Магистратура


Дәріс №28. ЖОО-дағы кредиттік жүйенің міндеттері мен негізгі сипаттамалары



бет37/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Дәріс №28. ЖОО-дағы кредиттік жүйенің міндеттері мен негізгі сипаттамалары
Жоспар:
1. ЖОО оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
2. Кредиттік оқыту технологиясының негізгі сипаттары
3. Сонымен қатар кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастырудағы негізгі ұғымдар мен терминдер (Тіркеуші кеңсе, тьютер, эдвайзер).
4. Кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшелігі
Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білімді кредит түрінде есепке алу негізінде өзін-өзі білімдендіру және білімді шығар-машылықпен меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған білім беру жүйесі.
ЖОО оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
- барлық отандық білім беру жүйесін оқытудың дүниежүзілік жүйесіне бірік-тіруді жеделдету;
- білім беру стандарттарын жоспарлау икемділігін талаптармен ыңғайлап біріктіру;
- оқу пәнін таңдаудың академиялық еркіндігі;
- әдістемелік құжаттардың бірыңғай жүйесін құру және оны үнемі жетілдіру;
- баллдық және әріптік бағалауға көшу;
- академиялық профессор, профес-сордың ассистенті сияқты профессорлық-оқытушы құрамының жалпы дүниежүзі бойынша мойындалған қызметтерін енгізу, сонымен қатар арнайы академиялық қызмет – тіркеуші кеңсесін (офис регистратора) құру;
- кафедраның оқу жүктемесін жоспарлау үшін жаңа негіздер құру;
- оқу үрдісін ұйымдастырудың принциптерін өзгерту;
- студенттер ұжымын, топтарын қалыптастырудың механизмін жетілдіру;
- оқу үрдісін ақпараттандыру деңгейін көтеру;
- базалық оқу курсы бойынша студенттерді электронды немесе баспа түріндегі оқулықтармен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету.
Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының оқытудың кредиттік жүйе-сіне көшуінің басты себептері бар. Жаңа жүйенің негізгі сипаттары төмендегідей:
1) басқа мемлекеттердің білім беру ресурстарын қолдануға мүмкіндіктің болуы;
2) оқуды басқа елдің оқу орындарында жалғастыруға және аяқтауға мүмкіндіктің болуы;
3) оқу жүктемесінің көлемі кредитпен өлшенуі;
4) жазғы семестрдің болуы;
5) студенттердің өзіндік жұмыс-тарының рөлі мен тиімділігінің күшеюі;
6) таңдау еркіндігі (студент оқытушыны, өзінің оқу траекториясын таңдауға құқылы);
7) жеке оқу жоспарының икемділігі;
8) жинақтаушы функцияның ыңғай-лылығы, ЖОО-да, одан кейінгі кәсіби білім алуда жиналған кредиттер санының есебінің өсуі.

Оқытудың кредиттік жүйе бойынша ұйымдастырылуы кезінде студенттердің білімдерін бағалау шкаласы өзгерген. Студенттердің білімдері әріптік бағамен және оның сандық эквивалентімен бағаланады да, ол пайыздық көрсеткішпен анықталады.


Сонымен қатар кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде көптеген жаңа ұғымдар мен терминдер кездеседі. Соның бірі – тіркеуші кеңсесі (офис регистратора). Тіркеуші кеңсесі – оқушының оқу үлгерімі жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеп отыратын қызмет. Ол қабылдау комиссиясы базасы негізінде құрылады. Оған деканат жұмысының біраз функциялары тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет