикалық сабақтарды теориясының қарапайымдылығына орай дәрістерде оқылмайтын материалдан бастауға болады.
Егер теориялық материал әлі оқылмаған болса, ал практикалық сабақты өткізу қажет болса, алдыңғы материалды тереңдетуге болады.
Егер сабақта шығарылатын есептер дәріс материалының негізінде болса, дәріс беруішінің теориясын қайталаудың қажеті жоқ. Одан гөрі оқылмаған теорияға келетін есептерді іріктеген жөн. Есеп жинақтарында бұндай есептер сирек кездеседі:олар қарапайым, оңай шығарылуы және оның мазмұны жаңаша болуы тиіс. Оқытушы мұндай есептерді өздігінен ойластырып, немесе басқа да есеп жинақтарынан көруге болады.
Осы мақсатта әр түрлі есептерді сабақ әдістемесіне қарай үйлестіре отырып, стандартты есептер жинақтарын пайдалануға болады.. Көбінесе есептің шартын оқытушы оқығаны жөн, ол студенттердің назарын қажетті тұстарға аударуға мүмкіндік береді.
Сызбаны да оқытушының орындағаны дұрыс:ол есеп шартына сәйкес болады. Есеп шығару кезінде әсіресе оптика бойынша түрлі түсті бор мен сызғыш міндетті түрде болғаны сабақтың мәнін аша түседі.
Практикалық сабақтарға дайындалу кезінде оқытушы теория элементін және талданған есептерді, үйде орындайтын есептер тізімі қамиылған қысқаша конспект жасауы керек.
Қорытындылай келе, біз барлық оқытушылар үшін маңызды нәрсе студенттер өздерінің қиыншылықтары туралы сізге айтуы және қарапайым сұрақтар беруге ұялмауы өте маңызды.Егер студенттер бір материалды ұмытып қалған немесе білмейтін болса, оған түсіндіруге тырысыңыз, болмаса, қандай әдебиеттен қарауға болатынын айтыңыз. Студенттер сізге сұрақ қоюға қорқатын болса, о бұл оң нәтиже бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет