Магистратура


Зертханалық жұмысты орындау кезінде студенттің жүргізуі тиіс сынақ келесі кезеңдерден тұрады



бет29/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Зертханалық жұмысты орындау кезінде студенттің жүргізуі тиіс сынақ келесі кезеңдерден тұрады:

  1. құралдарды орнату;

  2. бақылау;

  3. өлшеген шамаларды есептеу;

  4. бақылау нәтижелерін өңдеу;

А)графикалық материалды даайындау;
Б)нақтылықтың берілген дәрежесімен бастапқы шаманы анықтау.;
5) сынақ нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
Зертханалық практикумды жүргізу әдістемесі зертхананың мүмкіндіктеріне байланысты.Мәні, топтың барлық студенттері бір тақырып бойынша бір тапсырманы орындайтынын білдіретін жұмысты орындаудың фронтальды әдісі болады.Тағы бір әдіс әрбір сабақта студенттер дәрістерде оқылмаған тақырыптар бойынша жұмыс істейтін барлық жұмыстардың орындалатынымен түсіндіріледі.Біздің ойымызша, жұмыстарды орындаудың ең дұрыс әдісі болып, фронтальды әдіс табылады, онда жұмыс дәрістерде өткен материал бойынша және практикалық сабақтарда қайталанатынымен маңызды.
Белгілі себептер бойынша барлық жұмыстарды фронтальды орындау мүмкін емес. Бірақ зертханалық жұмыстардың кейбіреуін фронтальды орындауды ұйымдастыруға болады.Мысалы, «Молекулалық физика» тарауы бойынша 1,2,3,4, жұмыстарды фронтальды беруге болады.
Зертханалық жұмыстарды орындауға алдын ала дайындалу керек. Барлық зертханалық жұмыстарды орындау, сандық нәтижелерді алу, зертханашымен жабдық жағдайытуралы талқылау, болуы мүмкін ақаулардың алдын алу керек.
Сынақ нәтижелері мен есептеулер жазылған дәптерді әрдайым бірге алып жүру керек немесе зертханада сақтау қажет.Бұл студенттердің есептемелеріндегі қатені тез табуға көмектеседі.
Жаңа зертханалық жұмысты жоспарлау қажеттілігі туындаған кезде, тиісті көздерді пайдалана отырып, зертханашыға және оқу шеберіне техникалық тапсырмалар беру қажет.Бақылау сұрақтарын қосқандажұмыс сипаттатамаларын әдетте алдын ала мазмұнын зертханаға жауапты кісімен немесе дәріс оқушы мұғаліммен келісе отырып ассистенттер жасайды.Әдістемелік сипаттама 5 қосымшада берілген.
Жақсы жабдықталған зертханаларда жаңа құралдарды және ЭЕМ қолдана отырып, қазіргі физиканың міндеттеріне сай ерекше жұмыстарды орындауға болады.Біздің зертханалық практикум жасау тәжірибеміз, төменгі курс студенттері ЭЕМ жабдықталған зертханаларда жақсы жұмыс істейтінін көрсетті.Стцденттер тәжірибе жзінде сынақ материалдарын тез және оңай игеретіні, жасалған сынақ қорытындылары бұндай жағдайда нақтырақ болатынына көзіміз жетіп жүр.
Қазіргі кездерде зертханалардың басым көпшілігі компьютерлермен жабдықталған. Сол себепті, зертхана жұмыстарының нәтижелерн математикалық өңдеуде арнайы бағдарламаларды пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет